XVIII ғасырда Францияда абсалюттік монархия шегіне жетіп, революциялық жағдайдың туындауына әкелді. Жалпы саяси әлеуметтік-экономикалық революциялық себептер шарықтап XVIII ғасырдың соңында шегіне жетті. Үшінші сословиенің ішіндегі экономикалық қатынаста күшті орынды иемденетін, сауда мен өнеркәсіп орындарын өз қолында біріктірген буржуазия революциялық идеологияға басқалардан қарағанда жақын болды. Саяси құқықтарды иемденбеген ол мұндай жетістікке ұмтылысын байқатты және оған қайткенде де жету үшін мемлекеттің жүйесін қайта ұйымдастыру қажеттігін түсінді. 1788 жылы егістіктің жартысы шықпауы төменгі тап өкілдерін шарасыздыққа әкелді. 1989 жылдың ерте көктемінде Францияның барлық территориясында шаруалар қозғалысының толқыны болып өтеді. Сонымен қатар жұмысшылардың көтерілісінің алғашқы қадамдары да байқалды. Көреген саясаткерлер бірқатар реформаларды жүргізуді жөн көреді, алайда реформаларға сарай өкілдері мен дворяндар қарсы болды. Жердің феодалдық меншігінде болуы, мемлекеттің ішіндегі кедендік шекаралар, Францияның дамуына қарсы тұрды. Қала мен ауылдардағы халық бұқарасы тапшылықта болды. Жалпы атағанда үшінші сословие өз өмірін осылайша өткізуден бастарта бастады, бұрынғысынша корольде басқара алмайтын еді.(1) 1789 жылы революциялық жағдай толық орнап аяқталды.
1789 жылы 12 шілдеде жалпы толқулар күшейе түседі, себебі париждіктер 1788 жылы орнына келген басты контролер және Басты Штаттардың құрушысы Неккер отставкаға жіберілгенін білген болатын. Нәтижесінде Париждің көшелері халықпен толастады. Әскери адамдарда халықтың жағына шықты. Ескі париждік мэрияның мекемесінде бірнеше жүздеген адамдар жиналып Париждік комиттеті құрады. 13 шілдеде Комитет азаматтық гвардияны құрады. 14 шілде таңертең халық бұқарасы қару-жарақтармен қамтамасыз етіліп Бастилияға беттейді. Халық Бастиляны алумен абсалютизмнің құлауын байқатты. Людовик ХVІ революциялық әрекеттерді ескере отырып Ұлттық Комиттетті мойындады және Неккерді орнына қайтарды. Ескі билік органдары тарқатылып, жаңа үшінші сословиеден тұратын әсіресе буржуазиядан тұратын үкімет құрылды. Көптеген халық бұқарасының көтерілістері билік органдарын шешуші істерге итермеледі.
Тағайындалған жиналыстың комиссиясы «Адам және азаматтардың құқықтары деклорациясын» жариялады. Алайда мұны алғашқы кездегі корольдің көңіліне алмай қабылдамауы, халықтың Версальға жорығына алып келеді, нәтижесінде король «Құқықтар деклорациясын» бекітіп қана қоймай, сонымен қатар Парижге үкіметін ауыстыруға мәжбүр болды. Революцияның дамуына Париждік клубтардың рөлі ерекше болды, мұнда революциялық ойлармен жиналған қауымдар өзінің мақсаттарын жүйелеген болатын. Өткенде Бретондік клуб деп аталған ұйым Версальдан Париж қаласына көшіп келеді және ревалюцияның көптеген жақтастарын Мирабодан бастап Робеспьерге дейін өзінде біріктіреді. Бұл клуб Якобиндік деп аталды. 1790 жылы Кордельерлер клубы ұйымдастырылды, ол якобиндік клубына қарағанда демократиялық болып келген. Ал 1791 жылғы корольдің нәтижесіз қашуына байланысты клубтар демократиялана бастады және елді республикалық көңіл күй күшейе түсті. Тіптен кордильерлердің ұйымдастыруымен халық париждегі Марс алаңына жиналып монархияның тіптен алынуын талап етеді, бірақ бұл іс нәтижесіз және көптеген халықтың жазықсыз өлуі мен жаралануына әкелді.(2)
Революцияның алғашқы жылдарындағы ең ірі жетістіктердің бірі болып Францияның жаңа әкімшілік басқаруының орнауы болатын. Жаңа құрылымға сәйкес Франция көлемі жағынан бірдей 83 департаментке бөлінді. Бүкіл Францияда бірегей әкімшілік, салықтық жүйе орнатылды, елде қажетсіз ішкі кедендер және сеньорлік соттар жойылды.
