Үйсін елінің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби деп аталды. Күнби елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғары қолбасшысы болды. Орған ру-тайпаларды басқаратын бектер бағынды. Бүкіл үйсін елі өз ішінен оң қанат сол қанат және орта деп үш әскери-әкімшілік бөлікке бөлінді. Оң қанат пен сол қанатты екі қолбасы меңгерді, күнби ортада отырып бәрінің үстінен қарады. Үйсін елінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Күнму (күнби) өзіне қараған ел-жұртты балаларына бөліп беріп мыңнан әскер және көшіп-қонатын жер беріп отырды.
Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынандай:
- Күнму, яғни күнби – бүкіл мемлекттік ең жоғарғы билеушісі, алғашқы кезде бүкіл елде тек бір ғана күнби болған. Б. ж. с. дейінгі 53-жылдан бастап бүкіл елді ұлы күнби, кіші күнби болып билейтін болды.
- Дулы (дұғлұ)—Хан патшалығының бас уәзірі дәрежелес лауазым, үйсін елінің әкімшілік бастығы, бұл лауазымға бір адам тағайындалды.
- Қолбасы — оң қанат қолбасы, сол қанат қолбасы, бұл лауазымға екі адам тағайындалды, сол қанат қолбасының мәртебесі жоғары болып, бүкіл елдегі қарулы күштерді меңгерді.
- Оңқа (Оңқы)—ел ішіндегі ру-тайпа басшылары Бұл лауазымдарға үш адам тағайындалды.
- Дарту — қолбасшының көмекшісі, әр қолбасшы да бір көмекші болды. Бұл лауазымға екі адал тағайындалды.
- Абыз — бұл лауазымға екі адам тағайындалды.
- Ұлыс бегі — бұл лауазымға бір адам тағайындалды.
- Орда бегі — бұл лауазымға екі адам тағайындалды.
- Атқосшы — бұл лауазымға бір адам тағайындалды
Үйсін еліінің үкіметтік ұйымы тоғыз дәрежеге бөлінген оны оң бес адам меңгеріп отырған.
Б. ж. с. дейінгі 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық үйсін тарихында, үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталған. Олар мынадай:
Алғашқы күнбилер әулеті:
- Нәнді би.
(Б. ж. с. дейінгі 177 жылдан бұрын)
- Нәнді бидің баласы —
Елжау, би.
(Б. ж. с. дейінгі 177 -104-жылдар шамасында)
- Елжау бидің немересі —
Жөнші би.
(Б. ж. с. дейінгі 104 – 93-жылдар шамасында).
- Елжау бидің немерсі, Дулының баласы —
Оңқайби
(Б. ж. с. дейінгі 93 — 60-жылдарда)
- Жөнші бидің һұн әйелінен туған баласы—
Най би
(Б. ж. с. дейінгі 60— 50-жылдарда)
Ұлы және кіші күнбилікке бөлінгеннен кейінгі ұлы күнбилер әулеті:
- Оңқай бидің Жиейүй ханымнан туған баласы —
Янғұй би
(Б. ж. с. дейінгі 53-54-жылдарда)
- Янғұй бидің баласы —
Шын би.
(Б. ж. с. дейінгі 51-53-жылдарда)
- Шын бидің баласы —
Силы би.
(Б. ж. с. дейінгі 33 — 46-жылдарда)
- Силы бидің кіші әкесі Жиейұй ханымның немересі —
Еже би.
(Б. ж. с. дейінгі 10— 17-жылдарда)
Кіші күнбилер әулеті:
- Оңқай бидің һұн әйелінен туған баласы —
Ожет.
(Б. ж. с. дейінгі 53-33-жылдарда)
- Ожеттің баласы—
Бөрі би.
Б. ж. с. дейінгі 33— 40-жылдарда)
- Бөрі бидің баласы —
Ер би.
(Б. ж. с. дейінгі 30 — 40-жылдарда).
- Ер бидің інісі—
Үйжынжаң.
(Б. ж. с. дейінгі 17—12-жылдарда)
- Ер бидің баласы —
Ел би.
(Б. ж. с. дейінгі 11—7-жылдарда)