Табиғат жайлы көркем шығармаларды іріктеу принциптері

Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның , табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны ,таңдантыратыны бекер ме ? Баланың мұндай қызығушылығын байқап ,жеткіншектің тұған табиғат әлемінің саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсүіне ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәеісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді Жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Со ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар еңбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл-фараби, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың мұралары, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұнғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы-бергі ұлы педагогтардың қай-қайсысы болмасын ақыл-ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айырықша бағалаған. Солардің бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.

Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс-тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз-ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғылымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі ждоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж) диафильмі құнды құрал.

Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А.Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық Кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік-жануарларға арналған өлең-тақпақ, жұмбақтар берілген.

Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойдың, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ – ой гимнастикасы дейді педагог.

Шакура Майғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988ж) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиін мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т.б. Тіл дамыту; еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары, ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы Баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшқан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыптасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде, серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет.

Халық педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғылым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдануға арналған ғылыми мәі зор еңбектері бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы біздің ата-бабаларымыздың бай тжірибесі мен ой-сезімі жайында түсінік береді. Ертеден-ақ, сауатсыз көздің өзінде қазақ халқы табиғатты аялай білген. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспеншілігін, олардың аныз-ертегілерінен, мақал-мәтелден, ою-өрнектерінен байқауға болады. Мысалы, түс киіз бен сырмаққа, текеметке түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйізді, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуі тегіннен тегін емес. Сондай-ақ халық емшілері жануарлардың емдік қасиеттерін байқап тәжірибеде кеңінен қолданған. Мысалы, күйгентайдың ұясын, борсықтың терісі мен майын өкпе ауруларына, иттің жүнін құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып, шошытып емдеу т.б. Халық арасында хайуанаттар мен жәндіктерді сақтау жөнінде ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйің өртенеді, құмырсқаның илеуін бассаң аяғын сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөпті жұлма, көктей соласың деген сиқты әртүрлі тыйым-ырымдарын Баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту басқа бірнеше жәндіктің тіршілігіне қауіп төндіруі сол арқылы адам баласының күн көрінісіне нұқсан келтіру деген сөз. Адамның қиялына қанат бітірген тек табиғат қана. Ұрпаққа экалогиялық білім берудің негізгі тәрбие орны – мектеп. Онда жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр-сипатын оқып, біліп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететін экалогиялық тәлім-тәрбие де алуы керек. Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ерте ояту үшін құрғақ насихаттан гөрі табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең-жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар күні, деген сияқты балалармен әңгіме өткізу, саяхатқа, серуенге шығарып тұруды ұсынады.

Сондай-ақ ғалым «Қазақ тәлім тәрбиесі» атты еңбегінде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесінің негізі ретінде қарайды. Мәселен, «Бала тілі шыға бастаған кезден-ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасының үлкендерінен сұрап білгісі келеді. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т.б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-білгісі келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресі жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек.. Жоқтан өзгені сұрайсың» — деп жазғырады. Білмегенді білуге деген құмарлық болса бойына туа біткен қасиет. Осы қасиетті жетілдіріп, жетектеп өсіріп отыру үлкендердің парызы» — дейді.

С.Қалиев пен Б.Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991ж) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.

Табиғат Адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлық көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын Адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-фараби өмір сүрген Х ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр.

Сабақты үйрету мақсатындағы ойындарды пайдаланып, баланың сөйлеу мүшелерін жаттықтыру арқылы сөздегі дыбысты дұрыс айтуға баулу көзделеді.

Ол үшін кітап суреттерін көрсетіп, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тақпақтар айтқызу тәсілдері қолданылады. Сабақтың барысында тәрбиеші кітаптың сыртқы мұқабасын жайып, балаларға көрінетіндей көрнекті орынға қойып, суретті көрсетуден бастайды. Тәрбиешілерге арналған бағдарламлық жоспарды басшылыққа ала отырып, балаларды бақылап, көргендерін тиянақтап, естеріне берік қалдыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту мақсатында ұсынылған «Жасырылған затты тап» , «Ойыншықты тап» деген (оның түрін, көлемін, формасын атап айт – домалақ, көк, кішкене) т.б. дидактикалық ойындар ойнатылады.