Революцияның алғашқы жылдарындағы декреттер 1791 жылғы 3 қыркүйектегі конституцияда бекітілді. Конституцияға орай жоғарғы заң шығарушы билік Заң шығарушы жиналысқа берілді, оны екі деңгейлі және екі жылға сайлау арқылы орнықтырды. Атқарушы билік король және оның министрлеріне берілді, оны корольдің өзі тағайындайтын және олар корольге ғана бағынатын болды. Король заңдарды кейінге қалдыруға және қайта қарауға жіберуге мүмкіндігі бар болатын. Осылайша жаңа конституция елде конституциялық монархияны бекітті. 1791 жылғы конституция бойынша сайлау жүйесі билікте буржуазияны бекіткен болатын. Заңшығарушы жиналысқа сайлау либералдық дворянға және ірі буржуазияға билікке жетуге мүмкіндік берді, олар революцияның тереңдеуін қаламаған болатын. 745 депутаттың ішінде шамамен 260-ы конституциялық монорхистер болатын, 136 Якобиндік клубтің өкілдері болды, олар жирондистерге бөлінген еді.(3) Жирондистерді атақты ораторлар Бриссо, Верньо және энциклопидист-математик Кондерсе және тағы басқалар басқарған болатын. Жирондистер ірі меншік иелерінің, мануфактура иелерінің, ірі шарап сатушыларының, жаңа жер иеленушілердің қызығушылықтарын қорғады; олар корольдік биліктің шектелуін немесе тіпті жойылуын, эмигранттардың құқықтарының әлсізденуін және олардың жерінің конфискеленуін қалады. Сонымен қатар жирондистер спекуляцияның шектелуін қаламады, ауылдардағы феодалдық міндеткерліктердің жойылуынан қорықты.
Заң шығарушы жиналысы корольдік билікті шектеп, жоюға асықпады. Тәуелсіз революциялық Франция үшін күресті Париждің 48 секциясы басқарды, олар 60 дискриттің орнына 1790 жылы құрылған болатын. Бұл секциялардың өкілдері 1792 ж. 9 тамыздағы отырысында өзін Париж Коммунасының революциялық органы деп атайды. 10 тамыздың түнінде Коммунаның басқаруымен мыңдаған қарулы адамдар корольдің сарайын қоршайды. Заң шығарушы жиналыс корольді биліктен айырып оны түрмеге жабуға мәжбүр болды. Монархия түбегейлі құлатылды. Париждік коммуна демократиялық ұйымға айналды, ол бүкіл елдің қауіпсіздігіне жауапты болды. Ол шешуші істерді қолға алып отыз мыңдық әскер құрды, қаруды көбейтуді бастайды, нанды осы кездегі бағасынан асыруға тыйым салады, реакциялық газеттерді жауып және басқада отанды қорғаудағы шешуші істерге көшеді.
Заң шығарушы жиналыс республиканы жариялап, корольді жазалаудан бас тартады және көп ұзамай коммунаны заңсыз орган деп табады. 10 тамыздан кейін құрылған жаңа уақытша атқарушы үкіметке жирондистер енді. Коммунананың қысымымен 15 тамызда Ұлттық конвентке сайлау басталады. 1793 жылы 21 қаңтарда Конветтің көпшілігінің шешімімен король Людовик ХVІ өлім жазасына кесілді.(4)
1792 жылы 20 қыркүйекте Конвентке сайлаудың нәтижесі жарияланып, Конвенттің ашылу салтанаты өтеді, мұндағы демократтардың қысымымен Конвент Францияны республика деп жариялайды. Конвенттің алғаш кезінде негізгі күшті жирондистер иемденді. Жирондистер либералдық өкілдерді құрады, олар – сауда-өнеркәсіп буржуазиясынан тұрды, революция өз мақсатына жетті деп есептеп, оның әрмен тереңдеуіне жол бермеуге тырысты, себебі енді оның жалғасуы буржуазиялық меншікке кедергі болады деп табылды. Жирондистер Атқарушы кеңесті – республиканың министрлігін құрады. Сонымен қатар конвентте өз орнын монтаньяр-депутаттар да иемденді, олар Парижден сайланды және Якобиндердің ішінде үлкен беделділікті иемденді. Алғашқы кезде конвентте жирондистер мен монтаньяр арасында үлкен даулар туған болатын.
