Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жа дүниесіне қызығушылық тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды.Бұл- принципшілдік, адалдық, нағыз, азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім- білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны Тани білмейді де»,- деген болатын В.Г.Белинский.
Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны ұғу процесінде дамиды. Көркемшығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге этикалық (адамгершілік) түсінігінің қалыптасуына көмектеседі.
Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері- тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады.Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің көркемдігі – шағын көлемдегі фольклордық шығармалардың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.
Балалардың сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы – халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кедеспетін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын сөздердің тамаша орналастыруының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді.Сондай-ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагоикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «деру».
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады.Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.
Эстетикалық, әсіресе адамгершілік (этикалық) жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ақыл-ой пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. «Педагог оқылған шығармалардан орынды-орынсыз моральдандыра беру үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян келтіретінін есіне сақтауы тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен «бөлшектеніп» кеткен шығарма балалардың көз алдына барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді. Көркем текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек.
Сөздің пәрменділігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: «Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Анна тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде-бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; анна тілі Баланы төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде бірде-бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде-бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады». Ұлы педагогтың бұл айтқан сөзіне ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл «көп нәрсеге үйретіп қана қоймай, сонымен бірге, сонны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйрететін» «тіл-ұстазға» деген сенім.
Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилер әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркемсөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өседі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа, балпақ», «Қарғалар», «Санамақ», т.б. сияқты халықты өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.
Сол себепті де «Балабақшада оқыту жәнетәрбиелеу бағдарламасында» 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы бөлім, 2-ден 3жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен «Бесік жыры» сияқты ойнақты өлеңдер, санамақтар берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезіне-ақ құмартып,қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі.Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады.
Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқып беру жұмысын жоспарлағанда шығармалар негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) совет жазушыларының шығармалар;
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық метериалда нақты жүйеге бөліп берілген.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте муқият ескеру керек:
Біріншіден әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт.Шығарманың лайықтысын ғана таңдап алу керек. Мысалы:І сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш реет балабақшаға келді делік.Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-торт айда тәрбие жұмысының бәрі , оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек.Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
Екіншіден анна тіліне арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау, жұмысы суреттер ойындар нақты көрсетіледі.
Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).
Үшіншіден, оқытылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтуы тиіс. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
Төртіншіден сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнелеп жатқа айтып беруі керек.Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады.Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы жаттау қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын ойын ретінде қайталау кезінде біртіңдеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді.
Ең соңында, көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылджам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң Берген дұрыс.Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы суретке ауадыда, тәрбиеші оқығанда зейін қоймайтын болады.
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі жоспарын төмендегінше құруға болады:
1.Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
2.Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі.
- Оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу.
4.Шығарманы қайталап оқу, оны мазмұнын балаларға айтқызу.
Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. Егер әр жастағы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады.
Сәби шығарманы оқып, тыңдау (ересек топта), әңгімелеп беру,әңгімелеу, жаттату сияқты сабақ түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтармен байланыстырыла жүргізілген жөн. Бұл сабақтар білімнің мазмұнын толықтырып отырса, тіпті жақсы. Мұндай сабақтардың нәтижелігін бақылау жұмыстары дәлелдеуде. Мысалы, сәбилер тобында «Қияр мен капуста» деген шағын ертегіні қыркүйек айында оқыған дұрыс. Өйткені бұл ай – кейбір дақылдар мен жеміс – көкеністерді жинау маусымы. Бұл жөнінде баллада мағлұмат бар. Жеміс- көкеніс атына байланысты сөздерді де біледі. Сондықтан тәрбиеші аталған шығарманы әңгімелеп береді де, қандай көкеністер туралы айтылған? Қиярдың қабығы неліктен жұқарады? Қияр мен капуста қандай еді? Деген сұрақтардың көмегімен әңгіме мазмұнын түсіндіреді.
«Не жоқ?» ойынын көкеністер немесе суреттермен ойнатады. Ә.Табылдиевтің «Көкеністер» немесе Қ. Мүсіреповтың «Күз» өлеңін жаттатады. Жапсыру сабағында (естиярлар( көкеністердің суретін қиып жапсырады. Күзгі табиғат, көкеністің түсі, формасы туралы (көрікті, Сары алтындай, сопақ, ұзынша, жасыл, т.б.) сөздерді дұрыс айтуға үйренеді. Музыка сабағында «Күз» өлеңі айтылады. «Жемістер» деген өлең бойынша естияр балалар тобында инсценировка жасалады.
