Қазақстан тарихы дербес пәнге айналып, оған бөлінген сағаттар саны мен сыныптар саны көбейгендіктен соңғы оншақты жылда біраз оқулықтар жарық көрді. Оларды жазып, дайындауға, талқылап бекітуге көптеген тарихшы, әдіскер ғалымдар, әдіскерлер, мектеп мұғалімдері қатысты. Бұл алдымен Қазақстан тарихы ғылымы мен оны мектепте оқыту әдістемесінің жетістігі. Бұған Алматы қаласындағы N115 мектепте ұзақ жыл тарих пәнінен сабақ берген марқұм Дүйсен Бабаевтың шығамашылық қызметі дәлел болады.
Ол ширке ғасырдан астам уақыт біз басшылық еткен ғылыми-әдістемелік лабораториялармен шығамашылықпен байланыс жасай отырып, қатардағы мұғалімнен Қазақстан тарихы оқулықтарының авторы, әдіскер мұғалім «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» деген құрметті атаққа ие болу дәрежесіне дейін жетті.
Соңғы жылдары Д.Бабаевтың авторлығымен Қазақстан тарихының үш оқулығы баспадан шықты. Оның алғашқысы 8 — сыныпқа арналған. 1990 жылы жарық көрген Қазақстан тарихы бағдарламасының «Б» вариантына сәйкес жаылған, 34 сағатқа лайықталған. Қазақстан тарихын ежелгі заманнан ХVIII ғасырдың аяғына дейін қамтиды.
80 жылдардың аяқ кехзінде тарих ғылымында, оның әдәснамасында пайда болған жаңалықтар ескерілген; бағдарламаға сәйкес жазылған; ғылыми жағынан Қазақстан тарихы ғылымының сол кездегі дәрежесіне сай келеді; тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігі ескерілген; тарихи фактілер, оқиғалар, құбылыстар нақты мысалдармен ашылып көрсетіледі; ғылыми-теориялық материалдар жеткілікті дәлелдермен түсіндіріледі; тарихи материал оқушылардың дайындық дәрежесі мен таным қызметін ескере отырып іріктелген, оқулық тілі түсінікті; оқу материалының жүйелілігі, реттілігі сақталған; сұрақтар мен тапсырмалар негізінен сәтті іріктелген; иллюстрациялар берілген. /7/.
1980 жылдардың аяқ кезінен бастап мектеп оқулықтарын жазуға белсене қатысып жүрен белгілі тарихшы-ғалымдардың бірі- Ж. Қасымбаев. Автордың
1987 жылғы Қазақстан тарихы бойынша жарияланған бәйге шарттарына сай жазған оқулығы сыйлық алып,и 1990 жылы жарыққа шықты. Ал, жаңа бағдарламаларға байланысты осы оқулықтың толықтырылған, өңделген нұсқалары 1992 жылы орыс, ұйғыр, 1993-95 жылдары қазақ тілдерінде шықты. Оларға зер салып қарағанда, автордың кітаптың әрбір келесі басылымын ұқыптылықпен қарап, жетілдіріп отырғаны байқалады. Оқулықтың соңғы басылымында, алғашқылармен саыстырғанда қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары жаңа деректермен толықтырылған, Қазақстанның Ресей империясының қол астында болуы, оның осы өлкеде жүргізген отаршылдық, орыстандыру саясаты, оған қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар, әсіресе Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тереңірек баяндалған, аталған тарихи құбылыстар мен оқиғаларға объективтік баға берілген. Оқулықтың соңғы нұсқасының мәдениет тарихы бөлімінің жаңа деректермен толықтырылуы орынды, ХІХ ғасырда ашылған мектептер мен медреселердің тарихына, қызметіне тоқтау, олардың игілікті істеріне тарихи тұрғыдан баға беру, осы ғасырдағы қазақ өңірінің көрнекті өкілдерінің қызметімен оқушыларды кеңірек таныстыру білімдік, тәрбиелік жағынан маңызды.
