Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы жылдың 23 ақпанында орнатылды. Үндістан Респуьликасының Елшілігі Алматыда 1992 жылдың мамырында ашылды. Астанада Үндістан Республикасының Елшілігінің өкілдігі жұмыс істейді. 1993 жылы қарашасында Делиде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Саяси ынтымақтастық. 1992 жылдың ақпанын Президент Н.Назарбаевтың Индияға бірінші ресми сапары болды. Оның барысында мемлекетаралық қарым-қатынастыңі негізгі қағидалары мен бағыттары Декларациясына, Дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Хаттама, сауда-экономика, ғылым мен техногиялар, сондай-ақ мәдениет, өнер, білім, ақпарат құралдары және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Қазақстанға Үндістан Премьер Министрінің (1993 жылдың қыркүйегі) ресми сапарлары кезінде екі жақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан – Үндістан үкіметаралық комиссиясын құру келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы тауар айналымының көрсеткіштеріне тоқталсақ, олар мынадай: 2005 жылы – 120,8 млн. доллар деңгейіне жетті (Қазақстандық экспорт – 19,9 млн. доллар, импорт – 100,9 млн. доллар). 2004 жылы 96,6 млн. доллар болған еді (Қазақстандық экспорт – 10,6 млн. доллар, импорт – 86 млн. доллар). Үндістанға шығарылатын тауарлар: минералдық өнімдер, былғары шикізаты, былғары, елтірі (аң терісі), тері шикізаты және онан жасалған бұйымдар, қымбат емес жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық жабдықтар. Қазақстанға Үндістаннан әкелінетін таурлар: өсімдік өнімдері, алкогольдық және алкогольсіз ішімдіктер, уксус, темекі, минералдық өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері, пластмасса, каучук пен резина бұйымдары, қымбат емес металдар мен онан жасалған бұйымдар, электротехникалық бұйымдар, машина жабдықтары мен механизмдері, приборлар мен оптикалық фото және басқа да аппараттар, сағаттар және музыкалық аспаптар.
2007 жылға өзекті экономикалық айқындағыш пен статистика
ЖІӨ — 1,100. 7 млрд. АҚШ долл.
ЖІӨ халық жанына – 942 АҚШ долл.
ЖІӨ нақты өсімі – 9,3 %
Инфляция – 5,5 %
Иран мен Пәкістан арасында қол қойылып, 25 жылға арналған энергия келісіміне орай Иран елі күн сайын 150 миллион текше метрдей газын Пәкістанға жеткізбекші. Иран-Пәкістан-Үндістан газ құбыры жөнінде біраздан бері көп айтылған емес. Алайда Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің мамырдың 24-дегі кездесуінен кейін біраз жайт өзгергендей.
Қос ел компаниялары басшылары қол қойған бұл келісім бойынша Иранның Асалоуе қаласынан басталатын газ құбыры Пәкістан арқылы Үндістанға жетпекші. Дей тұрғанмен, осы жолмен Иран газының жүріп өтуі үшін талай кедергілерді жеңу керек болады. Алғашқы сауал қаржыны қайдан табуға болатынына тірелмекші. Ең әуелі Ираннан Пәкістанға қарай 2100 километрдей газ құбыры, содан кейін Үндістанға қарай жалғасатын 600 километрдей құбыр салынбақшы. Алайда аталған газ құбыры жобасына халықаралық қаржы қорлары қолдау көрсете қойған жоқ. Оған себеп-Иранның ядролық бағдарламасына байланысты әлемдік ұстаным.
Халықаралық даму банкі сияқты қаржы қоры болса, аталған газ құбырына бақталас боп отырған Түркменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ жобасын қолдап отыр. Дей тұрғанмен бұл қос жобаға да ортақ бір қиындық бар. Ол-аталған құбырлардың Балужистан арқылы өтетіндігі. Пәкістандағы осы Балужистан аймағының ұлтшылдары қазірдің өзінде бірнеше құбырларды жарып үлгерді. Олар Балужистанның ресми Исламабадтан тәуелсіз болуы жолында күресіп келеді. Қос президент те бұл келісімге қол қойылуын қызу қуаттай келіп, аталған бейбітшілік құбырын салуға уәделесті. Пәкістанның мұнай мен табиғи ресурстар бойынша кеңесшісі Асим Хусайнның айтуынша, Пәкістан мен Иран ресми келісімшартқа 15 күн ішінде, үшінші елде қол қоятын болады.