Өлең оқылған соң: Өлең не жайында? Бидайды көргендердің бар ма? Бидайды көргендерің бар ма? Бидайы қай мезгілде егеді? Бидайдың түрі жазда қандай болады? Күзде ше? Өлеңде күзгі бидай қандай қандай сөздермен берілген? Бидайды немен салыстыруға болады. Деген сұрақтар қойылып, ересек балаларға Күз … (түсті), Егін (астық)…(пісті) деген сөздермен (ауызша) сөйлем құратады.
Егер балалар жазғы табиғат тамашаларын: жемістерді бау-бақшаны бақыласа, Н.Әлімқұловтың «Жаздыгүні» өлеңін оқып беруге болады.
Серуен кезіндегі гүлдер мен көбелекті бақылатып, олар туралы өлең айтқызады.
Алайда балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарымен танысып, талдау жасағанымызда байқағанымыз: аталған сабақтардың көпшілігінің өтілмейтіні, тіпті кейбір балабақшада тәрбиешілер бір ай бойына кез келген әдеби шығарманы үскірт оқумен ғана айналысып, немесе күнде кино көрсетумен шектеледі екен. Әрине, мұндайда баланың тілі жетілмейтіні, дүние танымы, жалпы білімі бағдарламада белгіленген мөлшерден әлдеқайда төмен болатыны сөзсіз. Ал бағдарламада, көрсетілген материалды балаларға меңгеру — әр тәрбиешінің міндеті. Бұл туралы «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу «бағдарламасында» атап айтылған.
Ендеше Баланы мектепке даярлау мәселесінде әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие екенін ескерту қажет.
Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім дағдылар (пәнаралық байланысты ескере) бір-бірімен байланыстырыла өтіледі. Осылай оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі сәбилер тобынан бастап (2-4 жас аралығы) баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, өзі басқаға сұрақ қойып, жауап алуға, үйрету міндеті іске асады. Осы білім- дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші Баланы айналасындағы адамдармен амандасу әдепті сөйлесу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты мінез-құлық әдептеріне үйретеді. Мысалы, сәбилер тобында Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» деген өлеңінен үзінді оқығанда тәрбиеші мына мақсаттарды көздейді: өлең түріндегі шығарманы тыңдай білуге, жатқа айтуға үйрету; «рақмет», «кешіріңіз», тағы басқа ізеттілікті аңғартатын сөздерді айтуға дағдыландыру, осы сөздерді күнделікті қолдана білуге баулу, т.б. Ал Қ.Мырзалиевтің «Ойыншықтар» өлеңін ересек балалар тобында оқығанда таңдай білуге үйрету, өлеңде аталған ойыншық жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін жетілдіру қажет. Мысалы, балаларда үй жануарларының аттарына байланысты сөздер мен олар туралы ұғымдары қаыптасқан делік.Солай бола тұрса да, 3-4 жастағы сабилерге үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелеткен жөн:
- Үй жануарларының аттары (сәбилерге).
- Немен қоректенетіні, қайда, қандай жерлерде болатыны, бір-бірімен ұқсастығы, ерекшелігі (естияр, ересектер тобына).
- Адамға тигізетін пайдасы, т.б.
Сабилерден мысық жайлы сұрағанда, олар: бұл-мысық, сүт ішеді, ет жейді,- дей келе, мысықтың көзін, құлағын, аяғын, тұмсығын атап айтады.
Ал мысықты қайта бақылатқанда тәрбиеші. Мысықтың етті тісімен тістеп жейтініне, сүтті тілімен жалап ішетініне, алдыңғы екі аяғымен тышқан ұстайтынына, тырнақтары ұзын, өткір болатынына, құйрығының ұзын, жүні жұмсақ, мамықтай, сондықтан тоңбайтынына көңіл аудартқаны жөн.
Бала мысық туралы толық мәлімет алады, он шақты жаңа сөз үйренеді. Ол сөздерді қолдана білуге дағдыландыру үшін дидактикалық ойын («Ол не?») немесе мысық жөнінде әдеби шығарма оқып беруге болады.
Балабақшаға бармиас бұрын да бала әр алуан білім- дағдыларды меңгереді. Бірақ көрген-білгені жайлы айтып беріп, салыстыра алмайды. Ал баланың білімін жетілдіру, оқуға әзірлеу – балабақша тәрбиесінің міндеті.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың, іс-қимылдың сөздік атауларын бала түсініп, дәл Тани білуге тиісті. Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі- сөздік жұмысын жүргізу.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалар өздігінен оқи алмайтыны анық.Сондықтан текст оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние танымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады.
