Ежелгі замандағы үйсіндердің-әлеуметтік тұрмысы мен мәдениетін зерттеуде азаттықтан бергі 30 жыл ішінде еліміздің археологтары қыруар жұмыс жүргізіп, көрнекті табыстарға қол жеткізді. Ежелгі үйсіндерден қалған молалар мен олардың қоныс жұрттары Хыши тілігінен бастап байтақ жоңғар даласын көктей өтіп, Қазақстанның Жетісу жеріне дейін созылады. Оңтүстіктен солтүстікке тартылған үйсін обалары дізбектеліп, кең даланың күн төбесіндей керінеді. Осы обаларды (молаларды) қазып зерттеу ісі елімізде де, Совет Одағында да жүргізілді. Бұл салада қол жеткен көне мәдениет куәлктері тарих ғылымына нанымды заттық дәлелдемелер беріп отыр.
Археологиялық қазбалардан табылған заттық дәлелдемелерге қарағанда, ежелгі заманда жоңғар ойпаты мен Жетісу жерін мекендеген үйсіңдер жартылай көшпелі, жартылай отырықшы (егінші) ел болған. Олардың көшпелі мал шаруашылығында жылқы мен қой, әсіресе құйрықты қой өсірген. Сонымен бірге сиыр, түйе, таулы жерлерде қодас өсірген. Олардың отырықшы-егінші аудандары өзен алқаптарында Іле, Шу, Талас өзендерінің бойларында болған. Бұлармен қатар қолөнер кәсібі, темір, ағаш өңдейтін, үй кәсіпшілігі, өрмек тоқымашылығы да болған. Үйсіндер жүн матаны өрмек арқылы өздері тоқыған. Ал жібек матаны Жұңгоның ішкі өлкелерінен келетін суда керуендерінен атқа айырбастап алып отырған.
Ежелгі, үйсіндер егіншілікке қоладан жаасалған орақ темір соқалар қолданған. Маңғолкүре ауданының Шаты деген жеріндегі үйсін моласынан шыққан темір соқа мұның айпарадай айғағы болып отыр. Соқаның саумағы 3 қадақ келеді. Тастан жасалған қол диірмендер, солардың астық дәндерін ұсатып, ұн тартып жегендігін көрсетеді. Іле, Шу, Талас өзендерінің алабынан үйсіндердің жер суландыру жүйесінің іздері табылан Ежелгі үйсіндер біздің заманынымыздың 3—5-ғасырында егіншілікпен бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Шу, Іле өзені бойындағы елдімекендердің орнында күйдірілген кірпіштен қаланып, таға тәрізді жасалған жерошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды» Ежелгі үйсіндердің егіншілік мәдениетінің дамуына олардың «Ұлы жібек жолы» қағасында болуының, Жүңгоның ішкі өлкелерімен, Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасының тегі ықпал жасағаны даусыз.
Жер астынан табылған заттардың дәлелдеуіне қараағанда, үйсіннің қолөнер кәсібі жан-жақты өркендеген. Әсіресе қыштан күйдірген он алуан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі дамыған. Қоладан темірден қару-жарақ, өңдіріс құрал-саймандары, таға, қазан жасалған. Алтын мен, күмістен алуан түрлі сәндік бұйымдар: жүзік, білезік, сырға, алқа, түйреуіш, әшекейді ою-өрнегімен сәнделіп істелген. Тері-илеу, тоқымашылық ағаш өңдеуі тас қашау кәсібі өрістеген.
Қазылған үйсін молаларының үлкен-кішісі және оған сүйекпен бірге қойылған заттардың саны мен сапасы, құрбан етілген малдардың сүйегі ежелгі үйсіндерде меншікті мүліктің болғанадығын, әлеуметтік теңсіздіктің барлығын дәлелдейді. Үлкен және мол мүлікті молаларға күнбилер, қолбасшылар, сүйектер жерленген, орташаларына ру-тайпа билері, батырлар жерленген, қарапайым молаларға әдеттегі адамдар жерленген, бұлардың ішіне сапасы нашар саналы заттар ғана қойылған. Үйсіндердің мұндай мал-мүлік теңсіздігінің барлығы Хан патшалығы дәуіріндегі тарихи деректерде де жазылған. Онда: «Үйсіндердің иелігінде жылқы көп, байлардың жылқыларының саны 4—5 мыңға жетеді», дейді.
Үйсін ескерткіштерін зерттеу бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткенін анықтайды. Бұлар алғашқы кезең — біздің заманымыздан бұрынғы — 1-ғасырлар, орта кезең—біздің заманымыздың 1—5-ғасырлары, кейінгі кезең біздің заманымыздың 3—5-ғасырлары. Бұл кезеңнің жағдайлары моладан шыққан қыш-құмыра ыдыстардан айқын байқалады.