Социалистік елдер өз дамуларында коммунистік құрылысты кеңінен өрістетіп отырған СССР-дің шешуші мол тәжірибесін пайдалануда. Осы тәжрибеге негізделе отырып, Европа мен Азиядағы социалистік елдерде тым қысқа мерзімнің ішінде бүкіл халық ағарту жүйесіне түбірінен терең әлеуметтік өзгерістер енгізілуде.
Социализм елдерінің оқу-ағарту ісі мен мектептерінің даму негізінде бүкіл социалистік жүйеге тән жалпы заңдылықтар бар. Бұл заңдылықтар әр елдердің тарихи, ұлттық ерекшеліктерін, қалыптасқан дәстүрлерін ескеру арңылы жүзеге асырылуда.
Социалистік елдерде оқу-ағарту жүйесін ұйымдастырудың мынадай принциптері: мектептің мемлекеттік болуы, білімнің діннен ажыратылуы, мектеп жүйесінің тұтастығы, оқуды жалпыға бірдей және міндетті түрде, ақысыз, ана тілінде жүргізу, білімнің өмірмен ұштастырылуы қалыптасқан. Барлық социалистік елдерде міндетті оқудың мерзімі ұзартылған, бұл елдердің көпшілігінде орта білімді міндетті ету шаралары белгіленіп отыр.
Барлық социалистік елдерде аз ұлттарға оқу-ағарту саласында тежеу жасау жойылды.
Мектептердің барлық түрінде оқу мазмұны түбірлі өзгерді; оқу программалары мен оқулықтар ғылыми негізде қайта құрылды. Жаңа мектеп оқушыларға материалистік көзқарасты қалыптастыруда. Оқу-ағарту жүйесінің ескі буржуазиялық-помещиктік жүйесі жойылды. Социалистік елдерде толық демократиялық негізде халық ағарту ісі қайта құрылды. Жаппай міндетті, тегін оқу іске асырылуда; мектептің, оқушылардың жәяе мұғалімдердің саңы өсуде, оқу-ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері артты. Ересектер арасында сауатсыздың жойылды.
Венгрия халық республикасында сегіз жылдың мектепке 1960 жылы мектеп жасындағы балалардың 98 проценті тартылды. Болгария халық республикасында 7-15 жастың арасындағы барлық балалар міндетті түрде жаппай оқитын болды. Мектеп әр халықтың ана тілінде ашылуда. Мысалы, Болгарияда цыган мектептері, Польшада белорусс, украинг мектептері осы тілдерде оқытылады.
Халықтың үкімет орнағанға дейін Болгарияда бір миллионнан астам адам сауатсыз болды. Әсіресе аз ұлттар түгелдей дерлік сауатсыз еді. Мысалы, шығандардың 95 проценті сауатсыз болатын. Қазір социалистік Болгария жаппай сауатты елге айналды.
Венгрия халық республикасында оқушылардың әлеуметтік құрамы агулдем өзгерді. Жұмысшылар мен іпаруалардың балалары орта және жоғары мектептерде оқуға мүмкіндік алды. Венгрияда да сегіз жылдық мектеп жаппай міндетті болды. Оның 4 жылы төменгі кластар, ал 4 жылы жоғары кластар болып бөлінді. Бұл мектепті бітіргендер жалпы білім беретін гимназияға, техникумдар мен училищелерге түсіп оқитын болды.
Польшада 7-18 жастағы балалар үшін 11 жылдық мектеп ашылды. Ол жеті жылдың бастауыш мектептен және 4 жылдың лицейден құрылды. 1950 жылы лицейғе оқуға түскендердің 39,2 проценті жұмысшының 30,8 проценті шаруалардың және 24 проценті еңбекші интеллигеяцияның балалары болды. Мұндай жетістікке жетуде орта мектеп жанынан интернат ашудың, стипендия берудің, жұмысшы мен шаруаның балаларына арнаулы бөлім ашудың әсері зор болды. Польшада 1949 жылы сауатсыздықты жою туралы заң қабылданды. Қазір сауатсыздың негізінен жойылды.