Осы мақсаттарға орай әдеби шығармаларды оқу, алған білімдерін тиянақтау жалпы сөздік қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген-білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастыру міндеті қойылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында сәбилер (2-3 жасар) тобында тыңдау қабілетін дамыту, шағын өлеңді жатқа айтуға, ауызша әңгімені талдауға, суретке, қойылған сұраққа сүйене отырып, әңгімелеп беруге үйрету көзделеді. Ал естиярлар мен ересектер (4-6 жас аралығы) шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Сабақтың мынадай жоспар бойынша өткізуге болады:
- Тексті оқудан бұрын текске байланысты баланың білетінін анықтау ниетімен әңгімелесу.
2.Шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады).
- Әңгімелесу.
- Әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы).
5.Экскурсия, бақылау.
Бала тілін жетілдіруде мынадай міндеттер көзделеді:
- Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу.
- Өмірмен байланысты сөздерді үйрету.
- Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету.
- Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.
Жаңа сөз үйрету , үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (2-ден 3 жасқа дейін сабақта – 2-3 сөз; 4-5 жаста – 4-5 сөз; 5-6 жаста- 6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгілеу.
Зерттеу жұмысы мектепке дейінгі балалардың сөз қорының басым көпшілігінің зат есім, етістік сөздерден болатынын, ал сын есім, сан есім, есімдік, т.б. сөздердің сөз таптарының аздығын көрсетті.Сондықтан сөзге үйрету ісінде заттың түр-түсі, формасы, кейде түрі ұқсас заттарды салыстыра отырып ажырата білуге үйрету маңызды. Ол үшін алдымен сол заттардың өзін мүмкін болса бақылату не суреттерін көрсету отырып жауап алу, білмегенін түсіндіру қажет. Екінші кезекте «Сен нені қалайсың?», «Танып ал, атын ата» деген дидактикалық ойын, ойнату орынды. Енді бірде қысқа тақпақтар оқылады. Сабақ жемістер жайында болса, олардың суретін көрсете отырып, тақпақ оқылады.
Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, жеміс ағаштары көктемде қайтеді? Қандай жемістерді білесіңдер? Дәм, пішіні қандай? Шиенің дәмі қандай? Алманың дәмі қандай?
Осыдан соң « Формасынан таны», «Қайда өседі?» деген дидактикалық ойындар басталады. Ойын үшін жеміс-жидек суреттерді әзірлейді. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіріп, суреттерді үстел үстіне араластыра тастайды. Шақырылған бала жоғарыдағы сұрақтарға сай жемістерді сипаттап айтады (5-6 жас), екінші бала (егер аралас топ болса, 4 жасар бала) ие жеміс туралы тақпақ айтады.
Оқылған шығарма кейіпкерлеріне тәрбиешінің берген адамгершілік бағасы: батыр-қорқақ; қайырымды- жауыз; еңбек сүйгіш- жалқау, адал
жанды – сұм, мырза- сараң, пайдақор; олардың қарым-қатынасына Берген бағасы: дос — өш; сүйіспеншілік- өшпенділік және т.б. есебінен балалардың сөздік қоры кеңеюі мүмкін. Тәрбиеші мұндай сөздерді оқиға кейіпкерлеріне солардың қарым-қатынастарын ертегілер, әңгімелер, повестер тыңдаған кезде балалардың өздері Берген баға ретінде жалықтырмайтындай тәртіппен айтса, оны балалар тез ұғып алады. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» енгізілген көркем шығармалардың бәрі де тәрбиешіге өз сөзіне этикалық ұғымды білдіретін сөздерді қосуына мүмкіндік береді.
Біз «Сөздік қорын байыту» бөлімінде жалпылаудың жоғары дәрежедегі сөздерінің лексикалық мағынасын 5 жастағы балалар игере алатынын айтқанбыз, бірақ одан мұндай сөздерге төрт жастағы балалардың назарын аудару керек емес деген ұғым тумайды. Этикалық ұғымды білдіретін абстрактылы сөздерді балалар үш жаста да, төрт жаста да ести беруге және оларды ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің іс-әрекетімен салыстырып отыруға тиіс; тек мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды өз сөзіне мұндай сөздерді пайдалануға мәжбүр ету орынсыз, өйткені жас шамасына сәйкес ойлау ерекшеліктеріне байланысты олар мұны толық ой елегінен өткізе алмайды. Мектеп жасына дейінгі ересектеу балаларды көркем шығармамен таныстыру үстінде кейіпкерлерге этикалық мінездеме Берген тәрбиеші сөздері балалардың сөздік қорына енуі тиіс.
