Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы

40 жылдардың аяқ кезінде КСРО-дағы қайта құруларға байланысты Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән бойынша берілді. Бұл тәуелсіздіктің жемісі еді. Қазақ халықының, Қазақстанның тарихы тұңғыш рет жалпы білім беретін мектептерде дербес пән болып оқытыла бастады. Мұның өзі білімбіділік, тәрбиелік жағынан да, саяси жағынан да және де еліміздің келешегі үшін де маңызды оқиға болды. Осыған байланысты Республиканың Халыққа білім беру министрлігі пәнді оқытуды жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар белгіледі: бағдарламалық топ, факультативтік топтардың бағдарламалары мен оқулықтарын дайындайтын авторлар тобын құрды және де Қазақстан тарихын қажетті оқулықтар тізім жасалып, олардың авторлары белгіленді. 1992 жылы алғаш рет дербес Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы дайындалып, ол дүние жүзі тарихы бағдарламасымен бірге жеке кітапша болып басылды. Алғашқы жылы оның құрамында 5-сыныпқа арналған жаңа бағдарлама болған жоқ. Бұл бағдарлама келесі жылы дайын болып, екінші басылымына енгізілді. Қазақстан тарихының осы бағдарламасы мектептерде он жыл бойы өзгеріссіз пайдаланылды.

Дербес те, көлемді оқу пәнінің тұңғыш бағдарламасы — білім мазмұны болғандықтан, оны толығырақ, әрі жеке сыныптар бойынша талдауды қажет етеді. Мұның өзі, біріншіден, оның құрылысы мен мазмұны толық елестетуге мүмкіндік берсе, екіншіден, келешекте жасалатын бағдарламаларды жетілдіре түсуге пайдалы болмақ. /4/.

Бағдарламалар негізінен екі бөлімнен құралған. Біріншісі — «Түсініктеме» (түсінік хат), екіншісі – мазмұндық бөлім.

«Түсініктімеде» бағдарламаға сипаттама беріліп, оның ерекшеліктеріне назар аударылады. Атап айтқанда, жалпы адамзаттық құндылыққа, дүниежүзілік өркениетке, Қазақстан тарихындағы мәдениет жетістіктерге, рухани тіршілікке, адамдардың қарым- қатынасына, әлеуметтік топтар мен тарихи қайраткерлердің қызметіне, саяси тарихы түрлі қырларынан ашып көрсетуге, идеялық, саяси, ұлттық, діни қозғалыстарының тарихына, ХІХ-ХХ ғасырлары Қазақстан мен Ресей халықтарының тарихындағы түйінді оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша түсіндіруге, бірқатар ұзақ тарихи үрдістерді кезеңдерге жаңаша бөлуге баса назар аударылғаны айтылады.

9-сынып оқушылар екеніне қарамастан тарихта орын алған ақтандықтар, бұрмалаушылықтар, жасырылып келген фактілер мен оқиғалар, түрлі нәубеттер мен келесіздіктер, олардың есептері көрсетілген.

Білім мазмұны іріктелгенде тәрбиелік маңызы басым материалдарға, әсіресе оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, отаншылыққа, әдептке, басқа халықтарды құрметтей білуге, қоршаған ортаны қорғауға, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелейтіндеріне көңіл бөлінген. Сабақтастастық, пәнаралық байланыс та ескерілген. Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауларда осы курстың бастапқы сыныптардағы кейбір пәндермен, әсіресе ана тілі, дүниетанумен байланыстыра назар аударылып, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары көрсетілген.

Тарихтың әңгімелері курсында ғылыми ұғымдары қалыптастыруға міндетті еместігі, бірақ та белігілі бір біліктерді қалыптастыру қажеттігі ескертіледі. Олардың саны — 9, арасында тарихи тексті сауатты, шапшаң оқу; тарихи әңгіменің жай жоспарын жасау; тарихи суреттер бойынша әңгіме құрастыру сияқтылар бар. Оқушыларда осы біліктер ойдағыдай қалыптасса «Қазақ елінің қысқаша тарихы курсы» өзінің алдына қойылған негізгі міндеттерін — қазақстан тарихының елеулі кезеңдерімен, оқиғалармен оқушыларды таныстыруды және де оларды жоғары сыныптардағы тарихтың жүйелі курсы оқып, меңгеруге дайындауды — орындай алмайтыны ескертіледі. /5/.

