Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақталса келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады.
Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады.
Оның он екі ішектегі сөлдің рН 7,5 – 8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4- 6 ға дейін төмендетеді. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады.
Ішкі секреция қызметін Ленгерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды дербес 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған. Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг – пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гиперглихимия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А. В Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық тканьдер бұзылады, ал аралшық тканьдер өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. Сабаеев алғаш рет без сығындысын алып, оның диабет ауруын емдеуге қолдануға болатынын дәлелдеген. Бірақ, бұл жаңалық сол кездегі ғылым деңгейіне байланысты дәріптелмегендіктен ұзақ уақыт бойы қолданылмай келді.
1920 жылы Канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест ұйқы безінің аралшық клеткаларының таза тұнбасын алып оны алғаш рет диабет ауруымен ауырған адамды емдеуге қолданған. Сол үшін екеуіне Нобель сыйлығы берілді. Тұнбаның белсенді негізгі ұйқы безінің гормонын инсулин деп атаған. Лангерганс көпіршелері инсулоцит деп аталатын клеткалардан тұрады, инсулин сол клеткаларда өндіріледі. Лангерганс аралшқтарында түзілген секретті сыртқа шығаратын арнаулы өзектері болмайды, олар қанмен жабдықталған.
Лангерганс аралшықтары бозафилді немесе -клеткалар, ацидофильді немесе -клеткалар тобынан тұрады. -клеткалар инсулин, -глюкагон. Жас организмде — клеткалар, қартайғанда -клеткалары басым болады. Бұл жас организмде инсулин көп бөлінетін, ал, организмнің қартаюымен байланысты инсулин бөлінуі азайып, керісінше глюкагон түзілуі артатынын көрсетеді. Без аралшықтары қанмен жақсы жабдықталып, симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен нервтенеді. Ұйқы безінің дамуы балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.Мұның физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі.
Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин.
Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі.
Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің – клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады.
Проинсулин молекуласы одан әрі тасымалдау жүйесінің көмегімен Гольджи комплексіне жеткізіледі. Онда гормон молекулалары секреторлық гранулаларға оранып, гранулалар ішіндегі ішіндегі протеолиттік ферменттердің тікелей қатысуымен күрделі өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде А тізбегінің карбоксил тобын В тізбегінің амин тобымен жалғастырушы пепид олардан ажыратып, тек дисульфидті көпіршелермен ғана жалғасқан екі тізбектен және 51 аминқышқылымен тұратын инсулин молекуласы пайда болады.
Гранулаларда инсулин цинкпен қосылысқа түсіп диаметрлер, тетрамерлер және гексомерлер түрінде полимеризацизацияланады. Полимеризация цинк атомының айналасында жүреді. Әрбір екі цинк атомының айналасына инсулиннің үш молекуласы жабысады да гексамер түзейді. Цинк инсулин гексамерлері — клеткаларда жинақталып, қажет кезінде шығарылуға дайын тұрады. Гранулалар – инсулин сақталатын арнаулы орын сонымен, цинк атомдары инсулин молекулаларын активтендіріп, олардың тасымалданулары мен гранулалардан босап шығарушы процестерінде арнаулы роль атқарады.
– клеткаларды клетка мембранасы бағытына қарай тасымалдайтын жүйе жақсы дамыған. Клетка мембранасы өзара жанасқанда ерекше саңылаулар пайда болып, ол арқылы инсулин қанға өтеді. Мұны экзоцитоз деп атайды. Бұл процеске ц.АМФ мен Со 2+ қатысады. — клеткалардан қанға өткен инсулин екі формада -бос және белокпен байланысқан түрде кездеседі. Бос күйіндегі инсулин инсулинге сезімтал тканьдердің (ет, май тканьдері, бауыр, ми т.б) бәрімен ал, байланысқа түскендері инсулинді белокты қосылыстан босата алатын қабілеті бар май тканьдерімен ғана әрекеттесе алады. Бос күйіндегі және байланысқан инсулиндер арасында динамикалық тепе-теңдік болады инсулинге қажеттілік туса оның бос күйіндегі фракциясы артып, байланыстағы формасы азаяды, оның қорында белокпен байланысқа түскен формасы басымырақ болады.
