Қожа Ахмет. Иассауидың соқылық іліміндегі адамгершілік мәселесі

Мұсылман өркениеті (VІІІ-ХІІ ғғ.) мен Батыс Еуропа Ренессансы (ХV-ХVІІ ғғ.) ойшылдарының шынайы гуманист ретінде мақсаттары бір — адамзат тағдыры мен бақытының болашағы, тұрақтылығы болғанымен, ілімдерінін мазмүны сол кезендердегі мәдени-рухани, әлеуметтік-саяси даму ерекшеліктерінің ықпалымен калыптасып, дамытылды. Адам іс-әрекетінің ақыл мен білім күштеріне толық бағындырылуы ішкі асыл күш, қасиеттер — сабырлық, сенім адамгершіліктің араласуымен жүзеге асырылуы қос өркениет титандарының да бекіткен «алтын шарты».

Тарихтың биік шыңынан көрінген түрік-мұсылмандық қайта өрлеуіндегі (VІІІ-ХІІ ғғ.) ұлы тұлғалардың, адамның ең құнды қасиеттері мен өмір сүру принциптерін ғылым мен ислам ілімі үндестігі негізінде дамыту қажет деген пікірлеріне жүгінсек, ұрпақтар арасындағы, ғасырлар бойындағы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асырып отыратын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың айналып келіп дін  саясатынына көзіміз жетіп отыр.

Ізгілік пен қайырымдылық, парасаттылық пен адамгершілік, жақсылық пен жамандық түсініктерінің тарихы о бастан дінмен органикалық байланыста қалыптасқан. Расында да, ізгілік пен зүлымдық мәселесі дін мен философияның ертеден діни көзқарастармен қалыптасып, дамып келе жатқан орталықты сұрағы. Басты назарды адамдық құндылықтарға аударуды мақсат етіп, адамның әлемдегі орны мен рөлі, ақылы мен сенімі, танымы мен еркіндігі сияқты адам болмысының күрделі де маңызды жақтарын түсіндіруде көбінесе біржақты, шектеулі деп бағаланып келген, әсіресе діни бағыттағы ілімдердің бүгінде адамзат болашағына қатысты көзқарастар мен ағымдарға әсер ететін түпкөздер ретінде маңызы арта түсуде. Осындай құнды түпкөздердің бірі — қасиетті Құран кітабы.

Ізгілік ілімі өркениет кеңістігінде ислам құндылықтары мен философиялық таным контексінде сол кезеңге тән «Антропологиялық бетбұрыспен» тығыз байланысты қалыптасқан. Адам жаратылысының ізгілікке де, зұлымдыққа да бейімдігі мәселесі қасиетті Құранда негізгі сұрақтардын бірі ретінде қаралады. Зұлымдық табиғатының бір маңызды жағы — күнә мәселесі. Күнә — адамның өз қолымен жасалатын зұлымдық істерінің ізі, жемісі. Күнә категориясының құпия қыры адамның еркін әрі ерікті қозғалысын білдіреді. Күнә — адам еркіндігінің қоғамдық қатынастарда трансформациялануы. Адамның сана-сезімі ізгілікке бейім жаратылғанымен, ол ізгілік жолына тұрақты бекітіліп қоймаған. Осы еркіндіктің бір туындысы — ізгілік болса, міндетті. түрде болатын тағы бір туындысы — зұлымдық. Еркіндік болмаған жерде зұлымдықтың өсіп-өну мүмкіндігі де азаяды. Зұлымдық табиғатынан күнәмен тамырлас. Күнә жасалған жерде зұлымдық та негіз қалайды. Күнә зұлымдықпен қатар болатын, қалыптасып дамитын құбылыс, әрі діни ілімдердің маңызды категориясы.

Ұлы шейх Қ.А.Иассауи күнәнің адам болмысының рухани дүниесіндегі рөлінің тереңдігін еңбегінде жиі ескереді. Күнә — адамды бұрыс жолдан сақтап, дұрыс жолға бағыттайтын күшке ие категория. Ғұлама күнә мәселесін екі жақты, яғни адамға пайдалы да, зиянды да қырынан қарастырады .

