Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу

Өткен тақырыптарда сіздер, мәліметтерді мәтіндік файлға жазуды үйреніңіздер. Енді оларды қайтадан файлдан қалай оқуға болатынын қарастырамыз.

Ол үшін `mayFile1/in`  файлын пайдаланамыз. Мәліметтерді файлға жазу кезіндегідей, біздің файлмызды байланыстыратын айнымалыға атау беруіміз керек. Айталық, ол атау Fileln болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттауымыз керек. Бұл айнымалыны біз енгізу процедурасында пайдаланатын болғандықтан, сол процедураның жергілікті айнымалысы ретінде сипаттаймыз.

var

Filelnt:text;

Одан кейін біз программада, “мәтіндік типті ” Fileln айнымалысы, біздің

`mayFile1.in` атауымен берілген нақтылы файлмызды белгілейтіндігін көрсетуіміз керек. Ол үшін assing(NameVar,NameFile)-процедурасын қолданады.

Енді файлдан мәліметтерді оқу үшін, берілген файлды ашуымыз керек. Ол үшін, reset(NameVar)—процедурасында қолданады, мұндағы  NameVar-сіздің файлды белгілеуге берген айнымалыңыздың атауы, біздің жағдайымызда, ол NameVar-Fileln. Reset(NameVar)-процедурасы, мәліметтерді оқуға файлды ашады және курсорды файлдың басына орналастырадв. Егер ондай жоқ болса, қателік туралы хабарлама береді.  Енді мәліметтерді файлдан оқуға барлығы дайын болды. Ол үшін өзімізге бұрынан таныс Read() және  Readln() процедураларын пайдаланамыз. Мәліметтерді оқу пернетақтадан емес, файлдан жүзеге асу үшін, мәліметтерді оқудың жолын көсетеміз. Яғни, жақшалардың ішіне, assing()- процедурасының көмегімен біздің файлмызды байланыстырып тұрған, айнымалының атауын көрсетеміз.

`MayFile.in`файлындағы бірінші сан, файлдағы барлық сандардардың мөлшерін көрсетеді. Сондықтан, алдымен файлдан

Sanau айнымалысының мәнін оқытамыз,содан кейін параметрлі циклді қолданып, файлдағы сандардың мәндерін оқимыз. Мәліметтер толық оқылып болған соң, өзімізге таныс Close() процедурасын пайдаланып, файлды жабу керек.

Енді, мәліметтерді фйалдан оқу процедурасы қандай болатындығын көрелік:

procedure lnit;

 var

 i:byte;

Fileln:text;

begin

assing(fileln,`mayFile1.in`);

reset(Fileln);

readln(Fileln,Sanau);

for i:=1 to Sanau do

read(Fileln,San[i]);

close(Fileln);

end;

Дәл осындай, егер өлшемдері белгілі болса, мәліметтерді екі өлшемді массивтен оқу да онша қиыншылық туғызбайды. `MayFile.in5` файлынан мәліметтерді оқитын программадан үзінді мысалға келтірейік:

procedure lnit;

var

i,j:byte;

{айнымалы атауын мәтiндiк файл түрiнде сипаттау}

Fileln :text;

begin

{айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру}

assing(Fileln,`mayFile5.in`);

 {файлды оқуға ашу}

 reset(File);

{массив өлшемдерiн оқу, курсорды жаңа жолға көшiру}

readln(Fileln,JolSany,BaganSany);

{массив элементтерiн жол және баған бойынша оқу}

 for:=1 to JolSany do

read(Fileln,San[i,j]);

{файлды жабу}

close(Fileln);

end;

Мынаған көңіл аударыңыз, массив элементтерін оқу кезінде, Readln() процедурасын қолданбай, тек қана Read() процедурасы қолданылды. Бұл мүмкін еді, себебі массив элементтерін оқу үшін оның өлшемдері алдын ала белгілі болды. Егер мәтіндік файлдағы элементтер жазбалар саны алдын ала белгісіз болса, онда қайталану саны белгісіз цикл операторларын қолдануға тура келеді.

Тапсырма

  1. Бір өлшемді массивті құрайтын `MayFile.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютре экранына шығаратын программа жазыңыз және оны `MayFile6.pas` атымен сақтаңыз.
  2. Екі өлшемді массивті құрайтын `MayFile5.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютер экранына программа жазып және оны `MayFile7.ipas` атымен сақтаңыз.
  3. pas` программасын пайдаланып, `MayFile2.in` файлынан мәліметерді оқыңыз. Алынған нәтижені 1 тапсырма нәтижесімен салыстырыңыз. Нәтижені түсіндіріңіз.
  4. BP мәтіндік редакторын пайдаланып `MayFile1.in`,  `MayFile2.in` және `MayFile5.in` файлдарындағы массив өлшемдерін немесе жазбалар саные көрсететін жолды алып тастаңыз.