Үйірме осы тас қатын ескерткіштерін зерттеуге үлкен үлесін қосты, әр түрлі статуарлы мүсіндерді варициялық тұрғыдан зерттеді. Алғашқы орындарда үйірме мүшелерінің негізгі қызметі болып осы ескерткіштердің жинақтау және есептеу негізделген. ТАӘҮ мүшесі В.А.Калаурға Әулие – Ата уещі маңында табылған тас қатын ескерткіштерді ғылыми зерттеуге міндетті. 1885 жылы Каллаур Мерке жанында Сым–Төбе обасында дәл осы мүсіндердің біреуін анықтады. 1889 жылы таулардан табылған тағы да бір тас қатын мүсін жеткізілді. 1893 жылы және кейінгі жылдарда Каллаур Көк –Тал маңындағы Қаратауда бірқатар тас қатын мүсіндерін жазды. Каллаур бақылаулары жанама айқын мағынаны батысқа алысырақ «Меркеден» болған сайын тас қатын мүсіндерін жасауда шеберсіздік байқалды. Тас қатын мүсіндері тау етегіндегі тастардан ойып түсірілген, негізінен тас қатын мүсіндерін табумен қатар мүсіндер тастан конус тәріздес болып шың басындағы тастан қашалған. Каллаур жергілікті тас мүсіндердің атын атап көрсетті, «Сым — Тас», «Сурет -Тас». Тас қатын мүісндері судың маңында деген болжау айтылған болатын. Кейбір обаларда бірнеше тас қатын мүсіндері орнатылған. 1896 жылы Каллаурға тағы да бір Үмбеталы Нарғозин тапқан әйел мүсіні жеткізілді. Мүсін Умарал өзенінің сол жақ жағасынан Дмитрев ауылының маңынан табылған. Ақ Әулие ата қаласынна 60 шақырым маңында тас еркек мүсіні табылған. Қыш–Көпір жерінде қазылған обалардың бірінен тас қатын мүсіні табылған. Жергілікті халықтың мәлімдеуі бойынша Бадам өзенінің жоғары жағында тағы да екі тас қатын мүсіні болған 1896 жылдың тамызында И.В.Аничков Мерке ауданы Александровск тау бөктерлеріне жол жүруді іске асырады, арнайы тас қатын мүсіндері байқауға жергілікті шөл жайлау жерінде үш қатын мүсіні жатқан тастардың үйінділері қаралды. Үш тас қатын мүсіндерінің біреуі бүтін. Жергілікті Бақтекен алқабында тағы да бір тас қатын мүсіні тастар арасынан табылды және төрт қатын қырғыз алқабынан жеткізілді. Аничковтың жетекшілігімен жергілікті жалаңаш алқабы тастар арасынан тағы да ияғына дейін көмілген екі тас қатын мүсіні табылды. Аничков өзі дәл осы жерде тас қатын мүсінінің сынықтарын зерттеп, тапты.
Жергілікті халықтың әңгімесінен Арал төбе, Шай сандық, Шымбұлақ, Александровск жотасы мен Талас жотасына дейінгі маңда бірталай тас қатын мүсіндері болған.
Барлық тас үйінділер жанынан жерге қазылып көмілген тас қатын мүсіндері қызыл тастан жасалған. Барлық әйел және еркек мүсіндерінің қолдары қарнында, кейбіреулері ыдыс ұстап қалғанды еске түсіреді. Аничковтың болжауы бойынша жалпы тас қатын мүсіндері татар, қырғыз зираттарына құлпытас ретінде орнатылған. (мысалы, Қарақұм, Көк домбақ) үстіртінде тас қатын мүсінінде әсерлеушілігі бейнеленген. 1896 жылы Александровск жотасынан Аничков бірнеше қызыл тастан жасалған тас қатын мүсіндерінің мол бөлігі (Семей мен Верный пошталық уезі ортасында) табылған болып, төңіректегі мекендерден және кейбір мақсаттарда үйлерге бағана ретінде қолданылған жерінен табылды. Үйірме мүшесі Н.Н. Пантусов түсірген тас қатын мүсіндері қазіргі кезде (Ташкент мұражайында) орналасқан. Тас қатын мүсіндерінің сынқтары мен кесектерін Лежиндік уез Сергипальско Вернендық пошталық даңғыл жол маңында Н.Н. Пантусов арқылы табылған.
Куртинки үстіртінің сол жағы, Вернендық уезі ниегара маңында Н.Н.Пантусов 1897 жыл үш зиратты анықтады. Өзен маңына орналасқан зират бүтін және қазылмаған болатын, ал ортаңғы зират қырғыздар жағынан қазылған болып оның ішіне салынып және үш бүтін қатынның суреттері түсірілген.
Н.Н.Пантусов Қапал уезі алтын –Емел шегінде тас қатын мүсіндерінің бар екенін белгілеп қойды. Үйірме мүшесі В.П.Колосовский Әулие–Ата уезі, Көк-Тал мекенінен және Қаратудың Шығыс бөлігінен Асу-Тас маңынан тас қатын суретін алды. В.А. Каллаур жағынан да дәл осы сияқты тас қатын мүсіндері табылды. В.А. Каллаур ашулары ТАӘҮ мүшесі В.А. Мұстафинаның және өз заманының озық құрама очерк пен тас қатын мүсіндері туралы сөз сөйледі. Мұстафин тарихи және әдеби шолу жасады. Түркістан және Семиречье аумағында тас қатын мүсіндерін зерттеді. Ресейдің кейбір аудандарынан, әсіресе батыс Сібір және Оңтүстік Ресей маңынан (дәл сол сияқты мүсіндердің өрескелдік көрсетілген зерттеу жағынан) табылған. Кейбір жалпы тас қатын мүсіндері түсініктеме үйірме мүшесі Н. Жетпісбаев жағынан берілді. Н.Жетпісбаев келтірген тас қатын мүсіндері «буркандардың», буддистер, истукандардың және шамандардың тас қатын мүсінін ұқсатты. Үйірме мүшесі И.В. Аничков Оренбург мұражайында да тас қатын мүсіндері бар екенін анықтады. Торғай облысы және уезі, Әулие – ата және Шымкент уезінде де сол сияқты ескерткіштер Перов уезі орынборлық дала арқылы Оңтүстік және Шығыс Ресейде тараған. Орынборлық жаздық даласы және Семиречье Сібір және Монғолия маңында табылған. Айтылған және істелген жұмыстардың барлығы да үйірменің осы тас қатын мүсіндерінің ескерткіштерін оқып үйренуге және зерттеу қорын байытты. Жалпы алғанда ТАӘҮ мүшелері мүсіндер тобына қосты. VІ – ІХ ғ.ғ. Семиречье бойында түркі тілдес халықтар жағынан бекітілді.