Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс және батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында ылғалды тропиктік орман, ал батысындағы Тар шөлі құрғақ аймаққа болып табылады.
Елдің солтүстігін әлемдегі ең биік Гималай таулары алып жатыр. Үндістан аумағында: Чогори (8611 м) – әлемдегі екінші шың және Қарақорым тау жүйесінің ең биік нүктесі, Канченджанга (8586 м) – әлемдегі үшінші шың, Нангапарбат (8126 м) орналасқан.
Басты өзендері: Ганг, Үнді, Брахмапутра және Годавари.
Пайдалы қазбалары: көмір (көмір қоры жөнінен төртінші орын), темір кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас.
Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық жерінің 23%-ы алып жатыр.
Елдің кең-байтақ аумағы климаттық жағдайдың өзгешелігімен сипатталады. Жыл ішінде үш маусым бір-бірімен ерекшеленеді: Үндістанның көп бөлігінде қыс айлары іс жүзінде құрғақ, тек солтүстік-батыста циклонға байланысты қысқы жауын-шашын тіпті жазғы жауын-шашыннан молырақ болады. Наурыз айынан бастап ауаның температурасы жылдам өседі де, мамырдың соңында ең жоғарғы шегіне жетеді (кейбір аудандарда +40ºС-қа дейін). Маусым айында жаңбырлы маусым басталады. Ауаның температурасы шұғыл төмендеп, ылғалдылығы 95% және одан жоғарыға көтеріледі. Қыркүйек айында муссон кетеді де, ауаның температурасы 25 – 27ºС шамасында тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклонның келуі дауылға, тіпті тайфунға ұласады (желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ге жетеді).
Табиғи ресурстар – табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте тікелей қолданып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайды.
Ежелгі адамдар тамаққа өсімдіктердің аздаған түрі мен жануарларды қолданды. Кейінірек егін шаруашылығына топырақты өңдеп, қола мен темір өндіре бастады. Қазіргі шаруашылықта ашылған барлық химиялық элементтермен қатар атом ядросының энергиясы қолданылады. Тіпті су мен ауаның өзі ағаш пен кен сияқты шикізатқа айналады[3].
Олардың түрлерін анықтап, тиімді пайдалану үшін ғалымдар классификациялар жасады.
1-Сызба табиғат ресурстарының классификацисы
1-сызба. Табиғат ресурстарының классификациясы(жалғасы.)
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға:
- барланған кен орындарынан барлық құнды заттарды негұрлым толық алу;
- жаңа кен қабаттарын ашу;
- өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен отынды үнемдеу үшін алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану.
Экономикалық тұрғыдан бағалаусыз табиғат ресурстарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Мысалы, пайдалы қазбаларға баға бергенде:
- мөлшері (қоры);
- сапасы (құрамы және пайдалы элементтердің үлесі);
- шөгінді қабатының және өндірудің жағдайы (тереңдігі, қабаттарының қалыңдығы);
- өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын мөлшері;
- жердің игерілуі мен қоныстануы;
- көлік жолдары мен өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығын;
қоршаған табиғи ортаны мсақтап қалу мүмкіндігі есепке алынады.