Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты саудалық делдалдық және қаржылық қызметтен пайда болады, сондықтан мұндай жағдайда, шарт байланыстардың құрылымы комиссия шартының схемасы бойынша құрылған. Мұндай шартты құру негізінде 2 құқықтық қатынастар тобы пайда болады:
Негізгі (ішкі) және жанама (сыртқы). Ішкі міндеттер шарттық тараптар арасында пайда болады: қаржылық агент және клиент.
Қаржылық агент — шарттың арнайы субъектісі факторингтік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.
Шарттық пәні — қаржыландыру мақсатында берілетін ақшалай талап. Талап міндетті түрде ақшалы болуы керек.
Шартта мерзім тараптар келісімімен белгіленеді.
Шарттың бағасы — борышқорға клиенттің беріп жатқан талаптың мөлшері.
АК-ң 730 бабына сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты осы кодекстің 346 бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының мазмұны қаржылық агенттің және клиенттің құқықтары мен міндеттерінде.
Қаржы агентіне ақшалай талапты беру, тіпті клиентпен оның борышқоры арасында оған тиым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда да жарамды болып табылады.
Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентінің ақшалай талапты кейін беруіне жол берілмейді.
Шартта ақшалай талапты кейін беруге жол берілген жағдайларда, оған тиісінше осы тараудың ережелері қолданылады.
Борышқор, қаржы агенттігіне, клиенттен несие қаржы агенттігінен ақшалай талапты аталған қаржы агентіне берілгендігі туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, төлем жүргізуге міндетті.
Хабарламада орындалуға жататын ақшалай талап нақты белгіленуге және төлем жүргізілуі тиіс қаржы агенті көрсетуі керек.
Борышқордың өтініші бойынша қаржы агенті қисынды мерзімді борышқорға ақшалай талаптық қаржы агентіне, шындығында, берілгеніне дәлелдеме ұсынуға тиісті. Егер қаржы ағенті бұл міндетті орындамаса, борышқор клиенттің алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау үшін оған аталған талап бойынша төлем жүргізуге құқылы.
Борышқордың қаржы агенті алдында ақшалай талапты орындауы осы баптың ережелеріне сәйкес борышқорды клиенттің алдындағы тиісті міндеттемелерінен босатады.
Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша клиентті қаржыландыру осы талапты қаржы агенттігінің сатып алуы жолымен жүзеге асырылса, соңғысы борышқордан талагггы орындау үшін алатын барлық соммаға құқығы үнемделеді, ал клиент өзі алған сомма, қаржы агенті клиентке төлеген соммадан аз болғандықтан, қаржы агенті алдында жауап бермейді.
Егер қаржы агенттігіне ақшалай талапты беру клиенттің агент алдындағы өзінің міндеттемесін орындауда қамтамасыз ету әдісі ретінде жүзеге асырылса және талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агенті клиентке есеп табыс етуге және оған талапты беріп қамтамасыз етілген клиент міндеттемелері санасына асатын сомманы беруге міндетті.
Егер қаржы агенті борышқордан алған ақша клиенттің қаржы агентіне талапты беруімен қамтамасыз етілген міндеттемелері соммасынан аз болып шықса, клиент міндеттемелердің қалған бөліктері бойынша жауапты болады.
Қаржы агенті борышқорға төлем жүргізуді талап етілген жағдайда, АК-ң 370 бабына сәйкес талаптық қаржы агентіне берілгені туралы жазбаша хабарламаны өзі алған уақытта борышқорға болған клиентпен арадағы шартқа негізделген өзінің ақшалай талаптарын есепке алуға құқылы. Егер клиент борышқор алдында міндеттемелері бар екені туралы оған хабарламаса, қаржы агенті есепке алудан бас тартуға құқылы. Клиент борышқормен жасалған шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, соңғысы агентке ауысқан талаптар бойынша өзі төлеген соммаларды, егер борышқор осындай сомманы тікелей клиентпен алуға құқығы болса, қайтаруды қаржы агенттігімен талап етуге құқығы жоқ.
