Тұрар Рысқұловтың өмір жолына сипаттама

Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылы Алматы облысының Талғар ауданында туған. Көрнекті партия, мемлекет қайраткері. Тұрардың әкесі кедей шаруа Рысқұл жалғандық атаулығы жаны қас тектілерден тарған өр мінезді кісі болған. Орыс патшасының жемқор жетдеттері мен жергілікті жадайшаптарының қоқан лоққы қорылығана қарсы тұрғаны үшін Сібірге он жылға жер айдалып кетеді. Он жасар  Тұрар туысқандарының қолында қалып, Меркідегі қазақ мектебінде хат таниды. Одан соң Бішкектегі бағбандық училищеде оқиды. Оны үздык бітіріп Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Институтты бітіруге үлгермейді. Дәл осы кезде Қазақстан мен Орта Азияда ұлт азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен еді. Тұрар осы қозғалыстың ортасында жүрді.

1917 жылы Ақпан Төңкерісінен кейін Әулиеатада өзі секілді көкірек көзі ашық қазақ жастарын төңкеріс жолына бастаған , саяси көзқарасы оянған бірден бір азаматы еді.

1917 жылдың қарашасынан 1918 жылғы қараша айына дейін Әулиеата уезі Совдепінің Кеңестер депутатының төрағасы, ал 1918 жылы маусымынан желтоқсанына дейін Түркістан республикасының денсаулық сақтау халық комиссары болды.

1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін республика министрлер кеңесі төрағсының орынбасары қызметін атқарды. 1920 жылдың қаңтарынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық комисариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілетті уәкілі, ал 1922 жылы РСФСР Ұлт істері халық комисариатының орынбасары болып тағайындалды.

Жігіттік дер шағы 25 жалынды Тұрар 1922-1924 жылға дейін аттай екі жыл Түркістан республиканың қызметін атқарды.

1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың тамызына дейін Коминтерннің Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен бірге 1924 жылдың ортасынан 1925 жылдың маусымына дейін Коминтерннің Маңғолиядағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімінің

меңгерушісі, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың тамызына дейін РСФСР Хаық Комиссарлары Кеңесі Төраасының орынбасары қызметтерінде аса жауапты қоғамдық саяси міндеттер атқара жүріп теориялық мәселелермен де айналысты.

Т. Рысқұлұлы өз республикасы үшін көп игілікті істер жасады. Оның тікелей байланысымен Қарағанды көмір бассейні кен байыту, Қоңырат мыс кенін ашу, Балқаш мыс қорыту комбинатын салу секілді алуан алуан ауыр өндірісі саласында жұмыс атқарылды. әсіресе, Түркісіб темір жолын салу комиссясына төрағалық еткен еңбегі ерекше. Ел өміріне өзгерістер енгізген өндіріс ошақтарын жандандырумен бірге оқу білім мен өнерді өркендетугеи де өлшеусіз үлес қосты. Оның тікелей ұсыныс тілегі мен Ташкентте Орта Азия университеттері ұйымдастырылса , Алматыда Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді.

Сол РСФСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тұрғанда сол кезге бүкіл ел астанасы Мәскеу қаласының қала шаруашылығына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.

Т. Рысқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін айтқанда, ол Орта Азиядағы басшылардың ішіндегі ең көрнекті әрі ықпалды қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме хатында М. В. Фрунзе:  «Қалың бұқара соңдарына еерген жергілікті кадрлар ішіндегі екі дарабоз Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға ғана бай емес, мінездері де шарболаттай сан қырлы» деп жазған.

Т. Рысқұлұлы партияның ХҮІ және ХҮІІ съездерінің делегаты болып сайланды. ХҮІ партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп, «Ресей шаруаларының жағдайымен қатар Орта Азия диқандарыны ң да хал күйіне көңіл бөліп, оларды бір бірімен өшіктірмеу керек. Орта Азия әлі де болса патшалық Ресейдің отарлдау саясатының зілді зардаптарын тартып отыр, бұған төзіп бағуға болмайды» деп, өзінің батыл ойын бүкпесіз айтқан.

