Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы жылдың 23 ақпанында орнатылды. Үндістан Респуьликасының Елшілігі Алматыда 1992 жылдың мамырында ашылды. Астанада Үндістан Республикасының Елшілігінің өкілдігі жұмыс істейді. 1993 жылы қарашасында Делиде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Саяси ынтымақтастық. 1992 жылдың ақпанын Президент Н.Назарбаевтың Индияға бірінші ресми сапары болды. Оның барысында мемлекетаралық қарым-қатынастыңі негізгі қағидалары мен бағыттары Декларациясына, Дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Хаттама, сауда-экономика, ғылым мен техногиялар, сондай-ақ мәдениет, өнер, білім, ақпарат құралдары және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Қазақстанға Үндістан Премьер Министрінің (1993 жылдың қыркүйегі) ресми сапарлары кезінде екі жақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан – Үндістан үкіметаралық комиссиясын құру келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы тауар айналымының көрсеткіштеріне тоқталсақ, олар мынадай: 2005 жылы – 120,8 млн. доллар деңгейіне жетті (Қазақстандық экспорт – 19,9 млн. доллар, импорт – 100,9 млн. доллар). 2004 жылы 96,6 млн. доллар болған еді (Қазақстандық экспорт – 10,6 млн. доллар, импорт – 86 млн. доллар). Үндістанға шығарылатын тауарлар: минералдық өнімдер, былғары шикізаты, былғары, елтірі (аң терісі), тері шикізаты және онан жасалған бұйымдар, қымбат емес жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық жабдықтар. Қазақстанға Үндістаннан әкелінетін таурлар: өсімдік өнімдері, алкогольдық және алкогольсіз ішімдіктер, уксус, темекі, минералдық өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері, пластмасса, каучук пен резина бұйымдары, қымбат емес металдар мен онан жасалған бұйымдар, электротехникалық бұйымдар, машина жабдықтары мен механизмдері, приборлар мен оптикалық фото және басқа да аппараттар, сағаттар және музыкалық аспаптар.

2007 жылға өзекті экономикалық айқындағыш пен статистика

ЖІӨ — 1,100. 7 млрд. АҚШ долл.

ЖІӨ халық жанына – 942 АҚШ долл.

ЖІӨ нақты өсімі – 9,3 %

Инфляция – 5,5 %

Иран мен Пәкістан арасында қол қойылып, 25 жылға арналған энергия келісіміне орай Иран елі күн сайын 150 миллион текше метрдей газын Пәкістанға жеткізбекші. Иран-Пәкістан-Үндістан газ құбыры жөнінде біраздан бері көп айтылған емес. Алайда Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің мамырдың 24-дегі кездесуінен кейін біраз жайт өзгергендей.

Қос ел компаниялары басшылары қол қойған бұл келісім бойынша Иранның Асалоуе қаласынан басталатын газ құбыры Пәкістан арқылы Үндістанға жетпекші. Дей тұрғанмен, осы жолмен Иран газының жүріп өтуі үшін талай кедергілерді жеңу керек болады. Алғашқы сауал қаржыны қайдан табуға болатынына тірелмекші. Ең әуелі Ираннан Пәкістанға қарай 2100 километрдей газ құбыры, содан кейін Үндістанға қарай жалғасатын 600 километрдей құбыр салынбақшы. Алайда аталған газ құбыры жобасына халықаралық қаржы қорлары қолдау көрсете қойған жоқ. Оған себеп-Иранның ядролық бағдарламасына байланысты әлемдік ұстаным.
Халықаралық даму банкі сияқты қаржы қоры болса, аталған газ құбырына бақталас боп отырған Түркменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ жобасын қолдап отыр. Дей тұрғанмен бұл қос жобаға да ортақ бір қиындық бар. Ол-аталған құбырлардың Балужистан арқылы өтетіндігі. Пәкістандағы осы Балужистан аймағының ұлтшылдары қазірдің өзінде бірнеше құбырларды жарып үлгерді. Олар Балужистанның ресми Исламабадтан тәуелсіз болуы жолында күресіп келеді. Қос президент те бұл келісімге қол қойылуын қызу қуаттай келіп, аталған бейбітшілік құбырын салуға уәделесті. Пәкістанның мұнай мен табиғи ресурстар бойынша кеңесшісі Асим Хусайнның айтуынша, Пәкістан мен Иран ресми келісімшартқа 15 күн ішінде, үшінші елде қол қоятын болады.
Дей тұрғанмен ол үшінші ел Үндістан болуы мүмкін. Мұның өзі аталған құбыр жобасы тағдырын одан арі шырғалаңға салатын сыңайлы. Себебі Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастар проблемасы бұл жобаға әсер етпекші. Тіпті Үндістан бұл жобадан шыққысы келген жағдайда да, Иранмен арасында газ құбырын салатынын Пәкістан айқын мәлімдеді. Иран және Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жаңа құбыр жобасы алдағы үш немесе төрт жыл ішінде басталып, бес жылдан кейін аяқталуы мүмкін.

Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):

  • Энерготасымалдаушылар – 68,5 %,
  • Қара металдар – 27, 9 %,
  • Органикалық емес химиялық өнімдер: құнды металдың органикалық немесе органикалық емес қосылуы, жер бетінде сирек кездесетін металдар, радиоактивті элемент немесе изотоп – 2,5 %,
  • Басқалары

Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):

  • Фармацевтік өнім – 39,7 млн. АҚШ долл.
  • Кофе, шай, мате немесе парагвайский чай және тәттілер – 32,1 млн.АҚШ долл.
  • Ядролық реакторлар, механикалық құрылымдар мен жабдықтар, қазандықтар; олардың бөліктері – 16,9 млн. АҚШ долл,
  • Алюминий және одан жасалатын бұйымдар – 13,1 млн. долл. АҚШ,

Сарапшылардың пікірінше, қазір 1 миллиард 100 миллионнан астам халқы бар Үндістан таяу бо­лашақта әлемдегі дамыған әрі қуат­ты мемлекеттердің біріне айналмақ. Біздің ойымызша, сарапшылар сәл кешіккен сияқты. Себебі, Үндістан қазірдің өзінде өндіріс көлемі жа­ғынан әлемдік көшбасшылар қата­рына қосылды. Сатып алу сұра­ны­сының мүмкіндігі­мен есептегенде, бұл ел ІЖӨ өсімі бойынша кәрі құрлықтың Италия, Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттерін басып озып, тек АҚШ, Қытай және Жапонияға ғана жол беріп ке­леді. Қазір Үндістан Респуб­ли­касы ІЖӨ-сінің көлемі 1 триллион 100 миллиард долларды құрайды. Елдің алтын-волюта қоры 300 мил­лиард доллардан асты. Үндіс­тан­ның стратегия­лық даму жоспары бойынша 2025 жылдары ол өнер­кәсібі дамыған алдыңғы қатарлы мемле­кеттер қатарына қосылуы тиіс.

Бүкіл әлем әлі күнге дейін Үн­дістанды өткен ғасырлардың көне дәстүрлерімен өмір сүретін жұмбақ та патриархалды мемлекет санайды. Бірақ бүгінгі Үндістан мүлде басқа. Елдің экономикасы жедел дамып, ғылыми-техникалық жетістіктері таңқалдырады. Өткен жылы Үндіс­тан алғаш рет Айға адамсыз бас­қарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бүгінде үндістандықтар АҚШ пен Жапония үлгілеріне ғана үстемдік беретін қуатты компьютерлер шығарады. Елдің білім беру сапасы да жақсы өркендеген.

Ағылшын тілін білетін білікті ғылыми-техникалық кадрлар даяр­лаудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Үндістан жыл сайын ғылыми ізденіс және сапалы білім беру бағдар­ламаларына мемлекеттік бюджеттің 70 пайызына жуығын жұмсайды.

Қазіргі таңда Үндістан үкіметі Орталық Азияда өз мүдделерін бел­сенді жүргізу мақсатын алға қойып отыр. Бұл ретте олар Қазақстан-Үн­дістан байланысын нығайтуға ерекше қызығу­шылық танытып ке­леді. Үндістан Республикасы Қа­зақ­станның тәуелсіздігін алғаш та­ны­ған­ елдердің бірі. Екі ел ара­сындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың ақпан айында ор­наған. Сол жылғы ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанда арнайы сапармен болды. Сапар барысында Мемлекетаралық қаты­нас­тардың негізгі қағидаттары мен бағыттары жөніндегі декларацияға және Дипломатиялық қатынас­тар­ды орнықтыру жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 1996 жылғы жел­тоқ­санда Елбасы екінші рет бұл елге ресми сапармен келді. Бұл жолы мемлекеттер басшылары Екі жақты салық салмау туралы конвенцияға, Өзара инвестиция­лар­ды қолдау және қорғау жөніндегі келісімге қол қойды. Ал Қазақстан бас­шы­сы­ның 2002 жылы ақпанда болған кезекті сапары барысында Қазақ­стан-Үндістан біріккен деклара­ция­сына қол қойылды. Сол жылы Үн­дістанның Пре­мьер-министрі А.Б.Ваджпай Қазақстан Прези­денті Нұр­сұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен өмірге келген АӨСШК-нің бірінші саммитіне қатысу үшін Қа­зақстанға арнайы сапармен келді.

