В.А.Каллур реферат

Үйірменің белсенді мүшесі Каллур болды. 1893 жылы В.В.Бартольд Әулие-Ата уезінің бастығы В.А.Каллурмен танысады. Кейін өзінің «Отчетінде» уездің бастығы туралы, оның Әулие-Ата уезіндегі археологиялық ескерткіштерін білетіндігі туралы жоғары үн қатты. Каллурдың көмегімен Талас аңғарындағы экспедициядағы қорытындыға жақсы қол жеткізген, басқа зерттелген облыстарға қарағанда маңызды болды.12

В.А.Каллур патша әкімшілігінің Түркістан өлкесіндегі шенеунігі болған (1876 жылдан Әулие-Ата уезінің бастығы, 90 жылдардың аяғында – Перовскі уезінің бастығы, полковник шенді болған).14 Ол шығыстанушы, ерікті археолог және эпиграфикалық материалдар, ежелгі жазбалар, тиындарды зерттеген зерттеуші ретінде атақ алған.

1899 жылы маусымда жұмыс бабымен сапарында Скобилево селосында Каллур Сунақ-Ата қалашығын көріп шығады. Ертеректе бұл қалашықты П.И.Лерхпен зерттеген. Каллурдың жазбаларында қалашық екі бекіністен тұрады: қамал және цитадель. Қамалды зерттеу кезінде В.А.Каллур бетінен керамикалық шырақ табады. Оңтүстікке қалашықтан Сунақ-Ата 125 саженях орналасқан екі қамал күйдірілген кірпіштен соғылған, зерттеп және Каллурмен суреттелген. Сунақ-Ата қалашығынан басқа Каллур Биш-там қамалының қалдықтарын зерттеген.

1900 жылы ТАӘҮ протоколында хабарлама шығарылды. Ол Каллурдың «Ежелгі Сығанақ, Ашнас немесе Эшнас (Асанас) қалалары және басқа Перовскі уезіндегі қалалар 1219 жылы Шыңғыс ханмен қиратылған» деген хабарламасы еді. Каллур өз ескертуінде Сырдарияның сол жағалауындағы Перовскіден алыс емес Қыс-қала (Гыш-кала) ежелгі қаласының қалдықтары Тұмар-уткуль шатқалында орналасқанын айтады. Зерттеуші өз болжамында Қыс-қала қалашығының орнында ежелгі қала Дженд болған деп айтады.

Бір айдан кейін қазанда 1899 жылы Каллур Сырдария өлкесінің төменгі жағына Куткенчекский болысына жұмыс бабымен барады. Каллаур 1899 жылдың 29 қазанында қайтып бара жатқанда, қираған қала – Қыс-қаланы көріп шығады. Қалашықта күйдірілген кірпіштен салынған қамал қалдықтары белгіленді.

1899 жылы сәуірде Каллаур Көк кесене мавзолейін көріп шығады. Төмен-арық станциясынан солтүстік-батысқа 5 шақырым және Сунақ-Ата қалашығынан оңтүстікке 8 шақырым жерде орналасқан Көк кесенені зерттеген Каллаурдың жазбалары бойынша, мавзолей биік ғимарат, күйдірілген кірпіштен салынған, көк бояулы орнаменті (ою-өрнегі) бар.

А.Ниязов Каллаурды алып жүргенде Көк кесене кірпішінің салынуы Хазрета мешітіне ұқсас деген пікір айтады. Ол оны тек суреттеді. К.М.Байпақовтың пікірінше, мавзолей «Әбілқайырдың қабірі, Шайбани хан немересі ХVІ ғасырдың басында Тимуридтер державасын құлатқан».