Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхатын Индияға апаратын жолды көрсетті деп есептейді. Колумбтың жер шарын алғаш рет айналып шығу мақсаты — Үндістанға апаратын батыс жолын, саяхатын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдай уақыт өткен соң ашылды. Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу жұмыстары осы міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды. Бразилияны сірә, Испания және Португалия теңізшілері 1498—1499 жылдары бір мезгілде ашса керек.
Алонсо Охедының қол астында испандық экспедицияга қатысып,Бразилияның солтүстік жағалауының әжептәуір көп жерінен өткен итальяндың космограф Америго Веспуччи, сол кездің өзінде-ақ бұл жерді континент деп таныған еді.
Индияға шыққан португальдық екінші экспедицияның бастығы Хуан Кабраль өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп, Бразилияның жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған саяхаттарын білмеген ол бұл жерді арал деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера Крус) жері деп атады және Португалия королының иелігі деп жариялады.
1501 жылдың майында португальдықтар бұл «аралды» зерттеу мақсатында үш кемені жабдықтап жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго Веспуччи осы эскадраның астрономы ретінде сапарға шықты. Олар күткен аралдың орнына эскадра Оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан бір жағалауға тап болды. Америго Веспуччи өзінің досы Лоренцо Медичиге жазған хатында осы саяхатын қызыға суреттей келіп, «ежелгілерге мүлдем мәлімсіз» бұл континентті Жаңа Дүние ден атауды ұсынды. Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің хаттарып басып шығарарда озініц «Космографияға кіріспе» атты еңбегінде бұл жаңа континентті Америгоның есімімен «Америка» деп атауды ұсынды. Сойтіп, «Америка» деген атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ болігіне байланысты аталды. Жаңадан ашылған материкті оңтүстіктен айналып шығып, Мояукк аралдарына шейін жүзіп жетудің мүмкіншілігі туралы ойды алғашқы рет Веспуччи ұсынды. Бұл жобаға Испания үкіметі әсіресе испандық конкистадор Бальбаныц 1513 жылы Панама мойнағын басып өтіп, «¥лы Оңтүстік теңізді» яғни Тынық мұхитты тұңғыш көргеннен кейін тіпті қызыға түсті. Испандықтарды осы теңізден бұғаз ашып, онан өту, ақыры татымды жеміс аралдарына жетіп, оны басын алу ойы баурап алды.
Осы ойды жүзеге асыруды Фернанд (Фердинанд) Магальянс (Магеллан) қолына алды. Ол (1470 жыл шамасында туған) португальдық дворяндардың қатарынан шықты және Португалия тарларында бірнеше жыл тұрып, Малакка экспедициясына қатысқандықтан Үнді мұхитын жақсы білсе керек. Бірақ корольмен жанжалдасып қалып, Испанияға қызметке көшті және Испания үкіметімен жасаған келісім бойынша жаңа материктен оңтүстікке қарай шығатын жаңа бұғаз табуға міндеттенді. /9/
1519 жылы 20 сентябрьде шағындау бес кемеден құралған, 253 адам экипажы бар эскадра Сан-Лукарадан сапарға шықты. Магелланның бұл сапары екі жылға созылды.Ол өзінің аты қойылған бұғаз арқылы Оңтүстік Американы айналып өтіп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин аралдарына келіп жетті, сол жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста қаза тапты.
Тек Эльканоның командасымен бір ғана кеме Үнді мұхитын кесіп етіп, Африканы айналып шықты. Сойтіп, ол жер шарын алғашқы рет түгелдей айналып шығу саяхатынан соң, 1522 жылы 6 сентябрьде Сан-Лукараға қайып келді. Бұл саяхаттың шығыны көп болды. Севильеде оздерін салтанатты қарсы алуға экипаждың тек 18 адамы ғана қатыса алды.
Тынық мұхитта испан теңізшілерінің пайда болуына байланысты, осы аймақтарда да Испания мен Португалияның арасындағы шепті белгілеудің қажеттілігі туды. Бұл шара тек жеті жыл откен соң, 1529 жылы ғана жүзеге асырылды. Сарапшылар даулы аралдардың байлығын дәл анықтай алмады. Ақырында Испания өзінің Молукка жөніндегі талаптарынан бас тартты, бірақ Филиппинды бермей ұстап қалды. Бұл осылайша тек 1543 жылы ғана аталды.
Магеллан бұғазы арқылы Европадан Азияға қарай жүзіп шығу қиын теңіз кәсібі болып табылды. Сондыңтан да Молуккаға баратын оңтүстік-батыс жолдың практикалық маңызы болмады.Мексика мен Перуды алуда, кейде құл іздеген испандықтар Кариб Испанияның аралдарында орын тепкен соң Мексика алуы шығанағының төңірегіндегі континен-тальдық аймақтарға экспедициялар жіберіп тұрды. Бұдан кейін шығанақтан оңтүстікке қарай орналасқан елдерді жаулап алуға кірісті.
Бұл аймақтарды — Мексика мен Перуді — екі үлкен ірі тайпалық бірлестіктер: Мексиканы ацтектер басқарған, ал Перуді инкалар басқарған тайпалар мекендеді.