Халықтың қысымымен 1793 жылы 4 мамырда Конвент алғаш рет баға максимумын, яғни бидай мен ұнға тұрақты бағаны енгізеді. Алайда осыған қарамастан халық азық түлікке қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Жалпы елдегі ауыр жағдай: антифранцуздік коалициялардың Франция территориясын бірте бірте басып алуы, Франция республикасының көрші мемлекеттерден экономикалық қыспақты көруі, вандейлік көтерілістер, азық түлікке бағаның үнемі өсуі халықты шарасыздыққа әкелді. Нәтижесінде 31 мамыр — 2 маусымдағы Париж халқының конвентті қоршауға алып жирондистерді қамауға алу талабы орындалды. Франциядағы негізгі билік көзі якобиндерге көшті, алайда бұл кезде Франция құлдырау шағында болатын. Сонымен қатар Францияның бірқатар жерлерінде жирондистердің биліктен кетуіне қарсы болды, департаменттер якобиндік билікке үлкен қарсылық көрсетті, олар Конвентті мойындаудан бас тартты. Жер-жерлерде жирондистерді жақтаушылардың бастауымен террорлық актілер болып жатты. Конветнттің алдында кейінге қалдыруға болмайтын мәселелер тұрды: сыртқы жаулардан ревалюциялық Францияны қорғау қажет еді, баға максимумын енгізу және спекуляцияға жол бермеу керек, қала халқы мен шаруалардың жағдайын жақсату керек болатын. Жалпы бұл мәселелерді шешуде якобиндіктерге халықтың қолдауы қажет еді, ал оны табу үшін ол алға қойған мәселелерді тез арада шешу керек болатын. Сондықтан 1793 жылы якобиндіктер революция мен демократияның ең жарқын көріністерін байқатқан конституцияны қабылдайды. Мұнда барлығына бірдей сайлау құқы беріледі, заң алдында барлығы тең болды, діни және сөз бостандығы жарияланды, алайда еңбекке, білім алуға және әлеуметтік қамтамасыздыққа рұқсат берілгенімен, оның негізінде тек меншік жатуы керек деп атайды. Мұндай конституцияның сипаты халықтың ішінде наразылықты тудырды, нәтижесінде Конвентке қайта сайлау болып өтіп, Дантонның орнына Конвент басына М. Робеспьер келді. 1793 жылы 17 шілдеде жарияланған Декреттің нәтижесінде феодалдық міндеткерліктер жойылған болатын. Якобиндіктердің аграрлық реформалары әсіресе феодалдық қалдықтарды жойып, жерді қауымдарға бөліп беру шаруалардың көңілінен шықты.(5)
Бірте-бірте департаменттердің көпшілігі Конвенттің жаңа құрылымын мойындай бастайды, алайда солтүстік батыс пен оңтүстіктің басқармалары қарулы қарсыластық жасап, контрревалюциялық әрекетерге барады, оның нәтижесінде шілдеде көптеген якобиндіктер өлтіріледі.
27 шідеде 1793 жылы спекуляцияға өлім жазасы жарияланған декрет қабылданды, алайда бұл шешімдер азық түлік мәселесін шеше алмады. Қабылданған декреттер тек жартылай орындалды, сондықтан 5 қыркүйекте «революциялық әскерді» құру шешімі қабылданды, ол спекулянттармен күресті жүргізуге, Парижді азық түлікпен қамтамасыз етуге міндетті болды.
1793 жылы 10 қазанда Уақытша революциялық үкіметінің құрылуы жөнінде заң шығады, ол заңды түрде революциялық диктатураны рәсімдейтін еді. Якобиндік диктатура өзінің билігін қоғамдық құтқару Комитеті және қоғамдық қауіпсіздік Комитеті арқылы өзінің билігін жүргізетін болды. Комитеттер елдегі жағдайды реттеу қажет болатын. Қоғамдық қауіпсіздік Комитеті әскери өзгерістер енгізе отырып, әскердегі көңіл күйді якобиндік тарапқа аударды. 1793 жылы тамызда әскерге жалпы шақыру декреті жарық көреді. 500 мобилизацияланған әскерді қаруландыру мәселесі тұрды, 1793 жылы күзде қаруларды шығаратын төрт зауыттар жұмыс атқарды және күніне 700 шамасында қару шығарған болатын. Нәтижесінде 1793 жылы күзде Австриялық әскер Франция шекарасынан шығарылады. Әскердің саны үнемі өсіп отырды.