Күнәні кешіру — тек Алланын ісі, ал тәубасына келуге әр күнәлі пенденің құқығы бар. Адамның бұрыс бағыттан дұрыс жолға түсуінің нак себебі де таубасына түсу мүмкіндігімен анықталады. Адамның ішкі рухани дүниесін өзгерте алу қызметінің өзі күнәнің мәнін тереңдете түседі. Осылайша, күнә адам болмысына қажетті әрі маңызды категорияға айналады.

Ислам қағидасы бір адамның екінші адамға, бір халықтың екінші бір халыққа қиянатын қолмайды, керсінше айыптайды.Адам жаратылысына сәйкес-оңай жүрегінде ізтіліктің кішкентай болсын шоғы сақталып және ол әркез адамның сөзі мен ісінен байқалып отыруы  тиіс. «Адамдардың шаруасы біткен» деп ғайбат сөз айтқан жанның сөз айтқан жанның өз шаруасы біткен адам» деген 84-ші хадистің мәні адамның құқығы мен еркі,беделі мен бостандығын қорғауға негізделген.

Көп күнәні жасауға жетелейтін жалған дүние қызығы — ізгіліктің түбіне балта сілтер бірінші қауіп. Ұлы сопы Қ.А.Иассауи да өз хикметінде адам баласын бұ дүние қызығының беймәлім, қауіпті ықпалдарынан сақтандырады. Дүниеден бас тарту арқылы ғана адамның шынайы мұсылмандық қылып, ақыретті таба алатынына ғұлама сенімді. Адамзат үшін, келесі қауіп — адам болмысының өзінен. Ол — қызғаныш, ашу, өсек, өтірік, мақтаншақтық сияқты, өкінішке орай адам бойынан жиі табылатын, адамдыққа қарама-қарсы қасиеттер — түбі ізгілікті құрта алатын күштен де кенде емес қасиеттер. «Ашу — дұшпан, ақыл — дос» деген халық мақалының да мәнінен көрінгендей, ашудың өзгеге де, өзіңе де, жақыныңа да қатысты, зұлымдық атаулының кезі екендігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берген жоқ па? «Оттың ағашты жалмайтыны сияқты, ашу-ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды» деген 573-ші хадистің де философиялық мәні де осы пікірді растайды. Адамның өзін-өзі және басқаларды ашу-ызадан шығатын қателіктен арашалап қалудағы басты қаруы — сабырлық деген пікірге ислам қағидасы тоқталады. Бұл жерде сабырлық сақтау мен өзінді өзің ұстай білу — адамның таптырмас қасиеті деген пікір — түрік-мұсылман дүниетанымы мен ислам ілімінің тағы бір түйіскен ұстанымдарының игі нәтижесі. Иассауидің 76 хикметі «Сөз бен істе сабырлы болу, қай істе де орта тұста жүру, ерекше көзге тұсу — пайғамбар үлесінің 24/1 -не қол жеткізу…» деп келетін 347-ші  хадисімен мағыналас.Сабырлылық — Алланың тартуы, адам бойындағы ізгіліктің тірегі, қорғаны. Ислам үшін адам баласы жаратылысынан тең, Алла алдында бірдей. «Зер сал, ойлан! Сенің қараторыдан не қарадан артық еш жерің жоқ. Сенің артықтығың құдайға жалбарынуында ғана» деген 285-ші хадистің мәні адам барша адамзат теңдігін мойындауында. Адам беделін төмендететін бір-ақ нәрсе, ол — Аллаға сенімнің жоқтығы.  Исламдағы ізгіліктік қағидалардың өркениет кеңістігінде дүниеге келген туындыларға жағымды ықпалы біртіндеп тереңдей береді. Адам болмысының тең жаратылысы — адамдардың өзара осы тең арақатынасты сақтап тұруда әр адамның саналық өрісіне жауапкершілік салмағын салары анық. Ислам адамның табиғатына мәңгілік, өзгермейтін құбылыс ретінде қарамайды. Адамның жақсы не болмаса жаман іске үйірлігінің себебін 403-ші хадистен-ақ түсіне аламыз: «Естерінде болсын! Адамда бір кесек ет бар, егер ол жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса, бүкіл дене де жаман. Ол кесек — ой (жан, жүрек)». Жүрек мәселесіне Қ.А.Иассауи діни қырынан келе, 32-хикметтінде  жүрек болмысының адам баласын Алла Тағалаға сүйікті етер мәнде қызметін дәріптейді.