Дей тұрғанмен ол үшінші ел Үндістан болуы мүмкін. Мұның өзі аталған құбыр жобасы тағдырын одан арі шырғалаңға салатын сыңайлы. Себебі Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастар проблемасы бұл жобаға әсер етпекші. Тіпті Үндістан бұл жобадан шыққысы келген жағдайда да, Иранмен арасында газ құбырын салатынын Пәкістан айқын мәлімдеді. Иран және Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жаңа құбыр жобасы алдағы үш немесе төрт жыл ішінде басталып, бес жылдан кейін аяқталуы мүмкін.
Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):
- Энерготасымалдаушылар – 68,5 %,
- Қара металдар – 27, 9 %,
- Органикалық емес химиялық өнімдер: құнды металдың органикалық немесе органикалық емес қосылуы, жер бетінде сирек кездесетін металдар, радиоактивті элемент немесе изотоп – 2,5 %,
- Басқалары
Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):
- Фармацевтік өнім – 39,7 млн. АҚШ долл.
- Кофе, шай, мате немесе парагвайский чай және тәттілер – 32,1 млн.АҚШ долл.
- Ядролық реакторлар, механикалық құрылымдар мен жабдықтар, қазандықтар; олардың бөліктері – 16,9 млн. АҚШ долл,
- Алюминий және одан жасалатын бұйымдар – 13,1 млн. долл. АҚШ,
Сарапшылардың пікірінше, қазір 1 миллиард 100 миллионнан астам халқы бар Үндістан таяу болашақта әлемдегі дамыған әрі қуатты мемлекеттердің біріне айналмақ. Біздің ойымызша, сарапшылар сәл кешіккен сияқты. Себебі, Үндістан қазірдің өзінде өндіріс көлемі жағынан әлемдік көшбасшылар қатарына қосылды. Сатып алу сұранысының мүмкіндігімен есептегенде, бұл ел ІЖӨ өсімі бойынша кәрі құрлықтың Италия, Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттерін басып озып, тек АҚШ, Қытай және Жапонияға ғана жол беріп келеді. Қазір Үндістан Республикасы ІЖӨ-сінің көлемі 1 триллион 100 миллиард долларды құрайды. Елдің алтын-волюта қоры 300 миллиард доллардан асты. Үндістанның стратегиялық даму жоспары бойынша 2025 жылдары ол өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы тиіс.
Бүкіл әлем әлі күнге дейін Үндістанды өткен ғасырлардың көне дәстүрлерімен өмір сүретін жұмбақ та патриархалды мемлекет санайды. Бірақ бүгінгі Үндістан мүлде басқа. Елдің экономикасы жедел дамып, ғылыми-техникалық жетістіктері таңқалдырады. Өткен жылы Үндістан алғаш рет Айға адамсыз басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бүгінде үндістандықтар АҚШ пен Жапония үлгілеріне ғана үстемдік беретін қуатты компьютерлер шығарады. Елдің білім беру сапасы да жақсы өркендеген.
Ағылшын тілін білетін білікті ғылыми-техникалық кадрлар даярлаудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Үндістан жыл сайын ғылыми ізденіс және сапалы білім беру бағдарламаларына мемлекеттік бюджеттің 70 пайызына жуығын жұмсайды.
Қазіргі таңда Үндістан үкіметі Орталық Азияда өз мүдделерін белсенді жүргізу мақсатын алға қойып отыр. Бұл ретте олар Қазақстан-Үндістан байланысын нығайтуға ерекше қызығушылық танытып келеді. Үндістан Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың ақпан айында орнаған. Сол жылғы ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанда арнайы сапармен болды. Сапар барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидаттары мен бағыттары жөніндегі декларацияға және Дипломатиялық қатынастарды орнықтыру жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 1996 жылғы желтоқсанда Елбасы екінші рет бұл елге ресми сапармен келді. Бұл жолы мемлекеттер басшылары Екі жақты салық салмау туралы конвенцияға, Өзара инвестицияларды қолдау және қорғау жөніндегі келісімге қол қойды. Ал Қазақстан басшысының 2002 жылы ақпанда болған кезекті сапары барысында Қазақстан-Үндістан біріккен декларациясына қол қойылды. Сол жылы Үндістанның Премьер-министрі А.Б.Ваджпай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген АӨСШК-нің бірінші саммитіне қатысу үшін Қазақстанға арнайы сапармен келді.
