Кеңестік тарихнаманың атап көрсетуі бойынша француздық буржуазиялық тарихнама тарихи философиялық концепциялық идеологияға негізделіп, жаңа тарихи жағдай кеңістігінде жүзеге асқан болатын. Француз қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтар, көптеген саяси партиялардың болуы және идеялық саяси конфликтілердің көптігі Франция тарихнамасында бірқатар ағымдарды алып келді. (17)
Францияның тарих ғылымы Батыс мемлекеттеріндегі тарихнамада маңызды орынды иемденеді. Егер философиялық – тарих мәселесін қарастыру да американдықтар алғашқы орында болса, ал тарихи методорониялық зерттеулер саласында оның тематикасы бойынша, сонымен қатар тарихи ғылымға әсер ету жағынан франциялық тарихнама өзіндік үлесін иемденеді.
Француздық тарихи ғылым ұзақ әрі күрделі жолдардан өткен болатын. Көптеген жылдар бойында Францияның тарихнамалық орны өзгеше болды. Жекелеген кезеңдерде Францияның тарихнамасы ерекше бағыттарда дамығандығында байқатты. Мәселен реставрация кезінде француз тарихшылары Францияның тарихындағы таптар күресін, буржуазияның феодализмге қарсы күресі деп қана түсіндіруге тырысты. Ал одан бұрынғы Францияның революциялық кезеңіндегі тарихнама ағартушылық көзқарастарды жалғастырды және эрудиттік бағыттан толығымен құтылған болатын, сонымен қатар осы кездегі тарихи ғылыммен аса жақын айналысқан тұлғалар тарихнаманың дамуында ерекше пікірлері мен көзқарастары арқылы өзіндік орынды иемденді.
Ұлы Француз революциясы дәуіріндегі тарихи ойдың негізгі сипатын көрсеткен шығармалар мен олардың авторларының ұстанған бағытының мазмұнын анықтау барысында осы кездегі үлкен тарихшылардың қалыптасу жағдайына тоқталып өтсек. Революциялық дәуірде Францияда өзгеше тарихи бағыттарды қалаған үлкен тұлғалар бар. Олардың еңбектері мен ұстанған бағыттарының мазмұнынан осы кездегі дәуірдің тарихи ойдың даму сипатын байқауға болады.
Тарихи ойдың ағартушылық линиясын Вольтер мен Тюргоның бағытын революцияның кезінде жалғастырушы Жан Антуан Кондорсе (1743-1794) болды. Атақты математик, ағартушы-философ, әлеуметтанушы болған маркиз Кондорсе энциклопедистердің кіші ұрпағына енген болатын және 1793 жылға дейін революциялық қозғалыстарға қатысқан, Конвенттің мүшесі болды. Жирондистерге ойының жақын келуі Кондорсеге жирондистердің биліктен кетуі жасырын жүруге әкелді. 1794 жылы наурызда тұтқындалып, түрмеде қаза болады. Жасырып жүрген кезінде Кондорсе өзінің басты философиялық-тарихи еңбегін жазды, ол «Эскиз исторической картины прогресса челеовеческого разума» (Адамзат санасы прогресінің тарихи сипатының эскизі) деп аталды.
Ағартушылық дәуірдің «философиялық тарих» рухына сай келетін Кондорсе адамзат тарихының жалпылық концепциясына қарсы шығады және оны жоққа шығаруға ұмтылды. Адамзат тарихының дәуірлері кезендерінің ретін көрсете отырып мұндағы Француз революциясының орнын анықтайды. Кондорсенің концепцияларындағы басты тарихи-әлеуметтік идея прогресстің идеясы болып табылады. Алайда ХVІІІ ғасырдың ортасында Вольтер және әсіресе Тюрго теорияның прогрестің теориясын қалаған болатын, осыған қарамастан О. Старосельская-Никитинаның айтуынша «алғашқы рет адамзат тарихының өзгеруін және атап өту керек, жақсы дүниеге өзгеруінің кезектілік процесінің бірегей теориясын жасаған Кондорсе болып табылады»(17) деп көрсетеді. Адамзаттың бүкіл тарихы Кондорсенің айтуынша, бұл кезекті және бірте- бірте жылдамдатылған ақыл ой мен саналы дүниеге әкелетін қозғалыс болып табылады, ол табиғи түсінікке сай келеді.
