Микроскоппен көру техникасын меңгеру үшін жарық көмегімен көрсететін микроскоптың құрылысын білу; уақытша микропрепараттар дайындауға төселдіру.
Биологиялық зерзаттарды зерттеудің негізгі әдістерінің бірі жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп болғандықтан, биология курсы бойынша өтілетін сабақтар үшін ғана емес, дәрігердің сарамандық жұмысы — зертханалық диагностика, т.б. үшін де микроскоппен қарау техникасын меңгеру, уақытша микропрепараттар жасай білу қажеттігін естен шығаруға болмайды.
- Тиісті әдебиеттерден материалды тауып оқып, мына сұрақтарға жауап бере білу: а) микроскоптың негізгі бөліктерін атап, олардың атқаратын қызметі мен құрылысын түсіндіру; ә) микроскоптың механикалық, оптикалық және жарық беретін бөліктерін көрсету, олардың құрылысын айтып беру; б) микроскоппен жұмыс істеу ережесін білу; в) биологиялық зерзаттарды зерттеуге арналған ұлғайтқыш аспаптардың басқа түрлерімен жұмыс істеу қағидаларын баяндау.
- Бастапқы және қорытынды бақылаудағы тестілік сұрақтарға жауап беру.
Оқытушы дәріс оқитын болғандықтан, орындалатын жұмыстың қысқаша мазмұнын беруді жөн көрдік.
Мазмұны. Студенттер мыналарды: а) МБР-1, МБИ-1, Биолам (биологиялық зертханаға арналған микроскоп — БЗАМ) микроскоптардың құрылысын; ә) зерзатты микроскоп арқылы көру ережесін; б) уақытша пайдаланылатын препарат жасау техникасын оқып үйренуі тиіс.
Құрал-жабдықтар. 1. МБР-1, МБИ-1, БЗАМ, МБС-1 микроскоптары.2. Төсеніш және жабын шынылар, су құйылған стақан, иммерсиялық май, дәрі тамшуыр, Петри табақшасы, көзге арналған серіппелі қысқыш. 3. Иммерсиялық объектив (х 90). 4. Алдын ала дайындалған тұрақты микропрепараттар: пияз үлпегінің жасушасы, жапырақтың көлденең кесіндісі. Көрнекі кестелер: микроскоптардың құрылысы, олардың жеке бөлшектері, жарық жинағыш жүйе (конденсор) және объектив аралығындағы жарық сәулесінің жолын көрсететін сызба нұсқалар.
Бастапқы бақылау тестілері
1 нұсқа. 1. Микроскоптың тетіктік бөлшектерін атаңыз: а) тұрғы,ә) түтікше (тубус), б) окуляр, в) зырғытпа.
- Жарық жинағыш жүйе (конденсор) және диафрагма көмегімен жарықты объективке қалай мол түсіруге болатынын баяндаңыз: а) конденсорды жоғары көтеру; ә) самалалы диафрагма санылауын кішірейту; б) конденсорды төмен түсіру; в) самалалы диафрагма саңылауын кеңейту.
- Микроскоптың оптикалық бөлшектерін атаңыз: а) жарық жинағыш жүйе (конденсор); ә) окуляр; б) айна; в) объектив.
- 4. Мыналардың қайсысы азырақ ұлғайтатын объективтер (х7, х15, х8, х40)?
- 5. Мына объективтер неше есе ұлғайта алады: (х7, х15, х8, х40)?
ІІ нұсқа. 1- Микроскоптың оптикалық бөлшектерін атаңыз: а) окуляр,ә) конденсор,б)объектив,в)микрометрлік бұранда.
- Микроскоптың жарық түсіру жүйесінің құрам бөліктерін атаңыз: а) айна; ә) конденсор; б) диафрагма; в) зырғытпа.
- Айналмалы табақша немесе зырғыма қандай қызмет атқаратынын баяндаңыз: а) тубусты қимылға келтіреді; ә) объективтерді ауыстырады; б) жарық сәулелерін жинақтайды; в) қажетті объективтерді тубус астына орнықтырады.
- Конденсор мен самалалы диафрагма табақшасының қалпын объективке мол жарық түсіру үшін қалай өзгертуге болатынын айтыңыз: а) конденсорды төмен түсіру, ә) самалалы дифрагма саңылауын кішірейту, б) конденсорды жоғары көтеру, в) самалалы диафрагма саңылауын ұлғайту.
- Мына объективтердің қайсысы иммерсиялық объективтігі аз және көп ұлғайтады: ( х 8, х 15, х 40, х 90 )?
- Мына объективтердің қайсысы иммерсиялық объективтігі аз және көп ұлғайтады: ( х 8, х 15, х 40, х 90 )?