Мақсаты: Мектепке дейінгі бүлдіршіндерді анна тілінде тәрбиелеу, ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білімін дағдыларын үйрету. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана отырып, білуге, жаттықтыруға назар аударылған. Баланың айналадағы өмірді танып-білудегі басты жәрдемшісі тіл болса, ал тіл баланың сана-сезімі, ой-өрісін жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен айналадағы адамдармен, құрбыларымен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. өмірдегі түрлі іс-әрекет жайында білуге құмарта түседі. Тіл дамыту сабақтарында әр топта жас ерекшеліктеріне қарай ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдер, Жұмбақтар, ертегілер тыңдатумен қатар, баланың сөздік қорын молайту тіл байлығын жетілдіру. Сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету мақсатында өлең, тақпақтар жаттату, саяхат ұйымдастыру дидактикалық ойындар ойнату керек.

Мысалы: Дидактикалық құралда ұсынылған суреттердің атын ататып, ш дыбысының қай жерінде тұрғанын анықтау.

шана     қашау

пышақ  қысқыш

шаңғы  қайшы

тышқан қылыш

Ш дыбысының сөйлем ішінде келуі. Мысалы: 1) Шара шана тепті. Шолпан шам жақты т.б. Бұл мақсатта балалардың тілді мәнерлеп айтуына көңіл бөлу керек. Жұмбақ арқылы да балаларға ш дыбысын анықтатуға болады.

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

Ал, балалар, жұмбақтың шешуін кім айтады? – деп тапқызу керек. Бұның шешуін, ал , Бекжан сен айта ғой. (Ағаш). Осы сөзді бірнеше балаға айтқызу керек. Сондай-ақ, олардың ой-өрісін кеңейтуге жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге көптен көмегін тигізетін мақал-мәтелдер айтқызу керек. Мысалы:

Балапан ұяда не көрсе

Ұшқанда сонны іледі.

3-4 жастағы балалар сөзге өте баяу келеді. Сондықтан олармен өтілетін ойын-сабақтар ойыншықтарды сөйлете отырып ойнату, қимыл-қозғалысын дамыту арқылы жүргізіледі. Мысалы: 1,5 минут бойын сергіту.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отыры, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Бұл тақпақ, жаттығу баланың бойын кішкене болса да сергітеді.

Балабақшада сөйлеуге үйрету екі түрде өтеді.

1) Өзара еркін сөйлеу

2) Арнайы өтетін сабақтар.

 Диалог өзара еркін сөз қатынасынан туады да, грамматикалық дағдылардың сөздік қорын байытудың, байланыстыра сөйлеудің негізі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде әңгімелесу баланың сөйлеу қабілетін дамыту үшін жүргізіледі. Тіл міндетті түрде шындық құбылысын бейнелейді.

Мысалы: Отбасы туралы: Сен кімді жақсы көресің? Мамаң қандай жұмыс істейді? Сен өскенде кім боласың?

Балалармен күнделікті қатынас жасау барысында баланың сөздік мөлшерін байытуға болады.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем.

— Көктемде қанда өзгерістер болады?

Балалар: қар ериді, арықтардан сулар ағады, ағаштар көктейді, құстар келеді, күн жылынады. Біз бұл кезде аналар мерекесін, Наурыз мейрамын тойлаймыз.

— Сендерге көктем мерекесі ұнай ма, балалар?

Балалар: Ұнайды.

Тәрбиеші: Балалар, сонымен далаға серуенге барамыз, серуенде де ойындар ойнаймыз. Мысалы: Бәріміз дөңгелек құрап тұрамыз. Бір Баланы ортаға қоян етіп отырғызамыз да оны айланып өлең айтамыз.

«Ақ қоян-ау, ақ қоян

Орныңнан тұршы,

Айнаға қарашы

Әйбәт көйлек кисеңші

Біреудің қолын үзсеңші»

— деп ойынды әрі қарай жалғастыра береді. Осылайша сәбилердің тілдерін дамытамыз. Әдеби шығармалар арқылы да төрт түлік малдарды аттатынп олардың тілін жаттықтыруға болады. Балалар, сендер төрт түліктің аттарын атай білулерің керек.

Жылқы атасы – Қамбар ата

Сиыр атасы – Зеңгір ата

Түйе атасы – Ойсыл қара

Қой атасы – Шопан ата

Ешкі атасы – Сексек ата

— деп айтқызып, олардың төрт түлік малға деген сүйіспеншілігін арттыруға мән беріледі.

