Шаруа қожалығының болашақта даму бағыты

Тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты маркетнигтік теориялық және тәжірибелік қалыптасуы нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуіне қатысты үлкен мәселелер ауқымын қамтиды. Ол мәселелердің ең маңыздысы адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қатысты маркетингтің әлеуметтік негіздері болып табылады.

Маркетинг шараларын жүзеге асыру алдын-ала қабылданған жоспарлар мен бақылау жүйесін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Кәсіпорын үшін жоспарлау ең жоғары маңызы бар іс-әрекеттерге жатады, себебі тиімді жоспар арқылы ғана өткізу көлемін және пайданы көбейтуге мүмкіндік туады. Стратегиялық жоспарлаудың құрамында міндетті түрде маркетингті жоспарлау болуы тиіс.

Халық шаруашылығын жоспарлау теориясы кәсіпорының болашақ кезеңіндегі экономикасының дамуының негізгі көрсекітштерін айқындаудың әдістемесін қоғамдық қажеттіліктер мен ресурстарды және олардың неғұрлым тиімді негіздегі тепе-теңдігін зерттеу әдістерін, сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштерді белгілеу мен іске асыруды және оны орындауды бақылау мәселелерін ойластырады. Жоспар дайындау үрдісі жекелеген жоспарлы жұмыстар мен есептеулердің бірізділігін талап етеді, яғни шаруашылық өндірісінің жоспарын негіздеу керек.

Жоспар дайындаудың негізгі үш концепциясы бар, олар:

  1. Салалық жобалаулар негізінде жоспарлау – ең маңызды өнімдер түрлері бойынша.
  2. Кешенді түрдегі көп нұсқалы жоспарлау — электронды есептеу машиналарын қолдана отырып жоспар белгілеу.
  3. Оңтайлы жоспарлау – бастапқы негізі шектеулі көрсеткіш-ресурстар, мұнда жұмсалған шығындарды барынша азайту.

«Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы бойынша жоспар дайындау барысында өнімнің ең маңызды түрлеріне нарықтық қатынастар кезінде қолдану тапқан оңтайлы жоспарлау әдісі қолданылды.

Жоспарлау үрдісінде ел ішіндегі, сонымен бірге адам тыс жерлердегі негізгі әлемеуметтік-экономикалық және саяси беталыстар мен қазір бар ресурстарды, қол жеткен макроэкономикалық деңгейді талдау — бұл беталыстардың жоспарлау кезеңіндегі нақты жағдайларда дамуын болжап білу, басым мақсаттарды таңдау, әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын айқындау нақты бағдарламалар әзірлеу шаруашылық жүргізудің жалпы ережелерін, нормативтерін белгілеу.

Стратегиялық жоспар шаруашылық экономикасын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспары, онда ең басты мақсаттар мен міндеттер, оларды орындау кезеңдері және әлеуметтік-экономиаклық саясаттың жалпы бағыттары белгіленеді. Шаруашылық жоспары алға қойған мақсаттарға жету үшін қажетті кезеңге жасалады.

Осындай ғылыми дәлелденген теориялар негізінде өнімдерді өткізу жолдарын жақсартып, басқа да маркетингті қолданудың тиімділігін анықтау үшін, алдымен маркетингтің мәнін, ролін түсіну арқылы шаруашылықтың даму болашағын жоспарлау мүмкіндігі туады. Ол үшін шаруашылықтың соңғы үш жылғы мәліметтері бойынша орташа көрсеткіштердің негізінде 2010 жылға жоспар дайындаймыз.

Мал шаруашылығы өндірісінде жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен мал өнімділігін арттыру қажет. Мал өнімділігін арттыру жоспары 11–кестеде көрсетілген.

11-кесте Мал өнімділігін арттыру жоспары

Көрсеткіштер 2006-2008орташа көрсеткіш 2010 жоспар 2010ж өсімі, %
Бір сиырдан сауылған сүт, кг 1863 2026 108,8
Бір бас ірі қара малдың тірідей

салмағы, кг

300

 

316

 

105,4

 

Бір қойдың тірідей етке өткізу салмағы 39,6 44,6 112,6
10 саулықтан алынатын төл саны 8 9 110,2
Бір бас қойдан қырқылған жүн, кг 2,9 3,4 116,8

Малдың өнімділігін арттыру үшін малды  толық рационға сай құнарлы азықтармен  азықтандыру қажет. Малдың өнімділігі оның тұқымын жақсартумен бірге малды күтуді жақсартуға, зоотехникалық-ветеринарлық шараларды мерзімінде орындауға да байланысты. Осы аталған шаралар орындалған жағдайда малдың тәуліктік қосымша сапмағы өсіп, қоңдылығы артады.

Малдың қоңдылығы жоғары болса, оның төлі де қоңды және тіршілікке бейімді болады. Малдың салмағын арттырып етке өткізумен бірге, туған төлдер есебінен мал топтарын келесі топтарға ауыстыру арқылы мал басының санын да өсіріп отыру қажет.

2010 жылға белгіленген  жоспар бойынша төлдің саны (10саулыққа шаққанда) 10,2% өсуі тиіс. Сол сияқты сиырдың сүттілігі 8,8%, бір бас қойдың етке өткізу салмағы 12,6% артуы тиіс.

