Тұрар Рысқұловтың өмірге келіп , азамат болып қалыптаса бастаған кезең патшалық Ресейдің Қазақстанмен Орта Азияны отарлау саясаты шырқау шегіне жеткен, әлеуметтік, ұлттық, таптық қайшылықтар барынша шиеленіскен жылдар еді.Патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты күшейген сайын, халықтың шыдамы таусылып, оған қарсы қарсылығы арта түскен — ді.
Тұрар Рсықұловтың оң-солын танып, азамат болып қалыптаса бастауының бастапқы кезеңі бірінші орыс революциясы жылдарынан кейінгі кезеңге тап келеді. 1906 жылдың маусымында байлар мен ккедейлер арасындағы қақтығыстарға қатысып, және зорлық-зомыбылқ көрсеткен болысты өлтіргені үшін Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаров Сахалинге катарголық жұмыстар атқаруға айналғанға дейін бала Тұрар онымен Верный түрмесінде бірге болып, түрме ауласын сыпырушы және ат қосшылық жұмыстар істейді. Әкесі жат жерге айдалып кеткен соң Тұрар Сырдария облысының Неркі қыстағындағы туыстарын паналап, Қырғызбаев деген бүркеншік фамилия алып, 1907-1910 жылдары Меркедегі орыс бұратана мектебінде, ал 1910-1914 жылдары Пішпек ауыл шаруашылығы мектебінде оқиды. 1914 жылы Санкт-Петербург оқу министрлігіне жолдаған өтінішіні ң арқасында Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Т. Рысқұловты ұлттық интелегенцияның алдыңғы шоғырынан өсіп шыққан күрескер ретінде қалыптастырды.Отарлық езгіге қарсы бағытталған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында Т. Рысқұлов Оңтүстік Қазақстандағы көтерілісшілердің саяси басшыларыны ң бірі ретінде танылды. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығынан кейін қара жұмысқа алынатындардың тізіміне ілінетінін сезген Тұрар оқуын тастап, Әулиеата уезінің Мерке елдімекеніне келіп, осы ауданда әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілістшілердің іс әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт бағдар сілтейді.Меркедегі көтерілісті патша жазалаушылары басып жаншып, оған қатынасушыларды жаппай қамауға алып жатқан кезде көтеріліске саяси бағыт беруші ретінде Т. Рысқұлов та тұтқындалып, Мерке түрмесіне жабылады. Алайда оның іс әрекеті жөнінде дәлелді кінә табылмағандықтан ол түрмеден босатылады.
1916 жылғы көтеріліс Ресецдегі революциялық азаттық қозғалысының бір бөлігі бола отырып, өзінің сипаты жағынан ұлт азаттық мәнге ие болды. Бұл көтеріліс бір жағынан, 1917 жылғы ақпан революциясына ұласып патша билігінің құлауына, екіншіден, ұлтымыздың теңдігі мене тәуелсіз болашағы үшін күрескен Т. Рысқұловтың азаттық б жолындағы күресте саяси қызметінің жанданып, оны ң жаңа сатыға көтерілуіне алып келді.Ол ақпан төңкерісінен кейін Әулиеата уезінде халықты ң саяси өмірін жандандыруға ат салысты. Атап айтқанда 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрылған «қазақ жастарының ұйымын» Т. Рысқұлов 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін «Қазақ жастарының революциялық одағы» етіп қайт а түлетті.Т. Рысқұлов құрған одаққа 30 тарта қазақ , қырғыз, орыс т.б жастар бірікті, олардың қатарында қазақтан Қ. Сарымолдаев, ағайынды Нұршановтар, Ы. Әсімов, Мамыров, мұғалім, орыс халқының өкілі И. В. Андреев, Қырғыздан Жұмағұлов, Бармақов, Тұрдыәлі Тоқбаев және басқалар, кейінірек Әулиеаталық Қошмамбетов, С. Аблаев, Ж, Мыңғыбаев болды. Одақ оқушы өкілдерін, интелегенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті большевиктермен және әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзіні ң жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында жүргізді.1917 жылғы қыркүйек айында РСДЖП -ның мүшелігіне өткен ол сол кезден бастап, қоғамдық мемлекеттік белсене араласа бастады. Бұл кез обьективті және субьективті салдарынан Қазақстанның көптегенаудандарында олардың қатарында оның оңтүстік ауданында да аштық етек ала бастаған еді, әсіресе Сырдария, Жетісу сияқты облыстарында ашыққан қазақ ауылдарының саны арта түсті. Ауыл шаруашылығының күйзелуіне байланысты астық нақты сұрапыл қымбаттады.