Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика. Нью-Делидегі орталық үкімет қорғаныс, коммуникация, банктік іс пен қаржы, халықаралық сауда мен шетелдік іс сияқты ұлттық көлемдегі барлық мәселелер бойынша бірыңғай юрисдикциясы бар. Мемлекеттік басқару қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық пен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша бірінші болып жауапкершілік алады. Ағымдағы оңшыл үкімет – бір неше саяси партиялардың коалициясы, себебі Бірлескен Озық Альянс құру үшін. AusTrade мәліметін ағылшын тілінен аудыру.
Сауда қатынасы мен статистика. Үндістан – БСҰ Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше және бейбітшілік пен қосылмау қағидаларына негізілдеген жақсы дамыған ішкі саясаты бар. Бұдан басқа, ел Бірлескен Ұлттар Ұйымының және ұлттар Достастығының мүшесі. Үндістан – Оңтүстік-Азияның Аймақтық Ынтымақтастық Қауымдастығы мүшесі.
Үндістан Республикасы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалынған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жарияланған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен министрлер кеңесінен басқарушы премьер-министр қолында. Заң шығарушы екі палаталы парламент (сансад) тарапынан жүзеге асырылады. Жоғарғы палата – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан Ұлттық конгресі (ҮҰК), Бхаратия джаната партиясы.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен дәлелденген. Әлемнің ежелгі өркениетінің орталығы болған Үндістан жерінде неше түрлі ғажайып мәдени ескерткіштер сақталған. Ақыл-ойының жүйріктігі, философиясының тереңдігі, танымы мен мәдениетінің сұңғылалығы, әдебиеті мен көптеген басқа өнер түрлерінің жеткен шыңдары бойынша да Үндістан барша әлем таңғаларлықтай ерекше ел. Көпұлтты ел халқының 80 пайыздан астамы индуизм, 10 пайыздан артығы ислам дінін тұтынады. Мемлекеттік тілі – хинди тілі[1].
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндикуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.
Қазіргі Үндістан аумағында өтеертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. III мыңжылдықтың ортасынан б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениетті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының I Дарий қоластына өтті. Х ғ. соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.
Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелігін Темірлан шапқыншылығы алмастырылды. (1398 – 1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бірқатар иеліктерінен айырылды. Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ХVII ғ. басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бірқатар Еуропалық державалар көз аларата бастады. Бұл аймаққа келген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англияның пайдасына шешілді. Жаңа колониялы белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында іске асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойылғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігіне алып келді.
Иә, балалық шақтан санамызға сіңген пақырлар мен пілдер отаны — Үндістан. Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ғашықтар тілін ән мен би арқылы ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы – Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел.
Данышпен Махатма Ганди: “Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз керек” дегендей, тарихи тағдырларында көп ұқсастық бар Қазақстан мен Үндістанның өркениет әлемінің баспалдағына шығып, жаңа өзгерістердің бел ортасынан табылуға деген ұмтылысы олардың мүдделерін де ортақтастырып отырғаны анық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапарының Үндістан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келуінің де аса маңызды мәні бар.
26 қаңтар — Үндістан халқының ғасырлар бойғы бодандық бұғауынан босап, ағылшын отаршыларынан азаттық алып, Үндістан Республикасын жариялаған күні. Елдегі ерекше атап өтілетін мемлекеттік мереке. Сондықтан Үндістан үкіметі бұл айтулы ұлттық мерекеге өздері үлкен сенім артқан, халықаралық дәрежеде аса беделді де құрметті мемлекет басшыларын ғана шақырады. 2007 жылы бұл мерекеге Ресей президенті Владимир Путин қатысса, өткен жылы Франция президенті Николя Саркози шақырылған болатын. Ал биылғы жылғы аса маңызды 60 жылдық мүшелтойға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр. Бұл үндістандықтар тарапынан біздің елімізге және оның басшысына жасалған үлкен құрмет пен Елбасының халықаралық дәрежедегі зор беделінің белгісі екендігі сөзсіз[2]. Қазақстанда көптеген ғалымдары Үндістан тарихы туралы қызықты деректерді жариялап отыр. ХVІІІ ғасырдың ортасынан 1947 жылға дейін екі ғасыр бойы Үндістан өз тәуелсіздігін алғанша азаттық күресін жүргізіп келді. Сол күрестің ХХ ғасырдың басындағы көшбасшыларының бірі Махатма Ганди болды. Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының басында тұрған ол күш көрсетпеу жолымен қарсыласу бағытын уағыздады. Міне, осы ұлы тұлғаның түрлі мінберлерде айтқан сөздері, баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары А.Төлеуованың аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр.
Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде Е.Ертісбаев Қазақстанда Үндістанды тану орталығының ашылуы мен М.Гандидің сөздерінің қазақ тілінде шығуын маңызды оқиға деп бағалайтынын айтты. Үндістан елшісі А.К.Мукерджи де бұл шараға өз қуанышын білдірді. Орталық ішінде Үндістаннан жеткізілген жүздеген кітап, осы ел қалаларының фотокөріністері, көптеген суреттер, компьютер, музыкалық орталық, сондай-ақ М.Гандидің қола мүсіні де бар екен. Осының бәрі Үндістан жағы бөлген қаражатқа алыныпты. Сөйтіп, қазақ жерінде Үндістанды тануға мол мүмкіндік беретін орталық ашылды. Мұның көзі қарақты қазақстандық үшін берері мол болмақ.