Қауынның негізгі өсірілетін аймағы Қазақстанның оңтүстігі болып табылады.
Республикада бақша дақылдарының ішінде үлес салмағының басым бөлігін қауын иелейді 60-80 пайыз. Қауынның негізгі өндірушілері және Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізушілері – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары. Қауын дақылын бағаламау нәтижесінде және шаруашылықтарда тұқымшылықтың жоқтығынан Қазақстан республикасында соңғы онжылдықта қауын ассортименттері біршама қысқарды. Бүгінгі таңда жергілікті пайдалануға және сыртқа шығару үшін өсірілген қауынның Қазақстанның оңтүстігі жағдайына бейімделген көптеген сорттары селекциялық тұқымшылық жұмыстары және бұл дақылдың ең жақсы түрлеріне іріктеу жүргізілмегендіктен өндірістен шығып қалған. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысында өзекті мәселелерінің бірі қауынның жоғалған құндылығын тіктеу және одан әрі жетілдіру болып табылады.
Қауынның ең жақсы сорттарында қанттың мөлшері 12-14 %-ды, ал жеке жағдайларда – 18 %-ды құрайды. Қанттардың ішінде ең көп мөлшерін сахароза, содан соң глюкоза және фруктоза иелейді. Қауындарда көп болмаған мөлшерде В1, В2, В6, РР, Н (биотин) дәрумендеріне ие және едәуір көп мөлшерде С дәрумені кездеседі – еуропаның және АҚШ қауындарында дәрумендердің мөлшері 3,4-9,8 мг/% болса, біздің қауындарда ол – 10,0-26,0 мг/% мөлшерінде кездеседі.
2010 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері біртұтас кедендік келісімге отырды, осыған байланысты күн сәулесі мол болған Оңтүстік Қазақстанда өсірілген қауындар дәмдік сапасы жоғары және экологиялық таза өнім болғандықтан сыртқы сұранысқа ие бола бастады. Қауынның егістік алқаптарын кеңейту, оның жоғары өнімділікті жаңа сорттарын шығару бұл бағалы өніммен тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттен тыс сыртқы нарыққа экспорттауға да мүмкіндік береді.
2005-ші жылдан бастап Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бюджеттен тыс қаржы есебінен орташа сорланған, жер асты сулары 1,5-2,0 метр деңгейінде жайласқан суармалы диқаншылықтың топырақ-климаттық жағдайларына төзімді қауынның жаңа сорттарын шығару бойынша жұмыстар алып барылды. Нәтижесінде қауынның «Қарақай» сорты шығарылды. Бұл сорт 2010 жылдан бастап мемлекеттік сорттық сынақ алқаптарында сынақтан өтуде. Жер асты суы 1,5-2,0 м деңгейде жайласқан, топырақтың орташа сортаңданған жағдайында қауынды өсіріп-баптау бойынша алқаптық және вегетациялық тәжірибе жүргізу үшін суармалы аймақтың топырақ-климаттық жағдайына бейімделген қауынның «Қарақай» сорты 2011 жылы 3 гектар алқапқа егілді. Жұмыс барысында біздің тарапымыздан Қазақстанның Оңтүстігінің суармалы аймақтарындағы бақша өсірушілер үшін қауынды өсіріп-баптаудың агротехнологиялық картасы дайындалды, қауынның жаңа «Қарақай» сортына қолданылатын минералды тыңайтқыштардың оңтайлы және тиімді мөлшері анықталды.
Зерттеулер 30240 м2 немесе 3,024 га алқапқа далалық тәжірибесі қойылды. Далалық тәжірибе [1. 126-б.] бақша шаруашылығындағы далалық және вегетациялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі бойынша «Сабыр» шаруа қожалығында 45-алқапта жүргізілді. Тәжірибе 4 нұсқада екі қайтарылымда жүргізілді. Қауынның тәжірибедегі егіс тізбегі – 2,4х1,8х0,5 м. Тәжірибедегі өсімдіктің орналасу жиілігі 10 мың дана/га.
Қауынның «Қарақай» сортының егісі 9-мамырда жүргізілді. Алғашқы өскіндер 16-17 мамырда алынды.
Зерттеу нысаны – отандық, бәсекеге қабілетті қауынның «Қарақай» сорты. Тәжірибеде экономикалық тиімділікпен бірге, сорттың минералдық тыңайтқыштарға деген талабы (N және P әр түрлі мөлшері, оларды енгізу мерзімі) өсімдіктің әр түрлі түпсаны, суару тәртібі зерттелді (1-кесте).
Кесте 1 – Тәжірибе тізбегі және нұсқалары
№ | Нұсқалар | Азот тыңайтқыштарын енгізу мөлшері, кг/га әсерлі зат есебінде | Суару мерзімі және саны | Суландыру мөлшері,
м3/га |
1
|
Бақылау —
«Колхозница 749/753» сорты |
60 | 0-2-0 | 1200 |
2 | «Қарақай» сорты | 60 | 0-2-0 | 1200 |
3 | «Қарақай» сорты | 80 | 0-3-1 | 2400 |
4 | «Қарақай» сорты | 100 | 1-3-1 | 3000 |
Қолданылып жатқан технологияның тиімділігін экономикалық бағалауда негізгі көрсеткіш бір гектардан алынатын таза пайда болып, оның негізгі көрсеткіштері қауын жемісінің көлемі мен сапасы (2-кесте), оның өзіндік құны және өндірістің қосымша шығындарының қайтымдылығы болып табылады.