Прогрестің басты итермелеушілері Кондорсе үшін сананың даму мен дүниені ғылыми тұрғыдан қарастыру, еркіндіктің жетістіктері мен табыстары болып табылады. Кондорсе толығымен ағартушылық пен саяси және азаматтық еркіндіктің тығыз және бірегейлік байланысы бар деген түсінікке жүгінген болатын. Осылайша адамзат ұрпағының басты прогресске жетелейтін күш пен дамудағы басты себепті оның айтуынша сананың прогресі, яғни ағартушылық пен ғылыми білімнің болуы болып табылады.
Бұл себептер Кондорсенің тарихты кезеңдеудегі басты негізге алынған болатын, тарихи кезеңдерді ол тоғыз дәуір етіп алды. Ең алғашқы бес дәуір алғашқы қауымдық құрылыстан антикалық дәуірге дейінгі кезеңді қамтиды. Еуропадағы Рим империясының құлауымен келген дәуірді, яғни орта ғасырдың алғашқы ғасырларын (алтыншы дәуірді) Кондорсе терең құлдыру кезі деп тапты. Келесі жетінші дәуір ретінде – ХІ ғасырдан кітап басуға дейінгі уақытпен белгілейді, мұнда адамзат санасы қайта осыған дейінгі жоғалтқан энергияны қалыпқа келтіреді, маңызды жаңалықтар ойлап тапты, қажетсіз сенімдерден айырылды, тіптен кейбір мемлекеттерде (Италия, Щвецария, Англия) еркіндіктің белгілері байқалды деп көрсетеді.
Алайда ерекше прогресттің жылдам дамуын сегізінші дәуір байқатты – «кітап басудың үйренуі мен ғылымдар мен философия беделділік игосына жиналған кезі» байқатты, яғни ХV ғасырдың аяғынан ХVІІ ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтиды, мұнда адамның санасы бұғаулардың бірқатарынан босап, жаңа күштерін жинап өзінің еркіндік жағдайын дайындап, жақындата түседі. Ал адамның толық еркіндік жағдайына түсуі Кондорсенің айтуынша тоғызыншы дәуірге жатады – бұл «Декреттің қабылдануынан Француз республикасының құрылуына дейінгі аралықты қамтиды»: адамның санасы «түбегейлі бұғаулардан құтылады»(18) Міне осы дәуірде адамдар ұзақ уақыт бойындағы адасулардан, шынайы адамзаттың құқықтарының түсінуіне келеді, сонымен қатар бұл құқықтарды қолдауды жалғыз жолы үшін адамдар қоғамдық қозғалыстарға бірігуі қажет. Адамның құқықтарын түсіну, халықтың жағдайын жақсарту қажетілігі, фанатизімге деген жиеркеніш қоғамның барлық қабаттарына келеді.
Мұндай жағдай — Кондорсенің жазбаларында – сананың және табиғаттың принциптерінің қалыптасуы – болмай қоймайды. Ең алдымен ол Солтүстік Америкада қалыптасты және бүкіл әлем ұлы халықтың өзінің бұғауларынан босанғанын және өзінің еліне конституция мен заңдарды бергенін көрді. Еуропада мұндай революцияның алғашқы қарқынды Франция көрсетті – мұнда халық барлығынан қарағанда білімді және салыстырмалы түрде еркін емес мемлекет ретінде қалыптасқан болатын.
