Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық спорттың атқаратын ролі мен міндеттері

Көптеген тәжірибелер көрсеткендей қазақтың ұлттық ойындары жастарды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болып отыр. Ұлттық ойындардың балалардың математикалық амалдарды жетуге, ойлау қабілетін арттыруға, күш, төзімділік, ептілік кабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді. Бұдан басқа олардың бір-біріне деген көз-қарасын, ұлт-аралық қатынастарды нығайтуда үлкен роль атқарады. Қазақтың ұлттық ойындарын зерттеу қорытындылары көрсеткеніндей, олар көптеген қимыл қозғалыстарды қамтиды: жүгіру, лақтыру, секіру, дәлдік жаттығулары, тепе-теңдікке, жылдамдық – күштілікке және де ойынға катысушылардың ағзасына әр түрлі әсерлер береді.

Ойынға қатысу олардан әр түрлі қасиеттерді талап етеді: олар дене дайындыгы көңіл-күй дайындығы және тапқырлық. Ойындардағы жағдайлардың әрқашанда өзгеріп отыруы, олардан қарапайым қозғалыс реакциясын, өз қимылын үйлестіруді және ойынның әр түрлі бөлігінде ептілікті дамытуға әсерін тигізеді. Ойынның оқиғасы бағдарламасы көптеген деңгейде қатысушылардың психикалық және физикалық дайындықтарын дамытуға көмектеседі [1].

Қазақтың ұлттық ойындары тек ең күшті, ең жылдам, ең ептіні анықтап қоймай, сонымен катар, балалардың дене қабілетін тәрбиелеу үшін емес, сонымен қатар қасиетін қалыптастыратын педагогикалық құрал. Бұл жақтарға келесі жолдармен жетуге болады:

— ойынның мақсаты мен мәнін түсіну;

— ережелерді сақтау;

— оның немесе сайыс бағдарламасына сәйкес

— қатысушылардың өзін ұстай білуі;

— ойын ережесін сақтау әділдігі;

— жеңімпаздарды анықтаудағы әділдігі;

— ұжымшылдықты сезінуі (әр команда қатысушысы, өз тобының намысын қорғауга бәрімен бірдей қатысуы қажет, командадағы әлсіздерге олақтарға епсіздерге бірдей көзқараспен қарау керек).

Сонымен қазақтың ұлттық ойындары өзінің негізінде,үлкен ар-намыстың, тәрбиелік, өжеттілік, ұжымшылдық, әлсіздерге көмектесу және өзінің топ мүшелерінің ажырамас бір бөлігі екендігін сезіну қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан қазіргі уақыттың педагогикасының маңызды мақсатының бірі, біздің қазіргі заман талабымызға сай тәрбиелік мәні бар, мыңдаған жылдар бойы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге қолданып келген қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану болып табылады [2].

Сонымен қазақтың ұлттық ойындары тек қана дене тәрбиесін дамытатын құрал болып қоймай, жас ұрпақтың ой санасын, мәдениетін дамытады. Көбінде олар ұжымшылдық бағыттар мен бір-біріне қол ұшын беруге жас жеткіншектердің өздерінің қатарластарының алдында, ұялу, қысылу, топтарда өздерін емін-еркін ұстауға көп көмегін тигізеді.

Бұл мысалдардың бәрі: қазақтың ұлттық ойындары, халық педагогикасының құралдары ретінде, жас өспірімдерді тәрбиелеуде көптеген күрделі мәселелерді шешуге маңызы зор, сондықтан міндетті түрде негізі педагогикалық жұмыстарды пайдаланылғаны жөн.

Бізге белгілі болғандай ауыл жастарының дене тәрбиесі құралдарының ішінде ең белгілі болып кеткен қазақтың спорттық ойындары: қазақша күрес, ат сайысы спорт түрлері, тоғызқұмалақ. Қазақтың ұлттық ойындары көбінесе жас балалар мен жасөспірімдердің арасында үлкен маңызға ие. Ал ауыл жастырының арасында, жасөспірімдерге қарағанда, ондай үлкен деңгейде қызығушылық аз. Бұл көбінесе жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты, себебі олардың спорттық сайыстарға деген қызығушылығы, ұлттық ойындар арқылы халықаралық ойын түрлерін шебер меңгеруге деген көзқарастан туындайды. Сондықтан бұл жерде қазақтың ұлттық ойындары үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Жоғарыда айтылғандай, қазақша күрес, самбо мен дзюдо күресінің негізін қалауда үлкен қызмет атқарады, ал ат спорт түрлері: көкпар, қыз қуу, бәйге, теңге алу және тағы басқалары көп деңгейде, халықаралық ат спорты сайыстарының айла-тәсілдерін жетік меңгеруге негіз бола алады. Егер тоғызқұмалаққа келер болсақ бұл ойын көп деңгейде адамның ой санасының ойлау қаблетінің түйетінің дамуына және де шахмат және дойбы сияқты ойындардың құпиясын шебер білуге өз септігін тигізеді [3].