Талапты берудің нәтижесінде қаржы агентіне төлеген сомманы тікелей клиенттен алуға құқығы бар борышқордың қаржы агентінен бұл соммаларды қайтаруды, егер соңғысына клиент алдындағы талаптың берілуі бойынша оны қаржыландыру жүзеге асырудағы міндеттерінің орындалмағаны, не борышқордың алдындағы талаптың беріліуіне байланысты қаржыландыруға байланысты міндеттемені клиенттің орындамағанын біле тұра, қаржыландыруды жүргізгені дәлелденсе де, талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекске сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының қаржылық агенті ретінде банктер және басқа да несиелік ұйымдар, сонымен қоса, осындай іс-әрекетті жүзеге асыруға рұқсаты бар коммерциялық ұйымдар. Ал клиент ретінде коммерциялық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер болады. Осыған сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарттық субъективтік құрамға байланысты, бұл шарт тек қана кәсіпкерлік айналымда қолданылуы мүмкін.
ҚР АК нормалардың мәні бойынша факторинг шартын қүру кезінде, бір тарап (қаржылық ағент) екінші тарапқа (клиент) ақшалы құралдарды беруді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент осыған байланысты үшінші тұлғаға (борышқор) ақшалай талабын қаржылық агенттігі беруді немесе беруге міндсттенеді. Мысалы: ірі құрылыс фирма өзінің іс-әрекет сипатына байланысты көптеген борышқор жолдамашылармен жұмыс істейді. Сондықтан ол қаржылық ресурсты тұрақты қажет етеді. Мұндай жағдайда, фирмаға арнайы ұйымммен шартқа отыру тиімді. Сонымен, біріншіден, фирманың борышқорлардан ақшаны жинаудан босататын, екіншіден, оның кәсіпқойлық іс-әрекетінің ағымды мәселелерін шешетін шарт-факторинг шарты.
Клиент несиелік шарт бойынша қаржылық агенттік алдында өзінің міндеттерін атқаруды қамтамасыз ету мақсатында ақшалай талапты қаржылық агентке беруі мүмкін. Бірақта мұндай «ақшалай талап агентке, тек қана клиент өзінің негізгі міндетін атқармаған жағдайда, көшуі мүмкін». Мысалы: сол құрылыс фирма банктен несие алды, бірақта несие беруші оның төлем қабілеттігіне сенімдемеген, сондықтан несиені қайтаруды қамтамасыз ету құралы ретінде белгілі-бір кепіл беруді талап еткен. Мұндай кепіл құрылыс объектілердің жолдамашыларына фирманың талап ету құқығы бола алады.
Егер клиент борышкср алдында міндеттемелері бар екені туралы оған хабарламаса, қаржы агенті есепке алудан бас тартуға құқылы. Сонымен қатар шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындамаған қаржы агенттігінен өзі төлеген соммаларды борышкердің қайтаруын талап етуге, тікелей клиенттің өзінен талап етуге құқы бар. Бұл заң нормасы берілген ақшалай талап бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған клиенттің бірдей жауапкершілігін қарауды көздейді. Ұқыпсыз қаржы агенті деп шарт бойынша клиентті қаржыландыру міндеттемелерін орындамаған немесе ақшалай талап беруден туындайтын шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған, яғни тура қаржыландыруды жүзеге асырған қаржы агентін айтамыз.
Несиеге қатысты құқық талабын беріп қаржыландырудың экономикалық мәні саудалық коммерциялық несиені банктік несиеге айналдыруда болып отыр.
Факторинг шарты бойынша мүліктік жауапкершілік осы шарттың табиғатына байланысты болады. Консесуалдық шартта фактор клиенттің ақшалай талап есебіне ақшалай құралдарды беруден бас тартқаны үшін жауапты болады. Ал талапты беруді жүзеге асырмағандығы және дұрыс рәсімдемегендігі, осыған қоса берілген талаптың сәйкестігі үшін жауапты болады. Нақты шартта оны орындамағаны үшін тек қана клиент жауапты болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін қаржы агентінің алдында клиент жауапты болады.
Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезінде борышқордың талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар оған белгісіз болса, беру нысанасы болып табылатын жарамды болады.
Егер клиент пен қаржы агентінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, клиент қаржы агенті оны орындауда ұсынған жағдайда беру нысанасы болып табылатын талапты борышқордың орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауап бермейді.
Яғни қаржылық агентке ақшалай талапты берген клиенттің жауапкершіліғі несие берушінің жалпы жауапкершілік қағидаларға сәйкес болады.
Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қызметтің пәні болып табылатын қаржылай талаптың дұрыстығы үшін қаржы агентінің алдында клиент жауап береді. Осы жағдайда, клиенттің жауапкершілігі несие шартындағы қаржы агентіне жауапкершілікпен бірдей болып келеді. Шартта өзгеше көзделмесе, клиент міндеттеменің орындалуына емес, талап пәнінің дұрыстығына жауап береді. Егер клиент ақшалай талапты беруге құқығы болса және осы келісімге келу кезінде клиент борышқордың міндеттемені орындамауына құқық беретін мән-жайларды білмеген болса, берудің пәні болып табылатын ақшалай талап заңды болып есептеледі. Клиент және қаржы агенті арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты беріп қаржыландырудың пәні болып табылатын талапты борышқордың орындамауы үшін, егер оны қаржы агенті ұсынған болса, клиент жауап бермейді. Жоғарыда айтылғандай, клиент қаржы агентіне борышқорға талапты дәлелдейтін барлық құжаттарды тапсыруы тиіс. Егер жасалған шарттың мәнінде өзгеше көзделмесе, клиент қаржы агентіне тиісті құжаттарды толығымен берген болса, борышқордың талапты орындамауына байланысты барлық тәуекел қаржы агентінің мойына жүктеледі.
Факторинг шарты екі түрлі қасиетке ие, оның мазмұны цессия (талап етуді беру) сияқты міндеттемедегі адамдардың ауыстырылу нысанын еске салады. Екінші жағынан, онда агенттің арнайы сипаттағы қызметтерді көрсетуімен сипатталатын агенттік кеолісімнің де элементтері бар. Факторингтің мәнісі – қаржылық немесе өзге ұйымның тауар сатушысын сатып алу бағасын алудан босату арқылы оның жағдайын елеуді түрде жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның кәсіби құзірет аясымен қамтылатын функцияларды ғана атқарады, ол тауарлар мен құжаттарды жөнелтуді және т.б. жүзеге асырады.
Факторинг экспорттық-импорттық операциялар аясында кеңінен қолданылады. Мұнда субъектілерді мемлекеттік заем қатынастарына тартудың тікелей және жанама факторларын ажыратады.
Тікелей факторинг кезінде бір ғана қаржы агенті болады: ол экспортердің (сатушының) елінде факторинг туралы келісімді экспортермен бекіткен экспорт бойынша қаржы агенті. Жанама факторинг кезінде екі қаржы агенті болады: экспорт бойынша қаржы агенті және испортер (сатып алушы) еліндегі импорт бойынша қаржы агенті. Жанама факторинг кезінде сатушының факторинг туралы келісімі белгілі болған шетелдік сатып алушы төлемді өз елінде жүзеге асырады. Импорт бойынша қаржы агенті экспорт бойынша қаржы агентіне төлемді сатушы елінде төлейді, ол алынған соманы экспортерге береді. Экспортер мен импорт бойынша қаржы агенті арасында шарттық қатынастар болмайды. Жанама факторингтің артықшылығы – қаржылық ұйымдардың әрқайсысының, яғни экспорт бойынша қаржы агентінің және импорт бойынша қаржы агентінің, жергілікті клиентпен іскерлік қатынаста болуында. Сондықтан, халықаралық жеке құқықтық сипатқа ие емес факторингтің азаматтық-құқықтық қатынастары туындайды. Факторингтің құқықтық нысандары ретінде ашылған және ашылмаған факторинг ажыратылады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екі жақтылығы кейінірек қарастылыратын, тиісті құқықтар мен міндеттердің шарттың екі тарабында да туындайтынынан көрінеді, олар келтірілген анықтамада ашылған осы шарттың негізгі мазмұнымен қамтамасыз етілген.
Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде клиенттің факторға мүліктік құқықты беруінен көрінеді. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкін. Кейбір заем шарттарындағыдай ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының мақсатына құқықтық маңыз берілуі мүмкін. Жалпы ереже бойынша факторинг шартының мақсаты маңызды болып табылмайды, тараптар көздейтін мақсаттар айқын болады, мәселен клиент шарт бойынша төлемді өз уақытында және кепілді түрде алуды көздесе, фактор қандай да себептер боянша берілетін мүліктік құқықтық өзіне өтуіне мүдделі болады. Негізінен фактордың қызығушылығы жүзеге асыралатын ақшалай төлем сомасы мен өзіне өтетін талаптың іс жүзіндегі құнындағы айырмашылықтан пайда табу мүмкіндігіне негізделеді.
Факторинг шарты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ерекше тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Борышқорға ақшалай талабын клиент, сонымен бірге өзінің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету мақсатында да беруі мүмкін (ҚР АК 729-б.). Мұндай жағдайларда факторинг шарты ақшалай талапты беріп қаржыландырудың кәдімгі шартынан өз мазмұны бойынша ерекшеленуі мүмкін және клиент пайдасына төлемді тоқтатуы немесе оның мөлшерін шектеуі мүмкін.
Факторинг шартының элементтері. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкілік операциялар қатарына жатады. Қазақстан Республткасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 30-бабына сәйкес факторингтік операция; тауарлар (қызмет көрсету, жұмыс) сатып алушысынан төлемді талап ету құқығын төлемеу қаупінен бірге алу банктермен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде, жүзеге асырылады. Аталған заңды актінің 5-бабының мағынасы бойынша факторинг операцияларды ұлттық банктің лицензиясы негізінде банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге құқылы болатын заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады.
Жоғарыда келтірілген анықтамадан байқайтынымыз ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты екі жақты болып табылады. Сонымен бірге Азаматтық кодекс нормалары фактормен борышқор қатынастарын да реттейді. Олардың қатынастары құқықтық қатынастар, фактор үшін орын алған сингулярлық құқық мирасқорлығы аясында қалыптасатынымен, олар клиент пен фактор, клиент пен борышқор қатынастарының сипатынан туындайтын кейбір ерекшелікке ие болады. Бұл жайды кейінірек тоқталамыз.
Клиент пен борышқор ретінде потенциалды түрде азаматтық-құқықтық міндеттемелердің, жеке сипатқа иелерінен басқа, кез келген қатысушылары бола алады. Бірақ бұл азаматтық-құқықтық институттың даму тарихы осы шарт түрін, ең алдымен, коммерциялық айналым қатысушыларының қатынастарына қолдануды қамтамасыз етті.
Қаржыландыру жүзеге асырылатын беру пәні ретінде төлем мерзімі келген ақшалай талап (мұндай талап қойылып келген талап деп аталады) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегі талап) құқығы да болуы мүмкін.
Беру пәні болып табылатын ақшалай талап клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегі талапты – ол туындаған кезден кешіктірмей анықтауға (теңестіруге) мүмкіндік беретіндей болып белгіленуге тиіс.
Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер бұл шартпен оның қаржы агентіне өтудің өзге сәті көрсетілмесе, қаржы агентіне ауысты деп есептеледі. Егер келешектегі ақшалай талап берілетін болса, ол (талап беру пәні болып табылатын) ақшаны борышкерден алу құқығы іс жүзінде пайда болғаннан кейін қаржы агентіне ауысты деп есептеледі. Кейбір жағдайларда қаржы агентінің талап ету құқығы белгілі бір оқиғаға байланыстырылуы мүмкін. Яғни талап етуді беру сондай оқиға туындағаннан кейін күшіне енеді.
Мұндай жағдайда ақшалай талапты беруді қосымша рәсімдеу талап етілмейді.