Революцияның екеуінде үлкен әсермен жазған Кондорсе бірқатар тарихи тәртіпке байланысты бірқатар сыни ойларында атап өтеді. Мұнда Кондорсе рухани және саяси өкілдерге ғана арналып қойған жоқ, сонымен қатар тарихтың әлеуметтік аспектілерінде деп қойды. Бұл революциялардың айырмашылығы ретінде ол Американдық революцияда феодалдық тиранияны құлатудың, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін діни бұғаулардан босатып және шіркеулік жазалаулармен күресудің қажеті болмады. Ал Француздік революция керісінше қоғамның бүкіл экономикалық өмірін қамтуы, әлеуметтік қарым-қатынастардың барлық сипатын өзгертуі, саяси иірімнің соңғы жеріне дейін жетуі қажет болды. Сондықтан ол Американдық революциядан қарағанда толық болды. Француздік революция ішкі тәртіптердің дүниесін құлатқан болатын. «Француздар… бір кезде корольдердің диспотизмін және саяси теңсіздікті… ақсүйектердің билігін… ақсүйектер мен феодалдардың үстемділігін атқылады» (19) деген Кондорсенің айтуынша француздік революцияның сипаты байқалады.
Кондорсе тарихтың рөлінің жоғары екенін түсінді. Басқа ағартушылардан қарағанда ол тарихтан тек «мораль мен саясаттың мектебінің» рөлін ғана көрген жоқ. Тарих ең алдымен болашақты болжауға мүмкіндік береді. Оның зерттелуі адамзат ұрпағының прогессін анықтауға, оны үнемі бағыттап және тездетуге жағдай жасайды, «өткен шақты есекру арқылы адамзаттың дамуында бірқатар болжамдар жасауға және оның суреттеуге мүмкіндік береді.»(20) Осы идеяға негізделген Кондорсе өзінің адамзаттың дамуындағы тарихи тоғыз дәуірге келесі оныншыны енгізді – бұл адамзат санасының болашақтағы прогрессі деп аталды.
Болашаққа көңіл аудара отырып Кондорсе үлкен тарихи оптимизмге бет бұрды. Оның түсігінше сананың әрмен дамуы табиғат пен заңдардың құпиясын ашуға, қоғамның басқарылуы жоғарылайды, әлеуметтік институттардың дамуына әкеледі деп тапты және ол өз кезегінде ұлттар арасындағы теңсіздіктің жоюлуына, кедейліктің және байлықтың шыңдарының өшуіне, жыныстық теңсіздіктің ликвидациялануына қоғам жетеді деп сенді. Ерекше жоғарғы деңгейге адамның рухани бөлігі ғана емес, сонымен бірге оның физикалық тұрғысы да жетеді, аурулардан босаған және өзінің өмірінің ұзартуын көрсететін адамзат барлық салаларды жетік меңгереді. Бұл прогресс сол кездегі төменгі дәрежелі Азия мен Африка халықтарына да жетеді. Мұндай сәтте еркін адамзат өзінің санасынан басқа ешқандай билікті мойындамайтын кездер болады.
Кондорсемен дамытылған линиялық прогрестің – теориясы рационалды болып табылады және диалектиканың элементтерін иемденді. Оған тарихтың теологиялық сипаты тән, яғни тарихтың дамуы мақсат қоюға жетелейді ал бұл өз кезегінде сана мен еркіндіктің билігінің орнауын тездетеді. Міне батыл және ағартушы буржуаз революционер Кондорсенің ойлары осындай сипатқа ие болды. Кондорсенің концепциялары үлкен тарихи зерттеулерді гуаманистік ойлауды байқатарды, сондықтан оның гуманист және ерекше ойшыл ретінде де атауға болады.