Якобиндер бірегей топ болған емес, олар таптық жағынан түрлі блоктарды құрды: демократиялық буржуазияны, қалалық плебейлер және көпшілігі шаруалар болатын. Якобиндік блоктардың өзара қарама қайшылықтары өткен кезендерде де байқалған еді, алайда 1793 жылдың күзінде бұл қарсыластық күшейе түседі. Париждік коммунаның басшылары кедейлердің қызығушылықтарының орындалуын талап етті, бұл топты Шометт басқарған болатын. Ал Эбер бастаған топ якобиндіктерді қатал сынға алып, халықты көтеріліске шақырды. Эбер, Шометт және басқа да солшылдар қамауға алынды және өлім жазасына кесілді (6), якобиндіктердің мұндай әрекеті солшыдардың қолдауынан айырды. Эберліктер, дантондіктер және басқада солшыл топтарды қатал жазалаудан соң якобиндік билік қауіпсіз болғандай болды, алайда Робеспьер үкіметі халықпен байланысты үзіп, жақтастарын жоғалтқан еді. Жалпы Робеспьерге қарсы Конвенте, қоғамдық құтқару Комитеті және қоғамдық қауіпсіздік Комитетінде құпия кеңестер құрылды, тек якобиндік клуб қана әлі де оны жақтаған болатын. 1794 жылы 26 шілдеде Робеспьер Конвентте Комиттердің құрамын өзгерту туралы шешімін жариялайды. 27 шілдеде (9 термидорда) Конвенттің жиналысында құпия кеңесушілер Робеспьер мен оның жақтастарын қамауға алады және кейініректе өлтіреді, сонымен қатар Коммуна мүшелері де үлкен қыспаққа алынып, өлтірілген болатын. Буржуазиялық контрреволюция революцияның шарықтауын тоқтатқан болатын.
ХVІІІ ғасырдағы Францияның революциясы шын мәнісінде ұлы болды. Ол феодалдық құрылыспен түбегейлі Францияны қоштастырды және жаңа прогресивті жолдың салуына әкелді. Ұлы Француз революциясы монархияны да құлатқан болатын. Француздік революцияда алғаш рет плебейлік топтардың шешуші рөл атқарғаны байқалады.(7) Мұнда халықтың белсенділігі байқалады, буржуазия тек халықтың қолдауымен ғана революциялық әрекеттерді жасай алады. Революцияға халық бұқарасының қатысуы оны демократиялық атына да ие етті.
Ұлы Француз революциясы кезіндегі қалыптасқан тарихи ағымның сипатына тоқталатын болсақ, француздік тарихнама ХVІІІ ғасырда ағартушылық сипатқа ие болған еді. Француздік ағартушылық өзінің бастамасын ағылшындық ағартушылықтан алды. Ағартушылық идеясын ұстанушылар Францияның заманына сәйкес келетін идеологиялық сипатқа тән болмады және абсолютизмнің саяси қоғамдық дағдарысын байқатты. Ағартушылар сананың негізінде қоғам өзгертілу керек деп табылды және адамның жаратылыстық қажеттіліктеріне байланысты құқықтары қорғалу қажет деп шешілді. Француздік ағартушылар адамның философиялық болмысын түсіндірумен қатар, қоғамның сол кездегі тәртібін қатал сынға алды. Өз заманын сынға алу оларға өткенді де сынауға әкелді. Француздік ағартушылар тарихпен белсенді және қызығушылықпен қарастыруға ұмтылды. Дидроның «Энциклопедия» еңбегі мен мұндағы Д`Аламбердің алпысқа жуық мақалалары, алты мыңға жуық тарихи сюжеттерді көрсетіп тарихи сипатқа толық мағына береді.
Ағартушылардың іс-әрекеті белсенділенген тұста француздік қоғамда тарихқа деген қызығушылық өрістеген болатын. ХVІІІ ғасырда Францияда тарихнамалық дамудың жағдайы «эрудиттік» ағымын жоғалтпады. Эрудиттер тарихи құжаттарды баспа беттерінен шығаруын жалғастырды. Тек осы ХVІІІ ғасырда бірқатар фундаментальдік көптомды жинақтардың басылуының негізі қаланған болатын.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Францияның өзінің тарихына қызығушылық жоғарлай түседі. Француздік қоғамның тарихи деректерге қызығушылығының тууы елдегі қоғамдық-саяси дағдарыстың орнауы мен француздік халықтың ұлттық санасының жоғарылауы әсер еткен болатын. Ғасырдың барысында ұлттық тарихқа арналған 60-қа жуық еңбектер жарық көрді және көп оқылатындары бірнеше рет басылып шығарылған болатын. Мәселен «История Франции со времен устоновления монархии и до царствования Людовика ХVІ» (Монархияның орнатылуынан Людовик ХVІ патшалық етуіне дейінгі Францияның тарихы) үлкен көлеміне қарамастан үш рет 1755-1786 жж басылып шыққан болатын, ал 1744 жылы жарық көрген «Новое краткое изложение хронологической истории Франции» (Франция тарихының жаңа қысқа хронологиялық баяндамасы) еңбегі 1800 жылға дейін он екі рет басылып шықты.(8)
Көптеген тарихи еңбектер саяси сипатта болды. Олардың мазмұнында негізгі тақырып саяси және әскери оқиғалардың, мемлекеттік басшылар, әскери қолбасшылар, діни ирархияның әрекеттері сипатталды.
