Биологиялық кабинеті

Кабинетті жабдықтау шеберлікті, ізденісті талап етеді. Толық жабдықталған кабинетте оқушылардың көру, бақылау жүргізу, зертханалық жұмыстар жасау арқылы білім, біліктері артып, естеріңде ұзақ сақталады. Төменде экология кабинетін оқу жабдықтарымен жабдықтау және «тірі табиғат» бұрышын жасау мысалдары көрсетілді.

ЖАНУАРЛАР

Аквариум

Балықтар: группиялар, шубар-семсер (пецилиялар), семсерқұйрықтар, алтын балықтар, жайыншалар, данио-рерио, барбустер, скаляриялар және т.б.

Омыртқасыздар: кірпікшелі кебісше, кәдімгі гидра.

Былқылдақденелілер: айқұлақ, ұлу, перловида, ампулярия, ахатина, үлкен тоспа ұлуы, қошқармүйіз ұлу, шалғындық шырыш және т.б.

Шаянтәрізділер: шашақмұрт шаян (дафния), циклоп, есекқұрт (мокрица) және т.б.

Бунақденелілер: жүзгіш қоңыз (плавунец окаймленный), үлкен суіңкәр, ауылшаруашылық зиянкестерінің дернәсілдері немесе көбелек қуыршақтры басқа да бунақденелілерді, дрозофилаларды ұстауға болады. Сирекқылтанды құрттар мен сүліктер.

Акватеррариум

 Қосмекенділер: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақа.

Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыланарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б.

ӨСІМДІКТЕР

Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б. сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегомия, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе папирус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтиналис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).

Жинақтамалар

Орман, бақша, алқап, бақтардағы зиянкес бунақденелілер. Әр түрлі табиғи мекен орталарына өсімдіктердің бейімделулері (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б.).

Жарық тәртібі, ылғалдылық, температураға өсімдіктердің экологиялық бейімделуші формалары.

Паразиттік өмір сүруші формалары.

Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар.

Өсімдіктердің өмірлік формалары. Жануарлардың өмірлік формалары. Өсімдіктер мен жануарлардың қорғаныштық бейімделушліктері (құрылысы, түр-түсі (реңі)). Тірі ағзалардың тіршілік қауымдастығындағы қатынас формалары.

Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік саналуандылық), агрожүйедегі мәдениеттендіру.

Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша, таңқурай, итмұрын, бөріқарақат).

Қорғаныш рең түрлері (жабын реңді бунақденелілер, үркітуші реңді бунақденелілер, мимикриялық және бүркеніш реңді пішін мен түр-түс).

Бунақденелілердің аяқтарының бейімделу өзгерістері. Жануарлардың жемтіктеріне ша-буыл жасау мүшелері.

 

 

Ылғал препараттар

Бүлінген су қоймаларындағы индикатор-жануарлар (аң сұлама, перловица, аз қылтанды құрттар). Бауырсорғыш, мысық ішіндегі паразит құрттар.

Кестелер

Биосфера.

Табиғат белдеулері.

Емен орманы, тұщы су қоймасының тіршілік қауымдастықтары.

Көлдің өсуі (сукцессияға мысал ретінде).

Өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасына бейімделуші формалары.

Ылғалды, тропикалық ормандар, субтропиктер, шөл, су өсімдіктері, орман, шалғындық өсімдіктері.

Жануарларды қорғау (21 кестеден тұратын серия).

Кеппешөптер

Ластанған ауа ортасының индикатор-өсімдіктері.

Ластанған топырақ ортасының индикатор-өсімдіктері.

Түрлі табиғат белдеулерінің өсімдіктері.

Зақымданған биологиялық формалар.

Жетіспеген және артық мөлшердегі түрлі элементтер: азот, фосфор, калий және т.б. бар топырақ ортасында (немесе суда) өсімдіктер.

Арамшөптер.

Карталар

Әлемдік биосфералық қорықтармен ұлттық саябақтар.

Қазақстанның табиғат бедеулері.

Қазақстанның физикалық картасы.

Әлем және Қазақстанның 300 географиялық картасы.