Қазақстан тарихы мектеп курсының қалыптасып дамуына академик М.Қ. Қозыбаев қомақты үлес қосты. 70-80 жылдары Оқу министрлігі жанындағы тарих пәнінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы бола жүріп, осыкурсты мектепте оқытуға қатысты дайындалған құрадардың бәрін дерлік: бағдарламалардың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың, оқу фильмдері мен диафильмдердің көпшілігін жеке өзі қарап, құнды пікірлер айтып, олардың жетіле түсуіне көмектесті. Сол жылдары мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қатысты түлі деңгейлерде болып жататын жиындарда Қазақстан тарихын оқытуда қордаланып қалған проблемаларды көтеріп, оларды шешудің жолдарын көрсетіп отырды. Осы мәселе бойынша мерзімді баспасөз беттерінде де үнемі мақалалар жазып отырды. Ол 80 – жылдардың орта кезінен бастап, Қазақстан тарихының мектепке арналған бағдарламаларын құрастырушы авторлар ұжымының жетекшісі және авторлардың бірі, 90 – жылдардан бастап 10 – сыныпқа арналып төрт рет шыққан Қазақстан тарихы оқулығының авторы. М.Қ. Қозыбаев жазған оқулық Қазақстан тарихының қысқа, бірақ та өте күрделі, шым-штырық, әрі қарама-қайшы оқиғаларға толы кезеңін қамтиды. Бұл автор жазған оқулықтар әдіснамалық, ғылыми жағынан ұстамдылығымен, архив материалдарының, басқа да деректердің молдығмен, оқулыққа ендірілген деректердің сонылығымен, тарихи фактілерге, оқиғаларға, құбылстарға баға беруде кеткен қатерлер мен кемшіліктерді бүкпесіз ашып көрсетуімен және де ол оқиғаларға тарихи тұрғыдан дұрыс, принципі баға беруімен ерекшеленеді. Автор ұстаған бағыттың тағы ір ерекшілігі, бұрын аттары ұмытыла бастаған, тарихта белгілі орны бар тарихи қайраткерлердің есімдері мен қызметін тарихи орындарына қайта келтіруге қосқан үлесі. /8/.
Қазақстан тарихының жаңа бағдарламалары жарыққа шыққаннан кейінгі кешеуілдеп шыққан оқулықтар – 5,6, 11 — сыныптарға арналғандары.
11 – сыныпта Қазақстан тарихының 1946 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралығы қамтылады. Осы сыныпқа арналған жаңа оқулықтың жарыққа шығуы елеулі оқиғаболды, авторлар ұжымы жазған, жетекшісі, К. Нұрпейісов. 2-3 оқу жылынан бері Қазақстан тарихының соңғы кезеңін арнайы оқулықсыз оқытып, көп қиындыққа кездесіп жүрген тарихшы мұғалімдердің жүгін жеңілдетіп, оқушылардың бағдарламаға сай білім алуына жағдай жасалды.
Оқулықтың құрылымы да, мазмұны да 1990 жылға дейін жарық көрген жоғары сыныптарға арналған тарих оқулықтарынан мүлде өзгеше. Мұнда бұған дейін тарих курстарында мықтап орын алған «бесжылдықтар» тарихы, әрбір тарихи кезеңді бастап беретін партия съездері жоқ есебі.
Кітаптың өн бойынан Кеңес үкіметі тұсында орын алған қоғамдық жүйе адамдарды меншіктен шеттетті, оның мүшелерін күштеп теңестірді, адамдардың демократиялық, Конститутциялық құқын, олардың жеке бостандығын аяққа басты деген идея байқалады.
Авторлар Қазақстан тарихын жалған тұжырымдамалар мен бұрмалаушылықтардан тазартуға көңіл бөлген. Тарихи оқиғаларды баяндау брысында тарихи құжаттар, зерттеу еңбектері, мақалалар, тарихи оқиғалар куәгерлінің естеліктері орынды пайдаланылған.
Оқу жоспары мен бағдарлама бойынша 1992/93 оқу жылынан бастап Қазақстан тарихы 6 – сыныпта тұңғыш рет оқытыла бастады. Алғашқы 2 -3 жылда мектептерде арнай оқулық болмағандықтан осы сынып материалы бар, бірақ, 8 – сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы пайдаланылып келді. Осы сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы 1994 жылы ғана жарыққа шықты. 17 сағаттық бағдарламаға лайықталып жазылған бұл шағын оқулықтың оқушылар үшін білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан елеулі пайдасы болды. Ежегі заманнан бастап Б.з. V ғасырына дейінгі аралықты қамтитын оқулықты қамтитын оқулықты алтыншы сынып оқушыларына лайықты етіп жазу үшін белгілі археолог – ғалым К.М. Байпақов барынша шығармашыықпен жұмыс жасаған. Оқулық қолданылып жүрген бағдарламаға сай жазылған. Тарихи мартериалды іріктегенде осы жастағы оқушылардың дайындақ дәрежесі ескерілген. Әрбір параграф соңында берілген тапсырмалар мен сұрақтарды ірікеуге тәжірибелі тарихшы мұғалім қатысқандықтан олардың көбі ықшамды, түсінікті, әрі оқушыларды ойлануға талпындырады.
Дегенмен бұл оқулықта да қиын ұғымдардың, терминдердің, күрделі материадардың бар екені байқалды. /9/.