Жүрек — Алла жолына түсірер күш, әрі адам болмысының тіршілігі мен мән-мақсатын бағдарлайтын, бағыттайтын негіз. Адам баласының болашақта дұрыс не болмаса бұрыс бағытта қалыптасып, дамуын шешер түпкі жауапкершілік нәтижесінде жүрекке салмақ салады.

Ахмет Иассауи жан тазалығына айрықша мән берген. Ол қоғамнын әр мүшесін іштей рухани жағынан тазартып, имандылық жолына түсіруде нақ осы мәселені қолға алды. Және де мұнда сопылық ілімде қарастырылған «Жетілген  тұлға» идеясының да өзіндік орны болды. Жан тазалығын қастерлеген адам нәпсіні тиып, қанағат етуді жоғары бағалауы себепті тәңіріге жақын  тұрған.

Рухани кемелдену адамның жан дүниесінің Аллаға деген махаббатпен түрленуінде. Яғни, жаратылған жаратылысты өзіндей сүйе білу, қиянат жасаудан алшақ болу. Әлемдегі табиғи болмыстардың өзегі адам. Адам рухы  алланың бір бөлігі. Екі бастаманың бірігуі өмір ақиқаты Ал «алла болмысын тану «кашф» пен «кереметке» сондай-ақ, алғашқы бастаманы анықтайтын аргументтер мен онтологиялық дәстүрлерге негізделді». Жаратылыстың алғашқы шексіз бастамаға қайта қосылуы, оны тану кашфты танытса, логикалық танымға бергізіс мәселелер кереметке баланған.  Түркі халқының мың жылдық тарихи дүниетанымы мен мәдениетіне, олардың өмір сүру тәсіліне енген сопылық адам болмысының жетілуін жаңаша бағалауға негіз болды.

Адамның сатылы мақамдардай көтерілуі құрбандықты қажет етеді деген таным қалыптасты. Өйткені, түркілердің ұрпақтары күні бүгінге дейін әрбір жетістік үшін құрбандық шалуға дайын. Құрбандық  шалу дәстүрі адам, түйсігінің күшімен түрленген. Және де ол дәстүрлер халық арасында саналы түрде қабылданды. Адам танымы тек өзіне тән қуатты күшке ие. Бұл тұрғыда Н.Кузанский» «Адам өз ақыл-ойының шығармашылық қызметі арқылы тәңірі ретінде танылады». Демек, адам өзіне беймәлім болған рухани  күштерді өзі жаратты, табыну дәстүрлерін түзді және сол арқылы табиғаттағы өз орнын анықтап алды. Мұндай философиялық пікірлер даналыққа ұласты. Және де ол тұжырымдар өмір ақиқатының негізгі нормалары ретінде көрінді.

Түркі халқының тұрмыс-салты, дәстүрлі мәдениеті, өміріндегі рухани

құндылықтары мен философиялық түсініктері ойшылдың назарын аудартпай қоймады. Мұны меңгеру, оның осал тұстарын жетілдіру және мұсылман философиясындағы құндылықтар мен толықтыру Ахмет Иассауи сопылық ілімінің қоғамдағы орнын анықтауға септігін тигізді. Ойшылдың насихат етпек болған түпкі мұраты түркі дүниетанымымен үйлесімін тапты.