Одан әрі ойын сабағымыз жалғаса береді. Нан, судың пайдасы, имандылық туралы т.б. ойын сабақ өткізуге болады.

Үш жастағы балалармен жүргізілетін сабақ.

3-4 бала тәрбиешінің артикуляциясын жақсы көретіндей болып, оның қарсы алдына отырады. Тәрбиеші ойынды бастайды:

— Менің «жаңылтпашты» қалай айтатынымды тыңдап алыңдар. Соңынан мені шақырған бала оны дәл осылай немесе бұдан да жақсы етіп айтып беретін болсын. Бәрінен де жақсы айтқан бала ұтып шығады.Ал тыңдаңдар: «Жумаш! Көзіңді жұм, аш!» Енді мұны, Петя, сен айтып бер! Енді Асқар, сен айтып бер…

Балалар бұл жаңылтпашты қайталайды. Оларға тәрбиеші жәрдемдеседі.

Бұл жұмыс үш реет қайталанады: бірінші ретте жаңылтпаш баяу айтылады, екінші ретте әдеттегі қарқынмен, ал үшінші ретте тез айтылады. Мұның әрқайсысында да ұтып шыққандар айқындалады.

Осы жастағы 3-4 баладан құралған келесі топпен мынадай жаңылтпашты айтып үйренеді: «Көк тырна, Тыраулап тек

Көп тырна, Көп тұрма».

Төрт жасар балалармен мынадай жаңытпашты айтып үйренеді:

«Жол бар, жолда

Ор бар, ор бар

Өзің көр, бар!»

Бес жасар балаларымен мынадай жаңылтпашты айтып үйренеді:

«Дос! Бос сөз.

Сөз тос. Қажетті

Сөйлеме Сөз қос».

Алты жасар балалармен дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыру көрсетілген ойын тәсілімен, бірақ күрделенген түрде өткізіледі. Балаға әр түрлі дауыссыз дыбыстардан тұратын бірнеше жаңылтпашты бірінен соң бірін бірден айтып беру жөнінде тапсырма беріледі. Мысалы: «Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты. Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен», «Қақпаға туралап, теп допты, сол аяқ. Оң аяқ, Сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ».

Жеті жасар балалармен жүргізілетін осы секілді сабақтарға арналған дидактикалық материал ретінде шағын өлең алынады (өз тәрбиеленушілерінің дыбыстарды айту кемшіліктерін білетін тәрбиешінің қалауы бойынша).

«Ерте онтогенездің» дауыссыз дыбыстарының айтылуын жетілдіруге арналған дидактикалық материал үлгілері:

  1. Әжей – анамның анасы, әжей — әкемнің анасы. Атай –анамның анасы, атай — әкемнің әкесі.
  2. Былай деді Тотықұсқа Тотықұс:

— Сені мықтап қорқытамын, Тотықұс!

Жауап берді Тотықұсқа Тотықұс!

— Мені мықтап қорқытпашы, тотықұс!

  1. Ауыз үйге Шөпшек тасып шөпшекті

Азап, бейнет көп шекті.

Шөпшек, енді бейнет, азап көп шекпе –

Өзің жатып ұйықта сол шөпшекке.

Егер «ерте онтогенез» дыбыстарын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалда «орташа» немесе «Кейінгі онтогенез» дыбыстары ұшырасатын болса, тәрбиеші балалардың оларды міндетті түрде дұрыс айтуын талап етпеуі тиіс, олар «Бала» деудің орнына «Байа» деуі мүмкін және т.с.с.

«Орташа онтогенез» Бен «кейінгі онтогенез» дыбыстарының айтылуын жетілдіруге арналған дидактикалық материал:

  1. Сағынбике қолын жуды сабындап.
  2. Таңда қызғылт қол бетінің келбеті. (Л.Ульяновская)
  3. Жолмен емес,             «О» келеді

маңайда доңғалап,

«О» келеді – Жолмен емес,

абайла: маңайда:

Ойба салып, басып кетер —

оңдалап абайла. ( И.Демянов.)

  1. Сығырая қарап, әне, сағатшы

Біздер үшін жөндеп отыр сағатты

  1. Немере қызына сұрақ қойды бір тұйы:

— Қолыңды неге жұмайсың осы сен? – деді.

Немересі сонда бұртиып:

— Ақсаусақ емен мен, — деді.

(Е.Авдеенко.)