Инсулиннің белоктармен қайтымды байланысқа түсуінің физиологиялық маңызы зор. Біріншіден, бос күйіндегі инсулинді жол жөнекей кез келген ткань (ет тканьдері) ұстап қалуы мүмкін. Екіншіден, белокпен байланысқан инсулин организмде гормон қорын жасайды. Егер организмге көмірсу көп түссе немесе жинақталса қордағы инсулин жұмсалады. Үшіншіден, байланысқа түскен инсулин капиллярлар қабырғасынан тканьдерге өте алмайды.
Инсулин секрециясының реттелуі инсулин секрециясының негізгі физиологиялық түрткісі — глюкоза. Егер қан арқылы безге глюкоза көп жеткізілсе, онда клеткаларда инсулин түзілуі артады, ал, аз жеткізілсе – төмендейді. Сондықтан, — клеткалар қандағы глюкозаның деңгейіне аса сезімтал болып келеді. Асқазан жолында түзілетін секретин ішек глюкагоны, понкреозимин сияқты полипептидтермен қатар аденогипофиздік АКТГ мен СТГ және қалқанша бездің тиреоидты гормондары инсулиннің синтезделу процестерін реттеуге тікелей қатысып, оның түзілуі мен секрециясын жылдамдатады.
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы. Инсулин организмде көптеген функциялар атқарады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы — инсулиннің метаболизм процесіне әсері. Ол көмірсу алмасуына әсер етіп, олардың тотығуын күшейтеді, бауыр мен ет тканьдерінде гликоген жасалуын тездетеді. Қанға инсулин жіберсе ондағы қант мөлшері азайып, бауырда гликоген көбейеді. Инсулин аминқышқылдарынан белок түзілуін стимулдап, тканьдердегі глюконеогенезді бәсеңдетеді.
Бауыр мен май тканьдерінің бос күйіндегі май қышқылдарын сіңіру қабілетін арттырып, оларда май қышқылдарының глицерин түрінде жинақталуын қамтамасыз етеді (май қоры) Кетонды денелер түзілуі азайып, қышқыл өнімдер көптеп жиналады. Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді. Инсулин диабет пен ауырған адамның зат алмасуын жөнге келтіреді.
Без бөлетін екінші гормон- глюкагон көпіршенің -клеткаларында түзіледі. Бұл гормонда полипептидке жатады, оның құрамындағы 29 аминқышқыл қалдығы бар Глюкагонның түзілу механизмі әлі толық зерттелмеген. Бірақ, глюкагон молекуласының синтезделуі инсулинге ұқсас деген болжамдар бар. Глюкагонның жартылай ыдырау мерзімі 5-10мин
Глюкагонның секрециясы қандағы глюкоза деңгейіне байланысты және сол арқылы реттеледі. Глюкоза мөлшері төмендесе глюкагонның концентрациясы артады, көбейсе азаяды. Бұдан басқа глюкагон секрециясына аминқышқылына жататын аргинин, ұйқы безінің Д-клеткаларында түзілетін соматостатин және асқазан гормоны халецистокинин сияқты биоактивті заттар да әсер етеді.
Глюкагон функциясы жөнінен инсулиннің антогонисі. Ол глюкогеннің глюкозаға айналу процесін тездететін фосфорилаза ферментінің қарқындылығын арттырып, қандағы қанттың концентрациясын көбейтеді. Бауырда гликоген ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық әрекеті адреналинге ұқсас.
