Қазіргі кезде бірқатар факторлар сақтандыру бизнесінің дамуын қиындатады:
– Қазақстанның ұлттық сақтандыру заңдылығының толық жүйесінің болмауы, сақтандыру нарығының реттеу жүйесін істеп бітпеу;
– Өндірістің өрлеуі, ұлттық экономикалың қаржылық дағдарысы.
Көптеген дамушы елдер сияқты Қазақстан Республикасында да майда сақтандыру компанияларының саны көп. Бұл өз кезегінде ұлттық сақтандыру нарығының тұрақсыздығын күшейтеді және оны Ресей мен халықаралық сақтандыру нарықтарына тәуелді қылады. Сонымен қатар тағы бір күрделі мәселе болып сақтандырушылар үшін уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялық саясатқа еффективті орналастыруға мүмкіншіліктің болмауы болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық программалары үшін қаржылық құралдар жиынтығы шектелген. Дамушы елдермен қолданылатын валюталық шектемелер ұлттық сақтандыру нарықтарының дамуын тоқтатады, ұлттық сақтандыру компанияларына батыс сақтандырушылармен ойдағыдай бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.
Сақтандыруда фирма ұызметіне маркетингтік ортаның факторларына әсер ету анализі, кәсіпкерлік қызметтің басқа түріне қарағанда маңызды орын алады. Сақтандыру қызметтерін көрсету сияқты кәсіпкерлік қызметтің мұндай спецификалық объектісімен жұмыс істеу, олардың табиғаты және мінез- құлық ең алдымен сақтандыру жағдайларының кездейсоқтығымен анықталады, мұнда сақтандыру компаниялары нарық субъектілері және инвесторлары сияқты қоршаған ортаның әсер етуін сезеді.
Экономикалық факторлардың сақтандыру қызметтерінің саласына әсер ету іскерлік активтілігін циклмен, ЖІӨ-нің жалпы динамикасымен, тұтыну және инвеститциялық тауарларға сқраныстың өзгеруімен, халықтың жқмысбастылық пен табыстар деңгейінің жағдайымен сонымен қатар мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляция, жинау және т.б. сияқты маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер қатарымен шартталады. Қазақстанда ЖІӨ-дегі сақтандыру төлемдерінің көрсеткіші төмен болып келеді, 1994 жылы 0,4 % -тен 2000 жылы 0,33 % — ке өсті.
Экономикалық факторлардың жиынтығында гиперинфляцияның әсер етуі ерекше орын алады. Бірде – бір сақтандыру жүйесі гиперинфляцияның алдында тұра алмайды. Инфляциядан өзін берік сақтау өндіріске инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Сақтандыру нарығы мықты және жақсы дамыған елдерде инфляциямен күресу жиі сәтті болып тқрады. Сақтандырудың дамыған жүйесі бағалардың тқрақтылығын қамтамасыз етудің мықты факторы болуы мүмкін. Инфляция қоғам тұрақсыздық белгісінің бірі болып шығындадың түрлі түрінің пайда болуымен бірге жүреді. Мысалы, жол және автокөлікке жөндеу жасауға қаржылардығ шектеулі, криминогенді жабдықтардың нашарлауы автокатастрофаға, кездейсоқ жағдайладың өсіне әкеледі.
Теңге бағамының түсуі сақтандыру компанияларының функционалдауына кері әсер етеді. Ең алдымен бұл ұлттық валютаның депозитінде болып табылатын ақша активтерімен құнсыздануында айқындалады. Бағамдық толқулар болатын жоғалтуларды қысқарту үшін сақтандыру компаниялары өздерінің барлық резервтерінің 50 % — валюталық есебіне, 20 % — қозғалмайтын мүлікке, 30 % — мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар.
Банк пайздары мен сақтандыру тартымдылығының арасында тура тәуелділік бар. Сонымен қатар жұмыссыздық факторларының сақтандыру қызметіне сұраныстың әәәсер етуін белглеу қажет. Қазақстандағы жұмыссыздықсоңғы төрт жылы екі есе көбейді, бұл басқа факторлармен қатар сақтандыру нарығының құрылуына кері әсер етеді.