Бастауыш мектептен 5 – сыныпқа көшкен оқушылар тарихпен пән ретінде алғаш рет кездеседі. Сондықтан да осы сыныпқа тарих оқулығын жазу өте жауапты жұмыс, әрі үлкен шығармашылықты талап етеді. Өйткені, шәкірттердің алдағы жылдары тарих пәнін қаншалықты қызығып оқитыны осы сыныптағы тарихтың әңгімелер курсының оқытылуы дәрежесіне, алдымен оның оқулығының сапалы жазылғандығына байланысты. Бағдарлама бойынша бұл сыныпта 1992-93 оқу жылынан бастап Қазақстан тарихының әңгімелер курсы оқытылды, ол ел тарихын ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін қамтыды, оны оқытуға 68 сағат уақыт бөлінеді. Оқулықтың қолжазбасы 1993 жылдың алғашқы тоқсанында-ақ «Рауан» баспасына өткізілгенмен, ол кітап болып 1995 жылы ғана жарыққа шықты, Көп жылдар бойы 4-5 сыныптарға оқулық жазумен шұғылданғандықтан, автор оларға қойылатын соңғы талаптардың бірқатарын ескердім де есептейді. Егер баспа бетінде шыққан тәжірибелі тарихшы мұғалімнің пікірінен үзінді клтірсек, онда төмендегідей жолдар бар. «Құрылымдық жағынан алып қарағанда мұғалім үшін ең жақсы оқулық – бағдарламалық материалды жоспарлауға, оқыту процесін жүргізуге жеңілдік әпере алатын оқулық. Оның ерекшелігі – оқулықтың бастауыштан жаңа шыққан 10-11 жастағы балаларға ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі тарихты тұтасымен көз алдынан өткізу мақсатымен айқындалады. Аса ірі тарихи тұлғалар — қазақ мемлекетінің іргесін қалап, қабырғасын көтерген хандар, орта ғасырлық ұлы ғұламалар, қазақ-жоңғар соғысының атақты батырлары да назардан тыс қалмаған». Мақала авторы оқулықтың басқа да сәтті жақтарын көрсете келіп,
шәкірттерге қиындық келтіретін материалдың бар екендігін айтады. Бұл ескертумен келісуге болады. Мұндай сын-ескертпелер басқа да баспасөз беттерінде айтылды.
7-8 сыныптарда оқылатын орта ғасырдағы Қазақстан тарихы тұңғыш рет 1995 жылы баспадан шықты, авторлар ұжымы жазған, жетекшісі Б. Көмеков. Бұл оқулықтың төмендегідей сәтті жақтары бар: негізінен оқу бағдарламасына сай жазылған; әрбір тақырып пен тақырыпша көбіне саяси тарихтан басталып, әрі қарай қоғамдық құрылыс, шаруашылық, әлеуметтік жағдай, мәдениет тарихы болып қалыптасады. Археологиялық қазбалар арқылы табылған соңғы жаңалықтар, саяхатшылар еңбектерінің үзінділері орынды пайдаланылған; карталар мен тсуреттер сәтті іріктелеген. Бұған дейін Қазақстан тарихының ұзақ та, маңызды кезеңі – орта ғасырлар тарихының мектепте мүлде үстірт оқытылғанын ескерсек, пікір айылып отырған оқулық сол оқулықты жоюға лайықты үлес қосты. /10/.
Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгелі оның оқулықтарын дайындап, басып шығаруда біраз жұмыстар жасалды. Бірақ та ол оқулықтардың қайсысы болса да сапасы жағынан көп жетілдіруді қажет етеді. Келешекте Қазақстан тарихының мектеп оқулықтарын жасау ісіне пайдасы тиеді деген мақсатпен бірнеше ұсыныстар айтпақпыз.
- Қазіргі уақытта мектепте оқылатын пәндердің бәрінің дерлік оқыту тұжырымдамалары жасалды. Солардың негізінде мемлекеттік білім стандарты, жаңа оқу бағдарламалары да дайындалып болды.
Қазақстан тарихының оқулықтарын жазғнда осы екі маңызды құжат басшылыққа алынуы тиіс. Өйткені, оларда пәнді оқытуға қойылатын негізгі білімдік, дамытушылық, тәрбиелік үш міндетті жүзеге асырудың жолдары толық көрсетілген. Оқулық оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес жазылуы тиіс. Ал, оқулық жазатын авторлар оқу бағдарламасына ішінара өзгерістер енгізу қажет деп тапса, ол туралы алдын-ала құзырлы мекемелермен келісіп алады. /11/.