Тарих тәуелсіз ғылыми пән ретінде Францияның «Ағартушылық ғасырында» әліде қалыптасу шағында болды. ХVІІІ ғасырдың ортасында бірқатар университеттерде әдейіленген тарихи кафедралар ашылды, мұнда ұлттық тарихқа байланысты диссертациялар жасалған болатын. Әдебиеттерде осы кездерде «тарихи ғылым» деген ұғымдар пайда болады.
Франциядағы тарихи ғылымның пайда болуына маңызды қадамдарды француздік ағартушылармен жасалған болатын. Олар тарихи ой мен тарихнаманың «детеологизімін» аяқтады. Адамзаттың қалыптасуындағы тарихтан теологиялық көзқарастар жойылып, одан «киелі тарихты», яғни библиялық тарихи мифтерді ажыратады.
Француздік ағартушылардың тарихи көзқарастарының басты сипаты – бұл олардың тарихи деректерге сынмен қарауға көңіл бөлуі болып табылады. Ағартушылардың барлығы да бірдей ескі тарихнамаға қарсы тұрды, ал ескі тарихнама толығымен библиялық аңыздардағы айтылатын ғажайыптар мен фактілерге сүйенген болатын. Рационалистік дүниетанымды басшылықа ала отырып, ағартушылар сынның басты сипаты етіп тура ақыл ойды атайды. «күнделікті өмір барысының процесіне қарсы келетін дүниеге сенудің қажеті жоқ» (9) деп Вольтер атаса, Дидро төмендегідей ойын жеткізеді: «тарихи фактілерді тексеру үшін өткен ғасырлардың тәжірбиесі мен қазіргі кездегі оқиғалардың байланысы маңызды болып табылады» (10)
Француздік ағартушылардың тарихи көзқарастарында барлық Ағартушылыққа тән болған прогресс идеясының болуы байқалады. Ағартушылар қоғам өмірінің прогессі жөнінде оның ешқашан үзілмейді, себебі олардың айтуынша қоғам тарихында өркениеттің құлдырауы, төмендеу кезеңі, тирания, сана мен адамның табиғи құқықтарының сәйкес келмеу жағдайларында басынан өткізгендігін көрсетеді деп табуы ерекше болды. Бірақ ағартушылардың арасынан болашаққа сенімділікпен қараушыларда болғаны белгілі.
Француздік ағартушылар тарихтың қоғам өмірінде маңызды орынды иемденетінін түсіне білді. Философиямен қатар тарихты олар сананы жаңа бағыта, яғни ағартушылыққа жетелеудің маңызды құралы, өткен ұрпақтың тәжірбиесінің дерегі ретінде болашаққа жолды айқындауға көмекші және саясатшылар мен заң шығарушыларға маңызды болып табылатын құрал ретінде айқындады. Францияның ағартушылары тарихи еңбектердің әдеби жанрда шығуына аса үлкен көңіл бөледі. Олар ағартушылардың ойынша оқырманды өзіне қызықтыратын, оңайлатылған және әсемделген стильде болуы қажет еді. Маблидің 1782 жылы жарық көрген «О способе написания истории» (Тарихты жазудың әдісі) еңбегінде «Егер тарих ұнамды болса, ол тек дұрыс бағыт пен тәрбие беру үшін жасалады» (11) деп көрсетеді.