Әлемдік қоғамдастықта беделді де ықпалды Азия алыбы осыдан тура 17 жыл бұрын Қазақ­станға дос­тық пейілін танытса, содан бергі өткен кезеңде Үндістан Қазақстан басшысының ха­лық­аралық дәре­же­дегі барлық игі бастамаларына қол­дау көрсетіп келеді. Екі ел ара­сын­дағы бай­ланыс барған сайын ны­ғайып, уақыт өткен сайын берік тұ­ғырлар биігінен көрінуде. Қазақ­стан-Үндістан мемлекеттері ара­сындағы тауар айналымының өткен жылдың 11 айында 308 миллион доллардан асып түсуі де соның айғағы. Екі ел арасында энергетика, мұнай-химия, фар­мацевтика, ақ­параттық технология, туризм, ғы­лы­ми-техникалық және білім сала­лары бойынша жасалатын байла­ныс­тарға басымдық берілген.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мә­дени байланыстар жө­ніндегі бір­лес­кен үкіметаралық комиссия аясын­да ақпараттық технология, мұнай-газ, тоқыма-өндіріс, әскери-тех­ни­калық ынтымақтастық, халықара­лық терроризмге қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылған. Сол сияқты Ғылыми-техникалық байланыстар жөніндегі қосымша комитет жұмыс істейді. Үн­дістанмен техникалық-экономи­ка­лық ынтымақтастық бағдарлама­сы шеңберінде бұл елдің белгілі жо­ғары оқу орындарында қазақ­стан­дық жастар дәріс алады және мамандарымыз кәсіби шеберлігін жетілдіру курстарынан өтеді. Мәде­ниет саласында екіжақты байла­ныс­тар нығайып келеді. Үнді кине­матографистері Алматыда өтетін халықаралық “Еуразия” кинофес­ти­валіне тұрақты түрде қатысады. Туризм саласындағы байланыстар да соңғы жылдары өркен жайды. 2006 жылдан бері еліміздің елшілігі жыл сайын “Іndіa-Kazakhstan­Tou­rusm Faіr” атты Қазақстан-Үндістан жәрмеңкесін тұрақты өткізіп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Үндістан Республикасында бас­талған төртінші мемле­кеттік са­па­ры барысында Үндістан Прези­денті­мен, Вице-президентімен және Үндістан Пар­ламенті жоғарғы палатасының төрағасы Х.Ан­са­ри­мен, сондай-ақ Үндістан Премьер-ми­нистрімен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. Осы жолғы сапарда Елбасымен Үндістанға 100-ден астам қазақстандық бизнес өкілдері келген болатын. Сапар барысында Президент Нұрсұл­тан Назарбаев екі елдің іскер топтарының бизнес фору­мы­на қатысады. Сонымен бірге, екі ел арасында атом энер­гети­касы, ға­рыш­ты бейбіт мақсатта игеру, мұ­най және газ, ғылыми технология, білім беру және басқа сапалар бой­ынша бірқатар келісімдерге қол жет­кізілмек

Үндістан кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын

Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған «Үндістан ЭКСПО-2009» халықаралық көрмесінде осы елдің сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері мәлімдеді. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді елінің Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастыруына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар айында Үндістанға жасаған сапары себеп болды. Естеріңізде болса, сол жолғы сапарда мемлекеттік деңгейде бірқатар келісімдерге қол қойылған болатын. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында да екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді мәдениеті қазақстандықтар үшін таңсық емес. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін Митхун Чакробортидің фильмдерін әлі күнге асқан қызығушылықпен тамашалайды. Бұдан жақсы хабардар үнділер енді өздерін қазақ жұртына жаңа қырынан көрсетуді көздеп отыр. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастырудың мақсаты да сол. Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту.

