КПСС XX съезі жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік ролін көтере түсу мақсатымен, орта мектеп бітіруші жастарға еркін мамандық таңдауға мүмкіндік туғызу үшін мектепте политехникалық білім беруді кең түрде жүзеге асыруды талап етті. 1956 жылы бұл нұсқау КПСС XX съезінде айқындала түсті. Халық шаруашылығына мамандығы бар адамдардың қажеттілігіне байланысты жэне орта мектеп бітірушілердің тез өсуі, елуінші жылдардың ортасында мектеп оқушыларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге ғана даярлап қоймай, оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнімді еңбекке араласуға даярлау мәселесін күн тәртіпке ерекше қойды, осыған сәйкес еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім берудің тиімді жолдары іздестірілді. Мектепте политехникалық білім берудің елімізде мынадай жүйесі қалыптасты: жалпы білім беретін пәндерді оқытуда политехникалық білім беру принципін жүзеге асыру, I-IV кластарда қол еңбегі сабақтары, V-VII кластарда оқу шеберханаларында және оқу-тәжірибе учаскелеріңде практикалық сабақтар жүргізу, VIII-X кластарды машинатану, электро-техника және ауыл шаруашылығы негіздерінен арнаулы білім беру және тәжірибе өткізу жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар физика, химия, биология және т.б. пәндерді оқытумен ұштастыра жүргізілді. Мектептерде өндіріс орындарына экскурсия, өндірістік практика, техникалық және ауыл шаруашылық білім беретін үйірмелер ұйымдастырылды.
1958 жылы декабрьде СССР Жоғарғы Советі қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң» жаппай сегіз жылдың оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962-1963 оқу-жылы барлық жеті жылдың мектеп сегіз жылдың мектепке айналуы тиісті болды.
СССР шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың жеті жылдық жоспарын (1959-1965) орындау жылдарында елімізде мектептің түрі мүлдем өзгерді, мектептің жалпы санында сегіз жылдың және орта мектептердің алатын үлесі әлдеқайда артты.
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен саңталды. Бірақ мектептің өмірдея алшақтығы, бір жақты кітаппен оқыту әдістері басым орын алғаны тиісті документтерде ескертілді.
Партияның XX съезінің қарарларына сай, семья мен қоғамдық, тәрбиенің бірлігін жақсарта түсу мақсатымен, 1956 жылдан бастап мектептің жақа түрі — мектеп-интернаттар ашыла бастады.
Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, мүгедектің балалары, ата-анасыз балалар, семьяда тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ балалар алынды. Ата-анасыз балалар, көп балалы семьядағы және аз жалақы алатын семьядағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленді.
Семьяға көмек көрсету мақсатымен мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған белімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болып, тез тарады. Мұндай мектеп пен бөлімдерді ашуға өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектеп пен бөлімдерде балалар сабақтан бос уақыттарын көңілді, ұйымдасқан түрде өткізді, олармен әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді, үйге берген тапсырманы тәрбиешілердің басқаруымен орындады. Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда, мектепті тастап кетумен және класта екі жыл қалып қоюмен күресуде жоғарыда аталған мектеп пен бөлімдер зор роль атқарды.
1958 жылғы мектеп туралы Заң бойынша жеті жылдық мектептер сегіз жылдың мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектепте балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындың алды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегінің негізімен, техникамен танысты, сегіз жылдың мектеп бітірушілер не орта мектептің IX класына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Тікелей еңбекке араласқандары кешкі мектептерде оқыды. 10 жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды, әрі белгілі салада еңбек етуге дайындық алды. Соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектептер кең түрде дамыды. Жұмысшы мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесін. көтеруде бұл мектептер үлкен қызмет атқарды.
Сегіз жылдық мектепгің негізінде арнаулы кәсіптік-техникалық училищелер ашылды. Бұл оқу орындары қалалы жерлерде өнеркәсіп, құрылыс, ал селолық жерлерде ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар және жұмысшылар даярлады.
Совет мектебінің даму бағыты партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасында анықталды; негізгі міндеттердің бірі таяудағы он жылда (1960-1970) жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру болып белгіленді.
