Меншік түсінігі және меншік қатынастарының орны

Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізгі бөлігі болып табылады. Меншікті қатынастардың екі тәсілдемесін ажырата білу керек.

Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.

Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сипаттау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті келесі 2-ші суреттен көре аламыз.

Меншіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.

  • Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
  • Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
  • Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
  • Табыстарды үлестіру тәсілі;
  • Субъектілік-объектілік талдау;
    1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету – қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдыруың мүмкін еместігін білдіреді.

  1. Оқшауландыру – деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамамндануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық спатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

  1. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады — өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі.

4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.

  1. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интелект, жұмыс күші болып табылады.

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды. Меншік құқықтарының айрықшалануы – бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншік формасына өкілдіктерін анықтау. Жалпы экономикалық теорияда меншіктің толық құқықтар шоғыры 11 элементтен тұрады.

  • Иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
  • Пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
  • Басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;
  • Табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы;
  • Егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;
  • Қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;
  • Игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
  • Игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
  • Сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пйдалануға тыйым салу;
  • Өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
  • Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.

Меншік қатынастары – материалдық және материалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар – ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар – бір нәрсе деп айтуға болады.

Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқытарын айрықшалауды білдіреді.

Айрықшалаудың мәні мен мақсаты – ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.