- XVI — ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырда географиялық ашылымдар ашуда ағылшындар мен голландықтар барған сайын үлкен роль атқара бастады. Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен “құрлықтағы жиханкездері” де жасады. Ең маңызды жаңалық Австралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты “теңестіріп тұру” үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті 16 ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.
Осы “Австралиялық” яғни “Оңтүстік” жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты – олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды.”Оңтүстік ” жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да . Нағыз Австралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ащты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Австралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны “Полярлық жердің ” бір бөлігі деп санады. 1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Австралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.
Тынық мұхиттың солтүстік бөлігі жалпы алғанда батыс европалық теңізшілерге мәлімсіз күйінде қала берді. Бірақ XVI ғасырдың орта шенінде иезуиттер Жапонияға барып кірді.
Солтүстік Американың батыс жағалауы да көпке дейін ешкімді қызықтырмады:кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.
Тынық мұхиттың солтүстік бөлігі жалпы алғанда батыс европалық теңізшілерге мәлімсіз күйінде қала берді. Тек XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана испандықтар Калифорния бойымен солтүстікке қарай өтіп, 58 параллельге жетті. Бірақ бұл жерге орыстар олардан бұрын жеткен еді.
Ағылшындар мен голландықтардың Американы солтүстіктен (“Солтүстік-батыс өткел”) немесе Азияны (“Солтүстік-шығыс өткел”) айналып шығып Зонд жәнеМолукка аралдарына жету талаптары нәтижесіз болып шықты. Олар бұл жолдарды португальдықтар пайдаланбағандықтан аса қысқалау және қолайлы деп санады.Батыс жаққа қарай жылжи отырып, ағылшынның XVI ғасырдағы теңізшілері Фробишер мен Дэвис, ал XVII ғасырдың бас кезінде Бэфин мен Гудсон қазірде салардың есімідерімен аталатын аралдар мен бұғаздарға және шығанақтарға жетіп, америкалық Арктиканың шығыс бөлігіне кірді- солтүстік- шығыс өткелді іздеген ағылшындар (Ченслен) 1553 жылы Жаңа Жерге жетті. Бірақ осы аудандардың бәрі де орыстың теңіз саяхатшыларына әлдеқашаннан-ақ белгілі болатын-ды және ағылшын мен голланд теңізшілері олардан талай рет көмек те алған еді. Европа мен Азияның Мұзды мұхитпен қоршалып тұрған жағалауларын ашып, зерттеуге орыс теңізшілері көп еңбек сіңірді.(10 –90 б.)