Глюкагон тканьдердегі майдың май қышқылдарын бөле отырып ыдырауын жылдамдатады. Глюкагон негізгі бүйректе бұзылады. Бұл гормонның клеткаға әсер ету механизмі белокты -пептидті гормондар әрекетіне ұқсас
Глюкагонның бөліну қарқыны да қандағы түзілетін глюкоза мөлшерімен реттеледі. Глюкоза деңгейі төменделсе, глюкагонның бөлінуі күшейеді. Ұйқы безінің дельта клеткаларында түзілетін соматостатин гормоны тек түзілген жерінде ғана әрекет етеді, сондықтан бұл гормонға паракриндік эффект тән. Демек, ол клеткааралық кеңістік арқылы қатар жатқан клеткаларға ғана әсер етеді. Соматостатин гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларында да түзіледі. Гипоталамустан түсетін соматастатин гормоны гипофизден СТГ – ның ұйқы безінің глюкагонмен судың бөлінуін баяулатады.
Липокаин ұйқы безінің майда өзектерінің эпителиальдік клеткаларында түзіледі. Ол май қышқылының тотығуын тездеті, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсуларың майға айналуын тежеп бауыр клеткаларын майланудан сақтайды.
Ұйқы безінің сығындысын калликреин, ваготонин деген заттарда бөлініп алынады. Калликреин артиреалдар мен капиллярларды кеңейтіп қан қысымын төмендетеді.
Ваготонин – парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарлатады, эритроциттер түзілуін стимулдайды.
Паталогиясы. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты деңгейін ауытқуы паталогиялық көрсеткішке жатады және оны гипо немесе гипергликемия деп атайды. Егер қандағы глюкозаның концентрациясы 0,5 г/л дейінгі деңгейге төмендесе терлегішітік, тахикардия, ашқарақтық және қозғыштық пайда болады. Егер глюкоза мөлшері одан әрі төмендесе – гипогликемиялық комаға ұласады. Гипогликемиялық кома негізінде адам есінен танады, ақыры өлімге әкеліп соғы мүмкін. Мұндай жағдайда организмге глюкозамен глюкагон гармонын енгізу арқылы ғана адамды гипогликемиялық шоктан шығарып алуға болады.
Қандағы глюкоза көлемінің қалыптан тыс көбеюін гипергликемия деп атайды. Гипергликемия инсулиннің жетіспеушілігінен туындайды. Ондай науқасты қан диабеті деп атайды. Инсулиннің қандағы азаюының бірнеше себебі бар:
1) -клеткаларының секреторлық қарқыны төмендейді;
2) Қандағы инсулин белоктармен жаппай байланысқа түседі
3) Нысана- клеткалардың инсулинге сезімталдығы төмендейді;
4) Қанда контринсулярлық гормондар пайда болады (СТТ,АКТГ, глюкокортикоидтар). Контринсулярлық гормондар клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, глюкозаның өтуін бөгейді.
Диабет деген атау гректің ″diabaino″- бірденеден өту, сезілу деген сөзінен шыққан. Қант диабетіне шалдыққан кезде қанда қант деңгейінің көтерілетіні 1935жылы анықталды.
Диабет ауруында ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады.Организм клеткалары көмірсуларды пайдаланбай, бауырмен еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдырауы күшейеді. Нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері артады, гипергликемия пайда болады. Қант қалыпты 4,4-6,6ммольден 8-12 ммоль\л, кейде оданда жоғары болуы мүмкін және ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, глюкозурия байқалады. Қан қысымының артуына байланысты тәуліктік зәрдің мөлшері көбейеді (8-10л дейін) Полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығарылуы шөлдегіштікті яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында май алмасуда бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы майдың бауырға тасмалдауына әсерін тигізеді, қанда гиперлипемия пайда болады. Бұл бауырдың майлануына әкеп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды – ацетонды заттарға деген тотығуы күшейеді. Қандағы кетонды заттардың концентратциясы артады. Кетонемия дамып кейін ол- кетонурияға айналады.Қанда ацидоз байқалады, қанның рН өзгереді сөйтіп, улану белгісі –диабеттік кома дамиды.
