Мидың маңдайлық үлестері әлісреген кезде психикалық процестердің бұзылуына арналған әдебиеттерде осы жағдайларда байқалған сонзорлық процестердегі өзгерістерге жекелеген көрсеткіштер ғана кездеседі. Маңдайлық үлестер әлсірегенде инетероцептивті сезімталдық пен денені сезінудің бұзылуын байқауға болатынын кейбір авторлар ғана көрсетеді; осы бақылаулардың негізінде Мунк және т.б. маңдайлық үлестер ішкі тітіркеністерді анализіне қатысты және сол арқылы оларды Korpergefuhlsphore ретінде баяндауға болады деген болжам жасады. Алайда бұл зерттеулер ары қарай өріс алмады.
Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарда экстероцептивті, мысалы көру, түйсігінің өзгеруі де аз зерттелген. Түйсіктік көру көзге дейін жететін пассивті сәулелер болып табылмайтыны белгілі. Ол өте көп ақпарат тасушы нүктелердің бөлінуінде және оларды бір-бірімен салыстыруда көрініс беретін белсенді іздеу процесі болып табылады. Сензорлық компоненттермен қатар ол моторлық компоненттерді де (көздің қабылдаған объектілі «қоршайтын» белсенді қозғалыстары) құрамына алады.
Осы түйсіктің белсенді қозғаушы компоненті бәрінен бұрын мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде жапа шегеді.
Мидың маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарды бақылау кезінде алынған фактілер симптомдардың аталған әлсіреулер кезінде түйсік процестерінің қатты бұзылуы туралы растайтын тұтас сериясын сипаттауға мүмкіндік береді.
Біз көру түйсігінің миының маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарда орын алатын ерекшеліктеріне қысқаша тоқталамыз.
Ми қабықшасының әлсіреу қатарында, әсіресе оны желке бөлімдері әлсіреген кезде, көру түйсігінің процесі тікелей бұзылатыны белгілі, алайда бұл жағдайларда көру анализі мен синтезінің ақаулары атап айтқанда щолудың бағдарлаушы қозғалыстарын белсендіру есебінен белгілі көлемде жинақталуы мүмкін. Сонымен түтікшелік көретін науқас көру кеңістігіне қанағаттандырарлықтай бағдарлама алады және оның ақауы (қоршаған) айналасындағыларға мүлдем байқалмайды.
Мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде мүлдем басқа нәтижелер пайда болады.
Мидың маңдайлық үлестерінің әлсіреуіне көру түйсігінің бұзылуы қалыпты кезде әрекеттің бағдарлаушы негізін жасайтын белсенді іздену қызметінің бұзылуымен байланысты болады. Миының маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарда бұл ақау объектіні белсенді қараудың шолудың белсенді эқозғалыстарының бұзылуы арқылы бұзылуында жиі көрінеді, көру түйсігінің моторлық қырының дәл осы ақаулары гностикалық процестер бұзылуының мидың маңдайлық үлестері әлісрегенде байқалатын синдромның негізін құрайды. Ми үлесінің жаппай ісіктері кезінде жиі орын алатын көру жүйкесінің атрофикалық процестері мен байланысты жағдайларда көру өткірлігі төмендеп, көру аймағы шектелетіндігі, миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқас бұл ақаауларды шолудың белсенді әрекетімен жою жағдайында болмайтыны және науқастың көру түйсігі зерттеушілер жиі сипаттаған тактильді сипатта болатындығы міне, сондықтан. Осыған сәйкес миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастың миының артқы бөлімдері әлсіреген науқастан тікелей ерекшелігі өзіне көрсетілген заттың бөлшектерін өте аз қабылдайды.
Шолу қозғалысының бұзылуымен тығыз байланысты мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде көру түйсігі патологиясының екінші бір синдромы – тез қимылдайтын объектілерді қабылдау қиындықтары тұр. Кейде қандай да бір заттағы науқастың назарын белгілеу, ал сосын оны кеңістіктегі бір нүктені инертті түрде белгілеуді жалғастырушы науқас таба алмау үшін басқа орынға ауыстыру жеткілікті.
Назар инерттілігімен әдебиетте назар ауытқуларының феналенінің бұзылуы бұзылуы ретінде белгіленетін құбылыс та байланысьы. Бендер мен Тейбердің, Коэн мен бірқатар ғалымдардың зерттеулері көрсеткеніндей миының маңдайлық үлесі ауыр, әсіресе екі жақты, әлсіреген науқастар көру назарының қалыпты ауытқуын қамтымайды және бірнеше минут ішінде бәсекелес екі көру құрылымының біреуін ғана көреді. Осыған ұқсас фактілер автордың көне бақылауларынан да алынды.
Вейгл (бір бүтінге енетін бірнеше танымдық элементтер) немесе Поппельрейтердің (бір-біріне жиектерімен қойылған ернеулер тобы) фигураларын қабылдау миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарды бұл науқастар суреттің бір ғана бөлмелі инертті түрде белгілеуді жалғастыруда және қажетті жеңілдікпен бір компоненттен екіншісіне қосылмайды деп сипатталады.
Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарда көру түйсігінің бұзылуын оларға жекелеген бөлшектері жалпы геометриялық құрылыммен қапталған Готикальдтың белгілі фигураларын көрсете отырып байқауға болады. Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқас бүтінмен, тіпті ол алдын ала көрсетілсе де, өзіне қажетті жеке құрылымды бөлшектеп ала алмайды. Осыған ұқсас нәтижелерді галогенді және құрылымдық ұйымдасқан өрістен фигураларды бөліп алу сынағын пайдаланған Тейбер мен Вейншитен, сондай-ақ Страусс пен Летинен сипаттады. Миының маңдайлық үлестері әлісреген науқастар бұл жағдайлардың барлығында да фигураларды бөліп алуда айтарлықтай қиналды.
Біртектес фоннан белгілі құрылымды бөлу тапсырмасы мұндай науқастарымен дәл қалай іске асырылатыны ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін. Егер Ревод Аллан өз дәуірінде сипаттаған әдістемені пайдалана отырып, маңдайшық синдральды науқасқа шахмат тақтасына белгілі бір құрылымды бөлуді тапсырсақ, ол тапсырмаға сүйенбей және қапталдық тітіркендіргіштердің ықпалына сүйене отырып, үнемі бөтен (клеткаларға) торларға баратын болады. Алдын ала нұсқаумен берілген көру байланыстары қаншалықты берік еместігін және науқастар тікелей әсер ететін көру факторларының ықпалына қаншалықты оңай берілетінін көру үшін, миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастың осындай тапсырманы қалай шешетіні жөніндегі графикалық хаттамаға ұңілу жеткілікті. 101-сурет миының маңдайлық үлестері жаппай әлсіреген науқастарда біртектес фоннан белгілі құрылымды бөлу. Науқастар (сол жақ маңдайлық үлестің кистамен ісінуі). Суреттер шахмат тақтасынан белгілі үлгіні бөлуге тырысқан науқас саусағының қозғалу траекториясын көрсетеді.
Мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде көру түйсігінің бұзылуы, көріп отырғанымыздай, шолу қозғалысының бұзылуымен ғана байланысты емес, бұл симптомның негізінде. Маңдайлық синдромды науқастарда сензорлық секілді, қозғалтушы ортада да өте оның көрінетін жүйке процестерінің патологиялық инерттілігі жатыр.