Факторинг шарты пәнінің құрамдас бөлігі болып клиент пайдасына қаржы агентімен жүзеге асырылатын қаржыландыру табылады. Ол төлейтін ақша қаражаттары шарттың бағасы болады, сондай-ақ олар берілетін несиелердің мөлшерін құрайтын болады. Бұл ақша сомалары шарт бойынша баға белгілеудің жалпы ережелеріне сәйкес анықтауға тиіс және өз құрамында фактор қызметтерінің нарықтық құнын да ескеруге тиіс. Қаржыландыру (несиелеу) мөлшері кез келген жағдайда берілетін ақшалай талаптың сипаттамасына (мөлшеріне) тікелей тәуелді болатынын атап өткен жөн болар.
Факторинг шартыңа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 239-347-баптарымен көзделген талап етуді беру туралы жалпы ережелер қолданылады. Тапартарға тән құқықтар мен міндеттердің ерекшеліктері факторинг қатынастарын арнайы реттейтін нормалармен белгіленуі мүмкін.
Клиент бұл шартты оған тиесілі талап етуге қатысты борышқордың келісімінсіз бекітуге құқылы. Бұған қоса, ақшалай талапты салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанның өзінде де жарамды деп танылады.
Клиент қаржы агентіне жарамды талапты беруге міндетті. Бірақ ол жаңа несие беруші алдында борышқор үшін кепілдеме беруші және кепіл болушы болмаса, осы талапты борышқордың орындамағаны үшін жаупты болмайды.
Егер клиент борышқормен бекітілген шарт бойынша өз міндеттемесін бұзса және егер жағдайда (шарт жағдайларына) байланысты борышқор бұл соманы тікелей клиенттен өндіріп, алуға құқылы болса, клиент факторға төленген ақша сомасын борышқорға қайтаруға міндетті.
Кез келген міндеттемеде сияқты қаржы агенті оны тиісті түрде атқаруға тиіс. Қаржы агентінің міндеттемені тиісті түрде атқаруы шартпен көзделген көлемдегі ақшаны екінші тараптың – клиенттің басқаруына (меншігіне) өз уақытысында беруден көрініс табады. Жоғарыда атап өтілгендей, бұл шарттың мәнісі белгілі бір шамада заем (несие) қатынастарына жақын. Ерекшелігі – заемшының белгілі бір уақыттан кейін тең мөлшердегі ақша немесе сол тектегі және сападағы заттарды беру жөніндегі дәстүрлі міндеті факторинг шартында кейбір ерекшелікті иеленуінде. Оның құрылымы клиентке (заемшының) аталған міндетін өз талабын берумен алмастыруға мүмкіндік береді (ол ақшалай болуға тиіс). Бірақ бұл клиенттің меншігіне фактордың ақша беру міндетін өзгертпейді.
Шартта фактор ақшалай талапты берудің орнына талапты жүзеге асырумен байланысты барлық ауырпалықтарды өзіне қабылдайтын агенттік келісім элементтерінің болуы клиент үшін фактормен көрсетілетін қаржыландыру мөлшері берілетін ақшалай талап мөлшерінен кем болуға тиіс деген оның ойына сүйенеді. Бұл фактор көрсеткен қызметтерді жанама түрде төлей нысанына себепші болады. Бірақ фактордың осындай тектес қызметтерді көрсетумен байланысты мамандандырылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы оған белгілі бір қауіптердің жүктелетіндігін білдіреді. Ақшалай тарапты беріп қаржыландыру шарты бойынша клиент қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентінің сатып алуы жолымен жүзеге асырылғанда, соңғысы борышқордан талапты орындау үшін алатын барлық сомаға құқықты иемденеді, бірақ клиент өзі алған сома қаржы агенті клиентіне төлеген сомадан аз болғаны үшін қаржы агенті алдында жауапбермейді.
Фактормен қызмет көрсетудің элементтері, оның міндеттемелері, клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізу және беру пәні болып табылатын ақшалай талаптарға қатысты (ақшалай талаптар бойынша есептер беру) құжаттарды көрсету, сондай-ақ клиентке осы талаптармен байланысты өзге де қаржылық қызметтерді көрсетуді қамтуы мүмкін екенің айқын көрініс табады.