Ахмет Иассауи өз жанын рухани бостықтан, материалды тұрмыстан құтқару мақсатында қылуетке түсті. Мұнда түрік тілінде сопылық поэзияның құнды мұраларының бірі «Диуани хикмет» жазылды. Сопылық ұғымдардың халыққа түсінікті әрі жеңіл хикмет түрінде баяндалуы, сопылық ілімнің түркілер арасында таралып, келе-келе оның өзіндік ажырамас бір бөлшегіне айналуында елеулі орын алды. Түркі халықтарының рухани мұратын, тағдыр тіршілік талабына сәйкес келген хикметтер еркін қабылданды. Нәпсінің  қалауына теріс көзқарасты туындату арқылы әрбір адам жүрегіндегі иманның өміршендігіне назар аударды. Бұл жетілудің бір сатысы.

Келесі адамның хақиқат сенімі — иман. Ол адамды өз жанына үңілдіреді. Өзінді-өзің тану иманның жетілдірудегі орнын анықтайды. Біз білеміз, адам тіршілік иесі ғана емес, сонымен қатар жан мен рухтың иесі. Материалды бастама әр қашанда өзіне назар аударттады, талаптар қойады. Адам жаны сондықтан да мәңгілік құпия дүние болып қала береді. Оның кілті Аллада деген.

Ахмет Иассауи өмір құпиясының сыры жүректе, оны хикмет жолдарындағы иман арқылы тазартамыз деген.

Тақуалық жолды таңдаған тұлғалар алла болмысы жүректе орналасқан деп білді. «Жүрегі шынайы сенімге толы, пәк-мінезді жандар  ғана тәңірі махаббатта лайықты».Мұндай тұлғада рухани сана өз кемелдігіне жеткен. Сондықтан, рухани сана арқылы адам танымынан орын алған тәңірі болмысын кемелдікке жеткен тұлға ғана (ақыл-ой күшімен) танып біле алады.

Танымның екі формасына назар аударған әл-Фараби, оны ішкі және сыртқы деп беледі. Және сол арқылы рухани дүниені таразылайды. Әл-Фараби: «Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным — адам танымының сыртқы негізін түзеді. Ал танымның ішкі бөлігін абсолютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл-ойдың қызметімен байланыстырамыз» -деп танымның ішкі белігіне көбірек мен береді. Танымның ішкі бөлігін жетілдіру үшін сопылар түрлі мистикалық тәсілдер мен дәстүрлерді түзген. Бұл дәстүрлер түрлі сопылық тариқаттарда өзге де әдістермен толықтырылып, жаңа тәжірибелерді қолданысқа енгізді. Ал, қарапайым халық арасында сопылық ілім жергілікті мәдени орта қалыптастырған аңыз-әңгімелерге және халықтың кейбір дәстүрлі мейрамдарына (наурыз, маулід) сондай-ақ түркілердің ежелгі түсініктеріне  (жаңбыр шақыру дәстүрі…) негізделген жаңа дәстүрлермен толықты.               

Өз кезегінде рухани кемелдену сыры — білім мен имандылықты бірлікте ұстау, құран заңдылығымен хикметтер арқылы таныс болу және оны өмір тәжірибесіне ұластыру деп білген адамдар кемде-кем. Рухани жетілу жан дүниеңде. Өзіңді-өзін тани біл. Ол үшін де ежелгі даналар жолы мен акыл-ойының көрінісі болған еңбектердің мазмұнынан хабардар бол.

Алғашында қарапайым мұсылманның тақуалыққа негізделген іс-әрекетінен туындаған тұжырымдар мен болжамдар жаңа рухани танымды қалыптастырды. Тақуалар кеңістікте ақыл-ойға тәуелсіз заңдылықтар мен жоғары бір рухани күштің бар екенін құран аяттары арқылы аңғарып, оны тануды мақсат етті. Мұны түсіндіруде адамның иманың жан-жақты жетілдіріп, оның қабілеттерін адамгершілікке баулыған ислам дініндегі дәстүрлер тұйыққа тірелді. Сондықтан да адам мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған тылсымдық тәжірбиелердің қажеттілігі сопылық ілімді туындатты.