Бұл міндет 1966-1970 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдың жоспары туралы КПСС XXIII съезінің директивасында және КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» (1966 жылы ноябрь) қаулысында аталып көрсетілді.
Жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыруда арнаулы орта оқу орындары да зор роль атқаруға тиісті болды. Олар арнаулы білім берумен қатар, орта білім беруді жүзеге асырды. Орта білім беруді жүзеге асыруға кешкі мектептер мен кәсіптік техникалық училищелер де көп ат салысты.
Жаппай орта білім беруді жүзеге асыруға байланысты мектепте балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны кеңи түсті Коммунистік саналылықты тәрбиелеуге КПСС Программасы: ғылыми көзқарас қалыптастыруды, еңбекке коммунистік көзқарас туғызуды, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализмді тәрбиелеуді, коммунистік моральды қалыптастыруды, адамды жан-жақты дамытуды және адамының қабілетін барынша дамытуды жатқызды.
Балаларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда орта мектептің төменгі кластарынан басталып, ол барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын болды. Коммунистік көзқарас қалыптастыруда барлық пәндермен қатар тарих, әдебиет және қоғамтану пәндері ерекше роль атқарды.
Орта мектепте берілетін білімді белгілеуде бастауыш білім беруді төрт жылдан үш жылдық мерзімге қысқарту үлкен жақалық болды. Жеке пәндерді оқытуды төртінші кластан бастау, ол пәндерді оқытуға арналған сағаттың әлдеқайда көбеюіне мүмкіндік берді.
Мектеп туралы заңды (1958 жылы) іс жүзіне асыруда қазақ республикасында ңыруар жұмыстар жүргізілді. Мектептерді жеті жылдықтан сегіз жылдық; оқуға кешіру 1962-1963 оқу жылында толық аяқталды. Сонымең қатар орта мектептер саны да өсті. Жеті жылдықтың аяғында 1965-1966 оқу жылының 1 сентябрінде республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.
Заңның жүзеге асырылуы мектептің өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайтты. Оқушыларды мектеп тек қана жоғары оқу орындарына түсу үшін емес, сонымен бірге қоғамдың пайдалы еңбекке тікелей белсенді қатысу үшін даярлауды көздеді.
КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Советінің мектеп туралы 1966 жылғы қаулысы қабылданғаннан бергі уақытта Қазақстанда білімнің мазмұнын жетілдіруде және жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшуді жүзеге асыруда зор жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда мектептерді ірілендіру, аз комплектілі шағын мектептер санын азайту үнемі жүргізілуде. Ірі мектептерді типтік жобамен көптеп салу, олардың жанынан интернаттар үшін жатақханалар ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды жақын елді мекендердегі мектептерге жол қатынасымен жеткізіп түру — осының бәрі негізгі міндеттерді шешуге көмектесуде.
Елді мекендері бір-бірінен ңашың орналасқан, көптеген ата-аналар мал жайылым учаскелерінде еңбек ететін Қазақстан жағдайында, міндетті оқу туралы заңды жүзеге асыруда мектеп жанындағы интернаттар мақызды роль атқарады. Қазіргі кезде мектеп жанындағы бюджеттік интернаттар саны 1940 жылмен салыстырғанда 6 есе артты.
Қазақстан мектептерінің құрылуында және дамуында республикалық педагогикалық баспасөздердің де атқаратын ролі аз емес.
Қазақтың Мемлекеттік «Мектеп» баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды қажет етеді. Бұл баспа жыл сайын сан мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын, оқытушыларға арнап методикалық және көмекші құралдар дайындап шығарады.
Республикамызда «Мектеп» баспасы, «Қазақстан мектебі» журналы, «Қазаңстан мұғалімі» және «Учитель — Казахстана» газеттері озат тәжірибенің шын мәніндегі трибунасы, мұғалімдердің қалық жұртшылығы арасында Коммунистік партияның халық ағарту ісі саласындағы идеяларының насихатшылары болып отыр.
