Туризм саласы Үндістанда көне заманнан бері дамып келеді. Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Жаһандағы жеті керемет соның айғағы. Арада ғасырлар ізі өтсе де, олар адамзат баласын таңдандырып, тамсандырып келеді. Жұрт сол ғажайып ғимараттарды қайта-қайта көргісі келеді, соған сапар шегу үшін қаражат жинайды.
Санаға сыймастай сұлулықты, не болмаса, ақылмен өлшенбейтіндей ғажайыпты тамашалап, көңіліне тоқуды, сол арқылы таңдай қағып, бас шайқап, өміріне ләззат алуды, соны жан-дүниесіне сіңіріп, рухани азық етуді ойлайды. Жеті керемет, жеті асыл тас, жеті ақын, жеті қолбасшы. Жеті цифрды, яғни, жеті атауды тек атамыз қазақ емес, жер үстін мекендеген халықтардың бәрі ерекше құрметтеген екен. Ұлы Абай:
Фзули,Шәмен, Сәйхали,
Новои,Сағди,Фирдоуси,
Хожа Хафиз – бу һәммаси
Мәдәт бер шағири фәрияд,
– деп жеті ақын-ойшылдарға бас иіп тебіренеді.
Жеті керемет, жеті ғажайыптың бірі – Тәжмахал, мұны Үндістан халқы «Сиқыр сарай» дейтін көрінеді. Сол Тәжмахал он сегіз жыл бойына 20 мың жұмысшының қолымен Шахжихан патшаның бұйрығымен 1632 жылы басталып, 1650 жылға дейін салынады. Бұл ғажайыпты салушы – Иса есімді ұста екен. Тарих осылай деп сыр шертеді. «Алып қиял ойға алғанды – анық зергер орындаған» деген аңыз сөзді бұл керемет ғимарат дәлелдеп тұр дейді.
…Тәжмахал – аймен түнде астасады,
Екеуі сырласады, бас қосады.
Біреуі көктің сырын шежіре етсе,
Біреуі жердің сырын
айтып мүлдем,
Екеуі сөйтіп мәңгі достасады,– деп марқұм ақын Марат Отаралиев жырлағаны еріксіз еске түседі.
Осындай кереметті сөз етіп отырғандағы айтқымыз келетіндігі – Тәуелсіз Қазақстандағы туризмді өркендетудің әлі етек жайып, нақты табыс көзіне айналуда әлсіздік білдіріп отырғандығы. Сөз жоқ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға да ерекше қамқорлық көрсетті. Туризм және спорт министрлігін ашып берді. Министрлікке жаңа ғимарат, қызметкерлеріне үй- жай бөлді. Қаражаттан қысымшылық көрсетпей, бюджеттен ағыл-тегіл ақша берді. Сөйлеген сөздерінде, жылма-жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұл салаға мейлінше бағыт-бағдар көрсетіп отырды.
Туризм негізінен екі салаға бөлінетіндігі көпшілікке белгілі. Бірі — өркениетті шет мемелекеттерден біздің елдің көрікті жерлеріне саяхаттап келуі, екіншісі, біздің адамдардың шетелге саяхат жасауы. Негізгі табыс көзі – шетелдермен туристік байланысты күшейтіп, елімізге келетін туристер легінің көп болуынан түсетіні ақиқат жай. Ал өз ішіміздегі туризмді дамытудың басты құралы – жарнама екені айдан анық.
Біздің елімізде Тәжмахалдай, Эйфель мұнарадай, Египет пирамидасындай, Қытай қорғанындай, Рум ескерткішіндей (Венеция), тіпті Самарқан, Бұхарадағы мавзолей-кешендердей халықтың құмарын арттыратын ғасыр ғажайыптары, әрине, жоқтың қасы. Ғасырлар көзінен сыр шертетін, оның құпиясынан мол дерек беретін тек қана алып ғимарат Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі. Мұның өзі де сәтсіз жасалынған күрделі жөндеуден кейін көп нәрсесін жоғалтып, айшықты ажарынан айырыла бастады. Ал Айшбибі,Алашахан,Жошыхан мазарлары шетелдік туристер үшін айтарлықтай көрініс емес сыңайлы.
Айта кететін бір жайт, мысалы, 40 миллиондай халқы бар Испания мемлекетінің бір табыс көзі – туризм. Оларда туризм – сан салалы дамыған. Ауа-райы жылы, жұмсақ, табиғаты – шұрайлы. Қалай болғанда да мемлекет осы саланы дамытып, қаражат көзіне айналдырып отырғаны сүйсіндіреді. Италияның 58 миллион, Францияның 60 миллион халқының табыс көзінің бір бөлшегі – осы туризм арқылы түсетіні жалған емес. Ал біз бастапқыда сөз еткен Үндістанда да туризм саласы жан-жақты жетілдіріліп, өрісін тауып, мемлекетке қаражаттан көмектесіп отырған көрінеді. Мысалы, осы Үндістанға жылына сан мыңдаған адам туристік жолдамамен келсе, тек Тәж-Мақалды тамашалауға туристік саяхатпен бір ай көлемінде 10-15 мың адам адам саяхат жасайтын көрінеді. Мұның не сиқыры барын біз білмесек те, елі біледі. Өйткені, олар үшін туризм – табыс көзі[7].
Дели қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Біздің еліміздің, қазіргі келбеті және инфрақұрылымы бар, жас астанасы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады.
Дели қаласында 2008 жылдың 1 қаңтарына қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 61 туристік фирма және 96 қонақ үйі жұмыс істеді. 2007 жылы қаланың туристік фирмаларымен және қонақ үйлерімен 455,1 мың туристке қызмет көрсетілді, соның ішінде ішкі туризмі 92,4 мың адам, шығу – 26,3 мың адам құрады. Ең үлкен үлес салмақ келу туризмге тиесілі – 336,5 мың адам (73,9%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2006 жылмен салыстырғанда 33,7%-ға немесе 114,8 мың адамға көбейді. 2006 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен, бұл өсім, негізінен келу туризмі есебінен болды.