Француз революциясы кезінде ерекше тарихи-әлеуметтік концепцияны Антуан Барнав (1761-1793) қалыптастырды. Кальвенистік, адвокаттың отбасынан шыққан және өзі де адвокаттық мамандығының иесі болған Барнав революцияның алғашқы уақытында-ақ белсенді қатысушысы болды; сонымен қатар өзінің отызға жетпеген жасында конституциялық монархистердің ішінде лидерлердің бірі болды. Құрылтай жиналысының таратылуынан кейін ол белсенді саяси өмірден кетеді, отаны Гренобльге оралады және болып өткен жағдайларды қайтадан санасынан өткізуді бастайды. Осы кезде 1792 жылы оның ең негізгі тарихи-философиялық еңбегі «Введение во Французскую революцию» (Француз революциясына кіріспе) жарық көреді, мұнда алғашқы рет Француз революциясының себептері мен мәнісін зерттеу қолға алынды. Сонымен қатар осы жерде оның бірқатар еңбектері жарық көреді. 1792 жылдың 10 тамызындағы көтерілістен соң Барнав оның король отбасы мен ақсүектермен араласуына байланысты тұтқындалады. Ол 1793 жылы қарашада өлтіріледі.
Барнавтың тарихи көзқарастарының қалыптасуына Монтескье мен физиократтар негізгі әсерді тигізген болатын. Барнавтың көзқарасынша адамзаттың тарихи дамуы прогресивті және заңдылықты болып табылады. «Саяси дамудың себептерін ситаттайтын жағдайлардың ішінде әрекеттердің себептерін алдын ала көрсететін тұрақты және дұрыс әрекеттер бар, ол уақыт өткен соң керегінше өзіндік әрекетті көрсетеді.» (21) деп Барнав өзінің ойын жеткізуге тырысты.
Тарихи процестердің әрекеттенуші күшін белгілеуге ұмтылған Барнав плюралист ретінде байқалды. Ол «бірқатар тарихи фактілерге әсер ететін өзара байланыты салаларды» атап өтуге тырысты – «халықтың жеткен «әлеуметтік кезеңі» (яғни белгіленген қоғамдық қатынастардың деңгейі), оның өмірінің географиялық ортасы, оның байлықтары, қажеттіліктер, әдеттері, сенімдерідің» (22) рөлдерін көрсетті. Сонымен қатар басты рөлді Барнав материалдық және экономикалық факторларға аударды, мәселен халықтың өсуі мен онымен байланысты материалдық қажеттіліктердің өсуі, өмірге қажетті игіліктерді және меншіктің формасының өзгеруінің атауға болады.
Меншікке Барнав, қоғамның саяси формасын өзгеруінің себептерін түсіндіруге келгенде, үлкен көңіл аударады. Дәл осы бұрыштан физиократтардың дәстүрлі схемасын көруге тырысты. Егер «адамзат аңшылықпен айналықан болса, ол меншікпен таныс емес және жерді бәрінің жетістігі деп қарастырады, ал мал бағушы жағдайында адамзат меншікті ескереді және ол мекемелердің тұруына ықпал етеді. Жерді өңдеуге өтісімен адамзат жермен қатар меншік түсінігіне барлық жағдайлар енеді және олар саяси биліктің орнығуына әсер етеді.» (23) қатарларынан оның меншіктің тарихи дамудағы басты рөлді иемденетінін көрсетеді. Міне осы жер меншігі және оның берілуіне байланысты теңсіздік туындайды бұл ақсүйектер мен феодалдардың билігінің негізі болады деген ойларын Барнав алға қояды.
Кейінгі тарихи дамудың факторы және қоғамның дамуының табиғи жолы ретінде халықтың өсуі мен материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдарының өсуін қояды, бұл манфактурлардың, сауданың, өнеркәсіп меншігінің қалыптасуына әкеледі. Нәтижесінде саяси заңдылықта революциялық жағдай дайындалады: жаңа байлықтың бөлінуі билікті жаңадан бекітілуіне әкеледі. Дәл жерге меншік ақсүйектердің билігінің орнығуына әкелсе, мұндай жағдай қайталанып өнеркәсіп меншігі халықтың (буржуазияның) билікке жетуіне мүмкіндік береді.