Қазақстанда совет мектебі дамуымен қатар, педагогикалық ғылым да өркендеуде. Қазіргі кезде Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ Қазақтың С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университеті және 18 педагогика институттарындағы кафедралар педагогика және психология проблемаларын зерттеумен айналысуда.
Дамыған социализм дәуіріңдегі педагогика және мектеп 1961 жылы партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасы барлық совет халңының жалпы мәдени дәрежесін одан әрі көтере түсуге мүмкіндік беретін жаппай орта білім беру міндетін күн тәртібіне қойды. Программада жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін партия ерекше көңіл бөледі деп көрсетілді. Дамыған социализм дәуірінде мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу мақсатымен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 жылы 10 ноябрьде «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл документте мектептің материалдық-техникалық базасын нығайта түсу, мектеп жүйесін реттеу шаралары, жалпы орта білім беруде оқу орындарының әр типтерінің ролі аныңталды. Қаулыда мектеп жұмысын жақсарта түсудің мынадай нақты шаралары белгіленді:
- Бастауыш мектептің үш жылдың болуы белгіленіп, 4-кластан бастап пәндердің жүйелі түрде оқытылуына көшу қажет дегі есептелінді.
- Физика-математика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарынан тереңірек білім беру үшін және оқушылардың жан-жақты қызығуы мен қабілеттерін дамыту мақсатымен 7-кластан бастап оқушылардың таңдауымен факультативтік сабақтар жүргізу ескертілді.
- Кәзіргі қол жеткен тәжірибелерге сүйене отырып жоғары кластарда жеке пәндерді теориялық және практикалық жағынан тереңірек оқытатын кластар мен мектептер ашу белгіленді.
1966 жылы РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы Одақтық ғылыми орталық (СССР Педагогика ғылымдары академиясы) болып қайта ңүрылды. Бұл шара Совет адамдарының мәдени дәрежесін және білімін көтере түсудегі, коммунизм құрушыларын тәрбиелеудегі еліміздегі барлық педагогтардың алда тұрған зор міндеттерін жүзеге асырудағы, жалпы совет қоғамы дамуындағы педагогика ғылымдарының ролін айқындай түсті.
КПСС-тің XXIV съезі 1971 жылы жаппай орта білім алуды жүзеге асырудың жақа кезеңіне өту шараларын белгіледі. 1971-1975 жылдардағы СССР Халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының Директивасында еңбекшілердің білім дәрежесін үнемі көтере түсу, жастарға жаппай орта білім беруге көшуді аяқтау белгіленді. Бұл шара социализмнің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық жаңалықтың талабынан туып отыр.
1972 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі «Жастарға жалпы орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы» қаулысын қабылдады. Бұл қаулы Коммунистік партия мен Совет үкіметінің СССР-де жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру жөніндегі лениндік жоспарды орындауды аяқтау жөніндегі шараларын белгіледі. Бұл жоспарды орындаудың негізгі кезеңдері мыналар еді: 1930 ж.-жаппай міндетті бастауыш оқуды енгізу; 1949 ж.-жаппай міндетті жеті жылдың оқуды енгізу; 1958 ж.-жаппай міндетті сегіз жылдық оқуды енгізу; 1972 ж.-жаппай міндетті орта білімді енгізу.
