Түркі еліне кең тараған «Алпамыс батыр» жырын қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтары да жырлайды. Жырдьң қазақша нұскасы 1899 жылы Қазан каласында басылады. 1939 жылы фольклорист-жазушы Сәбит Мұқановтың құрастыруымен жарияланған «Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың әкесі Байбөрі мен Гулбаршынның әкесі Байсары құда болады. Елде үлкен той етеді. Екеуі қарақасқа ат мініп, сол тойга барады. Қазақтың ескі салты бойынша, көкпар тарту басталады. Байсары лақты ала кашады, Байбөрі құдасын куып жетіп, лақтың сирағынан ұстап, жібер дейді. Байсары бай жібермейді. Eкeyi бip-бipiнеқамшы салып, көп ішінде төбелесіп қалады. «Байбөрі көптігін көрсетті, маган зорлық-зомбылық жасады, баласы Алпамысқа кызым Гулбаршынды бермеймін »,-деп, арасы алты айльқ қалмак жұртына (баска нұсқаларда Қытайға) көшіп кетеді [1].
Алпамыс он төрт жасқа толады. Байшұбар атқа мініп, калыңдығы Гүлбаршынды іздеп жолға шығады. Бірнеше киындыктарды жеңіп, Гүлбаршынды ақ күймеге отырғызып, туған еліне алып келеді. Бұлардың кұрметіне үлкен той болады [2].
Қарап отырсақ, ілгері уақыттарда белқұда, бесік құда салтын сақтаймын, заңдастырамын деп жүріп, бipaз жастардың ауыр жағдайға ұшырағаны және бақытка жеткені де болған екен. Асылы, қазақ халқы ұл мен қызды талғаусыз қоса бермеген, бip-бiріне сай ма, жок па, — оны да қатты ескерген. Мұндай тандауды алдымен жастардың өздері таңдайды. Соған бір мысал: «Камбар батыр» жырының басты каһарманы Назым кыз. Ол сұлу, сүйкімді. Әкесі Әзімбайдың арқасында атлас көйлек, rayhap тас, құндыз бөрік киеді. Дауысы тоты кұстың дауысындай, сылаң қағады. Ақылына көркі сай. Туған айдай толықсып, он жеті жасқа толган соң, Назым қыз жігіт таңдауға әкесінен рұқсат алады. Назымның жігіт таңдау кұрметіне Әзімбай улкен той жасайды. Жан-жақтан көп халық жиналады. Төбенің басына биік мұнара орнатылады. Қыз Назым соған шығып отырады. «Кімде-кім таңдауыма лайық болса, калыңсыз соған шығамын»,-дейді [3].
Назымды малсыз алмаққа,
Жігіттер жаман желіккен.
Қатындары уйінде
Қайғыланып жылайды:
«Сұлуды алса байымыз,
Айырылдьқ,-деп,-серіктен».
Уміткер болып барша тұр,
Сабағынан үзіп алып,
Жесем деп піскен өріктен,-деп баяндалады 1903 жылы Қазан каласында жарияланған «Тоқсан үйлі тобыр» деген нұсқада.
Жасыратыны жоқ, кейде қазақ қыздары айттыру арқылы семья құруға қарсы болған, оны мақұлдамаған. «Ер Тарғын» жыры 1862 жылы Казан қаласында жарияланған, сонда айтылады: ертеде қырғыз елінде Тарғын деген батыр болады, Қырым хандығын қалмақтардан азат етеді, Ақшаханның Акжүніс деген кызы Тарғынға ғашьқ болады. Осы уакытта Ақжүністі айттырып, Kөршi хандьқтан жаушы (құда түсуге ) келеді [4].
Ақжүніс Тарғынды шақыртып алып: «Meнi бip ханның баласына айттыруга жаушы келіп жатырә кем мені сол ханның баласына бермекші болып, рұқсат сұрады, маған кici жібермекші. Мен ондай хан баласына таңсык eмeспін, өзім де хан баласымын, сұлуға тансық емеспін, өзім де сұлумын. Мен кімнің ақылы мен epлігі озса, соған барамын. Мені әлдекімге қор қылганша, егерде батыр екенің рас болса, сен мені ал да қаш, мен саған тиемін. Сенен басқа ешкімге тимеймін, көңілім саған ауды. Егерде маған келмесең, мен шыдап тұра алмай, ceнің кайгыңнан өлемін!»-дейді. Тарғын Ақжүністі алып кашады.
Ақжүніс – тәкәппар қыз. Ол қазақтың айттыру салтын мойындамайды, оны жоққа шығарады. Калыңмал заңына қарсы болады. Үйленудің еріктілігімен мен бостандылығын іздейді. Махаббат пен сүйіспеншілікті ханның сәнді сарайынан, алтын-куміс байлығынан жоғары қояды.