Қазақстанның қорықтары мен қорықшалары.

Қазақстанның экологиялық картасы.

Қазақстан халқының тығыздығы.

Модельдер -Үлгілер

Табиғаттағы зат және энергия айналым.

Тіршілік қауымдастығының динамикалық моделі (емен орманы, тұщы су қоймасы).

Тұщы су қоймасы өсуінің динамикалық моделі.

Экологиялық-биологиялық конструкторлар.

Агроценоз.

Биосфера және адам.

Баспа негізіндегі экологиялық ойындар

Балық аулау. Аңшылық. Саятшылық.

Микропрепараттар

Тіршіліктің паразиттік формалары.

Түрлі ластанған орта факторларының әсерінен өзгерген жапырақтарының формалары мен түрлері (хлорофилдің өзгеруі, жапырақтың құрылысы және галлар (бұзғындар) өзгерісі және т.б.).

Аудиовизуалды оқыту жабдықтары. Кииофильмдер

Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері.

Адам және оның денсаулығы.

Құстарды қорғау және қатыстыру.

Балықтарды қорғау және өсіру.

Құстардың экологиялық топтары.

Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.

Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.

Өсімдік бірлестіктері.

Диафильмдер

Б.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

Жаһандық экологиялық дағдарыстар.

Құстарды қорғау және қатыстыру.

Жануарлар санын қалпына келтіру.

Түрлі табиғат жағдайларындағы жануарлар тіршілігінің ерекшеліктері.

Қыстама және жыл құстары.

Қоршаған ортаны қорғау.

Өсімдік тіршілігіндегі күз.

Ағзалардағы бейімделушіліктің пайда болуы.

Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар.

Өсімдіктерді қорғау.

Жыртқыш-өсімдіктер.

Өсімдік бірлестіктері.

Балық байлығын қорғау және балық өсіру.

Жапырақтардың алуан түрлілігі.

Халықаралық табиғат қорғау одагының Қызыл кітабы.

Сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері.

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі және олардың тіршілік ету мекендері.

Агроценоз экожүйе сияқты

Биосфера және адам.

«Биосфера» тақырыбына арналған дидактиканың материалдар.

«Экология негіздері» тақырыбына арналған дидактикалық материалдар.

Адам денсаулығы және қоршаған орта.

Популяциялар, түрлер, биогеоценоздарды қорғау.

Қарапайым экологиялық зерттеулер жүргізу.

Диапозитивтер (Слайдтер)

Өсімдіктер және жануарлардың табиғи бірлестіктері.

Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Адамның өсімдік түрлерінің көп түрлілігіне әсері.

Өсімдіктердің бірлестіктегі өзара байланысы.

Адамның табиғаттағы құстар санына әсері.

Астрахань қорығы.

Экология. «Биология әлемі». Планетариум орталығы слайд-альбомдар сериясы.

Видеофильмдер

«10+10» 10 фрагменттен тұратын сериал. «Накануне» — экопросвещения ассоциациясы — 100 мин.

Экология. Дәстүрсіз энергетика. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 50 мин.

Табиғат бірлестіктері. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 42 мин.

Өсімдік тіршілігі. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 70 мин.

Табиғат құпиялары. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 175 мин.

Қызықты табиғат. «Кварт» кв-новидеосгудиясы — 1 кас, 75 мин.

Жануарлар жауап береді. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 103 мин.

Экологиялдық альманах (жинақ). «Кварт» киновидеостудиясы -1 кас, 85 мин.

Экологиялық жүйе. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 76 мин.

Биосфералық қорықтар. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 55 мин.

Экология. Табиғатты қорғау. «Кварт» киновидеостудиясы -1 кас, 75 мин.

Компьютерлік ойындар

Көл. Өзен.

Күйтабақтар

Табиғаттағы құстар дауыстары.

Табиғаттағы жануарлар дауыстары.

Экологиядан сабақтар мен сарамандық жұмыстар өткізген кезде жетіспейтін құрал-жабдықтар мен материалдарды биология, химия, физика кабинеттерінен алып қолдануға болады.