Бұл жалпы әлеуметтік принциптерді ескере отырып Барнав нақты Батыс Еуропаның негізгі мемлекеттерінің антикалық дәуірден Француз революциясына дейінгі тарихты мысал ретінде ала отырып анализдеуге тырысты. Өзінің басты міндеті ретінде ол жалпы еуропалық биліктің үлгісінің даму жолы қандай болғанын түсіну, және оның Франциядағы демократиялық революцияның ХVІІІ ғасырдың соңында ұшығуын дайындаған себептерді қарастыру деп қойды. Сондықтан ол сол кездегі соңғы жүз жылға аса үлкен назар аударды.
Еуропалық институттардың дамуындағы және өнеркәсіп пен жылжымалы мүліктің басты ұлы революциялық сипаты, Барнавтың пайымдауынша халық (буржуазияның) күшінің бірте-бірте ұлғаюы және аристократияның билігі мен күшінің құлдырауы болып табылады. Бұл процестің маңызды қадамы ретінде Англия революциясын атайды, мұнда Француз революциясында көрген тәртіптіліктің сипатын – жер аристократиясына қарсы демократиялық қозғалысты көрсетеді. Бірнеше жүз жылдарды артқа тастап меншіктің қозғауымен болған өндірістің жоғарлауы Француз революциясының болуына әкелді. Оның Ағылшын революциясына қарағанда кештеу болуын Барнав географиялық жағдайлармен түсіндіруге тырысты: егер Францияның теңіздік орналасуы және сауда жолдарының тоғысқан торабында болса, онда ол өнердірістің дамуына және жылжымалы мүліктің жоғарлауына әкелетін еді, мұндай жағдайда аз ғана территорияда жер аристрократиясын күшпен биліктер алу әрекеті басталар еді.
Барнав Еуропа тарихындағы соңғы он жылда таптардың күресін байқады, яғни белгілі бір күштердің меншіктің қайшылықты формалары үшін күресу болды. Ол мұны «аристократия» мен «халықтың», «демократияның», «үшінші сословиенің» арасындағы күресі ретінде көрсетті. Алайда ол аристократия мен халықтың арасындағы ішкі күресті болмай қоймайды деп көрсетпеді. Бірегей бағытта ойланушы және саяси өкіл ретінде, ол «демократияның» ішінен байлар мен кедейлерді, меншік иесі мен иесі еместерді көрді, алайда оның пайымдауынша «өндірістік байлықтың» табиғаты байлық пен кедейліктің шеткі дүниесіне әкелмейді.
Осылайша Барнавтың әлеуметтік идеялары мен оның тарихи кезеңдеулерінің негізінде айқын материалистік тенденциялар, сонымен қатар историзм белгілері байқалады, бұл оның дәуірі үшін ерекше және түсініксіз болды; мұнымен Кондорсенің рационалистік теориясымен салыстырғандағы айырмашылық бірден көзге түседі. Шынындада тарихи дамудың кезеңдерінің белгілі формаларының өзгеруін көрсеткен Барнав оның себептерін ашу жағдайына мойын бұрмады, мұны кейініректе тарихшы материалистер бекітеді. Жер және жылжымалы немесе өндірістік меншіктің соқтығысы Барнав үшін ең алдымен өзгеше материалдық әрекеттердің заттық сипатына ие болғандардың соқтығысы, оны ол өндірістің өсуімен сипаталатын өндірістік қатынастардың соқтығысы ретінде қарамады.
Осыған қарамастан Барнав бірінші және оның замандастарының ішінде жалғыз өзі Француз революциясын рухани және саяси процестермен байланыстырған жоқ, ол мұнда әлеуметтік-экономикалық себептерді анықтауға бағыт алды және революцияның экономикалық интерпритациясын көрсетті.
Барнавтың концепциясымен алғашқы болып қызыққан Ж. Жорес тарихтың материалистік көзқарасымен таңқалды. «Француз революциясына кіріспе» еңбегінде Барнав жарқын материалистік жарқылын көре алды, мұны революциялық жағдай талап еткен болатын, ол саяси және экономикалық қызығушылықтардың байланысын байқатты. 1791 жылы бұл қызығушылыққа байланысты бұл метофизикалық идеялар емес, тек нақты қызығушылықтар бұқараны революциялық жолға итермеледі.
