Үйсін елінің екіге бөлінуі

Оңқай бидің қайтыс болуы, Най бидің билікті тартып алуы, үйсін ордасының таққа талсқан ішкі қырқысты қоздыруы үйсін елінің жікке бөлінуіне апарып соғады. Жаңадан таққа отырған Най би ел-жұртқа жағымсыз, әпербақан, алкеуде зорегер билеуші «еді. Сондықтан «әулекі хан» таңып, үйсін, еліне үлкен апат әкелді. Ол таққа отырған соң Жиейұй ханымды алмақ болады. Жиейұй ханым Хан патшалығының үйсін елінде тұрған екіелшісі мен Ұй-Хы-И және Рын Маумен астыртын ақылдасып, Най бидің көзін жоюға әрекет жасайды. Олардың бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырап, жараланған Най би басқа жаққа қашып құтылады да, баласы Гинчишу әскер бастап келіп, Жиейұй ханым мен екі елшіні Чичу қаласында қоршауға алады. Батыс өңір өкіл әкім мекемесінің бастығы Жың Хы бұл хабарды естіп әскер жіберіп оларды қоршаудан босатады. Хан патшалығы бұл оқиғаның екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа ауыр зардабын тигізетінін біліп, Жақ Зұңды елші етіп жіберіп, май бидің көңілін сұрайды, оған көп алтын-күміс, асыл бұйымдар тарту етеді. Жақсы дәрілер апарып, жарасын емдетеді. Жалпы жағдаймен есептеспей аңғал әрекет жасаған екі елші Уи-Хы-И мен Рын Мауды қамап, Чаң-анге келіп, басын алады.

Заманымыздан бұрынғы 53-жылы Оңқай бидің (һұн әйелінен туған) баласы Ожет үйсін күнмуы болуға әрекет жасап, бірнеше оңқаны бастап барып, Най биді өлтіріп, өзін күнму деп жариялайды. Ожетпен соғысу үшін хан патшалығының генераы Шин Ушиан 1500 мыы әскерді бастап Дұнхуаңға, келеді. Бірақ Фың Лиау ханымның жарастыруы арқылы екі жақ соғыспай келісімге келеді. Фың Лиау — Хан патшалығынан Жиейұ ханшаға ілесіп үйсін еліне келіп, үйсіндердің оң қанат әскерінің қолбасшысына некеленген болатын. Ол әскери-әкімшілік істерді және тарихты жақсы білетін тартымды әйел еді. Оның үстіне Жиейұй ханшаның елшісі болып, Хан патшалығының елшілерімен бірге батыс өңірдегі қалаларды аралап, бұл өңірдің жағдайына әбден қаныққан болатын. Ол батыс өңірде «Фың хауым». деген атпен әйгілі болатын.

Оның ері тегінде Ожетпен көңілдес еді. Фың Лиау мен ерінің ақыл-насихат айтуы бойынша Ожет кіші күнму болуға разылық білдіріп бітімге келді. Бітім нәтижесінде Янғұй би ұлы күнму, Ожет кіші күнму болып тағайындалады. Бұларға таңба беріледі. Осыдан бастап үйсін елі Хан патшалығына тәуелді елге айналады.

Үйсін елі ұлы күнмулік, кіші күнмулік деп екіге бөлінген соң Хан патшалығының ұлығы Чаң Құйдың қатысуымен екі елдің шекарасы айрылды. Ұлы күнму Янғұй биге 60 мыңнан артық үй, кіші күнму Ожетке 40 мыңнан артық үй қарайды. Кейбір деректеріде ұлы күнмуды оңтүстік иелік, ал кіші күнмуды солтүстік иелік деп атайды. Оңтүстік иеліктің орталығы Ыстықкөл алабы мен Іле өзені алқабында, солтүстік иеліктің орталығы Жетісу жазығында болады.