Тарихқа аса үлкен көңіл бөле отырып нағыз ағартушылар өзінің басты мақсаты ретінде бір ғана сюжеттердің тарихының терең зерттелуіне көңіл аудармайды, олар тарихи процесті түсінудің өзгеше сипатын қалыптастыруға, бүкіл әлем тарихын жаңаша тәжірбиелік көзқарастармен көрсетуге, тарихи ғылымның мазмұны мен мәселелерін қайта қалыптастыруға жұмыс жасады. Міне осындай бағытты ұстануы да олардың тарихнамалық ғылымда салмақ береді. Олардың ішіндегі бірқатарлары (Вольтер, Мабли, Рейналь) деректерге арналған ерекше тарихи еңбектері де жарық көрген болатын. Ағартушылар жалпы бенедиктиндік эрудициядан айырылып ғылыми тарихнамаға түгелімен өткен жоқ алайда олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындауда алғашқы қадамдарды жасаған болатын. Ағартушыларды антикалық дәуірдің тарихы үлкен қызығушылық туғызады. Себебі мұнда олар өздерінің идеясындағы еркіндік идеялдарын және тиранияның тоқыраушылығын көре білді. Антикалық тарихтың деректерін ағартушылардың өзіндік көзқарастармен талқылауы Францияда революция алдындағы ұрпақтың тарихи сананың өсуіне және революция ұрпағының қалыптасуына алып келген болатын. «Француздік революция кезінде халық римдік киімдермен, римдік сөздермен көшелерге шыққан болатын.» (12) деген ойлардан ақ Францияның революция кезінде ағартушылардың антикалық дәуірдің тарихымен айналысудың жемісі деп көрсету керек. Бұл жалпы Ұлы Француз революциясы қарсаңындағы тарихнаманың жағдайы болатын, оны баяндау революция кезіндегі тарихнаманың қалыптасуы мәселесіне байланысты маңызды болып табылады. Шынындада Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихнаманың толыққанды сипатын анықтау үшін, бұл тарихнаманың өкілдерінің қандай бағыттағы тарихнамамен тәрбиеленгендігі маңызды рөлді иемденеді. Сондықтан жоғарыдағы мәселелер революциялық дәуірдегі тарихнаманың сипатын анықтағанда маңызды болып шығады.
Ұлы Француз революциясы кейінгі тарихи-әлеуметтік ойдың және тарихнаманың бағытының қалыптасуына үлкен әсер еткен болатын. Бұл әсер ерекше толқынмен революциядан кейінгі уақытта да, яғни революцияның тарихи нәтижелері мен қарама-қайшылықтары барлық масштабтарда өзіндік белгілерін көрсете алды.
Революция барысында француздік тарихи ойы мен тарихнамада елдегі болып жатқан революциялық процестің үлкен әсерінде болды. Бұл әсер бірегей болған жоқ. Революцияның қатысушылары мен оның жақтаушылары толығымен өткен шақтан үзілу және жаңа дәуірдің басталуы деп анықтау байқалды. Бұл «ескі тәртіп» ұғымының пайда болуына әкелді, былайша Бастилияның алынуына дейінгі жүйенің барлығы аталды. Ал 1793 жылдан бастап жаңа уақыттық жүелеу басталды – 1789 жылды «бостандықтың бірінші жылы» , 1792 жылдың қыркүиегі – еркіндіктің IV жылы, 1 Республиканың 1 жылы деп аталды. «Шын мәнісінде Францияның тарихы Революциядан бастау алады» (13) деп Республиканың Х жылында «Философиялық декадалар» журналында жазылады. Өткен шаққа немесе тарихқа, яғни Франция тарихына осындай жақтан қарау басым болды, мұнда тарихи фактілер қатал сыналып ешқандай көңілге алынбауға дейін барды.
Сондықтан бірнеше ондаған ғасырлар бойында жиналған әртүрлі архивтердегі құжаттарды революциялық ұрпақ , революциялық өкілдердің көпшілігі, сонымен қатар жоғары білімді және мәдениетті адамдар бағалы тарихи құжаттар мен дерек ретінде емес, қауіпті құлатылған ескі тәртіптің сипаты деп қарауды байқатты. 1792 жылы жазда Заң шығарушы жиналыстың декреті бойынша дворяндық отбасылық архивтеріндегі құжаттарды, синьоралдық әкімшіліктердің қағаздарын және басқада осы секілді құжатарды жою мәселесі қарастырылады, бұл декретте «теңдікке қарсыласындай еді» деп көрсетіледі. Кейініректе 1793 жылы қарашада Конвенттің басынан сөз сөйлегенде «республикандықтар адамзаттық мәртебесіне сызат түсіретін құжаттар мен жазбаларға жеркенішпен қарайды» (14) деп көрсетеді. Көптеген ежелгі құжатар – кейде қағаздар мен пергаметтердегі құжаттар жинағы макулатура ретінде өткізіліп, соғыс кезінде оқты дайындауға, өртеуге беріліп отырды.