Барнавтың интелектуалдық ойының бұрышына бет бұратын болсақ, онда оның ХVІІІ ғасырдың ортасы – екінші жартысында пайда болған ағартушылық ойдың тарихты рационалистік тұрғыдан қарастыру кезінде және революциялық жағдайда материалистік тенденцияның қалыптасуына жол ашады. Осылайша Барнавтың тарихи-әлеуметтік көзқарастарын ағартушылық дәуірдің үлкен жетістігі ретінде қарау қабылданды. Бірқатар жақтарымен оның идеялары ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық историзм идеяларынан да асып түскен болатын.
Революциялық дәуірде тарихи ойды әрмен дамытқан Константин Француа Шасбефтің еңбектері қалыптастырды кейініректе Вольней деген есімді алған (1757-1820). Көректі ғалым-ориенталист, Вольней революцияға белсенді қатысады, ол құрылтай жиналысының мүшесі болды, саяси жоспарда ол жирондистерге жақын болды. 1791 жылы Вольней «Руины, или Размышления о революциях империй» (Имнерияның революциясы жөнінде ойлар) еңбегін жарыққа шығарады, мұнда мемлекттердің шарықтауы мен құлдырауының адамзат тарихының тәжірбиесінен жалпы себептерін анықтамақ болды. Шіркеу реформасы кезінде жазылған бұл жұмыс дінге қарсы кеген памфлет ретінде де көзге түсті. Якобиндік диктатурасы орнаған кезде тұтқындалған Вольней термидордан соң бостандық алады. 1795 жылы Конвенттің құрған қарапайым мектептерінде тарихтан лекциялар оқиды, мұнда ол тарих ғылымының маңыздылығы мен мазмұнына байланысты бірқатар тиімді идеяларды атайды.
Өзінің жалпы дүниетанымдық көзқарасы жағынан Вольней энциклопедистерге жақын болды, француздік материалистердің сенцуализмдік идеясын қорғады. Тарихи зерттеулердегі міндеттерге байланысты көзқарасы жағынан ол Вольтер, Тюргоның дәстүрін жалғастырды. Вольней қоғам жөніндегі ғылымды қалыптастырмақ болды. Мұнда діни бастамалардан бас тартып, табиғат жөніндегі ғылымдардың бір бөлігі етуді мақсат етеді. Вольтер мен Тюргоның дәстүрін жалғастыра отырып, Вольней адамзаттың даму тарихында прогрестілік идеясын жоғарылатты. Оның еңбектерінде «Адам – жаратушы! Саған барлық құрмет пен мақтау айтамын. Сен аспанның кеңістігін өлшедің, жұлдыздардың салмағын анықтадың, бұлттар мен найзағайды жасадың, теңіз бен дауылды бағындырдың және барлық апаттарды өзіңе бас игіздің» (24) деген қатарларда адамның ролін жоғарылатты.
Вольней өз заманында қызықты болған діннің дамуы мен қалыптасуын тарихи жақтан түсіндіруге тырысты. ХҮІІІ ғасырға тән діннің деректерін білімсіздік пен өтіріктен пайда болды деген ойларға ол аса терең талқылауды енгізді. Вольней діннің пайда болуы мен дамуын әлеуметтік ортадағы, өмірдің материалдық жағдайы мен өнеркәсіптік әрекеттегі адамның санасындағы қиялынан қалыптасқан. Құдай жөніндегі түсініктер «барлық түсініктер секілді өзіндік физикалық зат дерегінен пайда болған және оны адамның санасы сезінгенде пайда болады. Бұл түсінікті оның қажеттіліктерінен, өмірінің жағдайларымен, адамның санасының даму деңгейіне байланысты» (25) деп көрсетілді.