Раджан Мадху, Үндістан-ТМД Сауда-өндірістік палатасының президенті

Біз осы кезге дейін шетелдерде 34 көрме ұйымдастырғанбыз. Бірақ, Қазақстандағы көрмеге қатысқысы келгендер көп болды. Өкінішке орай, біз солардың арасынан тек 70 компания өкілдерін ғана алып келдік. Барлығы дерлік, жергілікті компаниялармен әріптестік орнатқысы келеді. Қазақстан минералды ресурстарға бай мемлекет. Экономикасы да қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан біздің бір-бірімізге береріміз бен аларымыз да көп. Қазақ елінің дәмі бұйырып, көрмеге қатысу бақытына ие болғандардың дені-Үндістанның тоқыма өнеркәсібі, машинажасау, ауылшаруашылығы, ақпараттық технология және медицина салалары бойынша ең үздік деген кәсіпорын өкілдері. Олар көрмеге қойған көздің жауын алатын әшекей бұйымдар мен жібектен тігілген киім-кешектер қыз-келіншектердің назарынан тыс қалмады. Мұхит асып әкелінген үнді шәйінің дәмін татып, сатып алуға көпшілік тіпті кезекке тұрды. Жылына Қазақстанға 1,5 мың тонна шәй жеткізіп отырған үнді кәсіпкерлері осы көрмеден соң сұраныстың арта түсетінінен үмітті.

Амитош Сингх Чаухан, Үндістандық кәсіпкер

Қазақстан халқы, әсірісе қазақтар шәйді жақсы таңдай біледі. Сондықтан біз де 11 жылдан бері қазақстандықтарды сапалы шәймен қамтамасыз етуге тырысып келеміз. Мұндай көрмелердің біз үшін маңызы зор. Өйткені мұнда көпшіліктің сұранысын біліп, талғамынан шығу үшін, тағы қандай шәйдің сорттарын сатуға болатынын анықтайсың. Іскерлік қарым-қатынас орнататын серіктес табасың. Серіктес демекші, жалпы Қазақстан мен Үндістан арасындағы алыс-беріс жаман емес. 2007 жылы 196 миллион болған екі ел арасындағы тауарайналымы былтыр 88 пайызға өсіп, 368 миллион долларды құрады. Үндістан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің қарым-қатынасы бұған дейін негізінен мұнай және газ, ядролық энергетика салаларында дамып келді. Тараптар бұдан былай ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асырмақ ниетте. Сондай-ақ үнді кәсіпкерлері Қазақстанда фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Нақты келісімдерге үш күнге созылатын көрмеден кейін қол қойылады.

Үндістан мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы әріптестігі туралы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары шеңберінде Үндістанның Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) ядролық-энергетикалық корпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дели каласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. NPCIL Басқарма төрағасы және Басқарушы директоры Шреянс Кумар Джайн мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Президенті Мұхтар Жәкішев аталған құжатқа қол қойып, оны ресми түрде бекітті. Меморандум екі компанияның жан-жақты ауқымды мәселелер төңірегінде бірлесіп ынтымақтасу ықыласын растайды, соның ішінде табиғи уран өндіру және жеткізіп тұру, отандық уран өнімін отын таблеткалары және Үндістан атом энергетикасына арналған отын құрамалары түрінде жеткізу, қызметкерлерді оқытып, біліктілігін арттыру сияқты екі жаққа да тиімді, өзекті мәселелер.  Сондай-ақ, құжатта Казақстан аумағында үнділік дизайндағы (PHWR) реакторлар негізінде атом энергетикасы нысандарының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мүмкіндігі қозғалған. Шреянс Кумар Джайн атап өткендей, «Меморандум екі елдің ұзақ мерзімді әріптестік бойынша маңызды пікірталас жүргізу ықыласының жемісі болып табылады». М.Жәкішев, өз тарапынан, «қол қойылған құжат дер кезінде, екіжақты тиімді етіп жасалды және ол қос елдің іскерлік және саяси байланыстар өрісін айтарлықтай кеңейтуді көздеген ниеттерін көрсетеді», — деп атап өтті. Үндістанның ядролық-энергетикалық корпорациясы Үндістан үкіметінің Атом энергетикасы департаментінің әкімшілік басқармасына бағынышты мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Компания 1987 жылдың қыркүйек айында құрылып, тіркелген және оның мақсаты атом электрстансаларын басқару және Үндістанның үкіметтік бағдарламаларына сәйкес электр энергиясын өндіру үшін атом энергетикалық жобаларды іске енгізу. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, сирек металдар металлургиясы және конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.