Біздің бұндай салыстырулар жасап отыруымыздың басты себебі: бұл біріншіден, қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері, қазіргі халықаралық спорт түрлерімен көп жағдайда ұқсас келеді, бұлар қазақ халқының қаны мен терімен тығыз байланысқандықтан, спорттың ойындар түрінде тез қабылданады; екіншіден, бұлар өте қымбат тұратын күрделі құрал жабдықты, арнайы құрылыстарды қажет етпейді және де өте тез үйренетін көңілге қонымды болғандықтан, ауыл жастарын тәрбиелеу тәжірибесіне қолдануға өте қолайлы.

Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары ауыл жастарының арасында пайдаланған, болашақта қалаға барып білім деңгейін көтеретіндерге, белгілі бір деңгейде дене дайындығын қалыптастыру арқасында, олардың орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес кірген қазіргі заманғы спорт түрлерін тез меңгеруге өз үлесін қосады.

Сонымен бірге, ұлттық спорт түрлеріде тәрбиеленген қазақстандық спортшылардың жетістіктеріне тоқтала кеткен жөн. Көптеген ұлттық ойындарының ережелерін пайдалану, соның ішінде ерекше қазақша күрес, көптеген күресшілердің халықаралық күрес түрлерінен үлкен нәтижелерге жетуіне мол көмегін тигізді. Солардың ішінде К.Карамулин грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жас кезінде қазақша күрестен жас өспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпазы болған. Алғашқы қадамын қазақша күрестен бастаған А.Мотин, кейін грек-рим күресіне ауысқаннан соң республикадағы ең мықты палуандардың біріне айналып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атаққа дейін жеткен. Сондай-ақ, еркін күрестен КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері С.Абдукаримовты да айтуға болады [4].

Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі біртіндеп дене мәдениеті және сауықтыру жұмыстарында, дене дамуында, денені жетілдіруде ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындары және халықтың қолданбалы спорттық жаттығуларының бай мұрасын кеңінен қолдануда бір ізге салып келеді.

Қазіргі кезеңде дене мәдениеті мен спорттың қандай да болмасын халықтың шығармашылық әрекеттері негізінде күнделікті тұрмыс-тіршілігіне енуі және олардың қажеттіліктеріне жауап беруі керек. Осы тұрғыдан алғанда, дене тәрбиесі мен спорттың ұлттық ойындарының маңызы өте зор.

Өкінішке орай, тоқырау заманында өтірік мақтау, мадақтауға құмар ресми үгіт-насихат құралдары елімізде ұлттық мәселе түгелдей шешіліп болған деп сайрап жатты. Бүгінгі жариялық пен демократия заманында орталық істерін ойсыз қайталау, интернационализм идеясының — адамгершілік мазмұнын сылып тастау және оны жалаңаш саяси ұранға айналдыру, қоғамдык өмірдің барлық (онын ішінде дене мәдениеті мен спорт) саласындағы ұлтаралық қатынастарда кеткен асыра сілтеушілік соңында әр түрлі келеңсіз кұбылыстарға алып келді. Мысалы, жергілікті жерлерде спорттың кейбір түрлерін дамытудың сәнділік қана сипаты болады.

Спорт саласындағы басшы мекемелерде дене тәрбиесінің ұлттық пішіндеріне деген тоғышарлық көзқарас сақталды. Ол халқымыздың толып жатқан тамаша спорттық дәстүрлерін жоққа шығаруға дейін әкеп тіреді.

Спорт әрқашанда адамдардың рухани өмірін интернациоландырудың негізгі көзі бола отырып, дене қасиеттерінің жоғарғы деңгейін ғана емес, сонымен бірге ұлтқаралық қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін де дамытады, яғни спорттық байланыс халықтар мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін және басқа да құндылықтарды сайлау, бағалау арқылы жасалады. Осының дәлелі ретінде қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының табиғатын және Қазақстанда тұратын барлық халық өкілдерінің ұлттық ойындар мен дәстүрлі жарыстарға деген көзқарасын атап өтуге әбден болады.

Резюме

Эта статья о том, какое значение имеет развитие казахских национальных игр в воспитании молодежи.

Summary

This article is about how important the development of the Kazakh National Games in the education of young people.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Тәнікеев М.Т., Асарбаев А.Қ. Қазақстандағы дене шынықтыру спорт тарихы // Оқу құралы — Алматы, 2002 ж.

2.Тәнікеев М.Т., Адамбеков Қ.І. //Қазақтың ұлттық спорт ойындары. 1994ж.

3.Тәнікеев М.Т., «Қазақстан», Алматы, 1964 ж.

  1. Тәнікеев М.Т. II От байги до олимпиады. Қазақстан, Алматы, 1983 ж.