- Кеңестік педагогика теориясында оқулық жазу проблемасына жеткілікті орын беріліп, ол едәуір зерттелген және оған қойылатын негізгі дидактикалық ұстанымдар да анықталған болатын. Қазақстан тарихы оқулықтарын жазғанда да жинақталған ғылыми жетістіктер, пайдалы тәжірибелер барынша ескеріліп, іске асқаны дұрыс. Сонымен қатар қазіргі уақытта оқушыны, тұлғаны дамыту, оның ойлау қызметінің белсенділігін барынша арттыру, яғни дамыта
оқыту талабы бірінші орынға қойылып отырғанда мүлде жаңа тұрпатты оқулықтар қажетгігі үнемі есте болуы тиіс. Ол үшін оқулықтағы материал — тақырып тақырыпша, параграф, жеке мәселе оқушыларлы өздігінше оқып, меңгеруге ынталандыратындай болып жазылған дұрыс. Сондықтан да авторларға оқулықтар қойылатын дндактикалық психологиялық және басқа да талаптарды білу міндеті жүктелелі. Осы мақсатта оқулыққа ендірілген материалдарын сипаты жағынан түрліше болғаны, әсіресе оқушының сезіміне әсер ететін, оларды қызықтыратын , әрі ойландыратын материалды көбірек болғаны және орман өздігінше жұмыс істеудің жолдары көрсетілгені дұрыс. Параграфтар соңыңда берілетін тапсырмалар мен сұрақтар арасындағы тарихи оқиғаларды салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу , тарихи құбылыстарға , фактілерге, жеке қайраткерлер қызметіне өздігінше баға беру , өз көзқарасын білдіру сияқтылардың көбірек болғаны тиімді.
Сонда ғана оқулық шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыра алады.
- Келешекте Қазақстан Республикасында өркениетке бағыт алған мемлекеттік идеология қалыптасуы тиіс. оның негізгі ұстанымдары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін қалыптастру тұжырымдамасы мен гуманитарлық білім беру, тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамаларында және басқа да маңызды құжаттарда баяндалған. Осы міндетті орындауға мектеп те Қазақстан тарихын оқыту үлес қосады, ал оқулықтан басталады. демес , Қазақстан тарихы оқулықтарында туып – өскен жерім, өз елім, Отаным идеясын қалыптастыруға көңіл бөлінуі тиіс. Жеке бастың да, ұлттық сананың да қалыптасуының мызғымас тірегі барлық уақытта да ұлттың тарихи болғаны белгілі . Сонымен қатар басқа пәндермен де тығыз байланыста болу жолдарын қарастыру керек.
- Егерде дамыта оқыту талабы тұрғысынан қарасақ Қазақстан тарихын мүлде жаңа оқулықтар жасау міндеті алға шығады. Мұның өзі мектептегі тарих пәнінің өзінің өззіндік ерекшелігі байланысты дәлірек айтқанда бұл дамыта оқыту міндетін толық атқара алмайды. бұл міндетті математика, химия , тіл, т.б. пәндер сабақтарында ойдағыдай болады. тарих сабақтарында оқушылар 30 — жылдардың орта кезінен бастап , күні бүгінге дейін негізінен дайын білімдерді тыңдаумен , қабылдаумен шектелуде мұның өзі шәкірттердің ойлау қызметін жан – жақты, әрі жоғары толтырудың бір жолы – тарихтан мүлде өзгеше оқулықтар жасау. Мәселен, мұндай оқулықтарда оқып-меңгерілетін тақырыптың аты, оны оқып білудің мақсаты мен міндеттері, трихи деректер мен әдебиеттер тізімі, қортынды, сұрақтар мен тапсырмалар деген бөлімдер болуы мүмкін. Негізгі мақсат – көрсетілген тақырып бойынша қажетті білімдерді оқушылардың өздігінше іздеп, табуы және меңгеруі. Оның барсында оқушыларда қажетті біліктер де қалыптасады, ойлау қызметі де дамиды. Әрине, оқулықтың басынан-аяғына дейін осындай құрылыммен жазылуы міндетті болмас, оған біртіндеп көшкен дұрыс шығар. Кеңес мектептері 20 – жылдары Мемлекеттік Оқу Кеңесі бағдарламасымен оқыған кезде бірқатар пәндерден, солардың арасында тарихтан да осыған ұқсас оқулықтар баспадан шыққан болатын. Осы сипатты оқулықтардың қазір де қажеттігі туралы баспасөз бетінде жарияланып жүр. /12/.
- Қазақстан тарихының мектеп оқулықтары оларға халықралық деңгейде қойылатын талаптарға да сай болғаны дұрыс. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО Комитетінің тапсырмасымен жасалған оқулықтарға қойылатын критерийлерде: мәдениет мәселелеріне көбірек орын беру, әрбір ұттық мәдениеттің ерекшелігін көрсете отырып, оның дүниежүзілік мәдениеттің бір бөлігі екенін, басқа халықтармен, елдермен мәдени байланыстарын, халықтар теңдігін көрсетуге, оның бұзылуына жол бермеуге; адам құқығының бұзылмауын, осы жөніндегі БҰҰ Декларациясының талаптарын үнемі ескеріп отыруға; халықтарда кездесетін кедейліктің, жоқшылықтың себептерін және оларды болдырмау жолдарын ашып көрсетуге, кедей халықтар мен елдрге, әсіресе олардың денсаулығы мен мәдениетін көтеруге көмектесуге; соғыс қаруын көбейтуді, әскери жанжлдарды әшкерелеуді, керісінше бейбітшілікті насихаттауға,сақтауға; экология проблемасын назарда ұстауға, қоршаған ортаны, табиғатты бұзушылық пен бүлдірушілікті үнемі әшкерелеп отыру қажеттігі атап көрсетіледі.
- Мектептерді оқулықпен дер кезінде қамтамасыз ету, оны дайындау мен таратуды ойдағыдай ұймдастыруға да басланысты. Бұл жөніндегі ең қажетті шара – Қазақстан тарихының тектеп оқулықтарына ашық бәйгелер жариялау және оған ғалымдардың, әдіскерлердің, тарихшы оқушылар мен мұғалімдердің бірлесіп қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстан тарихы оқулықтары бәйгесінің шарттары анық, түсінікті, оған тікелей қатысты барлық мәселелерді қамтуы тиіс және олар ең көп тарайтын республикалық газеттерде жарияланғаны дұрыс. /13/.
- Қазірге дейін баспа орындары оқулықтың қолжазбаларын бір тілде ғана қабылдап, екінші тілге аудару үлкен проблемаға айналып келді. Осының салдарынан 5, 7, т.б. сыныптар үшін қазақ тілінде жазылған оқулықтар бірнеше жыл бойы орыс тіліне аударылмай орыс мектептерінің сыныптарында күні өткен орыс тіліндегі оқулықтар пайдаланылды, немесе Қазақстан тарихына бөлінген сағат қысқартылып, оның орнына Мәскеуден шыққан Ресей тарихын оқыту фактілері кездесті.
Жеке оқу пәндерінен оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім, тәрбие берудің және оларды дамыта оқытудың негізгі шарттарының бірі — әр пәннен оқу-әдістемелік кешен жасау. Мәселен, Қазақстан тарихынан оның құрамына оқулықтан басқа 5-7 оқу құралы қосылады. Сол құралдардың арасында тарих хрестоматиялары маңызда орын алады. Соңғы 5-6 жылда жеке тарихшы-ғалымдар мен әдіскерлер мектептер үшін Қазақстан тарихынан екі хрестоматия дайындап, олар қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
Алғашқы “Қазақстан тарихының хрестоматиясы” 1992 жылы (106) жарық көрді, ондағы тарихи құжаттар Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бастап XIX ғасырдың соңына дейінгі аралығына қатысты. Осыған орай кітап екі бөлімге бөлінген: алғашқы бөлім — “8 класс”, ондағы 126 құжат 11 тақырыақа бөлініп берілді; екінші бөлім — «9 класс» — ол 8 тақырыпқа бөлінген 70 құжаттан тұрады.
Бұл хрестоматияның бір ерешелігі — оны құрастыруда осындай құралдарға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптардың ескерілуі. Мәселен, алдымен жалпы және әрбір сынып бойынша да кіріспелер берілген. Бұларда іріктелген құжаттардың қандай ретпен орналастырылғандығына, олардың ерекшелігіне және кейбір тақырыптардың бас кезіндегі анықтамалардың қажеттігіне назар аударылады. Мұндағы құжаттардын оқушылардың тарихи білімдерінің қай тұстарын толықтыратыны ескертіледі. Құжаттардың негізгі бөлігінің қандай деректерден алынғандығы таныстырылады.
Хрестоматиядағы құжаттар Қазақстан тарихының түрлі жақтарын: қоғамдық құрылыс, шаруашылық, сауда қатынастары, ұлт қатынастары мен отаршылдык, қалалар, соғыстар мен көтерілістер тарихын баяндайды. Іріктелген құжаттар күрделілік деңгейі, көлемі, мазмұны жөнінен 8-9-сыныптар оқушылрының дайындық дәрежесіне лайық. Құжаттарда сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да оқушылар өздігінше пайдалана алады. Ертедегі Қазақстан жеріндегі массагеттер туралы Геродоттың (№ 1 құжат, 7—8-беттер), грек географы әрі тарихшысы Страбонның сақтар туралы (№ 3, 9-бет). Рим тарихшысы А.Марцелинның ғұндар туралы (№ 5. 13-бет) жазбалары, сондай -ақ қаңлылар тарихшысы А. Марцелиннің ғұндар туралы (№5, 13 бет) жазбалары, сондай-ақ қаңлылар мен үйсіндер туралы қытай деректемелерінен келтірілген үзінділер Қазақстанның ең ертедегі халықтарының тұрмысы, шарушашылығы, салт-дәстүрі туралы оқушылардың білімдерін толықтыра түседі және мұндай деректер олардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады. Әл-Фарабидің азаматтық ғылым туралы айтқандары, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны, Мұхаммед Хайдар Дулати атақты еңбегі «Тарих-и-Рашидиден» келтірілген үзінділер де осындай құжаттар қатарына жатады. /14/.
Кестелер арқылы берілген сандық мәліметтер: «Жағалбайлы руынан кедей қазақтарының тізімі», (№7-211 бет: мұнда 47 отбасының әрқайсысындағы адамдар саны, олардың жасы, әр отбасының төрт түлік малдың түрлері мен саны келтірілген), «1822- жылығы «Қырғыздар жарғысы» және хан билігінің жойылуы» (№15, 266 бет), «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» (№16, 228-237 беттер), «1844 жылғы 14 маусым, Орынбор қазақтарын басқару туралы ережеден» (№25, 254-259 беттер) деген құжаттар оқу бағдарламасындағы Патша үкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатын барған сайын күшейте түскенін айқын деректермен дәлелдейді. Осының айғағы — Қазақстанда отаршылыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар. Хрестоматиядағы Сырым Датұлы, Исатай Тайманулы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұханбетов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар туралы келтерілген құжаттар бағдарламалық материалды көптеген тарихи фактілермен нақытлай түседі.
Хрестоматияның тағы бір тиімді жағы, әрбір тақырып соңында берілген тапсырмалар мен сұрақтар және олардың көбінің сәтті құрастырылғанды . 226-беттегі «Сұрақтар мен тапсырмаларда» контур ортамен жұмыс істеу тапсырылса, 249-беттегі тапсырманың бірі «Сібір қырғыздары туралы жарғы» бойынша Орта жүзді басқару схемасын сызуды ұсынады. Бірқатар сұрақтар тарихи оқиғалардың шығу себептерін немесе олардың арасындағы себептік-салдарлық байланыстарын көрсетуді, әр түрлі фактілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуды талап етеді. Мұндай сұрақтар оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту, олардың белсенділігін арттыру үшін тиімді.
Талдап отырған хрестоматиямыз 1992 жылы баспадан шыққан және ол орыс тілінен аударылған. Демек, оның қолжазбасы одан бір екі жыл бұрын дайылдалған деген сөз. Мұның өзі бұл кітаптың тарих ғылымының қазіргі әдіснамасынан, кейінгі уақыттағы тарихи жаңалықтардан артта қала бастағанына себеп болып отыр. Мәселен, ІІІ тақырып. Кенесары Қасымұлы бастаған феодалдық-монархиялық қозғалыс (289-бет) деп жазылған, ал оқулықта бұл тақырып «Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыс» деп берілген. V тарау. Ұлы жүздің Ресейге қосылуының аяқталуы» (313-бет) деген тарау атын да құптауға болмайды. Дұрысы “жаулап алуының аяқталауы”. Хрестоматиядағы құжаттар негізінен “Қазақ ССР тарихы жөніндегі матералдар (1741-1751 жж.)” Алматы, 1948; “ХVI-XVIII ғасырардағы қазақ-орыс қатынастары”, А., 1961; “XVIII-ХIX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» А., 1964 деген тарихи құжаттар жинағынан алынған. Ал, кейінгі уақытта Қазақстан тарихына қатысты қаншама деректі материалдар, зерттеу қорытындылары, монографиялар жарық көрді. Бұл хрестоматияда мәдениет тарихына қатысты құжаттар өте аз. Құрастырушылар кіріспе сөзде бұл олқылықты кітаптың көлеміне аударады. Бұл дәлелмен келісу қиын. Демек, хрестоматияны толықтырып, жетілдіріп, қайта басып шығару өмір талабы.
Қазақстан тарихының келесі хретоматиясы (107) ХХ ғасырдың басынан 1945- жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды. Ол негізінен жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің жоғары сынып оқушыларына арналған . құрастырушылардың атап көрсеткеніндей, бұл еңбек егеменді Қазақ Республикасының тарихын терең зерттеуге арналған, бүгінгі таңда жиі кездесе бермейтін арнаулы оқу құралдарының бірі. Соңғы жылдары ой елегінен қайта өткізіле бастаған сюжеттерге баса назар аударылған. Материалдарды іріктеген кезде құрастырушылар тарихты зерттеудегі нақты тарихы үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтарын, пікірлердің мейлінше алуан түрлі болуын көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа көзқарастарды негізге алуға ұмтылған.
Хрестоматия: Қазақстан ХХ ғасырдың басында; Қазақстан азаматтық қарсыласу кезеңінде (1916-1920 жж.); Жаңа экономикалық саясат жылдары (1921-1928 жж); Қазақстан казармалық социализм жүйесінде; Қиын – қыстау кезеңінде – деген бөлімдерден тұрады. Қазіргі оқу бағдарламасы бойынша алғашқы бөлім құжаттары 9, ал, қалғандары 10- сыныпта пайдаланылады. Хрестоматияда барлығы 162 құжат бар. Ол сипаты жөнінне әр түрлі, яғни тарихи білімнің түрлі жақтарын: саяси тарихты, қоғамдық құрылысты, экономикалық және әлеуметтік жағдайды, ұлт және ұлтаралық қатынастарды, отарлау саясатын, жеке тарихи қайраткерлердің қызметтерін нақты тарихи дәлелдермен негіздей түседі. Хрестоматияны құрастырушылар оқулық авторлары болғандықтан, қандай тақырыптарды, мәселелерді кеңейту, тереңдету керектігін дәл тауып, сосған лайықты құжаттарды іріктеген.
Олардың көбі бұрынғы хрестоматияларда, мектеп оқулықтарында болмаған. Мәселен, М. Тынышбаевтың студент кезінде-ақ Министрлер Кеңесінің төорағасына жазған хаты (№1, 5 бет)\, Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік Дума мүшелеріне ашық хаты (№13, 22 бет) бір жағынан патша үкіметінің отаршылық саясатын әшкерлесе, екінші жағынан қайраткерлердің өз халқы алдындағы тарихи қызметін ашып көрсетеді. /15/.
Мұнда оқулықтардың көлемі көтере бермейтін бірқатар статистикалық мәліметтер арнайы кестелермен берілген. Мәселен, №16 кесте «Қазақстанға қоныс аударушылар қозғалысының барысы» деп аталады (27 бет). Онда 1905 жылдан 1914 жылға дейін қоныс аурдарушылар санының жылма-жылғы өсу динамикасы көрсетілген. Осы сияқты №20 «Қазақстан халықтарының 1914 жылғы ұлттық құрамы» (29 бет), №21,22 «Орал, Сібір казак әскерлерінің саны» (30 бет), №95, «1921-1922 жылдардағы ашығушылар саны», т.б. кестелер бар. Жоғары сынып оқушыларының мұндай кестелерді талдауға қызығатыны және ондағы мәліметтерге сүйене отырып, белігілі бір қорытынды жасайтыны белгілі.
8-9 сыныптарға арналған хрестоматиядағыдай бұл хрестоматияның да әрбір тақырыптары соңынан тапсырмалар мен сұрақтар берілсе және олар көбіне өздігінше ойланып жауап беруге, өз бағасын, көзқарасын білдіруге әсер ететіндей құралдың тиміділігі арта түседі.
Тарихшы мұғалімдер сабақта және одан тыс уақытта тарихи құжаттар бойынша оқушылармен өзігінше жұмыстары тиімді ұйымдастыра алса, жоғарыда біз талдап өткен хрестоматиялардың Қазақстан тарихын оқытуды жақсарта түсуге пайдасы тиеді.
1991-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін тұтас қамтитын немесе оның аса маңызды мәселелеріне арналған әдістемелік құралдар жарық көрген жоқ. Оның себебі — осы курс дербес пән деп енді ғана аталып, оның тұжырымдамаларын жасау ісі енді ғана қолға алынып, жаңа оқулықтарын дайындауға к\қам жасала бастағанда маңызды әдістемелік құрал жасау асығыстық болар еді. /17/.
Бұл жылдары әдіскер алдында тұрған міндет — әрбір жаңа оқу жылында Қазақстан Тарихының жеке сыныптарда оқылатын курстарын қандай ретпен, қандай бағдарламалармен, оқулықтармен оқыту туралы мұғалімдерге нақты көмек болатын әдістемелік нұсқау-ұсыныстар даярлау еді. Сонымен бірге ол нұсқауларда халық ағарту саласындағы үлкен өзгерістердің оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі жаңалықтарын да ескеріп, оларды шығармашықпен пайдалану туралы мұғалімдерге арналған ұсыныстар даярлау болатын.
1992/93 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 5-сыныбында бұған дейін оқытылып келген КСРО және Қазақ КСР тарихынан әңгімелер курстарының орнына «Отан тану” деп аталатын жаңа курс енгізілді. Бұл курс Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі басты-басты оқиғалары мен мәселелерін қысқа-қысқа әңгіме түрінде баяндап береді. Оған аптасына 2 сағаттан жылына 68 сағат уақыт бөлінген. Бірақ та бағдарлама дайын болғанмен оқулық дайын емес еді. Сондықтан Білім министрлігінің Жалпы орта білім оқу-әдістемелік Бас баскармасы бағдарлама авторы — осы кітап авторына, курста осы бағдарлама бойынша оқытатын оқу-әдістемелік құрал дайындауды тапсырды. Кітапша 1992/93 оқу жылыныңі қарсаңында жарыққа шығып, мектептерге таратылды. Кітапшаға осы курстың бағдарламасы және «1992/93 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 5-сыныбында «Отан тану'» курсын оқыту туралы» ұсыныстар енгізілді. «Отан тану» курсының оқулығы — «Қазақ елінің қысқаша тарихы” көп кешігіп, баспадан 1995 жылы ғана шыққандықтан 5-сыныптағы Қазақстан тарихы үш оқу жылы бойы осы кітапша бойынша оқытылды.
Бұл кітапшада 5-сыныптағы Қазақстан тарйихының ерекшелігі мен оны оқытудың жауапкерішлігіне баса назар аударылады. Алғашқы 2-3 айда оның сабақтарында 4 сыныптағы ана тілі сабақтарындағы әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары көрсетіледі.
Негізгі бөлім – курстың сабақтарын ұйымдастыру туралы нұсқауларға арналған. Онда әрбір сабақты оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері, негізгі мәселелері және оларды оқытудың әдіс-тәсілдері көрсетілген. Сабаққа қатысты оқу материалын қайдан алуға болады, автор бұған ерекше назар аударған және қажетті деректерді де дәл көрсеткен.
Дер кезінде шыққан әрі өте қажетті әдістемелік құрал — «Жалпы білім беретін мектептерде 1992/93 оқу жылында тарих пәнін оқыту туралы» (57) деп аталатын еңбек. 1992/93 оқу жылынан бастап мектептегі тарих пәнінің құрылымы мен мазмұнына үлкен өзгерістер енгізілді. Енді екі курс: Қазақстан тарихы 5-11, ал дүние жүзі тарихы 6 – 11 сыныптар аралығында қатар оқытылатын болды, жаңа бағдарламалар жасалды. Алғашқы жылдары жаңа оқулықтар болмағандықтан және бұл сыныптарда Қазақстан тарихы оқытылмағандықтан 6-7 сыныптарды бұл курс оқытылмады.
Бірақ та оқу жылы қарсаңында мектеп мұғалімдерінің қолында жаңа бағдарлама да, оқулық ат жоқ (5 сыныпқа арналған әдістемелік құралдан басқа) еді. Мұның өзі тарихшы мұғалімдерге үлкен қияндық туғызып, тарих пәнінің оқыту сапасын төмендететін болды. Осыған байланысты Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қоғамдық пәндерді оқыту лабораториясы Білім министрлігімен келісе отырып, жоғарыдағы кітапты дайындады. Кітап кіріспеден және екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде «1992-1993 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 8, 9,10 және 11-сыныптарында Қазақстан тарихын оқыту туралы методикалық нұсқаулар» (көлемі 3 басқа табақ) берілген, ал екінші бөлімде осындай нұсқаулар дүние жүзі тарихы бойынша берілді. /18/.
Бұл әдістемелік құралдың тарихшы мұғалімдерге Қазақстан тарихын ақытудың мынадай мәселелері бойынша нақты ғылыми-әдістемелік көмегі болды.
- Енді ғана баспадан шыққалы жатқан тарих пәнінің жаңа бағдарламаларындағы әдіснамалық, мазмұндық және ғылыми-әдістемелік түрбірлі өзгерістерді, осыларға байланысты Қазақстан тарихын оқыту ретінде, құрылымында және әдестемесінде болатын өзгерістерді ашып көрсетті.
- Қазақстан тарихының дербес оқу пәні болуының аса маңызды факті екенін, оның тек білімдік, тәрбиелік қана емес, саяси жағынан да үлкен пайдалы іс екенін негіздей келе, бұл пәнді оқытудағы мұғалімдер алдында тұрған ғылыми-әдістемелік міндеттер саралап көрсетілді. /19/.
- Қазақстан тарихының жекен сыныптарда өтілетін бөлімдерінде жеке тоқталып, бұл бөлімнің ерекшіліктері, маңызды ғылыми мәселелері атап көрсетілді. Осы бөлімнің әр сабаы бойынша оның білімдік, тәрбиелік міндеттері, оларды жүхзеге асырудың әдістемелік жолдары баяндалды. Жаңа бағдаламалар мен ескі оқулықтар арасындағы сәйкессіздікті болдырмаудың жолдары көрсетілді, әр сабаққа қажетті оқу материалы алынатын деректер анықталды.
- Бұрынғы бағдарламаларда да, оқулықтарда да болмаған «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын жоспарлауға, оны оқытып-үйретудің әдістемелік жолдарына, оқу материалы алынатын деректерге назар аударылды. Әсіресе Қазақстанның ішкі саяси жағдайын, экономикасында болған үлкен өзгерістерді, республикалық халықаралық жағдайын, оның жүние жүзілік қауымдастыққа батыл енгенін ашып көрсетуге көңіл бөлу қажетті астын сыза айтылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жариялануының тарихи маңызын ашып көрсете отырып, жастарды отаншылыққа тәрбиелеудің аса қажеттігі ескертілді. /20/.