Табиғат көп нәрсені тек үйретіп қана қоймайды және тәрбиелейді де. Сондықтан биология мұғалімі туған табиғатты білуі және оқушылар алдында оның байлығың, әдемілігін аша алуы тиіс; адамның қызметіне және оның коллективтік еңбегіне байланысты болған табиғаттағы орасан өзгерісті көрсету; табиғат байлығын еселеп көбейту және қорғау, сүюге үйрету.
Табиғатпен тікелей қатынас жасау, оқушылардың оны зерттеуге деген құштарлығын арттырады және мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелейді, бұл советтік патриотизм тәрбиесі үшін жақсы негіз болады.
Экскурсия кезінде табиғатты зерттеп, үйренуге құштарлығын арттыру және эстетикалық сезімді дамыту мұғалімнен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Оқушыларды тәрбиелеуге экскурсияның игілікті әсері туралы көптеген көрнекті педагогтар мен методистер (И. Г. Песталоцин, Я.А. Коменский, К.А.Ушинский, А.Я. Герд, В. В, Половцов, т.б. үлгілі сөздер айтты. Мысалы, белгілі совет методисі, профессор Б.Е.Райков былай деп жазды: «Кітап арқылы емес, экскурсиялар, лабораториядағы практикалық сабақтар, тірі табиғат мүйісіндегі жұмыстар, т.б. жолдармен бірден қатынас жасау арқылы, табиғатпен танысу және онымен жақындасу арқылы оқушылар одан бұрын байқалмаған көп ғажайып сырларды ашады. Олар әсем сыртқы көріністерді, сайма-сай үйлесімділікті қарап көріп, бір-біріне онша жақын болмаса да құбылыстардың жәке т.б. арасындағы себепті байланыстыра біледі. Бұл бағыттағы жұмыстар, табиғат әдемілігі құпиясын — алғаш қарағанда қораш көрінетін заттардың өзінен байқауға үйретеді, сөйтіп, табиғат тіршілігі көркемдеген сұлулық пен күрделіліктен ләззат аласың. Осы жолмен тәрбиенің ең маңызды салаларының бірі болып есептелетін эстетикалық сезім дамиды, табиғатқа сүйіспеншілік және қызығушылық пайда болады».
Алдағы экскурсия туралы сөз қозғалса-ақ болды, оқушылардың қуанышқа кенелетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Олар бар ынтасын сала соған дайындалып, оны асыға күтеді. Сондықтан тәжірибелі мұғалімдер алғашқы оқытқан күннен бастап оқу пәніне оқушыларды қызықтыру үшін табиғатқа тақырыптық экскурсия өткізеді.
Экскурсия орындары мектепке жақын орналасқан орман, парк, орман қорғау алқаптары, колхоз даласы немесе мектептің оқу-тәжірибе учаскесі бола алады. Жылдың әр маусымында белгілі бір жерге қайта-қайта бара беру оқушылардың экскурсияға деген құштарлығын төмендетіп жіберетінін көрсетуге тиіспіз. Мысалы, олар күзде қар астындағы сап-сары және ашық қызыл зейнетке сүйсінеді, көктемде оларды майда жасыл жапырақ, алғашқы гүл және бозторғайдың сазды даусы қуантады, «жазда — жасыл желек панасындағы самал жел, түрлі түсті кеөкем түс, қанатты достарымыздың жүз құбылтқан әсем әні және тағы көптеген керікті құбылыстар шаттыққа бөлейді, туған табиғат жомарттығы тамсандырады.
Мұның барлығына балалар еліктейді, олар табиғат аясында шарқ ұрады. Мұғалім бұл құдіреттілікті табиғатқа бағыттап, сөйтіп, оқушыларды табиғатты ақылмен бақылап, үйреніп-зерттей алатындай, оны сүйіспеншілікпен қорғайтындай дәрежеге жеткізу шарт.
Тәжірибе көрсеткендей, ешбір баяндама, ешқандай әңгіме, туған табиғатқа білгірлікпен өткізілген экскурсиядай қызығушылық туғыза алмайды.
