А. Гитлердің үкімет басына келуі. Экономикалық және саяси дағдарыс үкіметтің елді басқару қабілетін бұрынғыдан да төмендетті. Фашистік партия жене профашистік ірі монополия иелері Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистік диктатураның орнауын қалады. Германиядағы президенттік сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бірігіп күрес жүргізді. 1932 жылы сәуір айында президенттік сайлауда генерал Гинденбург 19,3 млн дауыс алып, жеңіске жетті. Ал Гитлер болса, 13,4 млн дауыс алып, жеңіліс тапты. ГСДП-сы Гинденбургті қолдады. Сайлаудан кейін елде саяси күшгердің ара салмағы фашистік күштер жағына ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкіметі отставкаға кетіп, Папен канцлер болып тағайындалды. Папен үкіметі елді саяси дағдарыстан шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргізді. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шілде айында Пруссияда мемлекеттік төңкеріс болды. Пруссия үкіметінде социал-демократ министрлері қуылып, оның орнына профашистік реакциялық топтар жаңа үкімет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шілде айының 31-і күні рейхстаг сайлауы өткізілді. Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистік партия үкімет құру мүмкіндігін алды. Веймар Республикасы өзінің тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жетті. Парламентте Папен үкіметіне сенімсіздік білдірілді. Президенттің жарлығымен рейхстаг таратылып, А.Гитлерге жол ашылды. Бірақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистік партия 11,3 млн дауыс алды, яғни алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАП-сында ішкі дағдарыс күшейді. Антифашистік күштердің қарсы күресі де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлерді үкімет басына жібермеді. Ірі монополия иелері Шахт, Тиссен т.б елдің президенті Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлерді рейхканцлер тағайындауын талап етті. Мұны ірі қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тікелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күні Гинденбург амалсыздан Гитлерді рейхканцлер етіп бекітті. Сөйтіп Германияда Веймар Республикасы құлап, фашистік диктатура орнады.
А. Гитлер рейхканцлер болғаннан кейін Германияда құрама (коалиция) үкімет қүрды. Үкіметтің қүрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 министр буржуазиялық партиядан кірді. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгеріссіз қалдырып, демократиялық жүйені өзгертеді. Рейхстагтағы саны аз болған НСДАП жеке үкімет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзінің диктаттық билігін орнату үшін жаңа парламенттік сайлау күнін белгіледі. Рейхстаг сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетін болып белгіленді.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы арқылы антифашистік күштерді әлсірету үшін үкімет көптеген шаралар жүргізді. Демократиялық күштерге қарсы ор түрлі арандатушылық шараларды іске асырды. Үкімет саясатына қарсы шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуілге шыққан-дарды қару арқылы күшпен басып отырды. Антифашистік топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпы ұлттық ереуілге шақырды. Антифашистік қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды. Гитлер үкіметі саяси күштердің әлі де болса басым екенін біле отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердің тікелей нүсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күні Германияның парламент үйі Рейхстаг өртелді. Өртеніп жатқан Рейхстаг үйіне келген Гитлер «бұл коммунистердің жасаған ісі, сондықтан коммунистерді жою керек» деп баға берді. Осы күннен бастап Гитлер өзінің тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты.