Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. 1923 жылы жаз айында Рур облысында көмір, тау-кен жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілге шыққан жұмысшылардың саны 400 мың адамға жетті. Шілде айында Берлин қаласында, Силезияда 250 мың адам қатысқан ереуілдер болды.
Куно үкіметті, елді басқара алмай, елде жалпы германдық қозғалыс кең етек алып, 2 млн адам қатысқан ереуілдің нәтижесінде Куно үкіметі отставкаға кетті. 1923 жылы тамыз айының 13 күні Неміс халық партиясы (ННП) басшысы Штреземан «Үлкен бірлік» үкіметін құрды. Үкіметтің құрамына ГСДП мүшелері де кірді. Штреземан елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында экономикалық заңдар қабылдап, елдің бюджетін тұрақтандыру үшін салықты көбейту, жаңадан алтын марка шығару сияқты шараларды жүргізді. Бұл жүргізілген шаралар елдегі дағдарысты тоқтата алған жоқ. Қазан айының 13-і күні рейхстаг Штреземан үкіметіне төтеніпе жағдай жариялауға келісім берді. Елде қараша революциясынан кейінгі революциялық ахуал кең етек алды. Елде әскери диктатура жеке билікті өз қолына алып, революцияға қарсы қарулы күшпен Саксония, Тюрингиядағы ереуілді басты. ГКП-ына тыйым салды, ГСДП-үкіметпен ынтымақтан бас тартып, құрамынам шығып, ГСДП-оппозицияға айналды. Фашизм бұлігі күшейді. Фашизм елде кең етек ала бастады. Фашисттік бүлікті басып, демократияға жол ашылды. 1923 жылы қарашада Штреземан үкіметі отставкаға кетіп, оның орнына буржуазиялық В.Маркс үкіметі құрылды. 1922-1923 жылдардағы революциялық қозғалыс жеңіліс тауып, контрреволюция жеңіске жетті. Сөйтіп 1918-1923 жылдар аралығында Германияда саяси оқиғалар буржуазиялық-демократиялық қоғамға көшуге жол ашып, буржуазия бейбіт өмірге көшіп, капитализм тұрақтану дәуіріне өтті.
1924 жылы дүниежүзілік капитализм саяси дағдарыстан шығып, тұрақтану кезеңіне аяқ басты. Капитализмнің тұрақтануының негізгі себептері неде?Біріншіден, 1918-1923жылдардағы революциялық қозғалыстың барысында буржуазия реформалық көзқарастарын іс жүзіне асырып жеңіске жетуі;екіншіден, революцияға белсенді қатысқан пролетариат тәжірибесінің аздығы, В.И Лениннің сезімен айтқанда, маркстік партиялардың жұмысшы табын дүниежүзілік революцияға бастай алмауы. Осының нәтижесінде дүниежүзілік жұмысшы қозғалысы жеңіліс тапты; үшіншіден, революциялық толқудың бәсеңдеуі: Сол кездегі социал-демократтардың буржуазиялық реформа саясаты капитализм қоғамының бейбіт жолмен қайта құрылуына әкелді.
Капитализм жеке меншікті сақтай отырып, мемлекеттік-монополиялық капитализмнің жаңа жолымен, яғни көптеген елдерге экономиканы мемлекет арқылы реттеу жолымен экономикалық дамуға көше бастады. Бұған мысал ретінде Германия мен Ұлыбританияны алуға болады. Капиталистік өндірістің өнім шығаруының өсуі сауданың дамуына әкелді. Өндірістің құрылымы өзгеріп, жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістің жаңа салалары (автомобиль, электротехника, химия, синтетика) дамыды. Социал-демократиялық қозғалыстағы реформизм таптық ынтымаққа әкелді. Капитализм өзінің түрақтану кезеңі — жаңа қоғамдық өзгеріс кезеңінде дүниежүзіндегі түңғыш социализм елі КСРО-ға қарсы тұруымен ерекшеленді. Дүниежүзілік екі қоғамдық жүйе — капитализм мен социализм арасындағы таптық күрес барысында капитализм тұрақтану кезеңін бастан кешірді.
Капитализмнің тұрақтануы Веймар Республикасының экономикалық дамуының барлық саласын қамтыды. Экономиканың тұрақтануына әсер еткен жағдай — Маркс үкіметінің төтенше жағдайда жүргізілген қаржы-экономикалық шаралары. Олар әлеуметтік топқа бөлінген мемлекеттік бюджетті қысқарту, жұмыссыздыққа бөлінген қаржыдан бас тартты.
Жұмысшы ереуіліне тыйым салды, кәсіпкерлерге кең жол ашты. Салықтың мөлшері өсті. Федералдық бюджет салық арқылы толықтырылды. Капитализмніц тұрақтану жылдарында репарациялық төлем төлеу реттеле бастады. «Дауэс» жоспары АҚШ-тың көмегімен Германияның төлемін жеңілдетті. Репарациялық төлемді төлеу үшін тұтыну тауарларына салық өсті, темір жол және өндіріс орындарынан түскен таза табыстан мемлекеттік бюджетке қаржы бөліп отырды. АҚШ үкіметі Германияга 16 млрд марка мөлшерінде жеңілдетілген, ұзақ және қысқа мерзімді заемдар бөлді.
1924-1929 жылдардағы экономиканың дамуы айтарлықтай тұрақты бола алған жоқ. Бірақ 1926 жылдан бастап өнеркәсіп өнімдері көптеп шығарыла бастады. Ол 1929 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 117%-ға өсті. Германияныц әлемдегі үлесі 1923 жылы 8% болса, 1929 жылы 12%-ға артты. Көмір өндіру, химия және газ, электротехника саласы жедел қарқынмен дамыды. Капитапизмнің уақытша тұрақтану кезеңінде Германия экономикасының дамуына әсер еткен ішкі жағдайлар: 1) өндірістің соғыстан кейінгі шоғырлануы, құрылымының өзгеруі, өндірісте ғылыми-техникалық үрдістің кең етек алуы. өнертапқыштық және өндірілген өндіріс тауарларының бәсекелік сапасының артуы; 2) өндірісте электр энергиясын кең қолдану, өндіргіш күшінің артуына, өндірісте конвейерлік жүйенің енгізілуі. Теміржол саласы электр қуатымен жабдықталды. Электр саласында екі неміс монополиясы үстем болды. Жалпыгермандық электр компаниясы мен Сименс-Гольск фирмасы; 3) Банк жүйесінің шоғырлануы. Германия капиталының 63%-ы банк бақылауында болды. Шет елде 50-ге жуық неміс банктерінің бөлімшелері жұмыс істеді. 1913 жылмен салыстырғанда Германияда капитап қоры 4,5 млрд маркадан 23 млрд маркаға өсті; 4) Германия экономикасыныц ерекшелігі — мемлекеттік меншік үлесінің көп болуы. Мемлекеітік өндіріс орындарында 2 млн адам жұмыс істеді. бұл барлық жұмысшылардың 1 1%-ы болды.