Табиғат — үлкен кітап, оны мұғалім өз оқушыларына ықыласпен оқыта білуі қажет.
Өсімдікті зерттейтін экскурсияларға ойын элементтерін енгізуге болады. Ойын кезеңі оқушыларды қызықтыра түседі және оларды тапсырманы өз бетінше орындауға бағыт. Көп күндік экскурсиялар мен жорықтар мектеп программасында белгіленбеген, демек, бұл кластан тыс шаралар ретінде өткізіледі.
Мұғалім оқушылармен — жас натуралистермен біріге отырып, жергілікті жағдай негізінде маршрут таңдайды. Жас натуралистерді өсімдік тіршілігіндегі сан алуан мәселелер қызықтырады, шешімін олар экскурсиялар және жорықтарда табиғатпен тікелей қатынас жасау арқылы табады.
Жорықтар өткізгенде оқушылардың оқу экскурсиясынан алған білімін ескеру керек. Мысалы, оқушылар жабайы өсетін және мәдени өсімдіктер туралы түсініктер алды, олар өсетін қажетті жағдайды білді. Алайда бұл әлі де анықтауды және кеңейтуді қажет ететін алғашқы мағлұматтар ғана. Жорықтар кезінде мектеп оқушылары әр түрлі жағдайда өсетін мәдени және жабайы өсімдіктердің көптеген өкілдерімен кездеседі. Оларды зерттеу «мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер туралы» түсінікті кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ адамның бұл өсімдіктерді пайдалануы туралы жаңа мағлұматтар алуына мүмкіндік береді.
Туған өлкені зерттеу жорықтарында оқушылар дәрілік өсімдіктерді, құрамында илік немссе бояғыш заттары бар, сондай-ақ жеуге жарайтын өсімдіктерді анықтауға және оны жинау жөнінде, т.б. дағдылар алуы тиіс. Көп күндік жорықтар кезінде жануарлар мен өсімдіктер объектісін зерттеуден басқа, оқушыларға топырақтың, минерал мен тау жыныстарының коллекциясын, зиянды насекомдар коллекциясын, гербарийге өсімдіктер жинау, су қоймаларын мекендейтін және орман, дала жануарларын зерттеу жөнінде тапсырмалар беруге болады. Бұл тапсырманы жорыққа қатысушылардың тек даярлығы бары ғана орындай алады. Сондықтан жетекші жорық мүшелерінің міндеттерін дер кезінде бөліп беріп, коллекция жасау және жинау ережелерімен танысуға, табиғи жағдайда объектілерді анықтауға мүмкіндік туғызуы тиіс. Сонымен бірге жас орнитологтарға грамжазу бойынша құстардың даусын зерттеу және қанаттылар әлемі таблицасын қарап шығуға мүмкіндік берілуі керек. Бұл оларға құстарды жаратылыс жағдайында анықтауға көмектеседі. Жорықтар және экскурсиялар кезінде мұғалім пайдалы, жануарларды, әсіресе құсты қорғауға назар аударады, неліктен екені белгісіз, өрмекшіні зерттеуде бір жақтылыққа жол беріледі, сондықтан ол жөнінде оқушыларда теріс ұғымдар қалыптасқан. Мұның барлығы оқушылардың өрмекшіні аз білетінінен болса керек. Ал, шындығында өрмекші адамға үлкен пайда келтіреді. Әсіресе ол ауыл шаруашылығына пайдалы, астық үшін күресте сенімді көмекшінің қызметін атқарады. Өрмекші мәдени өсімдіктің өнімін сақтай отырып, бау-бақшаның, егістіктің зиянкестерін көптеп жояды. Ғалымдардың дерегіне, есептеулерге қарағанда, өрмекші жыл сайын орман зиянкестерін кемінде екі центнерге дейін шыбын, маса, қандала, т.б. жояды екен, солардың тең жартысы орманның қас жауы.