Әлемдік қоғамдастықта беделді де ықпалды Азия алыбы осыдан тура 17 жыл бұрын Қазақстанға достық пейілін танытса, содан бергі өткен кезеңде Үндістан Қазақстан басшысының халықаралық дәрежедегі барлық игі бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Екі ел арасындағы байланыс барған сайын нығайып, уақыт өткен сайын берік тұғырлар биігінен көрінуде. Қазақстан-Үндістан мемлекеттері арасындағы тауар айналымының өткен жылдың 11 айында 308 миллион доллардан асып түсуі де соның айғағы. Екі ел арасында энергетика, мұнай-химия, фармацевтика, ақпараттық технология, туризм, ғылыми-техникалық және білім салалары бойынша жасалатын байланыстарға басымдық берілген.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени байланыстар жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия аясында ақпараттық технология, мұнай-газ, тоқыма-өндіріс, әскери-техникалық ынтымақтастық, халықаралық терроризмге қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылған. Сол сияқты Ғылыми-техникалық байланыстар жөніндегі қосымша комитет жұмыс істейді. Үндістанмен техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде бұл елдің белгілі жоғары оқу орындарында қазақстандық жастар дәріс алады және мамандарымыз кәсіби шеберлігін жетілдіру курстарынан өтеді. Мәдениет саласында екіжақты байланыстар нығайып келеді. Үнді кинематографистері Алматыда өтетін халықаралық “Еуразия” кинофестиваліне тұрақты түрде қатысады. Туризм саласындағы байланыстар да соңғы жылдары өркен жайды. 2006 жылдан бері еліміздің елшілігі жыл сайын “Іndіa-KazakhstanTourusm Faіr” атты Қазақстан-Үндістан жәрмеңкесін тұрақты өткізіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістан Республикасында басталған төртінші мемлекеттік сапары барысында Үндістан Президентімен, Вице-президентімен және Үндістан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Х.Ансаримен, сондай-ақ Үндістан Премьер-министрімен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. Осы жолғы сапарда Елбасымен Үндістанға 100-ден астам қазақстандық бизнес өкілдері келген болатын. Сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің іскер топтарының бизнес форумына қатысады. Сонымен бірге, екі ел арасында атом энергетикасы, ғарышты бейбіт мақсатта игеру, мұнай және газ, ғылыми технология, білім беру және басқа сапалар бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілмек
Үндістан кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын
Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған «Үндістан ЭКСПО-2009» халықаралық көрмесінде осы елдің сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері мәлімдеді. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді елінің Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастыруына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар айында Үндістанға жасаған сапары себеп болды. Естеріңізде болса, сол жолғы сапарда мемлекеттік деңгейде бірқатар келісімдерге қол қойылған болатын. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында да екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді мәдениеті қазақстандықтар үшін таңсық емес. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін Митхун Чакробортидің фильмдерін әлі күнге асқан қызығушылықпен тамашалайды. Бұдан жақсы хабардар үнділер енді өздерін қазақ жұртына жаңа қырынан көрсетуді көздеп отыр. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастырудың мақсаты да сол. Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту.