Сондай-ақ, жігіттер де өз қалауымен ұнатқан қызга үйленуді мақұл көреді. Мысалы, «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің образын алалық. Романтикалық бұл жыр тұңғыш рет 1894 жылы «Қисса Қыз Жібек» деген атпен Татарстанныц астанасы Қазан каласында басылып шыққан. Әдебиет зерттеушілері М.Әуезов пен С.Мұқанов «Қыз Жібек» жыры XYII ғасырда пайда болған дейді [5].
Жырдағы оқиға Kiшi жүз, Жағалбайлы елінде өтеді. Жағалбайлы рулары Ақ теңіз бен Қара теңіз арасын мекен етеді. Сол елде Базарбай деген бай болады. Бір жылы оба ауруынан тоғыз ұлы кайтыс болып, сексен жастағы Базарбай, дүниеден баласыз өтемін бе деп (шығыстың көп әйел алу салты бойынша), тағы да алты әйел алады. Қырық төрт жастағы тоқалынан екі ұл туады, оның бipiн Төлеген, екіншісі Сансызбай деп атайды. Екеуі де ер жетеді.
Жүріпті екеуіне калың бермей,
Дұшпанның әр не деген тіліне ермей.
«Tipi жүрсе, өздері алар бip қыз,
Өліп калса, күйігін тағы көрмей»,
-деп, Базарбайбалаларына ешкімді айттырмайды. Төлеген он екі жасқа толады, кыз іздеп көп жерді аралайды. Ешкандай кыз жаратпай жүргенде, бip саудегерге жолығады: «Акжайықта, Алтай Шекті елінде жақсы кыз бар, барсаң, соған бар»,-дейді.
Төлеген сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақжайыққа жүрмек болады.
Шешеci сонда сойлейді,
Сөйлегенде бүй дейді
«Келгін, балам, қайт сана,
Әкеңе сырың айт сана.
Патша кызын алсаң да,
Өз еліңде қал сана.
Ел ішінде тентек көп,
Жиһан кезіп жүргенде,
«Тентіреген» демей ме?
« Ата-анасын зарлатып,
Бip қыз үшін кетті»,- деп,
Дос-дұшпанның күлмей ме?!
Бір сұлу алмай, шешеке-ау,
Сірә да көңілім тынар ма?!
Талап кылған iciнен
Aт басын ерлер бұрар ма?!-
Телеген анасын жубатады.
Көл eгeci Камбар-ау,
Шел eгeci Камбар-ау,
Карағыма көз сал-ау.
Рахым кылсаң, кұдая,
Сенен өзге кім бар-ау!
деп, анасы баласымен қоштасып, қала береді. Дүниеде «байлық, батырлық кімде жоқ, ғашьқтык жөні бip басқа» деп санайтын Төлеген Қосаба көлініңжағасында қарақшы Бекежанның қолынан қаза табады.
Эпостық жырлардағы қалындық таңдау салтының жоғарыда сөз болғандай тұстары көбіне әйелдер басындағы бас бостандықтың жоқтығының салдарынан және ескішілік салт-дәстүрлердің кейбір көлеңкелік жақтарының басым болғандығының арқасында көптеп кездесіп отырған. Мұндай екі жас арасындағы сүйіспеншілік, махаббат ceзiмдepiнe кepi әсерін тигізген жағдайларды жeңiп шыққан жырлардағы басты образдағы кейіпкерлердің мінез-құлыктары, iшкі жан дүниесінің пәктігі аркылы бүгінгі күндегі болашақ ұрпаққтың үйлену, отбасын кұру жолындағы әркетіне игі ықпалды тигізу тәрбиенің тipeгi болатындығына күмәніміз жок. Жалпы эпостық жырлардың өзіне тән epeкшеліктері бүтіндей тәрбиеге негізделген десек те артық айтқан болмаймыз. Ондағы ұнамды кейіпкерлер арқылы өскелең жастардың отанға, туған елге, отбасына, сүйген жарына деген ыстық сезімдерін дұрыс бағытта дамыта аламыз деуімізге болады.
Резюме
Обсуждается проблемы любви, выбора жизненнего друга в эпических произведениях привода их на примере, образах, указывается положительные вляния их в создании семьи сегодняшними молодожи.
Summary
Considered tenderness side of love the efficience when choosing your vital friend.
Пайданалылған әдебиеттер
- Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.
- Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995.
- Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. А., 1993.
- Кәмәләшұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005.
- Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.