Мұғалім орман, бақ және далалық жерге экскурсия өткізгенде оқушылардың өрмекшіге қатынасын өзгертуі қажет, олар оған зиянкестер және ауру таратқыштармен қиын-қыстау күресте одақтас ретінде қарауға және оны қорғауға және таралуына мүмкіндігінше көмек көрсету қажеттігін естен шығармау тиіс.
Жорық үстінде мұғалім совет адамдарының түлетуші іс-әрекетін, ауыл шаруашылық техникасын пайдалана отырып, бидайдан, күнбағыс пен жүгеріден және басқа мәдени өсімдіктерден мол өнім алып жүретініне оқушылардың назарын аударуы керек.
Егер біздің еліміздің орманды аймақтарына папоротниктер әр қадам сайын кездессе, далалық аудандарда жүз километрлеп жүріп барғанда ғана жартас жарықтарымен, өзен бойларынан папоротниктің бірнеше ғана түрін табуға болады. Кейбір түрі ғылым үшін белгілі дәрежеде көділ аударуға тұрарлық, алайда, ол өте сирек, тіпті бірнеше данасы ғана кездеседі. Сондықтан жас натуралистер папоротниктерді кездестіре қалса, экскурсияда жүргенде олардың спорасын жинап алып, оны өсуге қолайлы жағдайы бар жаңа орынға себуі керек. Осындай мысалдарды кеп байтақ Отанымыздың кез келген түкпіріндегі басқа өсімдіктерден де келтіруге болады. Алайда, еліміздің табиғаты қаншалықты бай болғанмен де мұғалім өз шәкірттерін мектеп қабырғасынан бастап табиғатты сақтауға және байыта түсуге үйретуі қажет.
Табиғат объектілеріне ұдайы фенологиялық бақылаулар ұйымдастыру оқушылардық оны жақсы зерттеуіне және ауыл шаруашылық практикасы үшін маңызды мағлұматтар жинауына мүмкіндік береді.
Мұғалімдер табиғатты бақылауды, ауа райы календарын жасауды, сонымен бірге 1-кластан бастап табиғат календарын жасауды ұйымдастырады. Бастауыш кластың программасы табиғат календарын жүргізуді талап етеді. Жұмысты орындаудың онша күрделі еместігі, оны кез келген мектепте жүргізуге мүмкіндік береді. Тек бақылау белгілері мен безендіру сипатында өзгерістер болуы ғана мүмкін. Мысалы, І—II кластарда ауа райының жағдайын білдіретін (бұлтты, жауын, ашық) шартты белгілерден басқа жылдың белгілі бір мезгілін сипаттайтын жиналған жапырақтарды, жемістерді немесе суреттерді желімдеуге болады.
ІІІ—IV кластарда бақылау жұмыстары және бақылауды безендіру біраз күрделене түседі. Мұнда оқушыларға тек бұлттылықты немесе температураны ғана емес, желдің соғу бағытын немесе тірі табиғаттық күйін анықтау тапсырылады, мысалы: жылдың белгілі кезеңіне сай гүлдейтін өсімдіктер немесе құстың келуі және қайтып кетуі, т. б.
Сөйтіп, бастауыш класс оқушыларының жоғары класқа көшкенде табиғатқа бақылауды жүргізу туралы белгілі мөлшерде түсініктері болады.
Биолог мұғалім жоғары кластарда едәуір күрделі тәжірибелер мен бақылауларұйымдастырып, оған табиғаттың ең қарапайым объектісін таңдап алады. Оларға ұзақ бақылау жасап, оның барысында ең маңызды өзгерістерді тіркеп отырады. Мысалы, алма ағашын бақылау кезінде бүршіктің ісінуі, гүл бүршігінің ашыла бастауын, өркендеріндегі жапырақтардың, бітеу гүлдердің гүл ата бастауын, жаппай гүлдеуі, гүлдеудің соңы, жеміс беру, пісуі (жемісті алғаш жинау, жемісті екінші рет жинау) және түсімін белгілеп отырады.