«Тамшыбұлақ» шаруа қожалығында егіншілік даму үстінде. Болашақта егін шаруашылығын бұдан да жоғары дамыта түсу мүмкіндігі бар. Егін шаруашылығында жоғары табыстарға жету үшін егін алқабының бір гектарының түсімділігін арттыру керек. Бидайдың, көкөністің және картоптың түсімділігін арттыру үшін тыңайтқыштарды қолдана отырып, агротехникалық шараларды орындау арқылы жердің құнарлылығын жақсарту керек сонымен бірге ауыспалы танапты егістікті қолданған жөн.

Өсімдік шаруашылығында жоғарыда аталған шараларды орындау арқылы келешекте дақылдардың түсімділігін арттыру көзделіп отыр.

13-кесте  2011 жылға белгіленген дақылдардың түсімділігі

Дақылдар 2006-2008 орташа көрсеткіш, ц/га 2011ж жоспар, ц/га 2011ж өсімі, %
бидай 10,5 12,4 118,1
картоп 62,6 67,5 107,8
көкөніс 33,1 40,2 121,4

Өсімдік шаруашылығында жоғарыда аталған шараларды орындау арқылы келешекте дақылдардың түсімділігін арттыру көзделіп отыр. 2011 жылы бидайдың 1 гектарының түсімділігі 18,1% , картоптың түсімділігі 7,8 % , көкөністер 21,4 % дейін көбейеді. Мұндай жетістіктерге жету интенсивті технологияны қолдану арқылы жүзеге асуы тиіс.

Егін шаруашылығында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін алдын ала ойластырып, талқылап, жоспарлап отыруы керек. Кейінгі кезде жоспарлаудың қолайлы тәсілі технологиялық карта дайындау ісімен ауыл шаруашылығы мамандары айналыспайтын болды. Сонымен бірге шаруа қожалықтары жер көлемінің аздығын сылтау етіп, ауыспалы егістікті де қолданбайды. Осының салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендеп, дақылдардың түсімділігі де кеміді.

Егістің құрамына қойылатын талап — әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығын арқылы көп түсім алу. Әрбір шаруашылықта адам күшін, материалдық-техникалық қорларды толық пайдалана білу және агротехникалық талаптарды толық сақтау керек. Әрбір басшы ауыл шаруашылығы дақылдарын, мал шаруашылығы өндірісін экономикалық тұрғыдан бағалауы тиіс. Ол үшін 1 га егістіктен алынған түсімнің жоғары болуы, мал өнімдерінің әр центнерінің сату бағасы өзіндік құнынан жоғары болуы тиіс. Осындай жағдайлар орындалғанда болашақта шаруашылықтағы өндіріс салалары бойынша және тұтастай шаруашылық бойынша өндірістің экономикалық тиімділігі артады.

14-кесте Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі (жоспар)

Көрсеткіштер 2006-2009

орташа

көрсеткіш

2011 ж

жоспар

2011 ж

өсімі, %

1. Өсімдік шаруашылығы:

-өнімдерді сатудан түскен түсім, мың.тг

-толық өзіндік құны, мың.тг

-пайда (+), зиян (-), мың.тг

-рентабельділік, %

 

 

2543

2425

+113

4,8

 

 

2945

2677

268

10,0

 

 

115,8

110,4

2,3 есе

2 есе

2. Мал шаруашылығы:

-өнімдерді сатудан түскен түсім, мың.тг

-толық өзіндік құны, мың.тг

-пайда (+), зиян (-), мың.тг

-рентабельділік, %

 

 

1773

2004

-231

-11,5

 

 

2152

2134

-18

-0,8

 

 

121,4

106,5

3. Шаруашылық бойынша:

-өнімдерді сатудан түскен түсім, мың.тг

-толық өзіндік құны, мың.тг

-пайда (+), зиян (-), мың.тг

-рентабельділік, %

 

 

4316

4429

+113

+2,5

 

 

5097

4811

+286

+5,9

 

 

118,0

108,6

2011 жылға белгіленген жоспар бойынша өсімдік шаруашылығы  өнімдерін сатудан түскен түсім соңғы үш жылғы орташа көрсеткішті негізге алғанда 15,8% көбейіп, пайда 2,3 есе, тиісінше рентабельділік те 2 есеге жуық артады. Сол сияқты мал шаруашылығы бойынша сатудан түскен түсім 21,4%-ке артып, таза пайда мен экономикалық тиімділігі де жоғарылаған. Мал шаруашылығы өндірісі соңғы үш жылда зиян шеккен болса, 2010 жылы зияндылық 13 есеге дейін азайып (18 мын теңге), (-11,5%)-тен (-0,8%)-ке дейін төмендеген.

Мұндай нәтижелерге жетуге мүмкіндік бар, шаруашылықтың жері,табиғаты астық өндірісінің және қой шаруашылығының дамуына қолайлы. Шаруашылық басшысы мен мамандар қазіргі кезде нарықтық қатынастарға төселіп, өнімдерді өндірумен бірге бағалау жолын да үйренуде. Соңғы жылы қосымша кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделіп, ұн тарту, нан пісіру істері қолға алынды. Лизингке техника алуға келісім шарт рәсімдеу шараларын жүзеге асырып, болашақта айтарлықтай табыстарға жетуді жоспарлап отыр.