Бұл жағдайлардың барлығы тарихи өткен шақты зерттеуге стимул болған жоқ. Революциялық дәуірдің тарихнамалық бағытын жақсы талдай алуымен белгілі болған Ж. Лефевр бұл кезде тарихқа деген қызығушылықтың болмағандығын көрсетеді. Сонымен қатар тарихтың дамуына тарихи зерттеулер жүргізетін және деректерді жарыққа шығаратын мекемелердің ликвидациялануы да кері әсерін тигізген болатын. 1793 жылы Француздік академия, жазбалардың Академиясы жабылды, уневерситеттердің бірқатары таратылды, 1792 жылы – шіркеулік конгерегация жабылды. Нәтижесінде тарихнамада «эрудиттік» бағыттың өмірі тоқтатылды, ХVІІ ғасырдың соңы – ХVІІІ ғасырда басталған көптомдық құжаттардың басылуы аяқталды.
Осыған қарамастан революцияның бағытын ұстанушылар тарихи сананың қоғамның өміріне маңыздылығын ескерді, ең алдымен оның тәрбиелік рөлін алға қойды. Жаңа білім беру жүйесін құрастыра отырып Конвент өзінің құрған орта мектептерінде тарихты оқытуды басты етіп қойды. Тарих оқытушылары оқушыларына оларға еркіндік әкелген оқиғаларды ерекшелеп атау және оны жоғары бағалау міндетін қойды. Тарих курсын Конвенттің 1794 жылы құрған педогогтарды дайындайтын Қарапайым (педогогикалық) мектептеріне де енгізу байқалды. Ұлттық кітапхана ішінде 1795 жылы тұрақты археологиялық курс ашылған болатын. Осы 1795 жылы Конвент таратылған революцияға дейінгі академиялардың орнына өзгеше жоғарғы ғылыми мекемелерді ашуды қолға алды – Француздік ғылым мен өнер институті үш бөлімге бөлінді, бөлімнің (кластың) үшіншісі «моральдік және саяси класы» деп аталды және мұнда тарих ғылымын да енгізді. Институт үлкен қоғамдық әсерде болды. Мұндай әсерлердің формасы ретінде институттің жариялаған тақырыбына, оның ішінде тарихқа да байланысты конкурстардың болуы болып табылады. Осылайша 1799 жылдың сәуірінде қоғамға «Франциск І кезеңінен 1789 жылғы Бас штаттардың шақырылуына дейінгі кезенде Франциядағы еркіндік жігерінің пайда болуына әсер еткен себептер?»(15) тақырыбы ұсынылған еді.
Идеологиялық және саяси себептерге байланысты көптеген тарихи құжаттарды жоя отырып, Француздік революция сонымен қатар алғашқы рет реттелген мемлекеттік архивтік мекемелердің жүйесін құрған болатын, оның басында Париждегі Ұлттық архив тұрды. Архивтер жүйесін құра отырып, Конвент тәжірбиелік тәртіпті орнатпақ болды: осы кездегі мемлекеттің маңызды құжаттарын, ұлттық меншіктерге байланысты қағаздарды сақтау маңызды болды. Алайда архивтік фондтардың класификациялануын ерекше «тарихи секциясын» қарастырды, олар Франция тарихи ғылымына және өнеріне қажетті құжаттарды ғана ескерді. Кейінгі тарихшы-ғылымдарының ұрпақтары үшін Конвенттің ұлттық архивтерге барлық азаматтардың еркін ену декреті маңызды рөл атқарды, бұл бүгінгі күнге дейін осылайша сақталған.
Француз революциясы оның жақтаушылары мен өкілдеріне үлкен жаңа және өзекті мәселелерді туғызды, олар өзінің тез арада шешілуін талап еткен болатын. Осылайша революцияның алғашқы күндерінде-ақ қоғамдық ойдың дамуына үлкен импульс берді, бұл әсіресе тарихи-әлеуметтік сипатта көбірек байқалды.