Заңнама факторингті клиенттің фактор алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету құралы ретінде қолдану мүмкіндігін ескере отырып, ақшалай талапты қаржы агентіне беру клиенттің қаржы агенті алдындағы өз міндеттемесін атқаруды қамтамасыз ету тәсілі ретінде жүзеге асырылған жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктерін анықтайды. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзіне талап етуді беру есебінен өз міндеттемесін қанағаттандырған қаржы агенті клиентке есеп табыс етуге және оған талапты беріп қамтамасыз етілген клиент міндеттемелері сомасынан асатын соманы беруге міндетті. Бірақ бұл жағдайда клиент те өз міндеттемесін сақтап қалады. Егер фактор оған клиенттің талап етуін беру есебінен оның міндеттемесі бойынша толық қанағаттандырылуға қол жеткізе алмаса.
Жалпы ереже бойынша талап етуді одан әрі беруге тыйым саланыда.ы Талап етуді одан әрі беру құқығы шарттың өзімен қаржы агентіне берілуі мүмкін.
Борышқордың құқықтық жағдайы – ол талап етуді бергеннен кейін қаржы агенті (жаңа несие беруші) алдында міндетті тұлға болып табылатындығымен сипатталады. Талап етуді берудің басқа да жағдайлары сияқты оның басқа тұлға алдында,ы міндеттерінің пайда болуы, туындауына өзінің ешқандай қатысы болмайтын заңдық фактіге байланысты анықталады. Қалай болғанның өзінде де борышқор қаржы агентіне төлем жасауға міндетті. Міндеттемені орындай шарты болып оған оның жаңа несие берушісі болып фактор табылатындығы туралы хабарламаны алуы табылады. Хабарлама клиентпен не қаржы агентімен жасалуға тиіс. Хабарлама жөніндегі міндет факторинг шартымен клиент немесе фактордың бір тарабына жүктелетін болады.
Хабарламада орындалуға жататын ақшалай талап нақты белгіленуге және төлем жүргізілуі тиіс қаржы агенті көрсетілуі керек.
Борышқор қаржы агентінен оған ақшалай талапты беру шындығында орын алғандығы туралы дәлелдеме беруді талап етуге құқылы. Дәлелдемелерді беру мерзімі қажетті уақыт кезеңімен қисынды түрде анықталуға тиім немесе борышқор мен қаржы агенті бұл міндеттемені орындамаса, юорышқор клиенттің өзіне төлем жүргізуге құқылы болады, яғни клиент алдында ол берген талап етуді атқаруға құқылы.
Борышқордың қаржы агенті алдында ақшалай талапты орындауы оны клиенттің алдындағы тиісті міндеттемелерінен босатады. Қаржы агентімен белгіленген мерзімде оған талап етуді беру дәлелдемелерін бермеу салдарынан клиент (бастапқы несие беруші) пайдасына төлем жасаған борышқор қаржы агентінің пайдасына төлем жүргізу міндетімен босатылуға тиіс. Борышқорға тағы бір құқық – қаржы агентіне қарсы талаптар қою құқығы беріледі (талаптар ҚР АК 370-бабына сәйкес қойылуға тиіс). Бұл талаптар борышқор мен клиент арасындағы қатынастардан құралады. Қарсы талаптар қою шарты болып блрышқор клиенттің қаржы агентімен факторинг шартын бекіткені туралы хабарламаны алған сәтінде олардың борышқор мен клиент шарттарына сәйкес болғандығы табылады. Борышқорға, клиентпен қатынастарда болуына негізделген, қаржы агентіне қарсы талап қою құқығын беру оған оларды сөзсіз қанағаттандыру құқығымен бермейді. Егер бұл факторинг шартымен көзделсе және клиент оны борышқордың талаптары бар екендігі туралы ескертсе, қаржы агенті бұл талаптарды қанағаттандыруға тиіс. Егер клиент борышқор алодында міндеттемелердің бар екендігі туралы қаржы агентің ескертпесе, онда қаржы агенті борышқордың қарсы талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.