6-сыныптағы Қазақстан тарихының мазмұны ең ерте дауірден V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оған 17 сағат бөлінген. Қалған 51 сағат дүние жүзі тарихына берілген. Бұған дейін бұл сыныпта Қазақстан тарихы оқытылған жоқ. Енді оқушылар өз елі тіршілігінен бастап, тайпалар мен тайпа одақтарының құрылауы, ежелгі адамдардың шаруашылығы мен мәдениеті, алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құрыла бастауына дейінгі қазақстан жеріндегі адамзат жүріп өткен тарихи жолмен жүйелі түрде танысатын болды.

Бағдарламаның мазмұндық бөлімінің соңында: Жалпы тарихи білімдер — ұғымдар мен біліктер тізіліп көрсетілген.

7-сыныптағы Қазақстан тарихы V-ХV ғасырлар аралығын қамтиды, оны оқытуға 34 сағат бөлінген. Бағдарлама осы кезеңдегі Қазақстан тарихының негізін – білім мазмұнын құрайтын басты-басты тарихи құбылыстар, оқиғалар, фактілері қамтылған. Мұнда мемлекеттер тарихында, орта ғасырлардың басы мен орта кезеңдеріндегі халықтардың тұрмыс – тіршілігіне, мемлекеттердің қоғамдық-саяси жағдайларына баса назар аударылған. Қалалардың дамуы, қала мәдениеті, басқа елдермен , халықтармен көп салалы, байланыс, әсіресе сауданың дамуы, осыған орай Ұлы жібек жолы, оның өз уақытындағы маңызы көрсетілген. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан, ондағы халықтардың этникалық және әлеуметтік құрамы және де сол кездегі саяси-тарихи мәселелерге лайықты орын берілген.

8-сыныпта орта ғасырдағы Қазақстан тарихы одан әрі жалғастырылып, ХV ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды, бұл кезең тарихын оқытуға 34 сағат уақыт бөлінген. Бағдарламаның бұл бөлімінде Монғол империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территорисында пайда болған мемлекеттердің саяси тарихы, олардағы халықтарда болған этникалық үрдістер, қазақ халқы құралуының аяқталуы, ол мемлекеттердің тұңғыш Қазақ мемлекеті — Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы ашылып көрсетілген. Бұрынғы бағдарламаларда болмаған ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы хандардың қазақ хандығын ұлғайту, нығайту жолындағы қызметі де көрсетілген. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін ашып көрсетуге баса көңіл бөлінгенғ мәдениет тарихы толық дерлік қамтылып, оған барлық сағаттың 20%-тейі бөлінген. Доспанбет, Шалкиіз, Жиенбет, Марқасқа сияқты ақын-жыраулар қызметіне тиісті орын берілген. Қыпшақ, парсы, араб тілдеріндегі тарихи әдебиеттер де қамтылған. Осының нәтижесінде бұрын мектеп оқушылары олардан жасырылып келген қазақтың орта ғасырлардағы ақын-жазушыларымен, ғалымдарымен тұңғыш рет танысады.

Мазмұндық бөлім соңындағы ұғымдар, проблемалар, идеялар айдаршасында басты-басты сегіз мәселе көрсетілген.