Бақша шаруашылығында алынатын таза пайданың көлемі қауынның қосымша өнімінің сатылу бағасындағы құнымен оны алуға кеткен шығындарды салыстыру жолымен анықталады.
Кесте 2 – Суару санының өнімділікке және жеміс массасына әсері
№
|
Нұқсалар
|
1 гектардан алынған өнім | Қосымша өнім, ц/га | Жеміс сал-мағы, кг | ||||
2 терімнен | Жалпы | ерте | жалпы | |||||
ц | % | ц | % | |||||
1
|
Бақылау сорты
«Колхозница 749/753», 2 суару |
151 |
100,0 |
175 |
100,0 |
— |
— |
0,5 |
2
|
«Қарақай» сорты,
2 суару |
192 | 127,5 | 203 | 116,0 | 40 | 28 | 1,3 |
3
|
«Қарақай» сорты,
4 суару |
186 | 123,2 | 245 | 140,0 | 34 | 70 | 1,8 |
4
|
«Қарақай» сорты,
5 суару |
204 | 135,1 | 226 | 129,1 | 52 | 51 | 1,5 |
Азот тыңайтқышын ендіру көлемі 80 кг/га, суару мөлшері 2400 м3/га, ал суару саны 4 ретті құрайтын 3-ші нұсқада өнімділік ең жоғарғы деңгейге жетіп 245,0 т/га құрады. Қосымша өнім әр гектардан 70 ц болса, әр жемістің салмағы орташа 1,8 кг құрады.
Кесте 3 – «Қарақай» сортын өсіріп баптаудың экономикалық тиімділігі
№ |
Нұсқалар |
Өнім-ділік, ц/га | Сатудан түскен табыс, тг/га,
(1 келісі 35 теңге) |
Өсіруге кеткен шығын, тг/га | Пайда, тг/га | Өзіндік құны, тг/ц | Рента-бель-дік, % |
1 | Бақылау сорты
«Колхозница 749/753», 2 суару |
175 | 612500 | 110540 | 501960 | 631,6 | 4,5 |
2 | «Қарақай» сорты,
2 суару |
203 | 710500 | 115000 | 595500 | 566,5 | 5,1 |
3 | «Қарақай» сорты,
4 суару |
245 | 857500 | 119000 | 738500 | 485,7 | 6,2 |
4 | «Қарақай» сорты,
5 суару |
226 | 791000 | 125000 | 666000 | 553,0 | 5,3 |
Зерттеудің нәтижесінде ең көп таза пайда жоғарыда атап көрсеткендей, азот тыңайтқышын ендіру көлемі 80 кг/га, суару мөлшері 2400 м3/га, ал суару саны 4 ретті құрайтын 3-нұсқада алынды, ол – 738500 теңге/га құрады. Біздің ойымызша, бұл көрсеткішке тыңайтқыштардың N80P80 кг/га әсерлі зат есебіндегі мөлшерін суарудың 600 м3/га мөлшерімен жақсы үйлестіру арқылы қол жеткізілді. Бұл нұсқа рентабельдік бойынша жоғары мөлшерде N100P80 кг/га тыңайтқыш енгізілген және суару мөлшері 600 м3/га болған 4-нұсқадан да асып түсті. 5 рет суарылған 4-нұсқада таза пайда 666000 тг/га және рентабельдік 5,3 %-ды құрады.
Аз санда суарылған 1-ші және 2-нұсқаларда таза пайда сәйкесінше 501960 және 595500 теңге/га құрады.
Жоғарыда аталғандай, қауынның «Қарақай» сортының ең жақсы экономикалық көрсеткіштері азот тыңайтқышын ендіру көлемі 80 кг/га, суару мөлшері 2400 м3/га, ал суару саны 4 ретті құрайтын 3-нұсқада алынды – рентабельдік дәрежесі 162 пайызды құрады.
Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймағындағы ашық сұр топырақ жағдайында қауынның жаңа «Қарақай» сортын өсіріп-баптау экономикалық тұрғыдан тиімді.
Резюме
Таким образом, мы предлагаем бахчеводам, занимающихся культурой дыни в условиях светлого серозема орошаемой зоны юга Казахстана поливать дыню 4 раза с поливной нормой 600 м3/га в сочетании с удобрениями дозой N80P80 – это научно обосновано, доказало свою эффективность и обеспечило высокую урожайность.
Summary
Thus, we offer to the water-melons, engaging in the culture of melon in the conditions of light серозема of irrigable zone of south of Kazakhstan to pour a melon 4 times with the watering norm of 600 м3/ha in combination with fertilizers by the dose of N80P80 is scientifically reasonable, proved the efficiency and provided the high productivity.
Пайдаланған әдебиет
- Белик В.Ф., Бондаренко Г.Л. Методика полевых и вегетационных опытов. – Москва. изд. «Колос». — 1979. — С. 126-148.