Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сійкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болыр табылады. Былай айтуға болады- еңбекақыкәсәпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадый факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
- жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
- оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындарды;
- жұмыскердің отбасының өмір сүруіне қажетті заттарды құны .
нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемінің анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлә және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ , оның өзінің еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуінде шапшаң болады.
Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғры бағаланады.
Қажетті өнімнің әулеметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қжетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әулеметтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемелекетке қоғамдық тұтыным қорына кетеді.
Жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметекердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының сатып алуға жарамдылығы.
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек ақының көп тараған екі түрі: кесімді және мерзімдік.
Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсіткіштерін жақсартуға ынталандырады. Ол өндіріс учаскілерінде қол еңбегінің немесе машиналы қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады. Дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің
көлемін жіне оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Кесінді нысаны мына жағдайларда қолданылады:
- Тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстараының сандық көрсеткіштерінің бар болуы.
- Жұмысышының өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі.
- Осы учаскіде жұмысшылардың өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін одан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі.
- Орындалған жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі.
- Техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлеге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірсте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді.
Еңбеақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің білігтілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.
Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:
- Егерде жұмысшы машиналар немесе агригаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды нығайтуға ықпалын тигізе алмаса.
- Егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы.
- Ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда.
Өндіруші қызметкерлер үшін еңбек ақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инжинерлік – техникалық қызмет жұмыскерлердің еңбегін төлеу жағдайын өзара шарт арқылы көрсетеді.
Ол белегілі бір кезеңде жұмыскер мен әкімшіліг арасында жасалады.
Еңбек нормалары еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметекер үшін техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қаруды жұмыс беруші жүргізеді. Қызметкерлердің жұмыс істеуі нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн : осы жүйеге негізделген күнкөрістің ең төмен деңгейі , “ ең төмен жалақы” – тұтыну игілігі және қызметінен тұрады. Жалақының ең төменгі мөлшері қабылданған заңмен анықталады және дүркін — дүркін баға индексінің өзгеруіне байланысты үйлестіріп, қайта есептеліп отырылады.
Ең төменгі жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындардағы еңбекақы базасы болып есептеледі. Бұдан шығатын қорытынды кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақвдан кем болмауы керек.