9-сыныпта Қазақстан тарихы ХVІІІ ғасырдың басынан бастап 1914 жылға дейін қамтиды. Оны оқытуға 34 сағат бөлінген. Негізінен жаңа заман тарихы — деп аталатын бұл кезеңнің ерекшелігі — аса маңызды, елеулі тарихи құбылыстар мен оқиғалардың көптігі. Олар: осы кезеңдегі Қазақстанның күрделі сыртқы саяси жағдайы, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзақ уақыт жүргізген азаттық жолындағы каһармандық күресі, Қазақстанның Ресейге қосылуы, осы кезеңдегі қоғамдық-саяси, экономикалық –әлеуметтік құрылыс және мәдениет саласындағы болған елеулі өзгерістер. Бұған дейін оқушыларға есімдері белгіміз болып келген Қабанбай, Бөгенбай, Шапырашты, Наурызбай сияқты халық қаһармандары , есімдері Абылай, Төле, Қазыбек, Әйтеке деп еміс-еміс естілгенмен халық арасындағы қызметі жұмбақ болып келгендер, тұңғыш рет Қазақстан тарихының мазмұнынан лайықты орындарын алды. ХVІІІ ғасырдың соңғы үштен бірінде басталып, келесі ғасырда да оқтын оқтын болып тұрған жән бірте-бірте ұлғая түскен отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың себептерін, барысын ашып көрсетуге баса назар аударылған.

Қазақстанның Ресей қоластына өтуіне объективті баға берілген, жаулап алу, отарлау деп дұрыс көрсетілген және оның зияндықтары мен пайдалы жақтары да тарихи шындық тұрғыда құрылған. Бұл сыныпта да мәдениетке қатысты мәселелер толық қамтылған. Бұрын беймәлім болып келген Бұқар, Ақтамберді, Шал, Қабылан, Есет, Жанақ, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет басқа да мәдениет, өнер қайраткерлерімен танысуға оқушыларға тұңғыш рет мүмкіндік туды. 10 – сыныпта 1914-1945 жылдар тарихы оқытылады, оған 68 сағат бөлінген. Бұл дәуір бағдарламасының мазмұны — саяси күрестер, өзгерістер мен азаттық үшін болған қозғалыстар, әкімшілік-әміршілік жүйе үстемдігі және оған қарсы шығуды тұншықтыру сияқты мәселелерімен

ерекшеленеді. Оқушылар үшін бідімдік-тәрбиелік, әрі дамытушылық маңызы бар бірқатар жаңа мәселелер ендірілген. Олар 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбындағы : ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі; патша өкіметінің Қазақстандағы геноцид саясаты: көтерілісшілердің әскери өнері мен ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері қатарына Б. Алманов, Ә. Жанбосынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Кейкі және басқалардың жаңадан қосылуы. Ақпан төңкерісінен Қазанға дейінгі саяси партиялар мен ағымдардың арнайы мәселе болып ендірілуі, әсіресе «Алаш» партиясын, оның және партия қайраткерлерінің қызметін көрсету әбден орынды. Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары мен табыстарын, Қазақ жерлерін Қазақ АКСР –інің құрамына біріктіруде кеткен қателіктер мен қиғаштықтар, Голощекиншілдік, Орталық өктемдігінің күшеюі, идеологиядағы өзгеше ойлаушылыққа шабуыл сияқты мәселелер оқушылардың тарихи-саяси білімдерін толықтырып қана қоймайды, олардың тарихқа , әсіресе саяси тарихқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Мұндай қажетті тарихи-саяси мәселелер кейінгі тақырыптарда да бар. Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі идеялық тартыстар, С. Сәдуақасов өлке экономикасының отарлық құрылымын өзгерту қажеттігі жөнінде сияқты мәселелер осылардың қатарына жатады. Ал, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның зардаптары, шаруалар толқулары және Кеңес үкіметінің оған қарсы қолданған жазалау шаралары, қазақтардың шет елдерге жаппай қоныс аударуы және оның зардаптары, Қазақстандағы саяси процестер және жаппай террор, мектеп құрылысы жөніндегі айтыстар, қазақ жазуы, тмектеп білімі саласындағы реформалардың қолайсыз зардаптары, қазақ халқының мәдени мұрасына теріс қатынас сияқты мәселелерді енгізу, курстың мазмұнын нақытлап, толықтырып қана қоймайды, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін артыра түседі. Көп салалы Қазақ мәдениетінің дамуында, оның тарихында орын алған келеңсіздіктер мен нәубеттер де толық көрсетілген. Кеңестік Қазақ Республикасының қоғамдық – саяси дамуына қазақ әдебиеті мен өнерінің, ғылымының өркендеуіне белгілі үлес қосқан, бірақ та есімдері ұмыт болы бастаған қайраткерлер бағдарламада тиісті орын алған. /6/.