Үйсін елі екі иелікке бөлінгеннен кейін де билеуші топтар арасыңдағы тақ таласы аяқталмады. Бұл тартыстың аяғы бірін бірі өлтіруге апарып соғып отырды. Отүтстік иеліктін (ұлы күнмудың) билеушілері күнмудың Хан патшалығынан алған әйелінен туған ұрпақтары еді. Ал оңтүстік иеліктің (кіші күнмуліктің билеушілері күімудың һұн тәңірқұтынан алған әйелінен туған (һұн тәңірқұтының жиендері) ұрпақтары еді. Сойдықтан, өзара тартыста оңтүстік топ Хан патшалығына сүйенсе, һұн тәңірқұтына солтүстік топқа арқа сүйеп отырды. Әр иеліктің өз ішінде де таққа таласқан ішкі қырқыс жүріп жатты. Мұндай қырқыс солтүстік иелікте тіпт де күшті болды. Үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыстар бір заманда кемеліне келіп дәуірлеген үйсін мемлекетін жегідей жеп, халық бұқарасын қатты күйкеліске ұшыратты.

Заманымыздан бұрынғы 1-ғасырдың орта шенінде оңтүстік һұн Хан патшалығына бағынды да солтүстік һұн (кейбір деректерде батыс һұн деп те айтылады) батысқа қарай ығысып келіп Алтай, Саян тауларын мекендеген диңлын, қырғыз және хұша (қыпшақ) тайпаларын өзіне бағындырды, үйсін ме қаңлыларды да өзіне қосып алуға ұмтылды. Осы мезгіл, Хан патшалығының Шуанди патшасы үйсін еліне тағы да елші жіберді. Бұрын үйсін елінде тұрып, Жиейүи ханыммен бірге қайтқан Фың Лиау қайтадан Хан патшалығының елшісі болып, үйсінге ұлы күнмулікі келді. Ұлы күнмудың қол астындағы бектерге алтын тақия үлестіріп берді. Ұлы күнму Шын бидің үкімет билігін күшейтуіне көмектесті.

Осы мезгілде (б. ж. с. Дейінгі 49-жылы) оңтүстік тәңірқұты Шоже әскерімен бастап үйсін жеріне келіп күнму Ожетке елші жіберіп, үйсін елін өзіне қосып алуға әрекеттенеді, Кіші күнму Ожет бұдан батыл бас тартады. «Һұн елшісін өлтіреді де, басын хан патшалығы өкіл әкім мекемесіне жібереді. Өзі 8 мың әскерімен Шоже тәңірқұтқа қарсы тұрады». Кіші күнму Ожет бұл шайқаста жеңіске жете алмағанмен, өз майданыңда мықты тұратыңдығын ашық әйгілейді.

Енді Шоже тәңірқұт үйсін елінің батыс жақтағы көршісі қаңлы елінің билерімен бірігіп, үйсін еліне жорыққа аттанбақ болады да, қаңлы елімен құдаласып, оларды өздеріне қаратып алады. Заманымыздан бұрынғы. 44-жылы Шоже тәңірқұт қаңлылардың билерімен күш біріктіріп, үйснр еліне қайта-қайта шабуыл жасайды. Үйсін елін астанасы Чигу қаласына барып кіріп, халқын тонайды, үйсін елінің қыруар малын олжалайды, үйсіндердің батыс жағындағы қоныстар қаңырап бос қалады.