Бұл оқылып біткен шығарма туралы әңгімелесу процесінде, осы сөздерді балалар тәрбиеші қойған сұрақтарда, балалардың өздеріне қойылған сұрақтарға Берген жауаптарын қорытындылайтын тәрбиешінің ақырғы сөзінде, жекелеген эпизодтарды қайталап оқығаннан кейін балалардың сұрақтарына тәрбиешінің Берген жауаптарында естіген кезде болады. Әдетте, сабақ үстінде балалар тәрбиешіден естігенін қайталап айтады, сөйтіп естіген жаңа сөздер олардың сөздік қорларына мықтап енеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар синтаксистік тұрғыдан барынша қарапайым, яғни қысқа жай сөйлемдермен жазылу керек, оқшау сөздер немесе күрделі сөйлемдер кірмеуге тиіс деген пікір айтылып жүр. Тәжірибеге қарағанда бұл пікір дұрыс болмай отыр. Себебі әдеби тілдің синтаксисін үйренуін кідірту балалар тілінің грамматикалық тұрғыдан жұтаң әрі мәнерсіз болып қалу қаупін туғызады. Ал синтаксистің қара дүрсінділігі ойдың қара дүрсінділігін дәлелдейтіні мәлім. Балаларға оқып берілетін көркем шығармалар – синтаксистік салада жасанды тілдік ортаны жасаудың аса маңызды (егер бірден-бір демесек) методикалық құралы: өйткені ауызекі сөйлесуден балалар тек сөйлеу синтаксисін ғана үйретеді.
Мысал үшін К.Д.Ушинскийдің балаларға арналаған қысқа көлемді «Орман мен жылға» ертегісін алайық. Оқимыз: «Қараңғы, дымқыл орман ішімен мүк пен батпақтың арасынан сылдырап ағып жатқан жылға орманның одан ашық аспанды, қашық төңіректі бүркеп, оған не күн сәулесін түсірмейтінін, не тентек желді жібермейтінін айтып шынығады». Бұл – көп қатарлы бырыңғай мүшелерден құрылған бағыныңқы құрмалас сөйлем, яғни болмыстың бейнеленген құбылыстарының арасындағы логикалық қатынасты дәл белгілеген сөйлем. Бұл ертегіде мұндай сөйлемдер көп-ақ. Орманның жылғаға жауабы мынадай : «Сен әлі кішкентайсың , менің көлеңкемнің сені күннің көзі мен желдің құрғатып тастайтын қаупінен сақтап тұрғанын түсінбейсің, менің көлеңкем түспесе, сенің әлі әлсіз жылғаларының тез кеуіп қалған болар еді. Шыда, менің көлеңкемнің аясында әуелі күш жинап ал, сонда ғана сен ашық алаңға шығып, әлсіз жылға емес, күшті өзен болып ағасын. Сонда сен өз ағысыңмен ашық аспан астында күн көзіне шағылысып, құдіретті желмен қауіпсіз ойнайтын боласың.». Бұл сөйлемнен біз есімшені, құрмалас сөйлемнің алуан түрлерін – монолог түріндегі сөздердің грамматикалық формаларын көріп отырамыз. К.Д. Ушинский балалар үшін мұндай сөйлемдерді араластырудан қорқпайды.
Әрине, К.Д.Ушинскийдің ертегісіндегі бірінші сөйлем жеңілірек, яғни ауызекі немесе бейтарап синтаксиспен жазылған болса, балалар оңай түсінер еді. Мысалы: «Орман ішімен жылға ағып жаты. Орман мүк басқан, батпақты болатын. Қалың жапырақты бұтақтар жылғаға төніп тұратын. Олар жылғадан аспанды да ашық жазықтықты да жауып тұрады. Күн көзі жылғаға түспейтін. Сондықтан да жылға орманды ұнатпай шағынэ күнкілдеп жататын». Бірақ синтаксисті бұлайша жеңілдетуден балалар ешқандай жаңа грамматикалық формалар ести алмас еді, мұндай оқу ешнәрсеге үйрете алмас еді , балалардың тілдік сезімі жетілмеген болар еді.