Француз революциясының идеялық және рухани деректеріне қарайтын болсақ, ол Ағартушылықтың жасаған ұрпағы болатын, себебі ол «сана мен ақыл-ойдың революциясын» талап етті. Сондықтан олар 1789 жылғы революцияның алғашқы қадамдарын қолдады. Тек революцияның дамуы ақыл-ойдың талап еткен – адамның құқықтарын орнату заңдарымен қоғамды өзгертуге байланысты бағытпен емес өзге жолмен жүрді. Оқиғалардың өрбуіне халық бұқарасының араласуы ерекше әсер етті, Ағартушылардың ұсынған ойлары өзгеше, яғни радикалдық тұрғыдан талқыланды. Осылайша 1791 жылдың ортасында ескі режимді қатал сынға алған «История обеих Индии» еңбегінің авторы Г. Рейнальдің ұлттық жиналысқа жазған хатында «Жоқ, біз ешқашанда философиялық концепцияларды тікелей өмірге, мемлекеттік заңдар ретінде келтіру керек деген жоқпыз… мен айналамнан нені керемін?.. Үкімет халықтық тиранияның құлы болған, заң шығаратын киелі жер жындыларға толған, олар не диктатор немесе қарсыласушы болып көрінеді… қоғамдық күшті тек клубтар иеленген, ал онда білімсіз және қатқыл адамдар жиналып, қандайда болмасын саяси мәселені сынға алады.» (16) көптеген энциклопидистер революциялық қозғалыстан монархияның 1792 жылғы құлатылуына дейін-ақ бөлек кетті.
Алайда саяси позицияға қарамастан энциклопидистер Ағартушылардан қоғамдық идеяларды мирас етіп алды, бұл революцияның кезінде белсенді жұмыс жүргізуге қарқын берді. Ағартушылық тәжірбие оларға шешімдерді қабылдауда жәрдем болды, себебі осы кезде революциялық жағдай да өзіндік әсер етуге ие болған еді.
Революцияны жасаушылардың өздері қоғамдық дамуды ағартушылық қоғамдық оймен бағытымен түсіндірді. Олардың тарихи санасы рационалистік, әмбебап жақтан қару болып табылды; революцияны олар ұлы төңкеріліс деп түсінді, бұл жағдай сананың мерекесіне және адамның табиғи құқықтарының орнауына әкеледі деп күтілді. Осылайша революция тек француздардың қызығушылықтарын ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзаттың талаптарын қанағаттандырды. Францияның ұлттық тарихының көзқарасы бойынша революция француздік ұлттың (үшінші сословиенің) қажетті құқықтарының қалыптасуына әкелді, бұл дворяндардың феодализмнің дүрбелең кезеңінде узурпациялаудың нәтижесінде өзгеріске ұшыраған деп көрсетілді. Тек қоса айтатын жай, бұл революциялық ұрпақтың ойшылдары өмірдің қойған мәселелеріне ағартушылықтың мирас етіп қалдырған теориясымен ғана жауап іздеген жоқ. Революцияның барысында-ақ қоғамның өмірі мен оның тарихы жөнінде жаңа идеяларда қалыптасты.
Сонымен бөлімді қорытындылай келетін болсақ, Ұлы Француз революциясының кезіндегі тарихнамалық бағытты анықтауда жалпы революцияның саяси барысын да қарастыру маңызды рөлді иемденеді. Сондықтан мұнда революцияның барысы қарастырылды. Францияның 1789 жылғы Бастилияның халықтың басып алуынан бастап өрбіген революциялық кезеңнің тарихи сипатын анықтай отырып, осы кездегі тарихнаманың дамуын қарастыру қажетілігі туындағандықтан ең алдымен революцияның саяси дамуын қарастыру қолға алынды. Ұлы Француз революциясының барысында өрбіген қоғамдық ойдың бағыты және Конвенттің түрлі тарихи мекемелер мен маңызды деректерді жою саясаты тікелей тарихнамалық дамудың жағдайына әсер еткен болатын. Францияда революцияның кезіндегі тарихнама қоғамдық ойдың әсеріндегі ерекше радикалдық бағытта болуы кейінгі тарихнамалық бағыттың қалыптасуына әсер етті, сонымен қатар революциялық дәуірдегі тарихнама эрудиттік тарихнаманың толығымен жоюлуына әкелді.
Ұлы Француз революциясы кезіндегі тарихнама Ағартушылық бағытының жалғасы немесе жалғастырушы ұрпағы болып табылды. Ағартушылық қалыптастырған сананың прогресттік өсуі жөніндегі ойлар мен антикалық дәуірдегі еркін ойланудың ағартушылармен сипатталуы революциялық дәуірдің тарихнамсына әсер етті. Ағартушылардың өзі ақыл ойдың төңкерілісін күткен болатын, сонымен қатар ағартушылық бағыттағы бірқатар теориялар революцияның кезінде тікелей өмірге айналдырылды.