Мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын маңызды талаптарды қамтиды. Дидактикада мектеп оқулығына мынадай анықтама беріледі: ол білім мазмұнын баяндайтын оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп міндетті білім алудың әрекет түрін айқындайтын көпшілік қолданатын кітап.
Көбінесе оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады. Дегенмен оқулық көмекші рөль атқаратын немесе мүлдем керек болмайтын сабақтар да бар. Кейде оқу процесіне оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ дейтін пікірлер де бар. Тіпті Н. В. Гоголь тәрбиеленушіге кітаптың керегі жоқ, өйткені ол қиялды тұсап тастайдцы деген.
Казіргі кезде дәстүрлі оқулықтан бас тартуға шақырған пікірлер де кездесіп қалады.(Мысалы Ю. Тройцкий мен К.К. Умбрашко). Қалай дегенмен депедагогтар, әдіскерлер мен мұғалімдердің басым бөлігі оқулық қажет және пайдалы деп есептейді. Ғалымдар мектеп оқулығының мынадай қызметтерін бөліп көрсетеді:
-Ақпараттық ( білім беру мазмұнвн ашады , оқушылардың жасын ескеріп , сабақтағы материалдыцң көлемін белгілейді):
-Жүйелеушілік ( мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз етеді және жүйелейді):
— оқытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді);
-тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарьн іске асыруға ықпал жасайды).
Окулык құауыштары. Құрылымы әртүрлі көптеген мектеп оқулықтары бар. Оқытуды жіктеуге сәйкес көп деңгейлі оқулықтар жасалу үстінде.
Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы мүмкін.
Кітап мәтінінде ұғымдар, терминдер, тірек сөздер ерекшеленеді және түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжатгардан үзінділер, анықтамалық аппарат үлгісі және күрделілік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Сұрақтар қисынды түрде мазмұнды жалғастырады және нақтыландыра түседі. Оқулық соңында жоғары сынып оқушыларына алдыңғы тақырыптан нені еске алу, тапсырманы қалай орындау жөнінде ұсыныстар беріледі.
Жинақтау сұрақтары, қосымша мәтіндік материал бөлімнің соңына орналасады да бұл материал оқу кітабының немесе семинарға дайындалуға негіз болатын қызмет атқарады.
Оқулықтар бір-бірінен қанша ерекшеленгенімен олардың ұқсастықтары да көп. Оқулықта деректерді талдау жүйесі арқылы айқындалған мәтінен тұрады. Оның мазмұны тараулар, бөлімдер және параграфтардан құралады. Параграфтардың көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырушы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді. Негізгі мәтіннің өзегін маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы туралы ақпараттар құрайды. Мұғалім сабаққа дайындық кезінде оқулық мазмұнынан негізгі, базалық білімді таба алуы тиіс. Ол оқу мазмұнының үштен бір бөлігін қамтиды. Қалған бөлігі сабақты түсіндіруге қосымша материалдарды құрайды. ,
Мектеп курсында барлық материал бірдей баяндала бермеуі мүмкін. Кеңейтілген баяндау конспектілік баяндауға ұштасады. Негізгі деректер бұлжытпай баяндалады және құжаттармен] безендірумен толықтырылады. Негізгі дерекке байланыстьі мәліметтер қысқа анықтама түрінде беріледі.
Окулықтың күрделілігі пәндік, қисындық және тілдік болып бөлінеді. Тарихи мазмұнның күрделілігі мәтіннің үғым термин, теориялық сипаттағы тұжырымдармен қаншалықтв қамтылуына тікелей байланысты. Ғалымдардың пікірінше , оқулық мәтінін жақсы түсіну үшін толықтыру мазмұньшдағы сөйлемдер базистік материалдан төрт есе көп болуы керек. Оқулықтьң мәтіннен тыс құрауыштары безендіру, сұраулар мен тапсырмалар, құжаттар мен көрсеткіш материалдарды қамтиды. Безендендіру мен сұлбалар кітап мазмұнын бейнелі және шартты көрнекіліктер арқылы ашуға пайдаланылады.Оқулықтың әдістемелік аппаратының негізгі бөлігін параграфтарға берілгенсұраулар мен тапсырмалар құрайды. Олар окушыларға сабақ мазмынын сапалы және терең игеруге көмектесіп, мұғалімдерге оқушылардың оқу әрекетін басқаруға мүмкіндік : береді.