Ұлан-байтақ жер мен елді өзіне бағындырып күшейген Шоже тәңірқұт батыс өңірдегі басқа елдерге де қауіп төндіреді. Б. ж. с. дейінгі 36-жылы хан патшасының батыс өңірдегі өкіл әкімі Ган Яншу мен орынбасары Чин Таң бастаған қалың қол Шоже тәңірқұтқа қарсы жорыққа аттанады. Үйсін әскерлері де шабуылға шығады. Ган Яншу мен Чин Таң бастаған әскерлер қаңлы еліне еніп, солтүстік һұн әскерлерін талқанңдап, Шоже тәңірқұтты өлтіреді. Һұндердің бір бөлегі батысқа қарай ығысады да, енді бір бөлегі жергілікті тұрғындарға араласып кетеді, батыс өңірде үркін-қорқын аяқталып, ел іргесі орнығады. Б.ж.с. дейінгі 33-жылы үйсін елінің ұлы күнмуы Шын би қайтыс болып, орнына оның баласы Силы би отырады. Кіші күнму. Ожет қайтыс болып, орнына баласы Бөрі би отырады. Осыдан соң үйсін елінің билеуші топтры арасында үкімет билігіне таласқан күрес тағы да үдей түседі. Әсіресе кіші күнмулікте (солтүстік иелікте) бұл қырқыс қиянкескі болды. Кіші күнмулікте таққа таласақан ақсүйектер бірін-бірі өлтіріп отырады. Феодалданып келе жатқан әскери шонжарлардың арасында бұл ішкі қырқыс ел өміріне ауыр зардабыңн тигізеді.

Б. ж. с. дейінгі 2 жылдарда ұлы күнму Силы би үйсін елін қайта біріктіреді. Ел іргесі тынышталып, халық бейбіт өмір өткізіп, «Оңқа- иектердің бәрі ұлы күнму Силы биге бойсұнады, өріс-қонысқа таласып озбырлық жасауға тыйым салынған жарлықта жарияланады. Өндіріс өркен жайып, ел-жұрт алаңсыз тіршілік ететін болады. Силы би өзінен бұрын болған Оңқа биден кейінгі пәрменді билеуші еді, ол бүкіл мемлекетті мықты меңгеріп, оңқалар мен бектерді толық бағындырумен қабат, ел өмірін оңалтып, халықты бейбіт-шат тұрмысқа кенелтеді.

Б. ж. с. дейінгі 15-жылы солтүстік иеліктегі Уижын-жаң үйсін елін біріктіруге қарсы шығып Силы биді өлтіреді. Силы бидің орнына Еже би отырады. Б. ж. с.  дейінгі 12-жылы оңтүстік иелікке қарасты бектердің Наншы Оңқа деген адамы Уижынжаңды өлтіреді. Силы би қаза болғаннан кейін ішкі қырқыстар салдарынан әлсірей бастаған үйсін елі бұрын күш-қуатынан айырылып, еңістей береді. Еліміздің бұдан соңғы жазба деректерінде үйсін туралы деректер анда анда бір кездесіп отырады. Шығыс хан дәуірінде үйсін елшілерінің Хан патшалығының астанасы Лояңға келіп -кетіп тұрғаңдығы, Хан патшасының батыс, өңірдегі елшісі Бан Чаудың (заманымыздың 83-жылы) үйсін елшілер арқылы үйсін күнмуларына сәлемдеме жібергендігі айтылады. Заманымыздың 122-125-жылдарында Хан патшалығы мен үйсін елі арасындағы қарым-қатынастың үш рет үзіліп, үш рет жалғанғандығы баяндалады. Бұл ішкі өлкелерде үш патшалықтың өзара соғысы болып жатқан мезгілі еді.

Заманымыздың 4-ғасырында үйсін еліне шығыс жақтан сәнби тайпалары басып кіреді. 4-ғасырдың аяғында жожан тайпалары үйсіндерге шабуыл жасайды. Заманымыздың 435-жылы үйсін елшілері батыс алқаптағы сегіз елдің елшілерімен бірге Уи патшалығына тарту алып барады. 437-жылы Уи патшалығы үйсіндерге елші жібереді. 938-жьыы үйсін елшілері Лиау патшалығына тарту тартып барады.

Үйсін елі өз замаанында Орта жазықтағы Хан патшалығымен, һұндермен және басқа қалықтармен диңлиңдермен, Енисей қырғыздарымен Алтайдың және Орта Азияның тайпаларымен қарым-қатынас жасап отырады. Әсіресе Орта жазықтағы Хан патшалығымен саяси шаруашылық және мәдени қарым-қатынас жасауы, олардың саяси, шаруашылық және мәдениет жағынан гүлденіп, дамуына ізгі ықпал жасайды.