В.В.Бартольдтан басқа Түркістан археология үйірмесі қайраткерлерінің бірі Н.П.Остроумов (1846-1930 ж.ж.). Оны өлкетану жұмыстары қызықтырған. Ол Түркістан өлкесінің өткені мен бүгінгісі, әсіресе халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайына қатты қызыққан. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті тұрғын халықтары мен тарихын зерттеуге әуестік танытқан. Остроумовтың өзінің естеліктері мен тарихи-өлкетанушылық қызметі және археологияның өткен Түркістан өлкесінің қатынасы туралы ЦГАРУЗ өзінің жеке қорынан табылған: «Ташкентке келуіммен мен ескеремін:
1) Архивте сақталған генерал-губернаторлық кеңсе мен облыстық басқару жазбалары, қазіргі уақытқа мағынасы жоғалмаған Түркістан ежелгі ескерткіштерін қайта қарастыру.
2) Сырдария облысында сақталған ескерткіштерді зерттеп, суреттеуді қайта қарап, қателерін түзеу.
3) Археологияға қажетті қорғандар мен ескерткіштерді мүмкіншілігінше қорғау.
4) Археология үйірмесінде жергілікті археологиялық сұрақтарды жалғастырып, Орта Азиядағы хандық иеліктерінің кезеңіндегі тірі куәгерлерді пайдалану.
5) Археология үйірмесінің протоколдары мен хандық басқаруға қатысты құжаттар жинау.
6) Қаржының бар болуы жағдайында археология үйірмесінің докладтарын қайта басып, үйірме протоколдары алдын ала сатуға түспеу керек.
7) Түркістан археология үйірмесін тек археологиялық өлкемен шектеп қоймай, үйірме бағдарламасына тарихи және этнографиялық, Түркістан тарихы мен археологиясына қатынасы бар сұрақ енгізу.
8) Түркістанға қатынасы бар газет, журнал, статьяларды үйірмеде жинап сақтау…».11 Н.П.Остроумов Орта Азия мен Қазақстанда ғалым-зерттеуші, еңбегі сіңген атақты тарихшы-өлкетанушы.