Қазіргі Болгарияда балабақшалардан (3-7 жас), негізгі сегіз жылдық мектептен (7-16 жас) және осы мектеп негізінде құрылған үш жылдың политехникалық гимназиядан тұратын оқу-ағарту жүйесі қалыптасты. Оқымен қатар сегіз жылдық және он жылдық мектептер негізінде жұмыс істейтін техникумдар бар. Техникумдар мен жоғары оқу орындарында күндізгі, кешкі және сырттан оқитын бөлімдер жұмыс істейді.
Венгрияның оқу-ағарту акүйесінде мектепке дейін тәрбие мекемелері, жаппай міндетті оқыту мектептері, орта мектеп, арнаулы техникалық мамандың беретін мектептер және жоғары оқу орындары бар. Мектеп жүйесінің негізі сегіз жылдық мектеп болды. 4 жыл мерзімді орта мектеп, жалпы дәрежелі білім беретін гимназия қоғамдың және реалдық бөлімдерден құралады. Сонымен бірге жастар көркемөнер және музыкалық гимназия, индустриалдық, әкономикалық, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б. техникумдарда оқиды.
Термания демократиялық республикасында балалар жалпы дәрежелі политехникалық орта мектепте оқиды. Оның төменгі басқышы I-IV кластан, орта басқышы V-X кластан тұрады.
Арнаулы орта оқу орындары 10 жылдың мектеп негізінде құрылды.
Монголия Халық Республикасында 8-16 жастың арасындағы балалар үшін міндетті тегін оқу белгіленді. Монголияда университет, ауыл шаруашылығы, экономикалық, медицина және физкультура институттары жастарға білім беруде.
Румынияда жалпы дәрежелі білім беретін міндетті мектеп — сегіз жылдықтың көлемінде. Ал орта мектеп (лицей) 12 жылдың. Орта мектеп қоғамдық, ғылымдарды оқытатын және реалдық болып екіге бөлінеді.
1965-1966 жылы Румынияда жоғары оқу орнының саны 47-ге жетті, олардың төртеуі университет.
Польшада мектептің бірінші басқышы сегіз жылдың мектеп міндетті оқуға айналды. Бұл мектепті бітірушілер не жалпы білім беретін орта мектелте, не арнаулы білім беретін мектептерде оқитын болды.
Орта мектеп (лицей) IX-XII кластардан тұрады. Лицейлердің жүзеге жуығы селолы жерлерде.
Польшада 8 университеті, 10 политехникалық, 7 ауыл шаруашылығы, 6 экономикалық институттар, 10 медицина академияеы, 4 жоғары педагогикалық мектептер жұмыс істейді.
Чехословакияда мектеп жүйесінің алғашқы бөлімі тоғыз жылдық мектеп, мұнда 6-15 жастағы балаларға оқу міндетті саналады. Бұл мектепте жалпы және политехникалық білім беріледі.
Мектептің кейінгі басқыштарында жалпы орта және арнаулы білім берілу көзделеді. Чехословакияда арнаулы білім беру кең дәрежеде қойылған. Елде 280 мамандыңтан кәсіби жұмысшылар, қызметкерлер даярланады. Жалпы білім беретін толық орта мектепте физика-математика, химия-биология және қоғамдық білім беру белгіленген.
Социалистік елдерде орта мектептер негізінен екі түрлі:
- Бір текті толық орта мектептердің жоғары кластары. Мысалы, Чехословакияда 12 жылдың орта білімге кешуге-байланысты толық орта мектептердің X-XII кластары жұмыс істейді. ГДР мен Болгарияда біртіндеп 12 жылдық мектептерде көшу заңының қабылданылуына сәйкес, IX-XII кластар болды.
- Орта мектептер, өз аядына жеке оқу орны болып есептелді. Мысалы, Венгрия гимназиялар міңдетті мектептермен байланыспаған, олар өз алдына 4 жылдық дербес оқу орны болып саналды, ал Польшада осындай бағытта 4 жылдық лицейлер оқу ісін жүргізді.