Диабетте белок алмасуы да бұзылады. Тканьдегегі көмірсудың азаюына байланысты белоктік заттарды көмірсу қоры ретінде пайдалану басталады, яғни глюконеогенез пайда болады. Денеде белоктың ыдырау өнімдері жиналып, азотемия – белок ыдырау өнімдері көбейеді.
Зат алмасуға әсері. Денені діріл басады жүрек қағып, терге шомылады. Қан тамырлары зақымданады. Көру қабілеті төмендейді. Жүйке жүйесінің, тамырларының зақымдануы әр түрлі полиневриттерге себеп болды. Қант диабеті атеросклероздың тездеп дамуына әсер етеді.
Қант диабеті – бұл өте ауыр сырқат. Көптеген ғылыми, тәжірибелік және клиникалық зерттеулер қант диабетінің даму механизмінің себебін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу мүмкіндігін білуге бағытталған. Өкінішке орай қант диабетінің алдын – алу мүмкін емес, бірақ оның ерте анықтау мүмкіндігі бар. Бұл – иммуннодиагностика глюкозаға толеранттылық тестігі. Қант диабетінің патогенезі туралы білім деңгейі бір шама ұсыныстар беруге көмектеседі. Бұл ұсыныстарымыз қант диабетінің І немесе ІІ түрімен ауыратын науқастары бар жанұяларға әр түрлі беріледі. (ИТД) инсулинге тәуелді диабет ауыратын ана – аталардың балалары арнайы тексеруден өтіп, қант диабетінің дамуына қауіп – қатер факторы анықталса, олар ерекше көңіл аудару тобына бөліну қажет.
Эпидемиялық паротит, туа пайда болған қызылша, көксаки вирусы және т.б жұқпалы аурулар өте үлкен қауіп төндіреді. Жұқпалы аурумен ауырған қауіп – қатер тобындағы адамдарға глюкозамен жүктеме сынамасын жасау және ұйқы безі аралшықтарыныдағы антидене бар екендігін анықтау қажет.
ИТЕД (инсулинге тәуелді емес диабет) ІІ түрлі барлық нұсқаулардың 75 – 80 пайызын құрайды . оның өзіндік ерекшеліктері болады. Қант диабетінің бірінші түріне қарағанда, бұл түрінде тұқым қуалау мүмкіншілігі жоғары дәрежеде болуына қарамастан, диабетінің дамуына әкелетін сыртқы фактор томақты мөлшерден тыс қолдану болып табылады.
Сондықтан қант диабеті ІІ түрімен ауыратын науқасы бар жанұялардыда тамақты мөлшерден тыс жеуге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуі қажет. Семіру физиологиялық қалыппен әрқашан сәйкес болуы керек, жүйелі дене шынықтырумен айналысу өте пайдалы.
Қант диабетінің екі түрі де қатаң диета сақтауды талап етеді. Сонда ғана қандағы қанттың деңгейін қалпына түсіру немесе қанттылықты кеміту үшін қолданылатын дәрі – дәрмектер пайдалануды едәуір азайтуға болады.
Тыйым салынған тағамдар: Қант, бал тосаптар, кәмпиттер, кондитерлік және ұнды дәмдер, тәтті жеміс — жидектер. Сол сияқты семіз сиыр, қой, шошқа, балық, үйрек, қаз етін, шошқа майын, ұйытылған сүт, балмұздақ, шарап ішуге қатаң тиым салынады.
Сонымен қатар диабетімен емделу кезінде бұдан басқа да талаптарды да дұрыс орныдаудың маңызы зор. Мәселен: кешке қарай 30 минут таза ауада серуендеу қажет. Ауасы тазартылған бөлмеде ұйықтау ыңғайлы, үйреншікті жағдайды орнықтырып, тұла бойды еркін ұстау, күні бойы «жабысқан» жағымсыз ойлар мен әсерлерден арылу – міне осының бәрі кеселден жазылып, денсаулығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік жасайтынын жадыңыздан шығармаңыз.