Раджан Мадху, Үндістан-ТМД Сауда-өндірістік палатасының президенті
Біз осы кезге дейін шетелдерде 34 көрме ұйымдастырғанбыз. Бірақ, Қазақстандағы көрмеге қатысқысы келгендер көп болды. Өкінішке орай, біз солардың арасынан тек 70 компания өкілдерін ғана алып келдік. Барлығы дерлік, жергілікті компаниялармен әріптестік орнатқысы келеді. Қазақстан минералды ресурстарға бай мемлекет. Экономикасы да қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан біздің бір-бірімізге береріміз бен аларымыз да көп. Қазақ елінің дәмі бұйырып, көрмеге қатысу бақытына ие болғандардың дені-Үндістанның тоқыма өнеркәсібі, машинажасау, ауылшаруашылығы, ақпараттық технология және медицина салалары бойынша ең үздік деген кәсіпорын өкілдері. Олар көрмеге қойған көздің жауын алатын әшекей бұйымдар мен жібектен тігілген киім-кешектер қыз-келіншектердің назарынан тыс қалмады. Мұхит асып әкелінген үнді шәйінің дәмін татып, сатып алуға көпшілік тіпті кезекке тұрды. Жылына Қазақстанға 1,5 мың тонна шәй жеткізіп отырған үнді кәсіпкерлері осы көрмеден соң сұраныстың арта түсетінінен үмітті.
Амитош Сингх Чаухан, Үндістандық кәсіпкер
Қазақстан халқы, әсірісе қазақтар шәйді жақсы таңдай біледі. Сондықтан біз де 11 жылдан бері қазақстандықтарды сапалы шәймен қамтамасыз етуге тырысып келеміз. Мұндай көрмелердің біз үшін маңызы зор. Өйткені мұнда көпшіліктің сұранысын біліп, талғамынан шығу үшін, тағы қандай шәйдің сорттарын сатуға болатынын анықтайсың. Іскерлік қарым-қатынас орнататын серіктес табасың. Серіктес демекші, жалпы Қазақстан мен Үндістан арасындағы алыс-беріс жаман емес. 2007 жылы 196 миллион болған екі ел арасындағы тауарайналымы былтыр 88 пайызға өсіп, 368 миллион долларды құрады. Үндістан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің қарым-қатынасы бұған дейін негізінен мұнай және газ, ядролық энергетика салаларында дамып келді. Тараптар бұдан былай ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асырмақ ниетте. Сондай-ақ үнді кәсіпкерлері Қазақстанда фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Нақты келісімдерге үш күнге созылатын көрмеден кейін қол қойылады.
Үндістан мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы әріптестігі туралы
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары шеңберінде Үндістанның Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) ядролық-энергетикалық корпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дели каласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. NPCIL Басқарма төрағасы және Басқарушы директоры Шреянс Кумар Джайн мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Президенті Мұхтар Жәкішев аталған құжатқа қол қойып, оны ресми түрде бекітті. Меморандум екі компанияның жан-жақты ауқымды мәселелер төңірегінде бірлесіп ынтымақтасу ықыласын растайды, соның ішінде табиғи уран өндіру және жеткізіп тұру, отандық уран өнімін отын таблеткалары және Үндістан атом энергетикасына арналған отын құрамалары түрінде жеткізу, қызметкерлерді оқытып, біліктілігін арттыру сияқты екі жаққа да тиімді, өзекті мәселелер. Сондай-ақ, құжатта Казақстан аумағында үнділік дизайндағы (PHWR) реакторлар негізінде атом энергетикасы нысандарының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мүмкіндігі қозғалған. Шреянс Кумар Джайн атап өткендей, «Меморандум екі елдің ұзақ мерзімді әріптестік бойынша маңызды пікірталас жүргізу ықыласының жемісі болып табылады». М.Жәкішев, өз тарапынан, «қол қойылған құжат дер кезінде, екіжақты тиімді етіп жасалды және ол қос елдің іскерлік және саяси байланыстар өрісін айтарлықтай кеңейтуді көздеген ниеттерін көрсетеді», — деп атап өтті. Үндістанның ядролық-энергетикалық корпорациясы Үндістан үкіметінің Атом энергетикасы департаментінің әкімшілік басқармасына бағынышты мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Компания 1987 жылдың қыркүйек айында құрылып, тіркелген және оның мақсаты атом электрстансаларын басқару және Үндістанның үкіметтік бағдарламаларына сәйкес электр энергиясын өндіру үшін атом энергетикалық жобаларды іске енгізу. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, сирек металдар металлургиясы және конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.