Бағдарлама Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихқа, Қазақ Республикасының соғысты жеңіспен аяқтауға қосқан үлесін әрі толық, әрі жан-жақты ашып көрсетуге жеткілікті орын берілген. 11-сыныпта Қазақстан Тарихы 1946 жылдан бүгінгі күнге дейін оқытылады, ол үшін 34 сағат бөлінген. Осы кезең тарихы бағдарламада бес тақырыпқа бөлініп берілген. Алғашқы үш тақырып: Қазақстан 1946-1950жж. Қазақстан 50- жылдардың басы мен 60- жылдардың ортасында; Қазақстан 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басында – деп аталады. 4-тақырып: «Өзгерістер жолында», соңғы тақырып – «Тәуелсіз Қазақстан».

Алғашқы тақырып – «Соғыстан кейінгі жылдары Республика экономикасын қайта құру. Соғыстан кейінгі өмірдің қиындықтары» деген мәселелерден басталады. Тақырыптың мұнан кейінгі негізні мәселелері: өнеркәсіптің дамуы; ауыл шаруышылығының жағдайы; қоғамдық-саяси өмір; әлеуметтік құрылыс; мәдениет. Осы 5-6 негізгі мәселе алғашқы үш тақырыпта да өз дәуіріне байланысты қайталанып отырады. Әрине, бұлардан басқа мәселелер де  қамтылған. Мәселен, 1946-1950 жылдары карточка жүйесін жою, ақша реформасын жүргізу, 50-60-жылдарыдағы ғылыми-техникалық революция, тың жерлерді игеру, демографиялық өзгерістер; 60-80 дылдардағы халық шаруашылығын басқарудағы өзгерістер, шаруашылық реформалар, экологиялық жағдай.

Бұл тақырыптарда да бұған дейін жасырылып келген мәселелер: мәдени құрылысқа, партияның басшылық етуі және ондағы асыра сілтеушілік, ұлт зиялыларын жазықсыз жазалау, жазықсыз жазалау құрбандарын ақтау, 1979 жылғы Целиноград оқиғалары, Семей полигоны сияқтылар қамтылған.

«Өзгерістер жолында» тақырыбынба 80-жылдардың екінші жартысындағы болған өзгерістерді негізінен қамтитын қайта құру және оның барысында кездескен қарама-қайшылықтар, демократия мен жариялық, коопреативтік қозғалыс , әлеуметтік-экономикалық жағдай, Қазақстанның сыртқа экономикалық байланысының ұлғаюы сияқты мәселелермен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан, Жаңаөзен оқиғалары, Қарағанды шахтерлерінің ереуілі сияқты саяси мәні бар оқиғалар да ендірілген.

Соңғы тықырыпта Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін экономика саласындағы түбірлі өзгерістер — нарықтық жкономикаға көшу, жекешелендіру, еркін баға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайы, тілдер туралы Заң, Республиканың сыртқы саясатының қалыптасуы, т.б. мәселелер қамтылған.

Бұлармен қатар аталған бағдарламалар өтпелі кезеңге арналған қазіргі талаптарға толық жауап бере алмайтындығы, нақты жақтары бар екендігі, сондықтан жетілдіру қажеттігі айқындала бастады. Одлардың қатарына төмендегілер жатады.

