Ұжымдық танымдық іс-әрекетсабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылтын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғағ сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.
Белсенді топтар жұмысын ассистентердің, кеңесшілердің еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымның, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектепік қорытынды конференцяларда тыңдалып отыруы қажет.
Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысымен көрнекті құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекті құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.
Оқу белсенді тобының мұшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекті құралдар (кестелер, графиктер, диаграмалар және т. б. ) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетендер, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабороториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық, құрал – жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т. с. С.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдбиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша құызықты материалдар жианйды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша жасайды.
Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда ассистенттер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады. Ассистенттер көрнекті құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді және т. с. с.
Кеңесші- пән бойынша (тіпті жеке тақырып бойынша) жақсы үлгерім көрсетуші оқушы ол өз сыныптастарының оқуларына көмектеседі. Ол әдетте бір жылға ғана бекітіледі; олар тақырып бойынша, басқа оқушыларға қарағанда бұрын орындалған белгілі бір тапсырма бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Негізгі кеңесшіні оқушының жеке келісімімен, мұғалімдердің мақұлдауымен, сыныптық ұжымның ұсынысымен оқу комитеті (немесе басқа мектепте жұмыс істейтін басқа да өзін-өзі басқару органдары) тағайындайды. Оның міндеттері-түсіндіруші қызметін атқару, оқушының немесе топтың білімін бақылау және тексеру, сондай ақ- әртүрлі оқу тапсырмаларын орындалуының дұрыстығын тексеру. Мұғалімнің берген тапсырмасын белгілеу үшін арнайы дәптер арналады және сабақтағы жұмыстар бойынша, тақырып бойынша есепке алу карточкасы жасалады және т. б. Кеңесші жұмысатрды сабақта және сабақтан тыс уақытта да жүргізілуі тиіс.
Нақты біртақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның жұмысын сабақ үстінде белгілі бір тапсырманы өз уақытынан бұрын тиянақты орындаған оқушы да ұйымдастыра алады. Мұғалім оған жұмысы тексерілуі тиіс және белгілі бір көмек көрсетілуі тиіс оқушының аты-жөні жазылған карточканы береді. Кеңесші құрбысның орындаған тапсырмасын тексеріп, ол жөнінде карточкаға белгі қойып, оны мұғалімге өткізеді. Осылайша бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Сабақ соңында мұғалім міндетті түрде кеңесшілердің жұмыстарының сапасы және қойылған бағалар жөнінде түсінік береді.
Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс-әркеттерінің барысына, сыныптық, мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдықоқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсету кеарек; белсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әр түрлі формалары мен түрлері жүйесіндетоптық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратынрөлін құрастырды. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыт түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жғдй жасайды, проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектседі.
Педагогикалық әдебиеттер сабақтарда оқушылардың оқу-іс әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық даярлау тәсілдерінің бірыңғай юанықтамсы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактик топтық жұмысты негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тасырмалардың көлемі орындалтын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту оқыту даярлу мақсатында лабороторияд, оқу шеберханларында, мектеп жанындағы участоктерде жхүргізілетін жұмыстармен байланыста қрастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әркеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3-8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынш жхұмыс істейтін топтарға бөлінетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсінідруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істе әр топта екі оқушы) , мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хбарлама жасауда, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т. б. жатқызуға болады. В. К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді уызш және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істеді және т. б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстрдың тиімді екендігін көрсетеді.
Топтық сабақтардың құрылымның классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғпалім мотивті – ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынш түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратды. Сабқтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғанан кейін мұғілім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсымасын орындағанан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардыңөзара байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы тлданады,қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырмның нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.