Бейнелермен жұмыс кезінде статикалық бейнелерді экранда формирлеп, оларды бірнеше әртүрлі видеобеттерде есте сақтау және олардың қажетті өлшемі бойынша қажетті беттерді дайындау керек.Әр қилы бейнелерді формирлеп және оларды ОП- да немесе файлда есте сақтап, содан кейін ғана экранға шығаруға болады. Осы бейнелерді экранда қозғалтуға, орнын ауыстыруға болады. Егерде бірнеше фаз қозғалысты есте сақтайтын болсақ, осы бейнелердің қозғалысын барлық обьектілерден және олардың бөлшектерін қосқан кезде иллюзия қозғалысын құруға болады. Сақтауда және бейнелерді қозғалту кезінде динамикалық айнымалы қажет болады. Оларды графикалық режимде экран бөліктерін сақтау кезінде қолданылады.
Мысалы: бейнені қозғалту үшін немесе фрагментті сақтау үшін.
Бейнені салу үшін мына келесі функцияны қолдануға болады:
- нүкте арқылы: putpixel;
- сызық арқылы: line,linerel, lineto, drawpoly;
- тік бұрыш фигурасы :bar, bar3d, rectangle;
- қисық сызықты фигурасы:arc, circle, ellipse, fillellipse, pieslice, sector.
Бейнені сақтауға getimage, imagesize, putimage функциясы қолданылады.
Биттік бейнені сақтау үшін алдымен қажетті өлшем берілу қажет, яғни malloc функциясы көмегімен. ОП қажетті өлшемді анықтау, берілген тікбұрыш экранындағы биттік бейнені сақтау үшін imagesize функциясы көмегімен іске асады.
Imagesize функциясының прототипі:
Unsigned far imagesize (int left, int top, int right, int bottom);
left, top- тік бұрыштың сол жақ бұрышындағы координаты;
right, bottom- тік бұрыштың оң жақ төменгі бұрышындағы координаты.
Getimage функциясы ОП-дағы биттік бейнені тік бұрышты экран бөлігін сақтайды, анықталған координаттармен, яғни олардың сол жақ жоғарғы жағы және оң жақ төменгі бұрышын.
Getimage функциясының прототипі:
Void far gitimage (int left, int top, int right, int bottom. Void far * bitmap);
Putimage функциясы экранда берілген орында тік бұрыштың бейнесін шығару үшін арналған.
Putimage функциясының прототипі:
Void far Putimage(int left, int top, Void far * bitmap, int op);
Ор=0 мәнін қолданғанда экранда бейненің көшірмесі шығады;
ор=1 ескі бейне экран бетінен тазартылады.
- Сурет – графика жиынын құрайды, ол кез-келген графикалық бейнелердің класстарын құрауы да мүмкін. Сонымен TPicture жиын классы биттік бейне құрайды, пиктограмма , метафайл немесе кейбір графикалық типтерді құрайды. Суреттермен жұмыс істейтін болсаңыз сіз графикалық обьектінің TPicture жиыныны арқылы жұмыс істейсіз..
Биттік бейнені көшіру
С++ -те бейнені графикада көшіру төрт әдіспен атқарылады. Яғни олар мыналар.
Қажетті нәтиже | Әдіс |
Графиканы толық көшіру | Draw |
Масштабтау арқылы көшіру | StretchDraw |
Канваның тікбұрышты бөлігін көшіру | CopyRect |
Расторлы операциямен көшіру | BrushCopy |