Тұрар Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросының және Түркістан

Республикасы компартиясын басқарып тұрған кезінде Түркістан өлкесінің біртұтастығын сақтау туралы әлденеше рет мәселе қойды. Ол түркі тілдес Түркістан халықтары – біртұтас халық, тек тарихи жағдайлар жан жаққа  таратып жіберді деген тұжырымында талай рет дәлелдеді. Республикадағы компартияны «түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп атауды және де бұл партияны республика секілді Мәскеуге тәуелсіз дербес етіп құруды ұсынды.

Қазір ұлттық «Ұлан» құрылды ғой. Ал А. Байтұрсынұлы мен Т. Рысқұлұлы сол кездерде ақ мұсылман емес халықтардан тұратын Қызыл Армияны Түркістаннан алып кетіп, Мұсылман түрік әскерін құруды, республиканың өзінің қаржы қаражаты, сыртқы істер мен айналысуға дербестігі болуын қамтамасыз етуді ескертті.

Бірақ осының біәрінен «буржуазиялық-ұлтшылдық ұшығы» шығады деп, түріккомиссия мүшелері бұл шешімді жүзеге асыртпауға жандарын салды.

1920 жылы мамыр айында Лениннің нұсқауымен Т. Рысқұловтың «түркі республикасын құру» туралы тезистері қабылданбады.

Тұрарға «пантюркист» деп кінә тақты. Тұрардың тұжырымдары кеөкейге қанша қонымды болса да, бұл мәселелер партиялық жүйеге қайшы келді.

Тұрардың шынайы адалдығы мен қайсарлығы, табандылығы көптеген партия қайраткерлеріне ұнаған жоқ. Оны бір қызметтен бір қызметке ауыстырып, әр түрлі өлкелердегі ауыр жұмыстарға жұмсап отырды. Тұрарды  Түркістан республикасының қызметіне де ұзақ уақыт ұстамады.

Себебі, Тұрар тұрғанда Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорықты. Ресей ондай бөлектеулерге ыммырасыз болды. Қазына байлығы мол республикадан айрылып қалу қауіпті еді. Оған мүлдем жол беруге болмайтыны айдан анықты.

Осы Түркістанның бірлігі жөніндегі ұсынысынан соң ақ Тұрар қудалауға түсті.

1925 жылы И. В. Сталин мұсылман аймақтарының басшы кадрларымен кеңес өткізді. Сол кеңестегі сөйлеген сөзінде Тұрарды «пантюркист» ретінде айыптап, оны басмашылар жағына өтіп кеткен көрнекті қайраткер, татар революционері Сұлтанғалиевті қолдайды деп кінәләді. Тұрар бұл таққан айыпты мойындамиай , «оны революция ісіне берілгген нағыз коммунист деп бағалаған Сталиннің дәл өзі болатын» дегенді де бетін бар, жүзің бар демей батыл айтып салды.

Ал Сұлтанғалиевтің большевизмнен бөілініп, басмашыларға қосылып кетуіне қайндай себептер болғаны БКП (б) Орталық комитетіне де мәлім еді.

1929 жылы Т. Рысқұлұлының «известия» газетінде мақаласы жарияланды. Ол онда партия саясатын іс жүзіне асыру барысында қателіктер жіберген мен партияның басты бағытынан таймағанын жасырмады. Ол басқа ешбір партияны мойындамады.

Түркістан — Тұран иен жайлаған түркі халықтарының ортақ шаңырағы болды. Сондықтан олардың бөлектенуіне болмайтынын, ондағы жергілікті жағдайды міндетті түрде айрықша ескеру қажеттігін талап етті.

 Т. Рысқұлов өз халқының қайғы қасіреті мұң мұқтажын жоқтады. 1933 жылы Тұрар қатыгез Сталинге аштықтан шыбындай қырылып жатқан қазақтардың ауыр халін айтып хат жазды. Шақыруын күтпей ақ, қайсар Тұрар қаһарлы Сталинмен кездесуге ұмтылды.

Тұрардың осы тайсалмас талаптарынан соң Қазақстанға азық түлік көмегі туралы мәселе шешілді.

Қазақ жеріндегі бай кулактарды тәркілеу мене күштеп ұжымдастыру халықтың ең басты күн көрісі – малынан айырды.