  1. Бағдарламаның қолжазбалары негізінен 1992 жылдың бас кезінде дайын болған, ал одан бері Қазақстан тарихы ғылымына жаңалықтар қосылуда. Әсіресе кейін ашылған археологиялық ескерткіштер, қазақ халқының қалыптасу эволюциясы, оның этникалық құрамы, монғол үстемдігі кезіндегі Қазақстан, Қазақстанның Ресей империясы қоластында болуы, ХІХ және ХХ ғасырлар аралығындағы демократиялық қозғалыс, оның көрнекті өкілдері, өлкенің көп ұлтты аймаққа айналуы, деомграфиялық хал-ахуал сияқты мәселелер, халық алдындағы қоғамдық қызметі енді ғана анықтала бастаған жеке қайраткерлер, Тәуелсіз Қазақстанның ішкі, сыртқы жағдайына қатысты басқа да бірқатар материалдарды мектептік пәннің білім мазмұнына енгізу қажеттігі анықталды.
  2. Бағдарламалардың түсінік хатында пәнді оқытудың мақсат-міндеттері туралы қысқаша болса да айтылғанмен, білім мазмұнын анықтауда басшылыққа алынған негізгі ұстанымдар көрсетілмеген. Ал, олар мұғалімдер үшін өте қажет, өйткені жеке тақырыптарды оқытудың мақсат-міндеттерін анықтауда әдіснамалық басшылық болып табылар еді.
  1. Жеке пәндерінің оқу бағдарламалары мұғалімдерге шын мәніндегі ғылыми-әдістемелік басшылық болу үшін, олардың құрылымы қазіргі кезде қалыптасқан талаптарға сай болуы керек. Бұл талаптар бойынша ендігі бағдарламалар үш құрамдас бөлімнен: түсінік хат, мазмұндық бөлім, дидактикалық-әдістемелік нұсқаулардан тұруы тиіс.

Түсінік хатта — осы бағдарламаның ерекшеліктері, білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдар, оқытудың мақсат-міндеттері , пәнді оқытуды жетілдіру және мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен пайдалану жолдары баяндалады.

Мазмұндық бөлімде — пәннің базалық білім мазмұны блоктар бойынша топтап көрсетіледі де, одан әрі сыныптар бойынша жіктеледі.

Дидактикалық -әдістемелік бөлімде  — мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай білімнің мәндетті және мүмкін деңгейлері, оқыту нәтижесін тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар үлгілері, пән, курсаралық байланыстар, оқу-әдістемелік кешеннің тізімі берілуі тиіс.

Талдап отырған бағдарламаларда бұл компоненттердің көбі ендірілмеген.

  1. Адамзат тарихын дәуірлерге бөлуде де кемшілік бар. Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихының қатар оқытылатынына қарамастан олардың жеке сыныптардағы хронологиялық шегі бір-біріне  сәйкес келмейді. Мысалы, 9-сыныптағы дүние жүзі тарихы 1640-жылдан, ал Қазақстан тарихы ХVІІІ ғасырдан басталады. Осыған байланысты әр халықтың, елдің тарихының өзіндік ерекшілігі болатынын, оны ескеру қажеттігін айта кеткен дұрыс.
  2. Сыныптар бойынша сағат бөлуді да қайта қарау қажет. 6-сыныптағы Қазақстан тарихында 17 сағат тым аздық етеді және мұндай тым қысқа оқу курсы педагогикалық талапқа сай келмейді, яғни өзіне жүктелген қызметін толық жүзеге асыра алмайды. 10-сыныптағы 1915-1945 жылдар тарихына 68, ал 11-сыныпта оқылатын 1946-1996 жылдар тарихына 34 сағат бөлуді де дұрыс деуге болмайды.
  3. Осы бағдарламаны жасауда кеткен үлкен кемшілік — оны бірден жүзеге асыруға мүмкіндіктің бар жоғын ескермеу. Жаңа оқулықтардың жоқтығынан осы бағдарламаларды 2-3 жылға толық пайдалануға мүмкіндік болмады. Мұндай жағдайда өтпелі кезең үшін бағдарлама жасалып, оны пайдалану туралы әдістемелік нұсқауларды қоса берген дұрыс.