СССР халық ағарту жүйесі мекемелерін құрудың және олардың жұмысының негізгі принциптері 1973 жылы бекітіліп, 1974 жылдың январынан бастап күшіне енген «ССР Одағының және одақтық республикалардың халық ағарту ісі туралы Негізгі заңдылықтарында» айқындалған. СССР халық ағарту ісінің негізгі принциптері мыналар;
- Нәсіліне, ұлтына, жынысына, дінге қатысына, табысы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан СССР халықтарының бәрі білім алуға тең праволы;
- Барлық жас өспірімдер мен балалар білім алуға міндетті;
- Барлық оқу-тәрбие мекемелері мемлекеттік және қоғамдық болып есептеледі;
- Қай тілде де: ана тілінде немесе СССР-дегі басқа халықтар тілдерінде оқуға ерікті;
- Оқытудың барлық түрі тегін, оқушылардың белгілі бөлімі толық мемлекет есебінде тәрбиеленеді, оқушылар мен студенттерге стипендия және басқа матераилдық көмек беріледі;
- Халық ағарту жүйесі барлық адамдарға бірдей, оқу орындарының төменгі сатысынан жоғары сатысына еркін өтуге болады;
- Оқыту мен коммунистік тәрбие тығыз байланыста;
- Балалар мен жастарды тәрбиелеуде мектеп, семья және қоғамдық көпшілік бірігіп іс жүргізеді, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өмірмен, коммунистік құрылыс тәжірибесімен тығыз байланыста;
- Оқыту ғылыми негізде жүргізіледі, оның мазмұны ғылым жетістіктерінің негізінде үнемі жетілдіріліп отырылады, оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік және моральдың сипаты қамтамасыз етіледі, білім діннің әсерінен тыс негізде беріледі.
Кейінгі жылдарда тәрбие уақыты ұзартылған топтар мен мектептер едәуір көбейе түсті. Бұл мәселеде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1960 жылғы 15 февральдағы балаларды тәрбиелеуде семьяға көмек көрсетуді жақсарта түсу туралы арнайы қаулысының маңызы өте зор болды. Жұмыс істеп жүрген жастардың оқуына да үкімет пен партия ерекше көңіл бөледі. СССР Министрлер Советі 1959 жылры 5 ноябрьдегі қаулысында жұмысшы және село жастарының кешкі (сменалық) және сырттан оқытатын орта мектептерде жұмыстан қол үзбей оқып жүргендеріне жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын азайту белгіленді.
Коммунистік партия мен Совет үкіметі жоғары оқу орындарының дамуына да қамқорлық кбрсетуде. Өндіріс орындары мен мекемелерге өндіріс озаттарына жоғары стипендия төлеп, оларды белгілі жеңілдікпен жоғары оқу орындарына түсуге жолдама беріп оқытуға ерік берілді. Жұмысшы және село жастарын жоғары оқу орындарында көбірек оқыту мақ-сатымен 1969 жылы арнайы күндізгі, кешкі және сырттан оқытатын даярлау бөлімдерін құру жөнінде қаулы қабылданды. Жоғары оқу орындарының бұл даярлау бөлімдеріне орта білімі бар жұмысшылар, колхозшылар, Совет Армиясы қатарынан босатылған жастар алынады. Ол бөлімді бітіру емтихандарын ойдағыдай тапсырғандар, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын тапсырмай алынады.
1958 жылдан бастап халық шаруашылығының барлық саласына маман жұмысшылар даярлау, жастарға кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі де тез қарқынмен дамуда. Әсіресе орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелердің мәні ерекше зор, мұны бітірушілер арнаулы мамандықпен қатар толық орта білім алады.
Совет өкіметі орнағаннан бері біздің халқымыз мәдениет, ғылым және халыққа білім беру саласында зор табыстарға ие болды. Әр совет азаматының білім алуға правосы 1977 жылы қабылданған жақа СССР Конституциясында (Негізгі заңда) атап көрсетілген. СССР Конституциясының 45 статьясында: «СССР азаматтары білім алуға ерікті. Бұл право оқудың барлық түрінің тегін болуымен, жастарға жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асырумен, оқытуды өмірге, өндіріске байланыстыру негізінде кәсіптік-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беруді, кешкі және сырттан оқытуды дамытумен, оқушылар мен студенттерге оқуға жеңілдік және мемлекеттік стипендия берумен, мектеп оқулықтарын тегін берумен, ана тілінде оқуға мүмкіндік берумен, өзінше оқуға ясағдай жасаумен қамтамасыз етіледі».
