Абубакир Диваев туралы реферат

Түркістан археология еріктілер үйірмесінің белсенді мүшесі – А.А.Диваев. А.А.Диваев 1855 жылы Орынборда дүниеге келген. Неплюев кадет корпусында білім алады. 1876 жылдан бастап Ташкентте қызметін бастайды, халықтық әскерді басқарады. 1877 жылдан бастап аудармашы болып істейді, кейін Сырдарияның әскери губернаторының шенеунігі болады. 1906 жылы халықтық кеңесші шенімен отставкаға кетеді. 1896 жылы 26 тамызда ТАӘҮ Диваев өзінің бірінші хабарламасы, тарихи топография, Ташкент уезінің ежелгі қонысы Ақасар болысы туралы айтады. Бұл жұмыста Диваев Шарбұлақ, Қарабастау жерлерінде орналасқан археологиялық ескерткіштерге мінездеме береді. Диваев ескерткіштерді өзі қарастырып, оларды толықтырған. Бұл жерде Диваев архитектуралық құрылыстар – Исмаил-ата, Раиб-атаны еске алады және Шарбұлақ, Төрткүлді түсіндіреді. Диваевтың зерттеулері белгіленген географиялық объекті, атауларын талқылаудың бағалылығын көрсетеді. Болашақ ТАӘҮ секретарі, ал 1900 жылы топограф Н.Руднев Кеты, Ұзын-ата, Артық-ата, Сүткент, Байырқұм, Үшқала, Жартөбе, Рабат, Кавган-ата, Разды бойынша ескерткіштердің археологиялық атауларына қызығады.

А.А.Диваев және В.А.Каллаур сияқты әйгілі зерттеушілердің жолы тек ғылыми жолда ғана емес, қызметте де қиылысты. 1899 жылы Каллур Әулие-Ата уезінің бастығы, Диваев 1890 жылғы мамырға дейін Әулие-Ата уезінің учасковыйы болды. 1900 жылы 7 ақпанда Каллаур ТАӘҮ жиналысында Сығанақтан 8 шақырым жерде Көк кесене архитектуралық ескерткішінің табылғаны жайлы хабарлады. Ол Көк кесене ғимаратының күйген кірпіштен салынғанын, күмбездің ішінде араб жазуларының болғанын айтты. Өз қорытындысында Каллаур бл ғимарат ұлы адамдардың мавзолейі болған деп келтірді. Осы хабарлама Диваевты қызықтырып, ол осы ескерткіштер бойынша мағлұмат іздестіре бастады. Диваев пен Каллаурдың айтуы бойынша, Ақ кесене мен Көк кесене қалмақтар дәуірінде болған. 4 жылдан кейін Диваев Ақ кесене мен Көк кесене арасындағы байланыс туралы осы тақырып бойынша Көк кесененің не үшін аталғаны жайында мақала жазады. Л.И.Ремпль 1949 жылы мамырда Жамбыл Тектұрмас мұражайы берген тапсырмаға сәйкес осы мәселеге зерттеу жүргізді. Ол Каллаур мен Диваевтың Тектұрмас мавзолейі туралы жазған қорытындылары мен мақаларын растады. Екі ғалымның Қазақстан үшін тарихи топография мен тарихи топонимика саласы бойынша мол үлес қосқанын дәлелдеді. Осыған байланысты өзінің өлшемі бойынша фактілі материал пайдаланған. Оған тарихи мәдениет нақты көрсеткіш. Қазіргі археологтар тілімен айтқанда, далалық болған. Каллаурға қарағанда Диваев Түркістан өлкесінің этнографиясына, шығыс қолтаңбаларына, мәдениет тілдеріне қарап, зерттеу жүргізген.