Әрбір кәсіпорынның басқару тиімділігін арттыру көптеген аспектілерге байланысты. Басқару дегеніміз кәсіпорынның көздеген мақсатына жету үшін қолда бар мүмкіндіктер мен қалыптасқан жағдайларға байланысты шешім шығару, оны қабылдау және қабылданған шешімнің орындалуын бақылау. Басқару, ұйымдастыру іс-әрекеттерін орындау арқылы ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында басқару әдістерінің ауқымы өте кең, соған қарамастан осы күнге дейін басқару жайындағы Әбу Насыр Әл Фарабидың, Фредерик Уйнслоу Тейлордың, Анри Файоль сияқты басқа да менеджер-ғалымдардың теориялары басқарудың негізі болып табылады.Сондықтан қандай кәсіпорын болмасын, оның басшысы көздеген мақсатына жету үшін еңбек бөлінісі тәртібін сақтау ережелеріне басты көңіл аударуы тиіс. Еңбек бөлінісі тәртібі сақталу үшін кәсіпорынның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру қажет. Менеджменттегі жүйелік ықпал болмай, басқару тиімділігіне жету мүмкін емес, әрбір ұйымда, тіпті күрделі емес, ұйымдардың қызметкерлері де еңбек бөлінісі тәртібін сақтап, әрбір адам өз міндетіне жауапкершілікпен қаруаы керек, яғни басқарудың тиімді құрылымы ғана тиімді басқаруға мүмкіндік туғызады.
Кез келген кәсіпорын өз жұмысын нәтижелі орындап, көздеген мақсатына жету жолында басқару жүйесіндегі қызметкерлер белгілеген міндеттерін белгілі уақытта орындауы тиіс және ол жүйелік ықпал арқылы жүзеге асады.
Жүйелілік табиғат құбылысының жалпылама қасиеті, бүкіл табиғат жүйе арқылы дамиды. Сол сияқты қоғам, барлық ұйымдар – кәсіпорындар табысқа жету үшін белгілі бір жүйеге келтірілуі – заңдылық.
Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық. Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын, әрі өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа жүйелер секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге де өзінің белгілі бір қасиеттері мен ерекшеліктері тән. Ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар.
Басқаруды бір жүйеге келтіру үшін барлық ұйымда басқару құрылымы үш деңгейге бөлінеді. Мұнда әр деңгейдегі қызметкерлердің орны, ролі, міндеті, жауапкершілігі, өз орнына сай ерекшеленеді. Әрбір деңгейдегі қызметкерлер өз деңгейіне сай салалары, мамандықтарымен бөлінеді, ал деңгейлер бір-бірімен жауапкершіліктері мен лауазымы арқылы бөлінеді.
Басқару құрылымының үш деңгейі, басқару буындары деп аталады.
Мұндағы институционалды деңгейде — ұйымның бірінші басшысы мен сала бойынша орынбасарлары, басқарушылық деңгейде- бөлім басшылары, техникалық деңгейде — хатшы-референттер, цех шебері, звено жетекшісі, тағы басқалары қызмет етеді.
Ұйымның басқару құрылымын үш деңгейге (немесе буынға) бөлу арқылы басқаруды бір жүйеге, ретке келтіріп, көздеген мақсатқа жету жолында жұмыс атқаруға қолайлы мүмкіндік туады.
Жүйе дегеніміз ондағы элементтердің қарапайым жиынтығы емес, әрбір элементтің өзіне тән функционалдық мәні, өзіндік орны бар.
Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі), яғни жүйе элементтері бір-біріне тәуелді және тығыз байланыста болады. Әр деңгей белгілі бір жүйеден тұрады, әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен, ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Басқару құрылымын схема түрінде былай көрсетуге болады:
Басқару буынының мақсаты жүйедегі жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті – оның дербестігі және өзін-өзі басқаруы.
