Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп саналды, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы купецтер Се-негал мен Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда, Сенегал мен Малидің, Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында VII ғасырдан XV ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбукту — Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда-саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып көлемде болды.
Қытай, Индия, Үнді-Қытай, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып, көбінесе «Индиялар» деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да, Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Үндістанға оншалықты қатысы болмады. Осындай
алып-қашты жорамалдар XV—XVI ғасырлардағы ұлы географиялың ашылымдарға әжептәуір себепші болды.Өйткені бұл лақаптар,алып қашпа әңгімелер теңіз жиһанкездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды.
Африканың алтынын іздеп табуға XV ғасырда португальдық те-ңзшілер құрамдары аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің шайырларынан атап айтқанда, солардың Бохадор мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып, өндірілуге тиісті болды. Сондықтан Алтынды өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай отырып жетуге толық мүмкіншілік бар сияқты болып көрінді.
XIV—-XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы қарқынды түрде дамыды. Бұған португальдықтардың, арабтың бай және епті купецтерімен XII ғасырда-ақ басталған қарым-қатынастары көмектесті.
Португальдықта арабтардың математикасымен,географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін өте ерекше маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді — итальяндық Жерорта теңіздік кемелерге қарағанда, желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген теңіз сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең алдымен Генуядаи қоныс аударған көптеген купецтер мен теңізшілер қатары белсене қатысып,өз үлестерін қосып отырды. Өйткені XV ғасырда түріктердің жаулап алуына байланысты Генуя купецтеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге тура келді.
Бұл жерде барлық Шығыс Жерорта теңізіндегідей венециандықтар үстемдік жағдайда болды. Сауда-саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты жолдарды басқа елдерден іздестіруге мәжбүр етті. Колумб пен Каботтоның (Кабот) Генуядан шыққандықтарын осы жағдайлар барысында айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай-ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді іздестіріп, басып алуға түрткі салған себептер ішкі жағ-дайларға байланысты болды. Бұл елдердегі реконкистік жаугерші-ліктің заманы бітті. Тегін олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды.
Ал Африканы алар болсақ, осынау бай әрі беймағұлым өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік-батыс жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне, ал кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда-саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда, Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері және басқа елдерден келген эмигрант-купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын жерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королының інісі, XIX ғасырдың тарихшылары «Теңіз саяхатшысы» деп атап кеткен, принц Генрих, үлкен қамқоршылық жасады.
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы «сауда» жергілікті халықты талан-таражға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне, осылар португальдықтардың Африкалық жағалауды бойлап жоғары жылжи беруіне себепші болды.
Олар отыз жыл ішінде Африканың батыс жақ шегіне жетті. Португальдықтардың әуел бастан-ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ.
Мұндай мақсатты олар тек 1460 жылдар шамасында, яғни Гвинея шығанағына кіріп, Африкандық жағалау шығысқа қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай, Оңтүстік Африканың батыс жағалауымен ілгері жылжи беруге, арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы Козерог тропигіне жетті де, жағалаудан қашықтап, тура оңтүстікке қарай ашық теңізге шығьш кетті, сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен бір-ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік-шығыстық бағдары бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққан-дығына көзі жеткен соң, Диас қайтар жолында Добрая Надежда мүиісін айналып өтті және бұл мүйіске озі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп, ол 1487 жылы декабрьде, 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. /3/
Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға дейін жүзіп, осылайша Үндістанға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
Американың ашылуы Африканың батыс жағалауларының өн бойымеп ілгері қарай жылжуымен қатар, сірә, итальяндық теңізшілердің қатысуымен болса керек, португальдықтардың оңтүстік-батыс және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды.XV ғасырдың 20-жылдарында португальдықтар Мадейра аралдарына, 30-жылдардың басында — Азорларға барып орналасты.