Ақша қозғалысын талдау

Ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысын талдау «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» есептіліктің мәліметтері негізінде жүргізіледі. Бұл есептіліктің беретін ақпараттары:

  • Ағымдағы есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғалардан түсетін және талап етілетін ақшалай қаржылар туралы;
  • Есеп беру кезеңі бойынша заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы мәліметтер.

Ақшаның жеткілікті мөлшерде екенін бағалау айналым кезеңінің ұзақтығын анықтау арқылы анықталады. Ол келесі формуламен анықталады:

Айналым кезеңі = (До*Т):Ч

Мұндағы:  До— ақшаның орташа қалдығы;

Т – кезеңнің ұзақтығы;

Ч – Кезеңдегі айналым саны.

Кезең ұзақтығы: 360 күн – егер көрсеткіш бір жылға есептелсе, 90 күн – тоқсанға есептелсе және ай үшін 30 күн.

Ақшаға талдау жүргізу кезінде ай мәліметтерін пайдалану тиімдірек болмақ, дегенмен жыл ішіндегі ақшаның айналымдылығын есептесек, ұйымдағы ақшаның орташа қалдығы – 217.4 мың теңге, кезең ұзақтығы – 360, айналым саны – 6541.0 мың теңге, сонымен айналымдылық шамасы – 11.9 күн.

Кезеңдегі айналым шамасын есптеу үшін ақша шоттарының кредиттік айналымы пайдаланылады. Ақшаның қозғалысын талдау кезінде 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» және 441 «Есеп айырысу шотындағы қолма – қол ақша» шоттарының ай қалдықтарын, айналымдарын пайдаланған тиімді.

Ақшаның қозғалысын талдау төмендегіше негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

  • Ұйымға келіп түскен ақша қандай көлемде, қандай көздерден алынғанын және оларды пайдаланудың негізгі бағыттарын анықтауға;
  • Ұйым өзінің ағымдағы қызметінің нәтижесінде төлемдерге қарағанда келіп түсетін ақшаның артуын қамтамасыз ете ала ма;
  • Алынған пайда мен қолма – қол ақшаның арасындағы ауытқулар немен түсіндіріледі

Ұйымның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Ұйымның қаржылық жағдайынйң ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы ұйымның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.

Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде ұйымның зиян шегіп отырғанын білдіреді. Осыған байланысты ұйымдағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттілігі туады.

Бұндай талдаудың әртүрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барометрі ұйымның ағымдағы міндеттемелерінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтері құрамында ақша қаражатының үлесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай біздің ұйымымызда орын алып отыр. Сонымен, егер ақшаның ағымдағы активтердегі үлес салмағы жыл басында 7.1 пайызды құраса, жыл соңында оның мөлшері 0.75 пайыз болды, яғни 9.5 еес азайды, ал ағымдағы міндеттемелер 7939.9 мыңнан 6564.4 мың теңгеге дейін, яғни 0.8 есе ғана кеміді. Сондықтан ақша қаражаты мен жедел міндеттемелердің (уақыты ағымдағы айда бітетін) арақатынасын ай сайын талдау, ұйымдағы ақшаның шамадан тыс көптігін (жетіспеушілігін) жеткілікті дәрежеде сипаттап береді.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

Мұнда, -ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;

— талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;

— ақша қаражатының орташа қалдығы.

Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойынша («Касса», «Есеп айырысу шоты», «Валюталық шот» және тағы басқа) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.

Талдау жүргізілген кезеңдегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар, олардың жеткілікті екендігін бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:

Мұнда, — ақша қаражатының айналым кезеңі;

ДСС – ақша қаражатының орташа қалдығы;

ДР – талдау кезеңінің ұзақтығы;

ДСО – талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы.

Формула бойынша есептелген ұйымдағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2.08-ден (наурыз) 4.86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, ұйымның шотына ақша түскен мерзімнен бастап, оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4.86 – 2.08). Бұл ұйымда қаражаттың айқын жетіспейтіндігін білдіреді.

Кесте 4-тің мәліметтері негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады. Ұйымда ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызметтің нәтижесінде туындаған. Ұйымның операциялық қызметінің нәтижесінде түскен ақшаның сомасы 2005 жылы 6172.6 мың теңгені, 2004 жылы 5881 мың теңгені құрады. Жалпы түсімнің ішінде өнімдерді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 86.1 пайызын, 2005 жылы 100 пайызын алады.

Ұйымда ақша қаражаттарының шығуы 2004 жылы 5636.1 мың теңгені, 2005 жылы 6541.3 мың теңгені құрады.

Кестенің мәліметтері 2005 жылғы алынған ақша қаражаттарының ұйымның ағымдағы төлемдерін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін байқатып отыр.

Зерттеу жүргізіліп отырған кезеңде ақша қаражаттарының басымдау бөлігі жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша (2968.5 мың теңге) және салықтық төлемдер бойынша (1548.5 мың теңге) жұмсалған, бұл 2004 жылға қарағанда 913.8 мың теңгеге және 454.9 мың теңгеге көп.

Серіктестіктің инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы болмағанын көреміз.

Ұйымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, мың теңге

Көрсеткіштер Жылдар Ауытқуы (+,-)
2004 2005
1.1 Ақша қаражатының түсуі: 5881 6172.6 +291.6
 Өнімдерді өткізуден түскен табыс 5060.5 6172.6 +1112.0
 Басқадай түсімдер 820.4 -820.4
1.2 Ақша қаражаттарының жұмсалуы: 5636.1 6541.3 +905.2
 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу 2054.7 2968.5 +913.8
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу 1995.0 1545.8 -449.2
Салық төлемдері 1123.6 1578.5 +454.9
Зейнетақы қоры 292.7 285.7 -7
Басқадай төлемдер 170.2 162.9 -7.3
Операциялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-) +244.9 -329.7
2. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-)
3. Қаржылық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі(+), азаюы(-)
Жиынтығы +244.9 -329.7
Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары 156.9 401.8 +244.9
Есепті кезеңнің соңындағы ақша қаражаттары 401.8 33.0 -368.8

Банк шоттарындағы қолма – қол ақша қаражаттарының өсуі және кемуі ақша ағынының теңгерімінің деңгейімен, яғни ақшалардың келіп түсуі және жұмсалуымен шарттасылған болуы керек.

Түскен ақша қаражаттарының кеткен ақша қаражаттарынан көп болуы, бос қолма – қол ақшалардың қалдығының өскенін, ал керісінше жұмсалған ақшаның түскен ақшадан көп болуы ақша қаражатының жетіспеушілігі мен несие алу қажеттілігін ұлғайтады.

Сурет 1- де ішкі жаққа бағытталған сызықтар түскен ақшаны, ал сыртқа бағытталғаны жұмсалған ақшаны көрсетеді.