Жүйе әрбір өзгерістерге бейім болуы, жағдайлардың өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп көздеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Кез-келген ұйым екі жүйеден құралады: басқарушы жүйе (басқарушы субъект) және басқарылатын жүйе (басқарылатын объект). Әлеуметтік-экономикалық жүйе ашық жүйе арқылы дамиды, себебі ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар ұйымға сырттан келеді. Тиімді басқару мен қолайлы технологияның көмегі арқылы ұйым шикізатты түрлендіріп, сыртқы ортаға (нарыққа) шығарады, яғни өнім өндіріп, түрлі тауарларды нарықта сатады немесе қызмет көрсетеді. Осының нәтижесінде ұйымға пайда түсіп, табысқа жетіп, ұйым өсіп, өркендейді.
Жоғары нәтижелерге жету, басқару жүйесін жетілдіріп, ұйымның белгілі бір жүйемен жұмыс орындауы арқылы жүзеге асады. Сондықтан нарықтық қатынастардың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсартып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін басты мәселе басқару жүйесін жетілдіру арқылы басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығы – бұл тек өндіріс сферасы ғана емес. Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы – ауыл шаруашылығы экономикасы және ауыл халқы бір-бірімен үзіліссіз байланыста. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі дағдарысы жалпы экономиканың әлсіреуіне ықпал етеді. Соңғы жылдары ауа райының жағымды болғанына қарамастан, аграрлық секторда өнім өндіру және өткізу тәуекелі жоғары және дақылдардың түсімі төмен болды.
Агротехнологиялардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін технологиялардың деңгейінің төмен болуы жергілікті өнімнің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себебі болып табылады, бұл жағдай аграрлық секторда мүмкін болатын табыстарды қысқартады.
Ауыл шаруашылығы комплексін дамытуға заң шығаратын базаны құру және нығайту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Жердің нақты иесі пайда болды, ол – шаруа. Жалпы ауыл шаруашылығының қалыптасуының 99 пайызға жуығы жеке меншік иелігінде. Бұл ауыл шаруашылығы инвестиция ағымын жоғарылатуға, өндірісті тұрақтандыруға және саланың қаржылық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылында республикалық бюджеттен 55 млрд. жуық теңге бөлінді. Ал, 2004 жылы 70 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жеңілдетілген салық салу түрінде жанама дотация алды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін тұрақты түрде жоспар бойынша мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен осындай көмектер беріліп тұруы қажет. Ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі көптеген елдердің ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу негізінде ауыл аймақтарының экономикасы мен тікелей байланысты табыс деңгейінің көрсеткіштері көрсетеді.
Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 8,5 пайызын ауыл шаруашылығы құрайды, мұнай өнімі саласының көлемінің өсуімен, ішкі нарықтағы тұрақсыздығы мен, тасымалдау шығындарының жоғары болуы салдарынан Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігінен және агротехнология деңгейінің төмен болуы салдарынан нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы айтарлықтай өзгермей тұр.
Тұрғындардың жеке шаруашылығы бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін азық-түлік өндірушілердің бірі және ауылдық жердегі табыс көзінің қайнар көзі. Нарықтық қатынас жағдайында ауыл шаруашылығының дамуы мемлекеттік реттеумен бірге жүргізілетін қаржы-несие саясатынсыз мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы секторы дамуындағы қаржы -несие қатынасының нарықтық механизмінің қалыптасуы жаңа ғылыми әрекеттермен ұсыныстарды талап етеді. Ауыл шаруашылығы секторының көп қырлы жағдайында өндірістің дамуына әсер ететін қаржы қатынастарын жүзеге асыру қаржының тиімді жұмсалу тәсілдеріне негізделуі тиіс. Қаржы жүйесінің жүзеге асуын негізгі ынталандырушысы ұтымды ұйымдастырумен ауыл шаруашылығы секторы тиімділігіне әсер ететін қаржы әдістері болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы құралдары қызметінің өзгеруі — өндіріске әсер ету механизмі мен басқа да әсер ету күшінің өзгеруі. Қаржы құралдары мемлекет пен агронарықтағы субъектілердің қарым-қатынасын реттеуші болуы керек.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңа жолмен жетілдіру және өндірісті басқару тиімділігін арттыру жолындағы басты міндеттер ретінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынстар жүйесін жетілдіру мәселелері басты орын алады.