Вольнейдің тарихтың басқа ғылымдар ішіндегі орнын анықтауға байланысты көзқарастары «Лекциях по истории» (Тарих жөнінен дәрістер) еңбегінде көрсетілген. Тарих Вольнейдің түсінігінше физикалық және математикалық ғылымдардан ерекшеленеді. Бұл ғылымдар шын мәнісінде бар, зерттелетін және сезілетін фактілермен жұмыс жасайды. Ал тарихта фактілер сезілмейді, олар дәл өлі секілді, оларды жасауға болмайды; осылайша тарихи факт физикалық факт секілді шынайы бола алмайды. Скептизмге бас ұрмай Вольней тарихи фактілерді шынайылығы мен сапалылығын деректер арқылы қатаң тексеруді атап өтті. Дәл осы позициядан Вольней ауызша деректерді, қолжазба мен баспалық материалдарды сынмен қарады. Вольтер секілді тарихи шынайылық мәселесін алға қоя отырып, Вольней тарихи танымның мүмкіндіктері мен тарихи танымның ерекшеліктері және шегін бірегей мәселемен қарастыруды жөн санады.
Тарихты жазудағы әдіс мәселесін шешуде Вольней универсализм принцппін ерекше көрсетті. Тарих бүкіл әлемдік, салыстырмалы түрде болуы қажет. Ол түрлі халықтардың өткенін салыстыру арқылы жазылуы керек.
Сонымен бөлімді қорытындылайтын болсақ Ұлы Француз революциясының кезіндегі тарихнама ағартушылық бағытты жалғастырды десекте осы кездегі өзінің тарихи туындыларымен кейінгі тарихнама ғылымында танымал болған бірқатар ғалымдар өзіндік ерекше көзқарастарын ұсына алды.
Кондорсе энциклопедистердің кіші ұрпағы бола отырып, ағартушылық бағытының жалғастырушысы, алайда оның философиялық-тарихи «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» еңбегіндегі басты тарихи-әлеуметтік идея прогресстің идеясы болып табылады. Кондорсемен дамытылған линиялық прогрестің – теориясы рационалды болып табылады және диалектиканың элементтерін иемденді. Оған тарихтың теологиялық сипаты тән, яғни тарихтың дамуы мақсат қоюға жетелейді, ал бұл өз кезегінде сана мен еркіндіктің билігінің орнауын тездетеді. Міне батыл және ағартушы буржуаз революционер Кондорсенің ойлары осындай сипатқа ие болды. Кондорсенің концепциялары үлкен тарихи зерттеулерді гуаманистік ойлауды байқатады, сондықтан оның гуманист және ерекше ойшыл ретінде де атауға болады.
Адвокат Барнав «Введение во Французскую революцию» негізгі тарихи-философиялық еңбегінде бірінші болып және оның замандастарының ішінде жалғыз өзі Француз революциясын рухани және саяси процестермен байланыстырған жоқ, ол мұнда әлеуметтік-экономикалық себептерді анықтауға бағыт алды және революцияның экономикалық интерпритациясын көрсетті. Барнав ағартушылық ойдың тарихты рационалистік тұрғыдан қарастыру кезінде және революциялық жағдайда материалистік тенденцияның қалыптасуына жол ашады, сондықтан оның көзқарастары ағартушылық дәуірдің үлкен жетістігі ретінде қарау керек. Сонымен қатар оның идеялары ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық историз идеяларымен тең келді.
Вольней «Руины, или Размышления о революциях империй» еңбегінде прогрестің басты себептері ретінде саясат пен діннен бас тартып, табиғи ғылымдарды және адамның рөлін жоғарлатты. Ал дінді адамның сана сезімінің деңгейі мен қажеттіліктен туындаған деп табады. Вольнейдің «Лекциях по истории» еңбегінде тарих ғылымының өзге ғылымдардан айырмашылығын анықтап, оның өгеше зерттеу бағыттары мен талаптары арқылы қарастыруды ұсынады және мұны қатал ұстануды талап етеді.
Жоғарыда аталған тарихшылар ағартушылық бағытқа өзіндік сипатын енгізді және ерекше көзқарастарымен бүкіл тарихнамалық айналымда белгілі болып қалды.