Банк қызметінің ең ұтымды түрі болып — тәуекелді, бірақ көп пайдалы бизнес, қаржы маркетингтің құралы, банктік операцияларының көшу нысанының біреуі, қазіргі экономика даму процесіне ең қалыптасқан факторинг болып табылады.
«Факторинг» — ағылшын сөзі, оның түсінігі — делдал, қаржы агент комиссионер дегенді білдіреді. «Факторинг» және ақшалай талапты беріп қаржыландыру» түсініктерін тек мәнде қолданамыз. Бірақта Шмиттгофф К. көзқарасы бойынша, «ақшалай талапты беріп қаржыландыру» өзінің тамырымен, бір жағынан, жалпы азаматтық цессияға кетеді, ал екінші жағынан, нарықтық экономикасымен бүкіл мемлекеттерге мәлім. Факторингтің ерекше институты. Сонымен, факторинг — қарыздарды өндіріп алуға қүқығын алу, тауарды қайта сатуға және қызметтер бойынша болашақта төлемдер алу қүқығы, яғни бұл жерде қысқа мерзімді талаптар туралы айтылған. Басқа сөзбен айтқанда, факторинг бұл — делдал іс-әрекетінің бір түрі, онда делдал фирма (факторингтік компания) кәсіпорыннан белгілі бір төлемге сатып алушының ақшалай соммадан өндіріп алу және олардың шотына аудару құқығын алады (дебиторлық қарызды инкассациялау құқығы )
Факторингке басқа түсінік беруге болады, мысалы, Толстой Ю.К., А.П.Сергеев профессорлардың айтуы бойынша, құқық қабылдаушылық нысанында төлем талабында бір тұлғамен екінші тұлғаны несиелендіру әдісі (сатып алу немесе үшіпші тұлғаға талап құқықтарын беру).
Қазіргі халықаралық тәжірибеде мүліктік құқықтарын талап беруге негізделген сауданың, өндірістің және кәсіпкерліктің басқа аумақтарын қаржыландырудың әртүрлі спецификалық нысандары бар. Оларға жалпыға тән болып, осындай қаржыландырумен айналысатын және де несиелік ақша аумағында әртүрлі іс-әрекет түрлерге банктердің және қаржы ұйымдардың мамандандырылуы, яғни қаржыландыруды тек қана банктер және қаржы ұйымдары жүзеге асырады.
Ақшалай талапты беріп, қаржыландырудың экономикалық мәні несиелік қатынастарда, нақты айтқанда, саудалық (коммерциялық) несиені банктік несиеге қайта қалыптастыруда. Арнайы банктік ұйымдар мен коммерциялық кәсіпорындарды саудалық несиеге негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру, сөзсіз, саудалықты банктік несиеге айналдырады. Құқықтық талапты беріп қаржыландыру (несиелік шарт, лизинг шарты немесе вексельдерді санау сияқты) бұл капитал салудың бір нысаны, банкілік несиелендірудің бір түрі.
Факторинг іс-әрекет сферасына дәстүрлі түрде мыналар жатпайды:
1) жеке тұлғалардың қарыздары;
2) несиелік операциялар кезінде пайда болатын қарыздар;
3) жеткізуші және сатып алушы тараптар жағынан болашақта контракты атқару негіздегі барлық қарыздар. Факторингтің Европада қалыптасу тарихы XX ғасырдың 50-60 жылдарына жатады. Осы кезеңде кәсіпорындар өзінің контрагенттеріне тауарды жеткізу кезінде белсенді түрде төлемнің рассрочкасын қолдана бастады. Бұндай тәжірибе 2 негізгі себептерге байланысты болды. Бір жағынан, тауарлық топтар бойынша сатып алушының нарығы (тұрақты нарық) қалыптасқан. Бұнда сатып алушылар саудалық мәмілелердің негізгі талаптарын белгілеген және төлемнің рассрочкасын пайдалануды бекіткен. Екінші жағынан, сол кезде көптеген сатып алушылар бос ақшалай қүралдардың жетіспеушілігін көрген және біріншідсн, тауарды соңғы түтынушыға сатып (немесе сатып алған өнімді соңғы өнімге айналдыру), ал одан кейін өзінің тауар жеткізушілермен есеп айырысқан. Осылайша, сатып алушылар коммерциялық несиені қолдана бастаған, себебі банктен несиені алу көптеген формальдіктерге негізделген және шекті сипатта болады, екінші рет алу мүмкіндігі артылады және бұл әрқашан мүмкін бола бермейді.
Қазіргі таңда да Ұлыбританияда факторингтік компанияларға қаржылық және әкімшілік жағынан қолдау көрсетілуде. Кейінгі 20 жылда көптеген факторингтік компаниялар пайда болуда. 1976 жылы ең алғаш факторингтік компаниялардың Ассоциациясы құрылған. Оның мақсаты -осы салада ең жоғары кәсіби шеберлікті шыңдау. 1990 ж. дерек бойынша, бұл бірлестікте екінші мүше болды. Оның ең алғашқы төрағасы Т.Дж. Хатсон (1887-1989) болған. Ол сонымен қатар Халықаралық факторлар бірлестігінің бастығы болған.
Ал факторинг Қазақстан Республикасы нарығында 1990ж. бастап жүзеге асырыла бастады. Оларды коммерциялық банктер қамтамасыз етті. Ол әміршіл-әкімшіл жүйеден экономикалық басқару әдістеріне көшкенде көрініс тапты. Сол сияқты, ақша-тауар қатынастарының қарқынды дамуы оған өз септігін тигізді.
Факторингтің мақсаты — кәсіпорындарға айналым мен пайданы көбейту және бухгалтерлік есеп айырысуларды жеңілдету болып табылады.
Факторингтік шарты немесе ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (кредит берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне, сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруі мүмкін
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты жалпы азаматтық цессияның бір түрі болып саналатыны сөзсіз. Алайда факторинг пен цессияның айырмашылықтары бар:
1) Факторингтік қызметті жүзеге асыру үшін арнайы лицензия қажет
2) Цесссия туралы АК-тегі «міндеттемедегі тұлғаның ауысуы» тарауымен, ал факторинг АК-ң 729-738 баптарында реттеледі.
3) Факторингтің мақсаты — клиентті қаржы агентімен қаржыландыру және кәсіпкерлік әрекетті көздейді, ал цессия жалпы азаматтық сипатқа ие, күнделікті өмірде жиі кездеседі, кредитор толық жарна жауапты орындаушы емес.
4) Факторинг шартты міндеттеме, цессияда кредиторға құқық талап міндеттемеге сәйкес тиесілі немесе мәмілеге сәйкес басқа тұлғаға ауысуы мүмкін.
5) Цессияда алғашқы борышкердің құқықтары жаңа борышкерге құқық көшкендегідей көлемде және сол жағдайда көшеді, факторингта агентке берілетін талап құқығы әртүрлі болады және ол шартта нақты анықталу керек.
6) Цессияда тараптардың арасындағы есеп айырысулар қарыз алғанннан кейін ғана жүзеге асырылады, ал факторингта қарыз тұлғадан ақша алмай тұрып, есеп айырысады.
Сонымен факторинғ, дебиторлық қарызды беріп қаржыландыру және счет-фактуларды дисконтирациялау бұл бір сфераның инструменттері.