Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білмін, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту — қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамнын толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіңдік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіңдегі негізгі мазмұңды игеру тетігі — өзара әрекеттестіктің арнайы формасындагы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа незілделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
— білім беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылыгын және әлеуметті кемелденген жогары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін »қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі окыту процесінін мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру кызметі). Оқытудын екінші кызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу кызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және онын өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы — бүл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім бсруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарга белсенді араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріл отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғанын жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі -түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталаныл отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнін мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері — заңдарды құрайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары
І. Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.
- Оқушылардың және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушынын әсерінін сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалімнің, оқыту процесінде баланың
қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
З. Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақытттағы қызығушылықтары мен мінез — құлықтарын ескеруді және оқу — тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
- Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТК, нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.
- Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тіршілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.
Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінін заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында окыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Ұстаным бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез — құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, оның тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді. Ал, заңдылықтар тұлғанын еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту ұстанымдары оқытудын мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндентті болғандықтан, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
І. Оқытудың сапалылық, белсенділік және өз бетіншілік ұстамдары оқушылардың сабақтын мақсатымен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәнін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТК және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдісмелермен тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материалды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың инциативалықтың дамуына қабілеттендіреді.
- Оқытудың көрнекілік ұстанымы, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына және жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.
З. Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік ұстанымдары: оқу пәнінің білімдерін жүелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.
- Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту ұстанымы оқушылардың ақыл — ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қыйыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.
- Білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктігін ұстанымы: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды: оқытылған материалдардың игерілуіне бақылау жүргізуді талап етеді.
- Оқытудың топтық және жеке тәсілдері ұстанымы; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық оқытуды болжайды.
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Әдіс — оқу — тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе — оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл — оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінің сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
- ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
- мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
- оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
- жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына мектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі — оқыту, ынталандыру, Дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту қүралдары — білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көренкі құралдар, дидактикавлық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттер, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.