Ауыл шаруашылығында да елеулі өзгерістер болды. Онда жүргізілген реформалар капиталистік шаруашылықты нығайтып, арендаторлардың жағдайын жақсартты. Ауыл шаруашылық өнімдері жылдан-жылға өсуде. Үндістан елдің астыққа деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Күріш өндіруден дүние жүзінде екінші орында.
Ел экономикасының негізгі секторы ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Ел аумағының басым бөлігінің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы болып келеді. Муссондық жауын-шашынның жыл ішіндегі үлесі егістік жұмыстарын екі маусымда жүргізуге: жазғы (хариф) егінді мамырда егіп, қазан-қарашада, ал қысқы (раби) егінді қарашада егіп, мамырда жиып-теріп алуға мүмкіндік береді. Елде 141 млн га жер өңделеді, оның 84 млн га-сы суармалы жер.
Үкімет тарапынан жасалған көмектер нәтижесінде кейбір дәнді дақылдардың өнімі артты.
Егіс көлемінің 80%-на жуығын азық-түлік дақылдары (күріш, бидай, тары, бұршақ тұқымдастар) құрайды. Күріш дақылы, негізінен, теңіз маңы ойпаттарында және Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы суармалы жерлерде, тары тұқымдастар Декан таулы үстіртінде егіледі. Техникалық дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер (рапс, үпілмәлік, жержаңғақ) өсіріледі. Мақтаның дені Декан таулы үстіртінің солтүстік-батысындағы лава бетінде пайда болған қара топырақты жерлерде егіледі. Мұндай топырақ ылғалды ұзақ сақтайтындықтан, мақта егістігі суарылмай-ақ жетіледі. Экспортқа шығарылатын басты дақыл – шай. Шығыс Гималайдың бөктерінде өсіріледі. Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны жөнінен Үндістан дүние жүзінде бірінші орында және олар түгел дерлік (қодас, сиыр) күш көлігі ретінде пайданылады. Құс шаруашылығы жақсы дамыған.
Балық аулаудың жылдық көрсеткіші 3 млн тоннаға жақындады (бұл көрсеткіш бойынша Үндістан дүние жүзіндегі елдердің ондығына кіреді). Дегенмен де миллиондаған адамдар, әсіресе оңтүстікте өте кедейшілік ғұмыр кешуде.
Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету секторы жоғары қарқынмен дамуда[5].
Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестіктері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
Үндістанда 800 млн. адам күніне жарты долларға өмір сүреді, ал 200 млн. адам кедейлік құрсауында. Сөйте тұра, ғарыш державасы атанудан үміткер. Сондай-ақ, Үндістан денсаулық сақтау мен әскери салада Азияда алдыңғы қатарда. Тағы бір назар аударатын жәйт — ол, халықтар бірлігі.
Үндістанда 800 млн. адам күніне жарты долларға өмір сүреді, ал 200 млн. адам кедейлік құрсауында. Сөйте тұра, ғарыш державасы атанудан үміткер. Сондай-ақ, Үндістан денсаулық сақтау мен әскери салада Азияда алдыңғы қатарда.
Үндістанға бара қалсаңыз бірден көше саудасына көз саласыз. Себебі, бұл елде кәсіптің осы түрі қарқынды дамыған. Сондықтан болар, оның экономикадағы орны да ерекше. Сондай-ақ, бизнестен де басқа назар аударарлық жәйттер бар. Ол — халық бірлігі. Бұрнағы кездегі халық арасындағы бай мен кедей деген түсінік бүгінде ұмытылып келеді. Бұл орайда Үкімет әлеуметтің қатты жіктелмеуін жіті қадағалауды қолға алған.
Тағы бір айта кетерлігі, Дели көшелерінде біздегідей қаптаған шетел авто көліктерін көрмейсіз. Барлығына ортақ — отандық көлік – «Амбассадор көлігі».
Соңғы он жылда айтарлықтай экономикалық реформалар Үндістанға ең серпінді әрі жылдам даму үстіңдегі елдердің біріне айналуға көмектесті. Үндістан – болашақта әрі қарайғы өсімі бар үлкен, диверсифицирленген экономика, өйткені көпшілік азиялық нарық ортасында барынша ықпалды бола түсуде. Сол уақытта ортамерзімді және ұзақмерзімді болашақтағы өсім қарқыны тәрізділер жүргізіліп жатқан реформаларды қамту деңгейі мен жылдамдыққа айтарлықтай дәрежеде байланысты, қанша барлық азиялық экономика қысқарту, әлде өсімнің азаюын күтіп отырғанда, үнді нарығын көзге ілмеу мүмкін емес. 1991 жылдан бастап, Үндістан жекеше секторға үнді экономикасының бұрын мемлекеттік реттеуге жатқан көптеген салаларына жол ашты. (шетелдіктерді қосқанда) Телекоммуникация, инфрақұрылым, энергетика, мұнай мен көлік секторы саласындағы бәсекелестік белсенді қолдауға ие.
Қазіргі кездеҮндістанда ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі жақсы дамыған, штаттар арасында экономикалық байланыс жүйесі кең әрі күрделі.
Минералды шикізаттарға бай солтүстік-шығыс штаттарда, Домадор өзенінің аңғалрында ауыр өнеркәсіптің ірі ауданы пайда болды. Сонымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің негізі болған күріш егісі, джут және шай өндірісінің барлығы дерлік осы жерде шоғырланған.
Солтүстік-батыс штаттарда кенді шикізат пен отын жоқтың қасы. Сатледж өзенінде салынған қуатты Бхакра-Нангал су электр станциясының қуатын пайдаланатын, металды аз жұмсайтын машина жасау кәсіпорындары бар. Мұнда металл солтүстік-шығыс штаттардан әкелінеді. Ал Бхакра-Нангал бөгені бидай мен әр түрлі техникалық дақылдар өсіретін суармалы жерлерді кеңейтуге ықпал жасады. Бұл штаттарда Үндістанның өзге штаттарымен салыстырғанда техниканы көптеп пайдаланатын капиталистік шаруашылықтар көп.
Ең ірі өнеркәсіп орталығы – Дели қаласы. Атқаратын қызметі мен сыртқы сипатына қарай Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып бөлінеді.
Жаңа Делиде іскер орталық пен ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда еуропалық стильмен салынған кварталдар бар., ал ескі қалада ұсақ шеберханалар мен жұмысшы халық тұратын кварталдар орналасқан.
Батыс және Орталық штаттарда тары тұқымдастар мен мақта өсіріледі. Мұнда мақта-мата өндірісінің өнеркәсіп кешені қалыптасқан. Соңғы кезде мұнай кен орындары ашылуына орай мұнай өңдеу мен мұнай химия өнеркәсібі қалыптасуда. Мумбайдың аса зор қала агломерациясында түрлі профильді машина жасау зауыттары орналасқан. Сонымен қатар электротехникалық кәсіпорындар мен елдегі тұңғыш атом реакторы салынды.
Мумбай қаласында көптеген ғылыми зерттеу институттары, университет, бірнеше киностудия бар. Онда шетел туристері үшін жағажайлар жабдықталып, қонақүйлер салынған.
Оңтүстік штаттар күріш, көкөністер мен кокос жаңғағын өсіруге маманданған. Мадрас қаласындағы кәсіпорындар ауылшаруашлығы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысады. Бангалор және өзге де ішкі қалаларда көлік машиналарын жасау, станок жасау зауыттары бар[6].