Коммунистік партия мен Совет өкіметі КПСС XXV съезі мен СССР Конституциясында белгіленген қағидаларды басшылыққа ала отырып жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіре түсуге бағытталған шараларды жүзеге асырды. Еліміздегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмысын жетілдіре түсуде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жақсарта түсу туралы» 1977 жылғы декабрьдегі қаулысының мәні өте зор. Қаулыда совет мектебінің табыстары өте жоғары бағаланған, сонымен бірге кейбір оқу ирограммалары мен оқулықтардың артың информациямен, оқуға қажетті емес материалдармен ауырлатылғандығы, бұл жағдай оқушыларда өзінше творчестволық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға қиындық келтіретіндігі атап көрсетілген. Сабақтың мүмкіндігінің толық пайдаланылмайтыны, оқыту мен тәрбиелеудің бірлік принципі, табанды түрде жүзеге асырылмайтыны аталған. Қаулыда оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің барлық міндеттері белгіленген. Әсіресе тәрбие жұмысын жақсарта түсуге, алдымен жастарды материалдың өндіріс саласында жұмыс істеуге даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл міндет кәсіби бағдар беруді жақсарта түсуді талап етеді, ол үшін оқушылардың жақын жердегі өндіріс орындарында қоғамдың пайдалы еңбекке араласуын ұйымдастыру қажет, жоғары кластарда еңбекке даярлауға арналған сағат санын көбейту, еңбекке даярлау ісімен шұғылданатын мұғалімдермен мектепті қамтамасыз ету қажет. Қаулыда аудандық оқу бөлімдерінде еңбекке даярлау ісімен шұғыл-данатын арнайы инспектордың болуы белгіленді.
КПСС XXV съезі мен СССР Конституциясы белгілеген социалистік мектепті дамыту программасын жүзеге асыруда КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 24 ноябрь 1977 жылғы №1029 және Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің 2 январь 1978 жылғы №4 қабылданған қаулыларында оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз ету жөнінде ерекше атап өтілген.
1981 жылы февраль — март айларында өткен КПСС XXVI съезі совет халқының алдына «Халық ағарту жүйесін одан әрі дамытуды, елімізді мамандар және маман жұмысшылармен қамтамасыз ету қажеттілігін толығынан орыидауды» жүзеге асыру міндетін қойды. Съезд оқушыларға еңбек, моральдың және эстетикалық тәрбие берудің формалары мен әдістерін жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлді. Жалпы білім беретін мектептердің даярлық класына балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшудің негізін жасау қажет деп көрсетілді. Күні ұзартылған мектептердегі (топтардағы) балалардың санын 1986 жылы 13,5-14 миллионға жеткізу талап етілді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етуді аяқтау міндеті белгіленді.
Партия мен үкіметтің жоғарыда аталған қаулыларына сай республикамызда мектеп жүйесі реттелді. Мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп-интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. Оқу күні ұзартылған мектептер мен топтарда оқитын балалар саны өсті. Балалар орыс және қазақ тілінде оқитын мектептермен қатар республикада өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқитын мектептер жақа оқу программаларының талабына сай оқушыларға жүйелі, тиянақты білім беру ісія жүзеге асыруда. Жеке пәндерді тереңірек оқытатын мектептермен қатар Алматы қаласында физика-математика мекг тебі осы пәндерден жүйелі білім беру ісін жүзеге асырды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-материал базасын жақсартуға, кабинеттік жүйеге көшуге байланысты мектептерді техниканың оқу құралдарымен жабдықтау мәселесіне жете көңіл бөлінуді.
Ғылыми-техникалық прогресс, халық шаруашылығының интенсивті дамуы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру ғана емес, орта білім мазмұнын ғылым жетістіктеріне сай жетілдіруді қажет етті. Осыған орай республика мектептері жаңа оқу программасын игеру және жаңа оқулықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыруда көп еңбек жасады.
Республика мектептерінде оқушыларды еңбекйе баулу мәселесіне де көп көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар ашылды. Сонымен қатар оқушылардың өндірістік бригадаларының саны көбейді. Республикада 18 педагогика институттары және 26 педагогика училищелері мұғалімдер даярлайды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру ісімен орталық, облыстың және Алматы қалалық мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары шұғылданады. Вұл іске аудандық, қалалық методикалық кабинеттер де атсалысты. Республика мұғалімдерінің ішінде 8 мұғалімнің Социалиетік Еңбек Ері, 4 мұғалімнің «СССР хальіқ мұғалімі» атақтары бар.